Просмотр содержимого документа
«0-5 сандары. Жиын.Элемент. Топ.»
Әдіскер _______________________
қолы
«Қарлығаш» ересектер тобы үшін
ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өткізілетін күні, айы, жылы _________ 2019 жыл.
Тәрбиеші: Кабдешова Толкын Шукурканкызы
Білім саласы: «Таным»
Бөлімі: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»
Тақырып: 0-5 сандары. Жиын.Элемент. Топ.
Мақсаты: Балаларды «=» таңбасымен, оның мәнімен таныстыру; жиын элементтерін анықтау және сол жиыннан топ құрау; тең дәрежелі жиындарды табу.Балалардың зейінін дамыту.
Әдіс-тәсіл: көрсету,түсіндіру,санау,ойын
Көрнекілік: 0-5-ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер.
Үштұғырлық:бір- один- one. үш – три -three , бес - -пять – five.
Іс-әрекет қызметі
Тәрбиешісінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Педагог балаларды геометртялық фигураларды (түрі түсті,өлшемі бір – бірімен шамалас үшбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар, шаршылар) қорапқа орналастыруға шақырады. Әр қорапта печенье сорты (фигура) белгіленген. Қораптың орнына файлдар, жай қораптар пайдалануға болады.
Балалар ойынға қызыға қатысады және печенье жиынының қандай элементтерден тұратынын анықтайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Педагог фигуралар жиынын көрсетіп:
Бізде қандай печеньелер бар екен? – деп сұрайды.
Жиын қандай фигуралардан құралған (немесе қапшықтағы печеньелердің пішіні қандай)?
Балалардың әрқайсысын тақтаға шақырып, фигураларды қарамай бір – бірден алып, қорапқа салуды тапсырды. Көзді жұмып , қолмен сипау арқылы оның қандай фигура екенін табуға болады. Фигуралардың бәрі қорапқа салынғаннан кейін әр фигураны санау басталады. Мысалы, педагог бір фигураны алады, балалар дауыстап санайды. Сан жазылған карточканы алып, қораптың қасына қояды. Дәптердегі №1 тапсырманы орындау. «=» таңба туралы түсіндіріп, қалай жазылатынын үйретеді.
Сергіту сәті: педагог 5 ке дейінгі сандар салынған карточканы кезекпен көтереді. Балалар сонша рет секіреді, шапалақтайды, аяқпен тарсылдатады.
№ 2 тапсырманы орындау.
Үштұғырлық:бір- один- one.
үш – три -three ,
бес - -пять – five.
Балалар печеньелердің түсі мен пішіні әр түрлі болғанменен, өлшемі теңдей екенін айтты.
Печеньелердің шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақша пішіндес екенін анықтайды.
Бәрі бірдей санайды.
Тапсырманы орындайды.
Қолдарын жаттықтырып «=» жазады.
Математикалық сергітуді орындайды.
№2 тапсыпманы орындайды.
Қайталайды
Рефлексивті-түзетушілік
Бүгінгі сабақта не істедіңдер, балалар?
Қандай таңбамен таныстыңдар?
Ол нені білдіреді екен?
Барлықтарын жақсы қатыстыңдар.
Балаларға жұлдызша ұсынылады.
Печеньелердің түсі мен пішінін айыра білдік.
«=» таңбасымен таныстық.бір топта қанша зат болса , екінші топта сонша зат бар екенін білдіреді.
Жұлдыздарын дәптерлеріне жапсырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «=» таңбасының міндеті мен мәні; жиындарды белгілі бір таңбасына қарай топтарға бөлуге болатынын.
Игерді: тең дәрежелі жиындар ( заттар тобының теңдігі туралы) түсінікті
Меңгерді: тең дәрежелі жиындарды анықтап , «=» таңбасын қолдану.