kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тұмау мен ЖРВИ дың алдын алу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұмау мен ЖРВИ- дың алдын алу шаралара туралы баяндама

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тұмау мен ЖРВИ дың алдын алу»

Тұмау мен ЖРВИ-дың алдын алу

Суық түскен уақытта біз тұмау мен ЖРВИ (жедел респираторлық вирустық инфекция) туралы алдын алу шаралары мәселесін көтеруге тырысамыз. Өйткені осы уақытта суық тиген адамдардың саны күрт көбейетіні мәлім. Сонымен, тұмау дегеніміз не?

Тұмау — жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция. Оған өткір токсикоз, ринит, мұрынның бітуі және бронхты зақымдайтын катаралды құбылыстармен сипатталатын белгілер тән.

ЖРВИ – адамзаттың ең кең таралған аурулары. Онымен жазда азырақ, қыста көбірек болса да, барлығы дерлік ауырады. ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Бір жаманы, бұл вирустардың әрқайсысы бірнеше түрлерге бөлінеді (парагрипп – 4 түрі, ал тұмаудың онға жуық түрлері бар), сондықтан адамдар бір тұмаудың бірнеше вирустық түрімен сан рет ауыруы мүмкін.

Cыртқы ортада вирустар тезірек өледі, бірақ адамнан адамға ауа-тамшылы жол арқылы тез таралады. Жұқтыру сәтінен алғашқы белгілер пайда болғанға дейін бірнеше сағат қана уақыт өтуі мүмкін. Бірақ 4 күннен көп емес.

ЖРВИ мен тұмаудың белгілері баршаға аян, себебі бұл аурумен ауырмаған бірде-бір адам жоқ. Ең басында ағза әлсірейді де, дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітуі және жөтел сияқты белгілер пайда болады. Тұмау туралы сөз болғанда мынаған назар аударған дұрыс: ғалымдар оның А, В және С сияқты үш түрін бөліп қарастырады. Ең басты ерекшеліктері – олардың түрлену қабілетінде. Мысалға, С вирусы қалғандарына қарағанда анағұрлым тұрақты. Бұл вируспен бір рет ауырған адамда оған қарсы иммунитет пайда болады. Сондықтан, вирустардың көп түрлілігіне қарамастан, көп жағдайда С вирусымен ересектер емес, балалар ауырады.

В вирусы аз да болса түрленуімен өзгешеленеді. В вирусымен балалар ауыратыны белгілі.

А вирусы – тұмаудың ең қатерлі түрі. Себебі ол қайта-қайта түрленіп, әр түрлі эпидемияларды туғызады.

Бірақ бізді толғандыратыны, олардың түрі емес, ЖРВИ мен тұмауды қалай алдын алуға болатыны туралы білу.

1. Тұмауға қарсы негізгі алдын алу шарасы ағзаға жұқпалы агенттің азғантай бөлігін енгізу арқылы жүзеге асатын белсенді егу иммунизациясы болып табылады. Екпедегі вирус ағзада олардың көбеюі мен қалған жасушаларға жұғуына қарсы антиденелерді қалыптастыруына септігін тигізеді. Сондықтан да аурудың алдын алуға болады.

2. Тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өршитіндіктен екпені күзде еккен дұрыс. Антиденелердің белсенділігі бірнеше ай бойы сақталып, алты айдан соң әлсірей бастайды. Сондықтан алдын ала егу жасаудың да қажеттілігі шамалы.

3. Алдын алу шарасының ең тиімді және кең таралған түрі – мақталы дәке бетпердесін тағу.

4. Қосымша ретінде аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныш қабілетін арттыру керек. С дәруменінің көп мөлшері орамжапырақ, мүкжидек, лимон, киви, мандарин, апельсин және грейпфруттардың құрамында жинақталған.

5. Эпидемия кезінде күнделікті бір-екі тал сарымсақты қабылдаған дұрыс. Бактерияларды өлтіру үшін ауыз қуысын сарымсақ қосылған сумен шайған дұрыс. Мұндай жағымды әсерді пияз да береді.

6. Тұмау кезінде мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю керек. Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды өлтіруге болады. Сонымен қатар пипетка арқылы пияз бен бал тұнбамен шаю керек (Тұнбаның жасалу жолы: ұсақтап туралған үш қасық пиязды 50 мл сумен тұндыру, сондай-ақ ½ шай қасық бал (қант) қосып, 30 минутқа қойып қою).

7. Тамақты марганцовка, фурациллин, сода немесе түймедақ ерітіндісімен шаю, сонымен қатар ингаляция жасау: 300 грамм суды қайнату, оған 30—40 тамшы эвкалипт тұнбасын немесе 2—3 қасық картоп қабығын не ½ шай қасық сода қосу.

8. Аяққа қыша қосылған ванна (5 — 10 мин.) жасаған дұрыс, содан кейін табанды қыздыратын маймен ысқылау керек.

9. Дәрігер жазып берген дәрілерден басқа, итмұрын қайнатпасы, бүлдірген мен бал қосылған шай, жөке қосылған шай сияқты дәмді «дәрі-дәрмектерді» қабылдауға болады.

10. Қатты жөтелде келесі тәсіл көмектеседі. Шикі тұрыпты жіңішкелеп турап, бетіне қант шашу. Содан пайда болған шырынды бір ас қасықтап сағат сайын қабылдау. Тұрыпты үккішпен ұсақтап, шырынын дәке арқылы сығу. 1 литр шырынды балмен араластырып, асқа отырар алдынды және ұйықтар алдында 2 ас қасық қабылдау.

11. Балмен араласқан сарымсақ қабылдаған да дұрыс. Түнге қарай бір ас қасықты жеп, сосын су ішу ретінде аяқтаған дұрыс.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тұмау мен ЖРВИ дың алдын алу

Автор: Алпысбаева Нұрайым Алпысбаевна

Дата: 06.01.2017

Номер свидетельства: 375945


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства