Мен баламды сыныптас балалардан өте төмен оқиды деп ойлаймын.
Менің өз балам қасындағы балаларды жиі ренжітеді деп қорқамын.
Менің ойымша мектептегі 1-сыныпта оқитын сабақтар бала үшін ауыр салмақ салады.
Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды жақсы түсінеді деуге сену қиын.
Бала сабақта тек мұғалім өзінің анасы болған жағдайда, жақсы оқуы мүмкін.
Бірінші сыныпқа жаңадан барған бала аз уақытта тез оқып, санап, жазып, үйреніп кете алады деп айту қиын.
Менің ойымша балалар бұл жаста бір- бірімен достасып кетуге дайын емес.
Мен баламның күндіз ұйықтамай жүретініне алаңдаймын.
Менің балам танымайтын ересек адамды көрсе жатырқайды.
Менің балам ешқашан балабақшаға барған емес және анасының қасынан алысқа шықпаған.
Менің ойымша, бастауыш мектепте баланың бір нәрсе үйретуі сирек құбылыс.
Менің балам өзге балалармен тіл табыса алмайды деп қорқамын.
Менің ойымша, менің балам өз қатарластарынан әлсіз көрінеді.
Мұгалім әрбір баланың үлгерімін нақты бағалай алмай ма деп қорқамын.
Менің балам «Мектепке екеуіміз бірге барайықшы» деп үнемі айтады.
Сұрақтарға «иә» деген жауабыңызға жұлздызша белгісін (*) қойып отырыңыз.
1
2
3
3
5
жалпы ұпай
Енді жалпы қойған жұлдызшаларыңызды санаңыз. Әр жұлдызша 1 ұпаймен есептеледі.
4 ұпайға дейін – сіз өз балаңызды мектепке беруге толығымен дайынсыз. Бірінші қыркүйекті асыға күтіп жүрсіз.
5-10 ұпай – мүмкіндігіңізге қарай балаңызды алдын ала дайындағаныңыз жөн.
10 балдан жоғары – балалар психологынан кеңес сұрағаныңыз жөн. Енді әр бағандағы жұлдызшаларды санап көріңіз. Әр бағанда 2 немесе 3 жұлдызшадан болса;
1 - баған - балаңыздың есте сақтау қабілетін, зейінін, саусақ бұлшық еттерін дамытуға көп көңіл бөліңіз.
2- баған – балаңыздың басқа балалармен қарым- қатынасқа түсуіне баса назар аударыңыз.
3- баған – баланың денсаулығына байланысты қиындықтар туындауы мүмкін, алайда баланың денсаулығын шынықтыруға және нығайтуға уақыт бар.
4- баған - балаңыз мұғаліммен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмауы мүмкін. Сондықтан сюжетті-рөлді ойындарды көбірек ойнатқаныңыз жөн.
5- баған - балаңыз анасын әбден үйреніп алған. Сондықтан балаңызды биыл мектепке бермей-ақ қойыңыз, немесе шағын баламен оқытатын арнайы мектептерге беріңіз. Жыл бойы балаңыздың мектепке үйренуіне бар күшіңізді салыңыз.