kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану бойынша тест тапсырмалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

1  Балаларды ата-аналар т?рбиелейді.Ал ата-аналарды ше? Б?л к?рделі с?ра??а жауапты ата-аналарды? ?здері біледі. 

         Берілген т?жырымдарды? ?айсысына келісесіз, соны белгіле?із. 3 жауапты? біреуін ?ана белгілеуі?ізді с?раймыз. 

а) ?олымнан келеді, ?рі ?р?ашанда осылай жасаймын. (3 ?пай). 

б) ?олымнан келеді, біра? ?р?ашанда олай жасамаймын (2 ?пай). 

в) ?олымнан келмейді (1 ?пай). 


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану бойынша тест тапсырмалары»

Өзін-өзі тану бойынша ата-аналарға арналған тест тапсырмасы

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы ,Приморье селосы МКҚК «Айсамал» балабақшасының әдіскері Тунгатарова Айнагул Сулейменовна

       1  Балаларды ата-аналар тәрбиелейді.Ал ата-аналарды ше? Бұл күрделі сұраққа жауапты ата-аналардың өздері біледі. 

         Берілген тұжырымдардың қайсысына келісесіз, соны белгілеңіз. 3 жауаптың біреуін ғана белгілеуіңізді сұраймыз. 

а) қолымнан келеді, әрі әрқашанда осылай жасаймын. (3 ұпай). 

б) қолымнан келеді, бірақ әрқашанда олай жасамаймын (2 ұпай). 

в) қолымнан келмейді (1 ұпай). 

         Тест сұрақтары: 

1.     Қандай жағдай болмасын өз жұмысымды тастап баламмен айналысамын. 

2.     Баламның жасына қарамастан мен онымен кеңесемін. 

3.     Егер қате жіберген жағдайымда баламнан кешірім сұраймын. 

4.     Баламмен қарым-қатынас арасында жіберген қателігімді оның алдында мойындай аламын. 

5.     Егер баламның әрекеті өте қатты әсер етсе де , мен өзімді ұстай алар едім. 

6.     Баламның орнына өзімді қоя аламын. 

7.     Мен өзімнің баламды 1 минут болса да, “сұлу перизат” немесе “мейірімді сұлтан” ретінде сезіне аламын. 

8.     Мен өзімнің балалық шағымдағы қолайсыз болып көрінетін бейнемді немесе басымнан кешкен сабақ болатындай жағдайды айтып бере аламын. 

9.     Бала жанына ауыр тиетін сөздерді көп қолданатын сияқтымын. 

10. Мен баламның жақсы тәртібі үшін, оның тілегін орындауға сөзіме берік боламын. 

11. Балаға не істегісі келсе, соны істеуге, өзін қалай ұстаса, солай ұстауға, яғни еркіне жіберіп, өзім араласпауға, бір күнді соған бөлемін. 

12.  Егер менің балам біреудің баласын себепсіз жәбірлеп, ренжітіп, қол жұмсап, дөрекі мінездерін көрсетіп жатса, мен үндемеймін. 

13. Егер баламның ерке қылығын көрсетіп жылағанына немесе баламның көз жасымен әр нәрсені сұрауына қарсы тұра аламын. 

Тестің кілті: 

     30-39 ұпай аралығында - өміріңіздегі, жанұяда ең үлкен әрі қымбат адам – балаңыз деп санайсыз. Сіз балаңызды түсініп қана қоймай, оны тереңірек білгіңіз келеді және оған үлкен құрметпен қарайсыз. Сіз ең таңдаулы озық тәрбиелік әдістерді және тұрақты тәртіп жолдарын ұстанасыз. Сіз өте дұрыс бағыттасыз және болашақта жақсы нәтижеге ие боласыз. 

     16 ұпай мен 30 ұпай аралығында – бала Сіз үшін бірінші орындағы маңызды мәселе. Сіздің бойыңызда тәрбиешілік қасиет қалыптасқан, бірақ өмірде оны жүйелі және мақсатты түрде қолдана бермейсіз. Кейде өзіңізді қатал ұстайсыз, кейде жұмсақ ұстайсыз, тіпті кейде тәрбиелік тиімділікті әлсірететіндей келісімге де барасыз. Сізге бала тәрбиесі жөніндегі өз әдісіңіз жөнінде кеңірек (тереңірек) ойлану қажет. 

     16 ұпайдан төмен – бала тәрбиесі сіз үшін үлкен қиыншылық туғызады. Сізге ия білім жетіспейді, ия болмаса балаңызды жеке тұлға ретінде жасауға ниетіңіз, ұмтылысыңыз жетіспейді. Сол себептен сіз педагогтан және психологтан кеңес алғаныңыз жөн.











Жақсы көңіл күй – жан азығы (ата-аналарға арналған тренинг)

Жарияланды 21-01-2015, 08:45 Категориясы: Психология 

Тақырыбы: «Жақсы көңіл күй – жан азығы»
Мақсаты: Ата - аналардың психологиялық көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалата білу, өздеріне құрметпен қарау, сыйластық қарым - қатынасқа шақыру, мектепке жағымды көзқарас қалыптастыру.

Психологиялық сағаттың кезеңдері
1. «Менің есімім»
2. Жағдаяттар шешу
3. Фигуралық тест
4. Сергіту сәті «Үрленген қуыршақ»
5. Менің бойымдағы қасиеттер
6. Қолтаңба
7. «Мен өз баламды қаншалықты танимын»
8. Релаксация
9. Рефлексия

Адам көңілінің тазалығы, көңіл күйінің жаман, жақсы болуы өзіне байланысты. Соған қарамастан, көңілге әсер ететін, көңілді бұзатын, көтеретін де жағдайларға сыртқы ортаның әсері көп. Адам көңілді жүрсе, көңіл күйі ешнәрсеге алаңдамаса, денсаулығы, жұмысы жақсы болып, отбасына да, ұжымына да, қоғамына да қиыншылықтар кездеспесе адамның көңілі көтеріңкі, уайымсыз жүреді. Ендеше мен сіздерге көңілдеріңіз еш нәрсеге алаңдамай көтеріңкі болуына тілектеспін. Қазір сіздермен біз «Жақсы көңіл күй - жан азы» тақырыбында психологиялық сағат өткіземіз. Психологиялық сағатты бастамас бұрын сіздерден өтініп сұрайтыным мына ережелерді сақтасаңыздар

ЕРЕЖЕЛЕР:
1. Бір - бірімізді тыңдаймыз;
2. Жаныңыздағы адамдармен жақсы қарым - қатынаста боламыз;
3. Уақытты үнемдейміз;
4. Белсенділік көрсетеміз;
5. Маңызды нәрселерді ғана айтамыз;
6. Өз ойымызды ашық айта білуге үйренеміз;

1. Мақсаты: Сәлемдесу - танысу рәсімін қызықты етіп өткізу топ мүшелері арасында жағымды қарым - қатынас орнату, сабаққа қатысушылардың көңіл күйін көтеру.
Құрметті ата - аналар ең алдымен танысып сәлемдесіп алайық, алдарыңызда қағаздан жасалған маңдайшалар тұр сол маңдайшаға бүгінгі сабақта сіздерді қалай атаймыз өздеріңізге ат қойып соны сол маңдайшаға жазып қойсаңыздар.... Егер ат қойып болсаңыздар сол аттарыңызды жазған маңдайшаларыңызды ортаға ала шығып шеңбер жасап тұрайық. Енді осы қойылған есім бойынша атап бүгінгі күнге бір бірлерімізге тілек тілесек
Адам баласы болғаннан соң бәрімізде жақсы тілек естігенді жақсы көреміз, жақсы тілек естісек бір сәт болсын көңіліміз көтеріліп бір марқайып қаламыз, көңілдің көтерілгені өздеріңіз білесіздер денсаулыққа да пайдалы, қартаюды да алдын алады.

2. Жағдаяттар шешу
Мақсаты: Кез келген қиын жағдайдан шығуға үйрету, балаларының құқығының сақталуына, балаларына дұрыс көңіл бөлуге баулу

1 - жағдаят. Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс.
Сұрақ: Шешесінің іс әрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба?
Қандай қателік бар?
Баланың қандай құқығы бұзылды?

2 - жағдаят. Баласының күнделігінде үнемі оның мектепте жанжал шығарғандығы туралы ескерту жазулы тұрады. Осы үшін балаға ата - ана тарапынан жазалау мақсатында әркез күш қолданған.
Сұрақ: Баланың мектепте үнемі жанжал шығаруы неліктен?
Осы жағдайда ата - ана не істеу керек?

3 - жағдаят. Бала өте қатал отбасында тәрбиеленеді. Оған ата - анасы ешқашан ойыншық сатып алып бермеді, тәтті әперіп еркелетпеді, концерт, кино, спектакльге де барып көрмеді. Ата - анасының айтқанымен жүрді, дегеніне көнді, тек бұйрықты жүзеге асырушы, орындаушы қалыпта ғана өсті. Бала ата - анасының барлық айтқандарын екі етпей, бұлжытпай орындаса да олардан бір ауыз жылы сөз естімеді.
Сұрақ: Мұндай отбасы туралы не айтар едіңіз?
Сіз балаңыздың осындай болып өсуін қалайсыз ба?

4 - жағдаят. Соңғы кезде сымбаттың тәрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Әкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей әуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді
Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек?
Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Әкесінің бе? әлде шешесінің бе?

5 - жағдаят. Он екі жасар Әсемге қонаққа келген Айгүл апасы жақсы кітап пен үлкен шоколад конфетін алып келіп берді. Әсем анасының үйреткеніндей рахметін айтып, ризашылығын білдірді де апасына «Менде мұндай кітап бар, ал шоколад мен жемеймін» деп жауап қайтарды.
Сұрақ: Мұндай жағдайда сіз балаңызға не айтар едіңіз?
Балаңызды сыйлықты қалай қабылда деп үйретесіз?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану бойынша тест тапсырмалары

Автор: Тунгатарова Айнагул Сулейменовна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства