kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ата-аналарға кеңестер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ұйымдарда, яғни балабаұшаларда ата-анамен көптеген жұмыстар атқару керек. Тренгтер, ата-анамен кеңестер жүоһргізіліп тұру қажет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ата-аналарға кеңестер»

Ата-аналарға арналған бала тәрбиесіне қажетті 14 кеңес


1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.


2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындасаңызда, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындауға тырыспаңыз.


3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз.Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.


4. Балаңызға өз көзқарасыңызды тықпаламаңыз. Өзіңіздің нұсқаңыздың дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.


5. Баланың кез-келген қалауын орындауға асықпаңыз.


6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрену керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.


бала тәрбиесі, бала, ата аналарға кеңестер, пайдалы кеңестер, ата аналарға кеңес


7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.


8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.


9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.


10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.


11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.


12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарын сыйлау керектігін білу тиіс.


13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқыныштарына күлмеңіз. Қайта керсінше баланың қорқыныштарын бірге шешіп сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.


14. Қаншалықты уақытыңыз аз болсада балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз. Есіңізде болсын балаңыз сіздің ең басты байлығыңыз.


Сіз қандай ата-анасыз?

Бұл сұраққа жауапты кім білгісі келмейді? Осыған орай, балаңызбен қарым

қатынаста Сіз төмендегі фразалардың қайсысын жиі қолданатыныңызды белгіліңіз.


1. Саған қанша рет қайталап айтамын. 2 ұпай

2. Маған ақылыңды айта қойшы. 1

3. Мен сенсіз не істер едім. 1

4. Соша кімге тартқансың 2

5. Сенің достарың қандай тамаша. 1

6. Туу, ұқсағансың! 2

7. Мен сенің кезімде… 2

8. Сен менің тірегім көмекшімсің ғой! 1

9. Сенің достарың қандай адамдар… 2

10. Сен тегі не ойлап жүресің? 2

11. Сен менің ақылшымсың! 1

12. Ұлым, қызым. Сен қалай ойлайсың? 1

13. Басқаның баласы бала сияқты да, ал сен… 2

14. Сен қандай ойлап тапқышсың! 1


Енді жалпы ұпайды санап, жауапты табыңыз, әрине, Сіздің қандай ата-ана екендігіңізді Сізден артық ешкім білмейді. Бұл тек сізге ой салуға ғана беріліп отыр.

Кілті:

7-8 – Сіз балаңыз екеуіңіз бір біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол сізді жақсы сыйлайды. Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.


9-10 – Сіз қарым-қатынаста бірқалыпты емессіз. Ол сізді сыйлағанмен Сізге әрқашан сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы кездейсоқ жағдайлармен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін:


11-14 ұпай – Сіздің балаңызбен қарым – қатынасыңызды өзгерту қажет. Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтік (даулы) қатынасқа мүмкіндік береді: ол тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік береді.








Ата-аналарға арналған тест


«Сіз және балаңыз бір-біріңізді түсіне аласыздар ма?»


Балаңызда қиындықтар кездессе немесе ғашық болып қалғанда бұл жағдайды сіз қалай байқадыңыз?

а) Ол өзі маған бұл туралы айтты.


ә) Ол бұл туралы басқа жақын адамға хабарлады.


б) Мен ана болғандықтан бұны өзім сездім.


в) Бұл туралы кездейсоқ біліп қалдым


Сіздің балаңыздың досы Сізді:

а) Екінші анасы сияқты сезінеді.


ә) Сіз кіргенде үндемей қалады немесе әңгімені басқа арнаға бұрып жібереді.


б) Құрметпен,бірақ салқын қарайды.


в) Құрметпен және сүйіспеншілікпен қарайды.


Әдетте достарымен жиналатын орындарға балаңыз сізді шақыра ма?

а) Кейде


ә) Жоқ, ешқашан.


б) Шақырды, бірақ мен келіспедім.


в) Олардың жиналатын орны маған ұнамайды.


Көптеген ата-аналар балаларды олардың заттарын тұтына (пайдалана) алатындығы жайлы шағымданады. Ал Сіздің жағдайыңызда:

а) Бұлай болмайды, себебі бұл заттар сәннен шығып қалған.


ә) Бұлай болмайды, себебі оған шақ келмейді.


б) мен әркез өз заттарымды оның шкафынан іздеуіме тура келеді


Сіз балаңыздың телехабарлардың біріне қызығущылығын байқап қалдыңыз, Сіз:

а) Оған қызық нәрсенің мен үшін қызығы жоқ.


ә) Балаңыздан саған бұл хабар ұнай ма?» деп сұрайсыз.


б) Ол бұл хабар жөнінде бір нәрсе айтар деп үміттенемін.


в) Біраз уақыт мазмұнының егжей-тегжейін ұғуға тырысамын, ал содан кейін онымен бірге талқылаймын.


6. Сіз балаңыз дүниеге келгеннен бері бірнеше рет былай дедіңіз: «біздің кезімізде бұлай болмаған» :


а) 1 немесе2 рет, бірақ мен бәрі-бір өзгеретінін мойындаймын.


ә) Қаншама рет айтқаным тіпті есімде жоқ.


б) Аз ғана, қайталай бергеннен ештеңеге жете алмаймын.


в) мен бұлай айтқан жоқпын.


Тесттің қорытындысы:


4-6 рет «а» жауабы болса – ешбір күдіксіз Сіз жақсы ата-анасыз. Сіз сүйіспеншілік пен құрметтеу бірін-бірі өте жақсы толықтырады деп санайтын адамдардың қатарына жатасыз.


3 немесе одан аз «а» жауабы – өз балаңызбен тығыз қарым-қатанас орнатуыңыз қажет. Оның қызығушылығы, достары жөнінде көбірек білуге тырысыңыз.




















Құрметті ата-аналар!

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сізге ұсынылып отырған көмекші құралда ата-аналармен жұмыс жүйесі көрсетілген. Ата - аналардың міндеті, ақыл-кеңестер, сауалнамалар, сұрақ-жауаптар, тесттер ұсынылды. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеу керек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

«Ұлды тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.
































Сіз қандай ата-анасыз?

Сауалнама

1. Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

2. Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

7. Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

9. Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

10. Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

12. Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

13. Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

Жауабы:

1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

3. Келіспеймін - 1 ұпай

· 0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру

үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

· 17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда

тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен

әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

· 31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек

түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.




















































Ата-анаға айтылар ұсыныс

«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,

15-ке дейін құлындай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла»

1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.

2. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.

3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.

5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.

6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.

7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.

8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.

9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.

11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.

13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.

14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.

15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.

16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.

17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.



Ата-аналарға психологиялық кеңес

Адам баласы-өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсада болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берілген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіпті жоғары оқу орындарымен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Мұндай надандылықтың адамдарға тарттыратын азабыда аз емес. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып,азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік.

Психологиялық көмектің бағыттары.

Бала атаулының бойында біртіндеп қалыптасатын невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімі де сорақы лыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанда білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартысына енді келген сәбилер үшін, бұл аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе үлкендер тарапынан болатын дөкерде дөрекі қылықтар толып жатыр.

Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары-осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады.


Екінші бағыт-тез арада ата-аналар мен балалар тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін психологиялық көмекті айтуға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасы жөнінде түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын-кітаптардан, кинофильмдерден-тереңдей талдап көрсету арқылы. Ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету.


Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң және жедел күресу керек. Әрине, бұл жағдай ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек.


Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек: бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың» деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, бұдан былай оған сөйлеудің де, ойнаудың да қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор.


Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне терісте зілді баға беру мен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың» деудің әсерімен, баланың жан дүниесін әбден жаралауға болады. Сондықтан да, баланың іс-әрекетін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қаблетін тұтылдыру мен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да каяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігіненде жиреніп кетуі мүмкін. Ол алдындағы армандарын да сенімдерін де жоғалта бастайды.


Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жағдайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.


Психологиялық түзету.

Адам баласы өзінің тіршілік ғұмыры ұзақ па, әлде қысқа ма бәрі бір, оның биологиялық және психикалық қуат күшінің аса мол қоры, сонау нәресте кезінен бастап жинақталуға тиісті. Ондай мол қуат бала болмысында, еркін де жасқанбай жігерлі өскенде ғана жетілмек. Ата-ананың қайырымы да, төзімді тәрбиелерінің арқасында, баланың көңіл-күйі мен түйсік сезімдерінің қанағаттануы ғана емес, сонымен қоса оның интелектісінің де еркін дамуына мүмкіндік алады. Түсініскен ортада тәрбиеленген балаларда ғана аса төзімді де жігерлі психика калыптасатыны белгілі. Жоғарыда айтылғандай, сәби шағынан психикасы қатты дөрекіліктерге ұшырап, үлкен зардап шексе, ондай балалардың психикасын орнына келтірудің өзі өте үлкен қиындықтарға соқтырады. Тіпті ондай балалардың көпшілігі неврологиялық клиникаларда жатып емделеді. Жалпы, мұндай балаларға психологиялық түзету жасаудың жолы, қанша ауыр болғанмен де, әр түрлі әдістерді қолданып көмекке келмеуге болмайды.

Сонда, ең әуелі мұндай жағдайда не істеу керек?Бәрінен бұрын баланы жайына қалдырған жөн.

Әрине мұндай кеңес, ата-ананың көңілін алақұйын етіп, не істерін түсінбей абдыратары да тіпті көңілдері қалғандай өкпе-наздарын да айтқызбақ. Бірақ, басқа шара жоқ. Егер, тән құрлысы жарақаттанса, оны тыныштандырып жатқызуды ата-ананың өзі де біледі. Осы тәрізді жан дүниесі жарақаттанған балаға да керегі тек белгілі уақытқа дейін тыныштық екенін түсінуіміз керек. Үлкендер жағы өзінің қателіктерін дереу мойындаумен қоса, мұндай сәттегі тәрбие берудің әдістерін үйренгенше, баланы тыныш қалпында қалдырғаннан артық шара жоқ. Міне, осы қателігін өзгертуі-психологиялық өзгертудің пәрменді бір тетігі болып табылады. Әрине, мұндай бет бұрыс ата-анамен тәрбиеге қатысы бар үлкендерге де оңай емес. Бірақ баланың келешегі үшін ешқандай мәймөнкесіз, дереу ұстамдылық пен мейрімділікке ауысу қажет. Ендігі жерде, бала мен ата-анасының түсініскен достық қатынастары ғана істің жайын анғарта алады. Осының бәрін табиғи қалыпта дамытуды ескерген жөн. Әйтпесе, көсеудің екінші жағын басып қалған тәрізді, тағы да маңдайыңа аяусыз соққы тиюы ғажап емес. Сондықтан, бала тәрбиесіне жас қосылған ата-аналар кәдімгідей ақ дайындалмай болмайды. Шындап келгенде, адам тәрбиесінің қыр-сырынан қиын өнердің болуы мүмкін емес. Оның қажеттігін қаблетіңе қарай емес, таныстауына қажет ауадай міндетті түрде иеленуің керек.

Психикалық зардап шеккен балаға психологиялық түзетулер жасаудың кейбір жолдары:

1.Баланың міндетті түрде тәрбиелеу керек. Ал, жаңа көз қараспен тәрбиелеу үшін, үлкендер жағы өздерін тексеруі қажет. Баланың келешегіне қажетті ендігі тәрбие, соншама үлкен тазалықты талап етеді.

2.Егер үлкендер жағы, өзін-өзі баланың ыңғайына қарай өзгерте алмаса, ары қарай баланы тәрбиелеуден өз ықтиярымен бас тартқаны жөн.

3.Ешқандай күш көрсету тәлімін жүргізуге болмайды. Бұл баланың келешегін сындыру мен құрту деген сөз.

4.Үлкендердің қатаңдығы мен қатыгездігі арқылы баланы жасытып жөндемеймін деу, барып тұрған надандық.

5.Тек қана мейірім мен сүйіспеншілік, екі жақтыда адамдық сипатқа жеткізетінін ұққан жөн.

6.Психологиялық түзету жүргізетін кезеңнің бәрін де басынан бастап, тек қана төзімділік керек! Тәрбиелік іс-әрекет үстінде-сабырды ілтипат, салқынқандылық, ұстамдылық қажет.

7.Баланың саналы түсінігіне сенім көрсете отырып, өзара қарым-қатынастың жетістігі дәлелді де мазмұнды болғаны дұрыс. Жеткен жетістіктер әділетті бағаланғаны мен, тым асыра мадақтаудың да орнын алмауын қадағалау керек есте болсын. Артық айтқан мақтау сөз, ешқашанда жақсылық әпермейді.

Бұдан да басқа көптеген тәсілдердің болуы мүмкін. Біз жас ұрпақ тәрбиесінде белең алып отырған психикалық зардапты түзетудің кейбір жолдарын ғана айттық.

Психогигиена өмір талабы.

Қазіргі тұрмыс тіршілігімізде, әсіресе тұрмыстық жағдай да, эмоциялық дауылдар мен әлеуметтік және педагогикалық кереғарлықтар тым көбейіп кетті. Осыдан келіп, баланың психикалық зардап шегушілігіне ұшыраудамыз.

Мұндай жұлын-жүйкенің тозуы мен жан дүниенің жарақаттануын ескермесе болмайды. Ол үшін ең әуелі үлкендердің де, кішілердіңде өзара қарым-қатынастарындағы үндестікке ұмтылып, оны сауықтыру мен тәрбиелеу жолдарының пәрменді тәсілдерін қарастыру ауадай қажет. Бұл әлеументтік те, мемлекеттік те, аса үлен жұмыс?! Ескі тәртіппен көз жұмбаққа салуға келмейді. Қоғамдағы осындай жан-дүниенің зардабынан көмекке келер ілім-жалпы гигиенаның бір бұтағы болып жетілген-психогигиена. Психогигиенаның күнделікті өмірде кең тараған түрі-адамдардың қарым-қатынасындағы психогигиенаны ерекше атап айтқан жөн. Қарым-қатынастағы психогигиена-үлкен мен кішінің, еркек пен әйелдің, ата-анамен баланың, туыс пен туғанның, көрші мен ауылдастың, т.с.с айта берсе толып жатыр, осы айтылған қарым-қатынастардың өмірдегі көрністері сан алуан сапада кездесе береді. Көптеген жағымсыз жағдайларда да, осы қарым-қатынастардың адамшылық қасиеттерді сақтамауынан туып жатады. Ендеше, адамдардың қарым-қатынастарындағы психогигиенаны сақтау ережелері де-психологиялық көмектің бір түрі болып есептелінеді. Оның ең негізгі бабы- - «Бүлдірмеу!» болып табылады.

Бірінші ережесі-бүкіл өзінің болмысын мен құндылығыңды-осы «бүлдірмеуге!» бағындыру.

Екінші ережесі-бірінші ережесінің жалғасы тәрізді, осы «бүлдірмеу» бабын тарата отырып адамдардың санасындағы өзін-өзі тежеу қабілеттерін жетілдіру.

Үшінші ережесі-егер «бүлдірмеу» бабы бұзыла қалған күнде, одан тараған жайсыздықтарды жоюға әсер ету.

Міне бала тәрбиесінде имандылық тәрбиелерімен қоса, міндетті түрде психогигиенаның осы үш түрлі ережелерінің баптары да, саналы түрде баланың психологиясында орнығуы мен жетілуін қамтамасыз ету керек. Бұлар сәби мінездеріне не ерте қалыптасса, соғұрлым оның санасындағы адамгершілік деңгейі биік болмақ. Сонда ғана ол өз уақытының елеулі азаматына айналуы хақ.

Әйтсе де, мұндай тәрбиелер балаға тек уағыз арқылы сіңбейтіндігін ескере отырып, қоғамдағы естияр адамдардың, соның ішінде, ата-аналар мен тәрбиешілердің, бүкіл ел жұртқа белгілі зиялы қауымның күнделікті тіршіліктегі адамдық парасаттары ерекше байқалуы керек. Алдыңғы буыннан үлгі алған ұрпағымыз мадақтауға тұрарлық адами қасиеттерге ие болатынына сенеміз.

Іштей қарама-қайшылық.

Адамның жанын жаралайтын психологиялық жаман әсерлер үнемі жалғаса берсе, оның ішкі қарсылығын оятып, бірте-бірте тұрақтанған қарама-қайшылықты мінез-құлқын қалыптастырады.

Жалпы ішкі қарама-қайшылықтары мол адамдар ашуланса да, өкпелесе де өзін-өзі тоқтата алмай ұзақ әуреленеді. Мұндай сәтте ол мақсатты ой, елеулі қайырымдылық жасау қаперіне кірмейді. Қайта қолындағысын лақтырып айналасындағысын сындырып,шамасы жеткенді талқандап жіберуге ұмтылады. Осы тұста жанындағы адамдардың бәріне тіл тигізуден таянбайды.

Ал, адамның көңіл-күйі екінші бір жайсыз жағдайда болғанда да, мәселен қызғану мен көре алмаушылықтың күйіне ауысқанда да, жанындағылардың бәріне сенімсіздікпен қарап, өзінен-өзі секемденіп сергелдені мол іштей қарама-қайшылыққа ұрынады. Бұндай жайсыз жағдайлар, адамды физиологиялық афектілік күйге де түсіреді. Ол мұндай күйде не істеп не қойғанын байқамай қалады.


Сондықтан адам атаулы ол үлкен бе, жоқ әлде кіші ме бәрі бір, өзара қарым-қатынастарда ұстамды да, мейірімді болуға ұмтылу қажет. Адамды ашуландырып көңіл-күйін бұзу қаншалықты оңай болса, ал оны жадырата қайта жақсы жағдайға түсіру, соншалықты қиын екен естен шығармаған жөн.


Әр адам осындай әділетсіздіктің бар екенін іштей түсініп, оған саналы түрде қарсы шаралар жасауды ұмытпаса, түптің-түбінде үлкен жетістіктерге жетіп, өзінің адамдық күш қуатын сезіне бастайды. Бірте-бірте ол жаман көңіл-күйдің құлы болудан да құтыла алады. Өзінің барлық іс-әрекеттерін ашудан бұрын ақылға жеңдіретіндей жағдайға ауысады. Міне, дер кезінде жүргізілген психогигиенаның құдыреті мол, шарапаты да осы болса керек. Бүкіл ел болып мәдениетті тіршіліктің негіздеріне ұмтылса ғана өміріміз өркенді де көңілді болмақ. Керек десеңіз қоғамға қажет бақыт жолы да осы.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ата-аналарға кеңестер

Автор: Досымбекова Гаухар Баянгазыевна

Дата: 18.05.2018

Номер свидетельства: 470109


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства