келетін табиғат дәрумендерінің мезгілі.
Күн тәртібі | Уақыты | Дүйсенбі 18.06.2018ж | Сейсенбі 19.06.2018ж | Сәрсенбі 20.06.2018ж | Бейсенбі 21.06.2018ж | Жұма 22.06.2018ж |
Таңертеңгі дидарласу Таңертеңгі қабылдау Таңғы жаттығу Таңғы ас | 08:00 09:30 | Тәрбиеші балалармен қарым – қатынасы: ата – аналармен жеке әңгімелесу, жеке балалармен жұмыс, дене қызуымен тазалығына қөңіл бөлу, жағымды жағдай орнатуға арналған ойындар. |
Жаттығулар кешені: балалардың дене қалыптарын дұрыс дамытып, қимыл қозғалысын арттыру мақсатында, ертеңгілік гимнастикалық жаттығулар кешенін орындату. Жалпы дамытушы жаттығулары: Б.қ қол белде, аяқ алшақ, басты оңнан солға қарай айналдыру 4 – 5 рет Б.қ қол белде, аяқ алшақ, иық пен шынтақты алға созып, басты оңға бұру, б.қ келу, сол жаққа бұру, иық шынтақ алға б.қ 5 – 6 рет Б.қ аяқ алшақ, өол төмен, жанымыздан қолды сөзып бастан жоғары шапалақтау, қолды жанынан созып төмен тұру б.қ 5 – 6 рет Б.қ қол белде, аяқ қосып тұру, тізені еңкейіп отыру, жартылай басты түзу ұстау б.қ келу, түзелу 5 – 6 рет Б.қ өкшені белге, аяқтың басы алшақ, қол белде отыру, қолды алға созу, шапалақтау, тұру, б.қ келу 5 – 6 рет Б.қ түзу тұру, қол белде, секіру 7 – 8 сек |
Астарың дәмді болсын! Дастархан әдебін сақтай отырып, жақсы көңіл күйде таңғы ас қабылдау. Ас ішіп болған соң ас қайтару. (қолды таза жууға, құрғақ сүртуге үйрету ) |
Ойын түрінде өткізілетін сауықтыру іс - шаралары | 09:30 10:20 | Тақырыбы: «Ғажайып қала» Мақсаты: балалар дың шығармашы лық ынтасын ояту, ұжым болып сурет салуға үйрету. Балалардың туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Барысы: Балалар өлең сөздеріне сәйкес іс – қимыл жасату. Балаларға өздерінің қалалары туралы мағұлмат беру. Қазір жылдың қай мезгілі екенін сұрау. Жер бетіне қаламызды бейнелу. Күтілетін нәтиже: Біледі: бірлесе жұмыс жасауды Игереді: қала ғимараттарын бейнелеуді Меңгерді: жұмыс барысында тианақты болуды | Тақырыбы: «Бұл қай ертегі?» Мақсаты: балаларға ертегі туралы мағұлмат беру. Тыңдаған ертегіні өздері әңгімелеуді дағдыландыру. Барысы: балалар мына жерге назар аударайықшы бұл жерде ертегі кейіпкерлрі бар екен. Бұл қандай ертегі екен. Мен сендерге ертенгі әңгімелер берейін. Күтілетін нәтиже: Біледі:ертегіні әңгімелеуді Игереді: ертегіні рөлдерге бөліп ойнауды. Меңгерді: ертегіні рөлдерге боліп ойнауды. | Тақырыбы: «Саябаққа экскурсия» Мақсаты: балалардың экскурсия туралы түсініктерін молайту. Балалардың туған еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Барысы: балалар қараңдаршы саябақтағы талдар өте керемет екен. Біз табиғатымызга сүйіспеншілікпен қарауымыз керек. Күтілетін нәтиже: Игереді: табиғатты ластамауға, табиғатқа деген қамқорлығы молая түседі. | Тақырыбы: «Денсаулық күні» Спорттық іс – шара Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаладың денесін шыңдап, күш қуатын нығайту. Күтілетін нәтиже: Біледі: спорттық ойындарды. Игереді: ойын барысында жүйрік болуды. Меңгерді: өздеріне берілген спорттық ойындарды қызығушылықпен ойнауды. | Тақырыбы: «Мұражайға саяхат» Мақсаты: балаларға Ғ. Мұратбаев атындағы тарихи өлкетану мұражайын таныстыру. Балалардың ой – өрістерін, танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қығушылығын қолдау және дамыту. Барысы: Балаларды мұажай ішімен таныстырып әр бір дүниеге тоқталып жеке әңгіме жүргізу. Ғани Мұратбаев туралы түсінік беру. Күтілетін нәтиже: Біледі: Мұражай атауын біледі Игереді: саяхатта балалар жақсы әсер алып, ой – өрістерін кеңейтті Меңгерді: мұражай ішіндегі бағалы дүниелер атауларын. |
«Табиғат аясында» Серуен Бақылау Еркін ойындар | 10:20 11:40 | Табиғат аясына серуендеу. Бақылау: «Ауа райын» Мақсаты: тбиғат өзгерістерін ажырату. Еңбек: гүлдер арасындағы жарамсыз шоптерді жұлу Мақсаты: үлкендерге көмектесу, еңбек сүйгіштікке баулы. Қимылды ойын: «Тышқан мен мысық» Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, аңғарымпаздыққа баулу | Серуенге қызығушылық туғызу. Бақылау: «Бұлттарды» Мақсаты: өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау. Еңбек: ауланы қоқыстардан тазарту Мақсаты: тазалыққа баулу Қимылды ойын: «Паравоз» Мақсаты: бірлесіп ойын ойнауға дағдыландыру | Табиғатқа қызығушылықпен қарау. Бақылау: «Желді» Мақсаты: жел туралы түсініктерін бекіту.жел түрлерін есте сақтау. Еңбек: ауладағы жарамсыз шөптерді жұлу Мақсаты: табиғатқа қамқор болу Қимылды ойын: «Аққоян» Мақсаты: ұжымдасып ойнауға дағдыландыру | Серуенге қызығушылық туғызу. Бақылау: «Гүлзарды» Мақсаты: жазгы гүлзар туралы түсініктерін кеңейту. Табиғатты әсемдігін сезінуге тәрбиелеу. Еңбек: гүлдерге су құю Мақсаты: табиғатқа қамқор болу Қимылды ойын: «Ұшты - ұшты» Мақсаты: аңғарымпаздыққа баулу. | Табиғат аясына серуендеу. Бақылау: «Жәндіктерді» Мақсаты: жәндіктер туралы мағұлмат беру. Олардын тіршілігінн әңгімелеу. Еңбек: ауланы тазалау Мақсаты: үлкендерге көмек беру. Қимылды ойын: «Ақ серек көк серек» Мақсаты: Бірігіп ойын ойнауды дағдыландыру. |
Су, ауа, күн процедурасы Гигиеналық шаралар Түскі ас | 11:40 13:00 | Су ваннасы. Су ваннасын қабылдап майтабанның алдын алу, аяқтарына массаж жасау. Жуындырып кеуде, іш, арқа дене мүшелерін ысқылау. Ауа ваннасы. Дене шынықтыру іс – әрекетін таза ауда өткізу. Қимылды ойындар өткізу арқылы қабылдау. Тыныс алу жаттығуларын таза ауада жасау. Күн ваннасы. Балалардың басына күн қағар кигізіп, құмда төсеніш үстінде қабылдау. Балалардың өз – өзіне қызмет ету дағдыларын дамыту. (киімдерін ретімен шешіп, өз шкафтарына ретімен орналастыру, достарының кииімдерін шешінуіне көмектесіп, киімдері су болған жағдайда кептіруге үйрету) мәдени – гигиеналық дағдыларды өздігінен атқару қабілеттерін қалыптастырып тазалыққа баулу (қолды дұрыс таза жууға, құрғатып сүртуге үйрету ) Астарың дәмді болсын! Балаларға үстел үстінде отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру. (таза және ұқыпты тамақтануға,тамақтану кезінде сөйлемеуге, ас ішіп болған соң рахмет айтуға үйрету) тамақтарын ішіп болған соң ас қайтару. |
Түскі ұйқы | 13:00 15:00 | Балаларды ән тыңдату арқылы тәтті ұйқыға жатқызу. Ұйқыларының тыныш болуларына жағдай жасау. |
Ұйқыдан ояну Шынығу Бесін ас | 15:00 16:00 | Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. Хатка – йога жаттығуларын жасау. Мәдени гигиеналық шараларын орындау. Жалпақ табандылықтың алдын алу мақсатында ортопедиялық жол бойымен жүру. «Қайық» төсекте ішпен жатып, қолды иекке таяп қою, жартылай тұрып оңға – солға тербелу. «Кемпірқосақ» төсекте арқамен жатып аяғымен ауада шеңбер жасау. «Созылу» төсекте аяқтары бірге, қолды денесінің қалпымен жоғарыға созып, арқасымен жатып керілу «Тышқандар» массажды кілемшеде аяқ ұшымен және өкшемен айналу. Астарың дәмді болсын! Балаларға үстел үстінде отыру мәдениеті мен этика ережелерін қалыптастыруды жалғастыру. (ұқыпты тамақтануға дағдыландыру, тамақтану кезінде сөйлемеуге, ас ішіп болған соң рахмет айтуға үйрету) ас қайтару. |
Серуен Шығармашылық Еркін ойындар | 16:00 17:40 | Қимылды ойын: «Аққоян» Мақсаты: балаларды топтастырып ойнауға дағдыландыру. Көңіл күйлерін көтеру. | Қимылды ойын: «Ұшақтар» Мақсаты: тәрбиеші «Ұшақтар ұшады!» деген кезде барлық бала ұшақ болып ұшады. «Ұшақтар қона бастады» деген кезде балалар қона бастайды. | Қимылды ойын: «Жүгіріп қағып ал» Мақсаты: бірігіп ойын ойнауға дағдыландыру | Қимылды ойын: «Паравоз» Мақсаты: балалардың бірінің артынан бірі тіркеліп тұрып паравоз сияқты жүруге, өлең жолдарын қайталап айтуға үйрету. | Қимылды ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балаларды ептілікке, жылдамдыққа, аңғарымпаздық қа баулу. |
Үйге оралу Ата – анамен қарым – қатынас жұмыстары | 17:40 18:30 | Ата-аналармен пікірлесіп , балаларды үйлеріне қайтару. Баланы балабақшадан себепсіз қалдырмау керектігін тапсыру Ата – анаға балалардың таза болып келулерін тапсыру. Сау болыңдар балалар! |