kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Зияты  зақымдалған балалардың еңбек дағдысын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда  еңбекке баулудың маңызы зор.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу»

Тақырыбы: Зияты зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеу.

Зияты зақымдалған балалардың еңбек дағдысын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыруда еңбекке баулудың маңызы зор. Еңбекке тәрбиелеу арқылы зияты бұзылған балалардың қоршаған дүние мен заттарды танып біледі. Еңбекке тәрбиелеу барысында бала бойындағы қоғамдық құндылықтары мен тұлғалық қасиеттері, өмірге деген құлшынысы, адамгершілік-эстетикалық қатынастары дамиды. Балалардың жас ерекшелігіне қарай өткізілетін күнделікті қарапайым еңбек түрлері балалардың түсініктерін қалыптастырады. Зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы - болашақта қажет ететін еңбек әрекетіне қатысты жұмыспен қамтамасыз ету, яғни еңбек етудің жалпы және арнайы икемділік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, зияты бұзылған балалрды еңбекке тәрбиелеу әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу және оңалтудың міндетін атқарады. Еңбексүйгіштік, ұқыптылық, еңбек ету қажеттілігін түсіну осы еңбек тәрбиесінде қалыптасып, әдетке айналады. Балаларды еңбекке тәрбиелеуде аса көрнекті педагогтарда өте үлкен көңіл бөлген.

Еңбек тәрбиесінде көп көңіл бөлген Н.К.Крупская дамып келе жатқан бала организміне қимыл іс-әрекетінің аса қажеттілігі мен тәрбиелік маңызына ерекше назар аударады. Балаларды еңбекке баулу ересектердің еңбегін бағалауға және тапсырмаларды орындауға, өзін-өзі күте білуге, заттар мен ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, оларды өз орындарына қоя білуге үйрету,- деп еңбекті ойын арқылы іске асыруды ұсынса, еңбектің маңызын А.С.Макаренко «Адамды тәрбиелеу керек! Бұл оның болашағын, оның болашағын тәрбиелеу деген сөз». Еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбие деп түсінуге болмайды. Сондықтан, тәрбие ісінде еңбек ең негізгі күштің бірі болуға тиіс деп бағалайды.

Француз психологі Р.Заззо зақымдалған балалардың еңбек және әлеуметтік дағдысы, ең алдымен олардың өзін-өзі сақтауына байланысты деп санайды. Зияты зақымдалған балаларды оқыту кезінде айтарлықтай көмек көрсетумен, еңбекке даярлау және өздігінше еңбекке араласуы кезінде білгірлікпен ұштастырыла жүргізілу керек деген пікір айтады.

Я.И.Базик, Е.Я.Беляеваның зерттеулеріне балалардың қол және көркем еңбегінде табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз, мата, ағаштан бұйымдар даярлаудың теориялық-әдістемелік негіздерін анықтады. Бұл еңбектің түрінде балалардың қиялы, шығармашылық қабілеті дамып, қолдың ұсақ бұлшық еті жетіліп, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу түзету жұмысының басты бөлігі болып табылады. Мысалы: зияты бұзылған балаларға жұмыс жасатсаңыз бала жұмыстың мақсатын түсінбейді және оны қалай істеуді білмейді. Ал біз осы кемшіліктерді баланы еңбекке тәрбиелеу арқылы шешеміз.

Еңбекке баулу арқылы баланың танымдық қасиеттеріндегі кемшіліктерді түзетеміз. Біз баланы еңбекке тәрбиелеу арқылы балаға күнделікті істейтін істі қалай істеуді үйретеміз. Мысалы: ермексаздан үй жасатсаңыз, бала үйді жасап қана қоймай оның қалай жасалынатынын біледі, баланың дүниетанымы кеңейеді. Баланы ең алдымен өзіне-өзі қызмет етуге баулу керек. ­Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі негізінде заттарына, киім-кешектеріне ұқыпты қарай алуы, ойыншықтарды жинай білуге үйрету керек. Зияты бұзылған балаларды табиғаттағы еңбек түрлері арқылы еңбекке баулу тиімді. Балаларды табиғаттағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүлдерді күту және т. б. Табиғат аясындағы еңбек балалардың тек е0ңбек дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, адамгершілік сезімінің дамуына, экологиялық білімнің негізін қалауға септігін тигізеді. Мысалы: гүлдің тұқымын сепкеннен кейін, оның өсіп жетіліп гүлденуі баланы қуанышқа бөлеп шыдамдылыққа тәрбиелейді. Өсімдікдіктерді өсіру, тірі объектілермен қарым-қатынас жасай отырып, байқағыштыққа жауапкершілікке тәрбиелейді. Ал қол еңбекте табиғи материалдар, қағаз, қатырма қағаз т. б. Заттардан әр түрлі бұйымдар жасау баланың қиялын дамытып, қол ұсақ бұлшық еттерінің жетілуіне, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйретеді. Баланы еңбекке тәрбиелеудің басты шартының бірі-еңбекті баланың күнделікті істейтін әдетіне айналдыру. Айталық, ыдыс-аяқты жинау, жуу үлкендерге көмектесу т. б. істердің қайсысы болса да баланың өз бетімен істейтін тұрақты әдетіне айналдыра білу керек. Мүмкіндігінше зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеуде баланың еңбегін ойынмен ұштастырып отыруды ұмытпау керек. Баланы ойын арқылы еңбекке тәрбиелесе бала еңбектен жалықпайды, қайта жұмысқа деген құлшынысы оянады. Баланы еңбекке тәрбиелеуде баланың мүмкіндіктерін ескеріп отыру керек. Баланың шамасы жететіндей жасына сай, өзіне пайдалы еңбектің түрлеріне баулу қажет. Бала өзінің қолынан келетін жұмысты ғана істесе, онда балада қандайда бір істі істей алатындығына сенімі оянады, еңбек етуге ынтасы артады. Баланы жұмыс істегенде жеңілден ауырға сатылап үйрету керек.

Бала ең алды мен үлкендерге көмектесу ретінде бастап, үлкендердің басшылығымен нұсқауымен үйреткен жөн. Осы ынтамен атқарған жұмысы әуелде көмектесу, одан кейін ол жұмысты тұтастай өзі атқаруына мүмкіндік берілгені абзал. Зияты зақымдалған балалардың жан-жақты үйлесімді дамуына еңбектің беретін пайдасы орасан зор. Еңбек этикамен, эстетикамен тығыз байланыста өткізілмесе баланың еңбектенуге деген ынтасын азайтады. Баланың қызығушылық деңгейінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Міне, осыдан бастап бала бойында жалқаулық пайда болады. Себебі, бала мына қоғамда еңбек етіп, өзінің қабілетті екенін түсіне білу керек. Бала өз қолымен жасаған бұйымының нәтижесін көріп, сезініп, мақтаныш сезімі оның бойында пайда болған кезде ғана оның жан-жақты дамуына жол ашылады. Зияты зақымдалған балаларды еңбекке тәрбиелеуде оның өзіндік табиғатын, психологиясын, еңбекке деген икемділігін білу керек. Біз балаларды еңбекке тәрбиелеу арқылы тек өздері үшін ғана емес, жалпы игілік үшін еңбек етуге, еңбекке құрметпен қарауға, еңбек үрдісінің әсемдігін, этикалық, эстетикалық қуаныш- ляззатын сезініп, түсіне білуге үйретеміз. Еңбекке тәрбиелеу-түзетудің, дамытудың басты негізгі фактісі.





П а й д а л а н ы л ғ а н ә д е б и е т т е р :

  1. Намазбаева Ж. І. Дефектологтің кеңесі.-Алматы 1980 жыл

  2. Байтұрсынова А.А. Арнайы педагогика.-Алматы, 2007жыл

  3. Сапарбайқызы Ш. Еңбек тәрбиесінің дамуы-Бастауыш мектеп.-№11, 2005жыл.

  4. Жетпісова Ж. Баланы еңбекке тәрбиелеу.- тәрбие құралы.№6 2006


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Зияты бұзылған балаларды еңбекке тәрбиелеу

Автор: Сапакова Кымбат Толеухановна

Дата: 07.10.2021

Номер свидетельства: 588136


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства