kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жоба та?ырыбы: Технологиялы? карта мектепалды дейінгі балаларды о?ытуда ат?аратын р?лі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе Елбасымыз Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев ?аза?стан хал?ына арнал?ан д?ст?рлі Жолдауын жариялады. Жалпы т?уелсіздігіне жиырма жылдан астам уа?ыт бол?ан ел егемендігіні? тарихына ??ілсек, мемлекетімізді? алуан ба?ытта?ы тыныс - тіршілігіні? дамуына бірден - бір ы?пал еткен фактор - б?л Елбасымызды? халы??а арна?ан Жолдауы екендігіне к?з жеткізер едік. Елбасыны? «?аза?стан жолы - 2050: бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» атты Жолдауы бойынша Президентті? жалпы?лтты? идеясы - болаша? табыстарды? негізі екені баса айтылды. Ал е? бастысы - елімізді? рухын к?теретін, ?лы ма?саттар?а жеткізетін «М??гілік ел» ?лтты? идеясы жарияланды. «М??гілік ел» идеясы - елімізді ?з ма?сатына талай д?уір сынынан с?ріндірмей жеткізетін т??ырлы идея. Осыны? барлы?ы дамы?ан 30 елді? ?атарына кіруімізге жа?а серпін беретіні с?зсіз. Елбасы Жолдауында білім саласы ?ызметкерлеріні? алдына ?лкен міндеттер ?ойды. «?лтты? білім беруді? барлы? буыныны? сапасын жа?сартуда бізді ау?ымды ж?мыс к?тіп т?р. 2020 жыл?а ?арай ?аза?станда?ы 3 - 6 жас аралы?ында?ы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз ?амту жоспарлануда. Сонды?тан олар?а заманауи ба?дарламалар мен о?ыту ?дістемелерін, білікті мамандар ?сыну ма?ызды. Орта білім ж?йесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі о?ыту де?гейіне жеткізу керек. Мектеп т?лектері ?аза?, орыс ж?не а?ылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап к?рсетті. ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік жалпы?а міндетті білім беру стандартында «?азіргі кезе?дегі білім беру сапасы о?ушыларды? т?рлі ?ызметтер саласында?ы проблемаларды ?з бетінше шешу м?мкіндіктерін ?амтамасыз ететін ?алыптас?ан негізгі ??зыреттілік т?ріндегі білім беру н?тижелеріні? жетістіктері мен т?сіндіріледі», - делінген. Білім, білік, да?дыларды ме?гертуден ??зыреттіліктерді ?алыптастыруда, ??зыреттіліктер т?рінде к?тілетін білім беру н?тижелерін, білім сапасына ба?ылау жасауды? т?ртібі ?арастырылады. Білімнен ??зыреттілік ?а?идасына негізделген жа?аша о?ыту техналогиясы о?ыту технологиясы о?ушыларды? танымды? ?ызметіні? за?дылы?тарына о?уда?ы ??ндылы? ба?дар?а, я?ни, о?ушыны? зерттеушілік, шы?армашылы? ж?не рухани адамгершілік ?ызметтеріне негізделген технология?а айналуы тиіс. Жа?а технологияны о?у т?рбие ?рдісінде ?олдануды инновация дейді. «Инновация» деген с?з латынны? «novos» жа?алы? ж?не «in» енгізу деген с?зінен шы??ан. Ал оны? ?аза?ша аудармасы «жа?ару», «жа?алы? енгізу» деген ма?ынаны білдіреді. Мектеп т?легіні? негізгі ??зырылылы?ы ??ндылы?ты-ба?дарлы, м?дениеттанымды?, о?у-танымды?, комуникативтік а?партты?-технологиялы?, ?леуметтік-е?бек ж?не т?л?аны? ?зін-?зі дамыту ??зыреттіліктері бойынша аны?талатынды?ы да белгіленген. Т?л?а ??зырылылы?ын ?алыптастыру?а тиісті ??зыреттіліктерді ж?зеге асыруда о?ушыны? жеке даралы? ерекшеліктеріне айры?ша м?н бере отырып, білімді баланы? еркін игеруді ж?зеге асыру м??алімдерден тиімді ?діс-т?сілдерді жетілдіре отырып, ты? ?дістемелік негіздерді ?алыптастыруды ?ажет етеді. Б?секеге ?абілетті, ?згерістерге бейім жеке т?л?а т?рбиелеу ізденіске толы шы?армашылы? ж?мыстарды? н?тижесінде ?ана м?мкін екендігі белгілі. Мектепке дейінгі ?йымдарда мектепалды даярлы? сынып балаларыны? жас ерекшелігіне орай ?олданылатын о?у-т?рбие ?дістеріні? т?рлері ?те к?п. Осы ?дістемелік т?сілдерді пайдалану ар?ылы ?абілеті ?р т?рлі балаларды? ортасынан ?абілеті жо?ар?ы бала да болады, онымен ж?мыс жасап, о?ушыларды? шы?армашылы? де?гейін ба?ылап отыру-?рбір т?рбиешіні? негізгі міндеті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жоба та?ырыбы: Технологиялы? карта мектепалды дейінгі балаларды о?ытуда ат?аратын р?лі. »



Мазмұны


І. Кіріспе......................................................................................................................2


ІІ. Негізгі бөлімі


1. Технологиялық карта мектепалды дейінгі балаларды оқытуда атқаратын рөлі..........................................................................4


2. Технологиялық карта – мектепке дейінгі ұйым педагогының құзыреттілігін қалыптастыруда негізгі құрал ретінде......................................................................6


3. Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау ережесі.....................................10


ІІІ. Қорытынды...........................................................................................................13


ІҮ. Қосымша...............................................................................................................14


ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................23





















Кіріспе


Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс», деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Қазіргі кезеңдегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзыреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктері мен түсіндіріледі», - делінген. Білім, білік, дағдыларды меңгертуден құзыреттіліктерді қалыптастыруда, құзыреттіліктер түрінде күтілетін білім беру нәтижелерін, білім сапасына бақылау жасаудың тәртібі қарастырылады. Білімнен құзыреттілік қағидасына негізделген жаңаша оқыту техналогиясы оқыту технологиясы оқушылардың танымдық қызметінің заңдылықтарына оқудағы құндылық бағдарға, яғни, оқушының зерттеушілік, шығармашылық және рухани адамгершілік қызметтеріне негізделген технологияға айналуы тиіс. Жаңа технологияны оқу тәрбие үрдісінде қолдануды инновация дейді. «Инновация» деген сөз латынның «novos» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан. Ал оның қазақша аудармасы «жаңару», «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіреді.

Мектеп түлегінің негізгі құзырылылығы құндылықты-бағдарлы, мәдениеттанымдық, оқу-танымдық, комуникативтік ақпарттық-технологиялық, әлеуметтік-еңбек және тұлғаның өзін-өзі дамыту құзыреттіліктері бойынша анықталатындығы да белгіленген.

Тұлға құзырылылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруді жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс-тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді. Бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлға тәрбиелеу ізденіске толы шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде ғана мүмкін екендігі белгілі.

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепалды даярлық сынып балаларының жас ерекшелігіне орай қолданылатын оқу-тәрбие әдістерінің түрлері өте көп. Осы әдістемелік тәсілдерді пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғарғы бала да болады, онымен жұмыс жасап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.

























ІІ. Негізгі бөлім

Технологиялық карта мектеп жасына дейінгі

балалармен жұмыс жасау ерекшелігі.


Технологиялық карта – бұл оқу және тәрбие үрдісінде нәтижеге қол жеткізуге ықпал етуші тәрбиешінің басқарушылық іс әрекеттері мен балалардың қызметтік кезеңдерінің жүзеге асыруылының жоғары деңгейіне ие ұйымдастырылған оқу қызметі алгоритімі болып табылады. Ол педагог –тәрбиеші деңгейі мен бала деңгейіндегі қызмет бойынша оқу қызметін ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдердің кешенінен тұрады. Қандай да бір басқарушылық шешімдер мен бала қызметінің ерекшелігі оқу қызметінің кезеңдеріне негізделген.

Психологиялық тұрғыдан алғанда, технологиялық карта құралын қолдану арқылы оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде балалардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады

Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау. Технологиялық карта құралын қолдану арқылы оқыту әдістері оқушыларға рольдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді. Осыған орай сабақ беретін топта оқушылардың шығармашылық, танымдық, денсаулық, әлеуметтік , қарым –қатынас құзіреттілігін дамыту бағытында әр түрлі дидактикалық , интерактивті ойындарды қолдану. Ең алдымен қоғамдағы басты міндет балалардың денсаулығы. Әр баланың денсаулық құзіреттілігін арттыру жолында түрлі қимыл – қозғалысты нығайту, есте сақтау, зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығу ойындарын қолдану, сайыстар өткізу, күнделікті ұйымдастырылған іс – әркеттіің үрдісі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік білім беретін кеңістікке кіруге бағытталған білім берудің жаңа ұлттық жүйесі қалыптасты. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында осы салада басқаруды орталықтандыру, білім беруді демократияландыру мен ізгілендіруді қамтамасыз етеді. Осы заңмен мектепке дейінгі білім берудің басты мақсаты анықталды, ол – мемлекетпен ұлттық және әлемдік мәдениет, жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайларды жасау. Баланың жеке тұлға болып толықтай дамуы педагогтардың кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты.


Технологиялық картада тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Ø Баланың жеке өздігінен ізденуіне мүмкіндік беру;

Ø Топтасып іс – әрекет етуге , үйренуге жағдай жасау;

Ø Өздерін — өздеріне бағалату;

Ø Іс — әрекет барысында білім алу;


Бала өз ойын еркін айту үшін тәрбиеші мына тәсілдерді

қолдануы тиімді.

Ø Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;

Ø Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда

тек топтан келісесіздер ме деп сұрау;

Ø Зейінсіз енжар баланы анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.


«Тәрбиеші балаға түрлі әсерді құлық көзімен салыстырып, үйретуге міндетті. Бала салыстырып, сынап үйренсе, адамгершілік туралы белгілі бір ұғымға ие болады. Ол уақытта алдағы өмірінде дұрыс пен терісті, ізгі мен жауызды, ақ пен қараны дұрыс һәм жеңіл айыратын болады», - деп атап көрсеткен М.Жұмабаев. Бұдан балаларды адамгерішілікке тәрбиелеу мәселесі қай заманның болса да ғалымдарын терең ойландырғаны байқалады.















2. Технологиялық карта – мектепке дейінгі ұйым педагогының құзыреттілігін қалыптастыруда негізгі құрал ретінде.


Шын мәнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау және реттеу іс-әрекеті) іс-әрекеттерін суреттей келе технологиялық жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үрдісін елестету болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-әрекетін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерді зерттеп қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үрдісінде басқару мақсатының, олардың жетістікке жету әдістері мен тәсілдерінің бір-бірімен байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 1 кестеде (В.С.Кукушинаның классификациясы бойынша) таңдау жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың әдіс-тәсілдерін жоспарлау үрдісі көрсетілген.

- 1. В.С.Кукушина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін себептер тізімі.

Себептер

Себепке әсер етеін коэфф.

Орын

1

Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке жетудің оқыту деңгейі

0,90

1

2

Оқытудың ынталандыру деңгейі

0,86

2

3

Оқытудың заңдылық ұстанымдарын жүзеге асыру

0,84

3

4

Жүзеге асырлатын талаптар мен мазмұндар көлемі

0,80

4

5

Оқу материалының күрделілігі мен мен қажетті өлшем шегі

0,78

5

6

Оқушылардың дайындық деңгейі

0,65

6

7

Оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары

0,65

7

8

Оқушылардың жасы, оқу жұмысына жарамдылықтары

0,62

8

9

Оқыту дағдыларының қалыптылығы. Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы

0,60

9

10

Оқыту уақыты

0,55

10

12

Өткен алдыңғы сабақтағы әдіс-тәсілдерді қолдану

0,40

12

13

Сабақтың типі мен құрылымы

0,38

13

14

Оқу еңбегі үрдісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын және билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы

0,37

14

15

Сыныптағы оқушылар саны

0,36

15



Осы кестенің талдауы, оқыту әдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сәйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В.С.Кукушинаның ойы бойынша – осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теоретикалы – көп ықпал ету әдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мәнінде үнемі алдын-ала болжанбаған кездейсоқтық әсер етеді. Одан басқа да, біздің ойымызша, әсерлілік себептері 3 кестеде көрсетілген. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдын-ала болжанбаған салдарлармен кездейсоқтықтардың санының өсу дәрежес, өз коэффициенттерінің шегімен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды әдістерді ешбір сәтті нәтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мәселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын алуды, екінші жағынан тұрақты нәтижені алудың әсерлі тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мәселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын процессуалды талаптардың барлығы да қоса қамтылған мәселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған және тұрақты нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.

Технологиялық карта үш кезеңнене тұрады:

Технологиялық карта (толтыру үлгісі)

Білім бері саласы: «Таным»

Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру»

Тақырыбы: «Ауыл жұмысшыларының еңбегі туралы әңгімелесу»

Мақсаты: көкөністер мен жеміс жидектер өсіруші ауыл жұмысшыларының еңбегі туралы білу.

Міндеттері

Кіші жастағы шағын топ:

  • Көкөністер мен жемістерді тану және атау:

  • Көкөністер мен жемістерді ауыл жұмысшылары өсіретіндігін білу;

  • Көкөністерді көктемде отырғызады, ал өнімді жазда және күзде жинайды.

Ересек жастағы шағын топ:

  • Есінде қалғандарын атау, жинақтамаларды дұрыс қолдану (жемістер, көкөністер);

  • Көкөністер мен жемістерді өсіретін ауыл жұмысшыларының мамандығын білу (көкөнісшілер мен бағбандар);

  • Көкөністерді өткізу жұмысының реттілігін білу (жер мен аспаптарды дайындау, отырғызу – себу, суару);

  • Жұмыс, құралдары және ауыл шаруашылығы машиналарын қолдану туралы түсініктерін бекіту.

Жабдықтау: көруге арналған суреттер: «Бақшадағы өнімді жинау», Біздің бақшамыз, көкөністер мен жемістердің нақ пішіндері.

Сөздікпен жұмыс: көкөнісшілер, бағбандар, қызылша жинайтын комбайн, картоп жинайтын комбайн, суару құрылғысы.

Қостілді компонент:

Көкөністер – овощи

Қызанақ – помидор

Қияр – огурец


Кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Баланың қызметі

І. Мотивациялық қозғаушы

Оқу қызметінің мақсатын тұжырымдау, ол 3-5 жасар балаларға түсінікті болуы керек. Алға қойылған мақсаттарды ескере отырып, әлеуметтік тәжірибе мен бұрын жиналған білімдерін өзектендіру баланың даму үрдісіне немесе қызметке тарту. Балалардың болып жатқан оқиғаларға шынайы қызығушылығын модельдеу шешімді талап еттетін күрделі жағдайды қалыптастыру.

Балалардың мақсаты өзіндік іс-әрекет стратегиясы ретінде қабылдауы болып жатқан оқиғаға деген шынайы қызығушылығын айқындау. Ол білетін немесе бұрын көргендерін «еске түсіру» балалардың мәселені шешуді талап ететін мәселе ретінде түсіну және қабылдау. Әр баланың өзіндік ойлау уәждемесін анықтау.

ІІ. Ұйымдастыру -іздестіру

Алған қойылған мақсатқа сәйкес таным үрдісін ұйымдастыру. Күрделі жағдайдан шығу. Баланы ізденуге, мәселені зерттеуге бағыттау. Бір аумақты мәселені жеке «күрделі емес» міндеттерге бөлу. Таным үрдісіне қажетті көмек пен қолдау көрсету. Таным жолы бойынша баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.

Таным үрдісіне тарту.

Ұсынылған ойынға қатысу.

Қойылған сұрақтың жауабын белсенді іздеу.

Мәселені қолжетімді жолдармен және өқралдармен зерттеу.

Қажетті көмек және қолдау бойынша ересектерге жүгіну басталған. Басталған істі логикалық аяғына дейін жеткізуде ұмтылу.

ІІІ. Рефлексивті-түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметінің, таным үдерісінің барысын бақылау. Таным, іздену, зерттеу барысында әркімнің жеке қадамын тіркеу.

Жоспарланған нәтижеге жету мақсатында таным үдерісінің түзету. Ұйымдастырылған оқу қызметінің, таным үдерісінің нәтижелерін талдау.

Баланың өз қызметінің нәтижесін рәсімдеуі. «Мен не жасадым, нені жасай алмадым?» сұрағына жауап іздеу. Баланың жеке қызметінде өзін өзі тануы.

Педагогикалық қолдау, өзіндік оқу қызметінің нәтижелеріне көмек көрсету барысында түзету.

Балаларды қызметке тартатын тәрбиешінің іс-әрекеттерінің арақатынасы

(уақыт бойынша)


15

15


Күтілетін нәтиже

Біледі (жеткізеді)__________________

Түсінеді_____________________

Қолданады___________________


Шағын орталықтың әртүрлі жас тобындағы балалардың өмірі мен әртүрлі қызметін дұрыс ұйымдастыру, жайлы жағдай жасау әртүрлі жастағы балалардың жан-жақты дамуына септігін тигізеді.















3. Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау ережесі.


Технологиялық карта бойынша жұмысты ұйымдастыру педагогтерді мотивациялаудың жақсы факторы болып саналады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті ойынға айналады, оның барысында балалар ойлау, зейін, есте сақтау, сөйлеу және т.б. процесстердің жылдамдығын арттыру бойынша жаттығуларына болады.

Технологиялық картамен жұмыс алғашқы жылы педагогтерге қиынға соғуы мүмкін, алайда жинақталған жұмыс тәжірибесі, оқу материалдары кейінгі жылдарда педагогтерге түсетін салмақты айтарлықтай жеңілдетіп, жұмыстың тиімді болуына жағдай жасайды.

Алдағы уақытта тәрбиешілерде технологиялық карта мен циклограммадан тұратын өз каталогтары болады деп болжаймыз.

Сонымен қатар, педагог күнделікті және әр жыл сайын білім беру бағдарламалары негізінде карталарды тақырыптарды жоспарлы оқып-үйренуде қолдана алатынын атап өту қажет. Бұл ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне дайындалуға кететін уақытты азайтып, бала оқытудағы педагог жұмысының сапасын арттыруға, денсаулығын сақтауға көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Осылайша, беріліп отырған технологиялық картаның үлгісі оқыту сапасын жақсартуды, педагогтің шығармашылықпен айналасуына уақыт бөлінуін қарастырады және олардың кәсіби біліктілік деңгейінің көрсеткіші болып табылады.

Технологиялық карта педагогке кез келген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне аз уақыт ішінде дайындалып, жоғары деңгейде өткізуіне мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі оқыту сапасын басқару ҚР МЖМБС-1.001-2012 белгілеген талаптарды орындаудың әдіс-тәсілдері, құралдары енетін біртұтас жүйе болып табылады. Мектепке дейінгі білімнің білім беру процесіне арнайы басқару құралын — циклограмманы, технологиялық картаны енгізу педагогтерге осы процесті өз бетінше педагогикалық процесті құруға және тақырыпқа, мақсатқа, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті арқауына сәйкес кез-келген әдістемелік элементтерді таңдауына мүмкіндік береді.

Педагогикалық процесті жаңадан құра отырып, педагог әр уақытта да, ең алдымен, балалардың дамуына көңіл бөлуді есінде сақтағаны жөн. Екіншіден, баланың қай жаста болмасын, біраз өмірлік тәжірибесі бар екенін жете түсіну керек. Балалық шақта алған әсер баланың есінде және жүрегінде сақталып қалады. Бала жанын қорғап, аялау керек. Баланың жақсы дамып, жетілуінің маңызды факторы жеке тұлғаның құндылықтарын, қажеттіліктерін қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде әлеуметтік институт (отбасы, балабақша, қоғам) тарапынан қойылатын талаптар мен нұсқаулардың маңызы ерекше. Мұның барлығы жеке тұлға ретінде балаларға қатысты, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтары, өзі жөніндегі түсініктері назарға алынады. Ересектер балалардың ой-пікірімен, көзқарастарымен санасып, оларды тыңдай білгендері жөн. Әлеуметтік орта баланың кемшіліктеріне баса назар аудармай, жеке басының жағымды күшті жақтарына бағытталуы тиіс.

Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби білім берудің мән-маңызын «Бала өсіргің келсе дана жүректі, қатты ұста, үйрет білім мен ізетті» ұлағатты сөздерімен анық бейнелеген.

Ұсынып отырған әдістемелік жүйенің көп еңбектенуді қажет ететінін, іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары мәдениетін қажет етеді. Тәрбиешіге баланы күні бойы және осы күн ішінде көре білуге үйренгені жөн.

Жан-жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, шығармашылықпен ой толғай білетін, оқу арқылы өзінің ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жекетұлға қалыптастыруымыз керек.


Шағын орталық қызметінің ерекшелігі – бұл мектепке дейінгі жастағы балалардың әр түрлі жастағы топ (бұдан әрі ӘЖТ) жағдайында тәрбиелеу және оқыту.

ӘЖТ педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар және педагогтен мыналарды талап етеді:

  • Барлық жастағы топ бағдарламаларының мазмұнын білу;

  • Бағдарламалық талаптарды тәрбиеленушілердің жастық және жеке ерекшеліктерімен үйлестіру машықтары;

  • Балалардың жасы мен жеке мүмкіндіктерінің сәйкес дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік етуге беретін дамыған кәсіптік қабілеттіліктерді;

  • Әртүрлі педагогикалық технологияларды меңгеруді.

Әртүрлі жастағы топ жұмысы іс-тәжірибесін талдау педагогтердің үнемі мынадай қиындықтарға тап болатындығын көрсетті:

- әртүрлі жастағы балалардың психологиялық және физикалық ерекшеліктері туралы білімдерінің жеткіліксіздігі – кіші балалар мен тұрақты қарым-қатынас ересек балалардың қызығушылықтары мен дүниетанымын шектейді, олардың дамуында артта қалушылық байқалады:

- күн тәртібін ұйымдастырудағы қиындықтар – оқу қызметінде педагогтердің жастары бір топтармен салыстырғанда 2-3 есе көп уақыт жұмысауына тура келеді;

- пәндік –даму ортасын құрудағы қиындықтар – балалардың топтық қоғамдастықтарына арналған тұжырымдаманы әзірлеу қажет.

Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор.

Педагог мектеп жасына дейінгі баланың бір күні оның қажеттіліктері: ойыны, танымы, өзін көрсетуі, қарым-қатынасы қанағаттандырылатын адам өмірі екенін түсінетініне біз сенім артамыз.





























Қорытынды


Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократикалық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.

12 жылдық білім беруге көшу- бұл барлық ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа,ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті,өзіндік дамуға даяр,өзін таны та алатын және өзі үшін де,қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді, құзыретті тұлғаны қалыптастыруды және дамытуды»алдын ала болжайды.

12 жылдық білім берудің басты мақсаты:

Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім,бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл,білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Қорыта келе, мұғалім жаңалықтан қашпауы тиіс, қайта әдісті көп білуге тырысқаны жөн, одан ұтпаса, ұтылмайды. Мектепке дейінгі мекемелерде технология карта мүмкіндіктерін пайдаланып,балаларды кіші жастан сауаттылықпен қамтамасыз ету қажет.

Карталар технология заңдылықтары бойынша құрылған. Оларды орындай келе, Сіз кепілдендіріген нәтиже аласыз. Тіпті, Сіз тәжірибеңіз жоқ жас маман болсаңыз да. Бұл технологиялық әсер деп аталады. Карталар бойынша жұмыс жасау арқылы, Сіз үнемі оқытудың жоғары сапалы жетістігіне және сәтті нәтижеге жетесіз.











Қосымша

Білім беру саласы: «Таным», «Денсаулық», «Әлеуметтік»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Өзін-өзі тану»
Тақырыбы: «Жанға жылы сөздер»
Мақсаты: «Қайырымдылық», «Жақсылық жасау»; балаларды қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, жылы сөйлеуге үйрету.
Сөздік жұмыс: Жақсылық, қуаныш сыйлау.



Кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялы-

қозғаушы


Шаттық шеңбері

- Сәлематсыздар ма, балалар? Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.


Балалар бірін бірі: «Сәлем, мен сені көргеніме өте қуаныштымын!» жалғастыра айтып шығады.


Ұйымдастыру- іздестіру


Өлең жолдарын

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.

Балалар, бүгін бізде сабақ ерекше болмақ. Біз бүгін Жақсылық және Сыйластық туралы әңгімелейміз.Жақсылық- ол өте ұлы сезім.Ол бізді көп нәрсеге үйретеді. Біз бірімізге жақсылық жасай отырып достық қарым қатынаста боламыз.


Жаттығу «Көңілді шылдырмақ»

  • Егер жер бетінде жақсылық көп болатын болса, үлкендер де, кішілер де қуанады.

  • Ал қандай адамды жақсы адам деп айтуға болады? Күнбағыстың дәнін көрсетіп:

  • Мынау не?

  • Бұл дәннен не өсіп шығады?

  • Кімнің жақсы іс-әрекеті күнбағыстың өсіп шығуына көмектеседі.

  • Ал сендердің өсулеріңе кімнің жақсылығы көмектеседі?


Ойын «Жақсы жаңбыр»

Өлең оқу.

Мен бастаймын, ал сендер өлең жолдарын аяқтаңдар.

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді.

Не деп барып жеу керек?


Балалар жүр көшеде,

Естіледі айқай шу.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?


Осы келген бетіңде,

Допты қудың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

Сен не деу керексің?

Бар көңілмен айтылған жылы, жақсы сөзді естіген кезде сен де жадырап қоя бересің, олай болса келіңдер,ойын ойнайық.

Ойын:«Мейірімді сөз» ( доппен)
Тәрбиеші сөздер айтады

  • Күн

  • Бұлақ

  • Бүгінгі күн

  • Ана


Біздің шығармашылығымыз «Жақсылық гүлін жасау»
Жақсылық жасау – бақыт, қуаныш.
Мына гүлдерді ең жақсы көретін адамдарымызға сыйлаймыз.


Балалар кезекпен шылдырмақты ұрып жақсы сөздер айтады.

Сұраққа жауап береді.

  • Күнбағыстың дәні

  • Күнбағыс

  • Адамның жақсылығы, жердің жақсылығы, күннің жылуы, жауынның жаууы. Ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз, тәрбиешілеріміз.

  • Балалар шеңбер жасап тұрады. Олардың әрқайсысы жаңбырдың тамшылары.Көңілді әуенге бұлтты айнала би билейді.Әуен тоқтаған кезде бұлт балаларға ыдыстан су шашады да: «су кімге көмектесті?»- деп сұрайды. Ал балалар сұраққа жауап береді. Мысалы:

  • Мен шөлдеп тұрған гүлге су шашқанын көрдім.

  • Мен жолдағы лас көлікті жуғанын көрдім.


Ал мен балалардың жаңбыр астында шаттанып қуанғанын көрдім


  • Ал мен балалардың жаңбыр астында шаттанып қуанғанын көрдім.


-РАХМЕТ!


-Кешіріңіз!


-Сәлеметсіз бе?


Төмендегі сөздерге жылы сөздер тауып айтады.


- Күнім

- бұлағым

- бүгінгі күнім

- анашым


Балалар қолдағы материалдардан гүлдер жасайды.


Өлең жолдарын оқиды.

Біздің топта балалар

Тату тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.


Рефлексивті – түзетушілік


Шеңбер «Жүректен жүрекке»
Зеңгір көктен
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз.
Жайнап өскен,
Жайдары өскен
Біз-өмірдің гүліміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа
Шақырады әніміз.
Тыныштықты,
Нұр құшақта
Бақыттымыз бәріміз.


  • Қолымызды жанымызға созамыз


  • Жоғары көтереміз


  • Қолымызды жүрегімізге апарамыз




Күтілетін нәтиже:
Білуі: Жақсы сөздер
Болуы: Жақсылық, жақсы іс-әрекет туралы түсініктерінің болуы.
Баланың қолынан келуі: жақсы істер жасай білу, жылы сөздер арқылы өзінің сезімін білдіре білуі.























Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Тақырыбы: «Бұлт»

Білім бөлімі: Сурет салу

Мақсаты: Балалардың ойын бейнелеу сабағына деген қызығушылығын арттыру.Жыл мезгіліне байланысты түсініктерін кеңейту.Бұлтты сызу,оны бояуды үйрету.

Көрнекіліктер: бұлт , табиғат суреттері, көк түсті қарындаштар, альбом парақтары

І. Мотивациялық қозғаушылық:

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң көк аспан,

Қайырлы таң жер ана,

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң достарым.

ІІ. Ұйымдастыру іздестіру:

1.Балаларға қыс туралы суретті көрсетіп,әңгімелесу.

- Балалар мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

-бұл жылдың қай мезгілі?

Қыс туралы өлең оқылады.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды,

Жып-жылтыр боп жатады,

Мұз болады қатады.

Бүгін сурет сабағында біз бұлт суретін саламыз.

Бұлт қайда болады?

Бұлттан не жауады?

Сергіту сәті.

Бұлттар,бұлттар топталды,

Қол ұстасып тербелді,

Қар жауып тұр далада,

Мұз болады қатады.

Балаларға альбомдарды таратылып бұлттың суретін сызып бояймыз.(балалрдың жұмыстарын мадақтау)

ІІІ. Рефлексивті түзетушілік:

Дидактикалық ойын:

«Қар жинау» ойыны

Сабақ соңында қорытынды:

Қар қандай аппақ,

Ойнауға жақсы-ақ,

Осындай шақта

Кім үйде жатпақ.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар,сонымен біз бұлттың суретін сызып,одан не жауатынын білдік?

Тәрбиеші:Өте тамаша бүгін сендер

жақсы жауап беріп,суретті жақсы сызып боядыңдар.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек : Жыл мезгілдерінің ерекшелігін білу.

Қандай түсініктерді игерді: Бұлттың құбылыстарын ажыратады (бұлт,бұршақ,қар,тұман).

Үйрену керек: Сурет сабағында сызып бояуды.



Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта», «Қатынас»

Тақырыбы: “Менің Отаным — Қазақстан”

Бөлімі: айналаны қоршаған ортамен таныстыру

Мақсаты: балаларға Қазақстан Республикасы туралы кеңінен мәлімет беру. Қазақстанның көрікті жерлері мен байлықтары, ақын – жазушылары туралы әңгімелесу. ҚР туралы білімдерін тексеру, әр бала өз елінің азаматы екендігін түсіндіру. Әр адам өз мемлекетінің тарихын білуге міндетті және мақтануы тиіс екендігін айту. Балалардың отансүйгіштік,

патриоттық сезімін ояту.

Шығармашылық бөлімдері

Тәрбиешінің іс — әрекеттері

Балалардың шығармашылық іс — әрекеттері

Мотивациялық –ояту бөлімі

- Балалар, біз қай планетада тұрамыз?

- Дұрыс, мынау – глобус. Глобус – Жер планетасының макеті. Бұнда барлық елдер көрсетілген. Ал біз қай елде тұрамыз?

- Иә, ендеше, глобустан Қазақстан Республикасын тауып көрейік. (глобустан табамыз) Мынау – Қазақстан Республикасы. Ол – біздің Отанымыз. Қазақстан – байтақ ел. Сендердің әрқайсысың ҚР азаматысыңдар. Қазақстан туралы кім маған тақпақ айтып береді?

- Еліміздің елордасы қай қала?

- Ал Оңтүстік астанамыз қай қала?

- Біз қай қалада тұрамыз?

- Балалар, енді алақанымызды бір – біріне үйкелеп жылытып, жерге өз жылуымызды беріп, тілегімізді айтайық.

- Жақсы, тілектерін орындалсын. Енді орнымызға отырайық, отырмас бұрын сұрақтарға жауап берулерің керек. Кім дұрыс әрі тез жауап берсе, сол орнына отырады.

- Біз тұратын қала?

- Біздің облыс қалай аталады?

- Бас қаламыз қай қала?

- Еліміз қалай аталады?

- ҚР елбасы кім?

- ҚР рәміздері қандай?

- Қазақтың қандай ақын – жазушысын білесің?

- Ұлттық тағам?

- Ұлттық аспап?

- Тудың түсі қандай?

- Ою — өрнектің атын ата.

Балалар глобусты қоршап тұрады.

- Біз Жер планетасында тұрамыз.

- Біз Қазақстан елінде тұрамыз.

Глобустан табады.

1- бала:

Әйнегі – күн, шатыры – аспан.

Кең дала…Төсі толқыған егін,

Көлдері көкке күмістер шашқан

Қазақстан – Республикам менің.

- Астана. (глобустан табады, үлкен қызыл жалаушамен белгіленген)

- Алматы (глобустан табады, кішкентай қызыл жалаушамен белгіленген)

- Біз Орал қаласында тұрамыз.(глобустан көрсетемін, қызыл нүктемен белгіленген)




Балалар қолдарын жылытып глобусқа қояды, тілектерін айтады.




- Көкшетау.

- Ақмола облысы.

- Астана.

- Қазақстан.

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- Ту, елтаңба, әнұран.

- Абай, Ыбырай, Шәкәрім.

- Бесбармақ, бауырсақ.

- Домбыра, қобыз, сыбызғы.

- Көгілдір.

- Қошқармүйіз, түйетабан, т.б.

(жауап берген балалар орындарына отыра береді)

Ізденушілік – ұйымдастыру бөлімі

- Балалар, біздер бүгінгі тіл дамыту сабағында Отанымыз, туған жеріміз – Қазақстан Республикасы туралы әңгімелейміз.

Тәуелсіз мемлекет дегенді қалай түсінесіңдер?

- Көпұлтты мемлекет қандай мемлекет?

- Жақсы, дұрыс, балалар, естеріңде ме, өткен сабақта біздер Қазақстан еліне сиқырлы саяхатқа шыққан болатынбыз. Сол саяхатты бүгін жалғастырамыз. Бізге кімдер көмектесіп еді?

- Иә, сол достарың бүгін бізге қонаққа келді. Олар сендердің білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар алып келген. Енді тапсырмаларға назар аударайық.

Тапсырма №1. Өз еліңнің астанасын анықта. (тақтада әртүрлі елдердің астаналары көрсетілген сурет ілініп тұрады)

- Қайдан білдің?

- Астана туралы кім маған тақпақ айтып береді?

- Балалар, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз елінің тарихын білуі тиіс, сендер сол Бәйтеректің шығу тарихын білесіңдер ме?

Тапсырма №2. Қазақтың ұлттық аспабын тап (үлестірмелі материал)

- Балалар, алдарыңдағы қағазға қараңдаршы. Сендерге тапсырма берілген. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

- Осылардың ішінен қазақтың ұлттық аспабын табу керек. Қане, дұрысын қоршайық.

Жұмыстарды тексеру.

- Ендеше домбыраның күмбірлеген даусын тыңдайық. Құрманғазының күйі “Адай”.

- Балалар, сендер жаңа күй тыңдап отырған кезде құлыншақ – тұлпар менің құлағыма келіп сыбырлап кетті. Ол сендерді шаршаған болар дейді, сендермен ойын ойнағысы келіп тұр. Шаршадыңдар ма, ойнаймыз ба?

“Көңілді қобыз” ойыны.

Тапсырма №4. Қазақтың ұлттық ою — өрнегін құрастыр.

- Балалар, алдарыңдағы конвертті ашыңдар, ішінде ою — өрнек бар, оны құрастыру керек және атын атау керек.

- Ою — өрнектер қайда қолданылады?

Тапсырма №5. Қазақтың ұлттық тағамын тап.

- Бұл тапсырма ұлттық тағам жайында. Қазақтың ұлттық тағамын тауып, атын атау керек.

- Оқуға, демалуға, отбасында өмір сүруге, емделуге, т.б.

- Қазақстанның өз Конституциясы, президенті, рәміздері бар. Ондай елді тәуелсіз ел деп атайды.

- Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады: қазақтар, орыстар, татарлар, немістер, корейлер, т.б.

- Достарымыз: балапан – бүркіт, бала – барыс, құлыншақ – тұлпар, ақ ботақан.

Балалар қызығушылықпен достарының алып келген тапсырмаларын тыңдайды.

1 бала шығып көрсетеді.

- Өйткені онда Бәйтеректің суреті көрсетілген, Бәйтерек Астана қаласында орналасқан.

2-бала:

Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрады ол жап – жас болып,

Мен үлкен болғанда да.

3-бала: “Астана – Бәйтерек” кешенін тұрғызу президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың идеясы болатын. Бәйтерек — өмір ағашы. Бәйтеректің тамыры өте тереңде, ал биіктігі аспанмен таласады. Жыл сайын Бәйтеректің басына киелі құс – Самрұқ жұмыртқалайды екен. Жұмыртқасы – Алтын-Күн, оны сол Бәйтеректің түбінде өмір сүретін Айдаһар жұтып қояды екен. Ол жаз бен қыстың. Күн мен Түннің, жақсылық пен жамандықтың алмасуын білдіреді екен.

- Ұлттық аспаптарды: домбыра, қобыз.

Балалар жұмысқа кіріседі.

Балалар күй тыңдайды.

- Шаршадық, ойнаймыз.

Балалар жұмысқа кіріседі, оюды құрастырып, атын атайды.

- Туда, ұлттық киімде, ыдыс – аяқта, ұлттық киімдерде, бұйымдарда.

Балалар тапсырманы орындайды.

Рефликсивті -түзету бөлімі

- Балалар, сендер бүгінгі достарың алып келген тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

- Балалар, сендерге бүгінгі саяхат сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады?

- Балалар, елімізге, Отанымызға арнап “Бала тілегі” әнін орындап берейік.

Ән “Бала тілегі”

Балалар қызығушылық танытады.

Балалар өз пікірлерін айтады.

Балалар қуана келіседі, ән орындалады.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Қазақстан Республикасы туралы сол мағлұмат алды, оның қандай ел екендігін білді: , көпұлтты.

Меңгеруі: ҚР тұратын әр адамның , сол елдің азаматы екендіктерін ұғынды.

Жасай алуы: Балалар Қазақстан, туған жер туралы тақпақ айтты, өз еліне деген сүйіспеншіліктері артты.













Пайдаланған әдебиеттер:


    1. ҚР Президентінің жолдауы

    2. Зинина С.М. Роль педагога-психолога в развитии коммуникативной компетенции детей дошкольного возраста// Актуальные проблемы психологии образования: Материалы научно-практической конференции 3-4 ноября 1999 г. – Н.Новгородский гуманитарный центр, 1999. – С. 35–37.

    3. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Жиенбаева С.Н.- п.ғ.д., профессор;
      Омарова М.– магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)

    4. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы журналы №12 2013 жыл

    5. Интернет

16



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Жоба та?ырыбы: Технологиялы? карта мектепалды дейінгі балаларды о?ытуда ат?аратын р?лі.

Автор: Амриева Гульмира Оралбековна

Дата: 01.02.2015

Номер свидетельства: 165577


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства