Саба?ты? та?ырыбы : " Жеміс тосабы " . Мектепке дейінгі т?рбие ж?не білім беру ?йымдарында балаларды? с?здік ?орларын , ?з ойларын еркін жеткізе білуге жан –жа?ты ?олдау к?рсету . Басты м?селе балаларды? ?арым – ?атынас да?дысын жетілдіру .К?рнекіліктер мен дидактикалы? материалдар ар?ылы тілдерін жатты?тыру . Балаларды ??ыптылы??а , е?бекке?орлы??а , т?сінікті ж?не м?нерлі с?йлеуге т?рбиелеу .
.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«" Жемістер тосабы " »
Жеміс тосабы
А . К . Ізімқұлова
Ақтөбе қаласы « Еркемай » мектепке дейінгі балалар мекемесі .
Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарында балалардың сөздік қорларын , өз ойларын еркін жеткізе білуге жан –жақты қолдау көрсету . Басты мәселе балалардың қарым – қатынас дағдысын жетілдіру .Көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар арқылы тілдерін жаттықтыру . Балаларды ұқыптылыққа , еңбеккеқорлыққа , түсінікті және мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу .
Білім саласы : Қатынас .Шығармашылық .
Ұйымдастырылған оқу іс– әрекеті : Тіл дамыту
Мақсаты : Балалардың тақырып бойынша сөздік қорын кеңейту . Жемістерді бір – бірінен ажырата білуге , түрін , түсін , пішінін , үйрету . Бірін – бірін сыйлауға , ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу .
Көрнекі құралдар : себет , жеміс – жидектердің муляжі , банкілердің суреті , жемістердің дайын үлгілері , сиқырлы дорба , түрлі – түсті картондар , желім .
Т : Балалар , сендер қалай ойлайсыңдар , себетке не салуға болады ?
Б : Себетке жеміс жидектер мен көкеністер салуға болады .
Т : Балалар қараңдаршы мұнда хат бар екен .Хатта жұмбақтар жасырылған . Тыңдаңыздар мен оқып берейін , балалар сендер жұмбақтың шешуін тауып көріңдерші .
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарады күзге жеткенде . ( алма )
Бір бұтақта он шақты
Көрдім жасыл моншақты. ( жүзім )
Мен лампаға ұқсаймын
Ол емеспін бірақ та
Дәмім балдай тәтті
Шырыным таңдай қақты . ( алмұрт )
Себеттегі жемістерді падносқа шығарамын .
Т : Жарайсыңдар , балалар , барлық жұмбақтың жауабын таптыңдар .
Мынау не , балалар ? Бір сөзбен қалай айтуымызға болады ?
Б: жемістер деп айтамыз .
Т : Балалар , ал жемістер қайда өседі ?
Б : жемістер ағашта өседі .
Т : Жемістер өсетін ағашты жеміс ағашы дейміз ( « жеміс ағашы » барлығы бірге қайталайды )
Дидактикалық ойын : « Сиқырлы дорба »
Т : Қараңдаршы , балалар , қандай әдемі « сиқырлы дорба » . Бұл дорбада әр түрлі жемістер бар . Ал сендер бұл дорбада қандай жемістер бар екенін білгілерің келе ме ? Аяжан , маған кел . Қолыңды қалтаға сал , жемісті ал , бірақ шығарма . Бірінші , назар аудар , оның қандай жеміс екенін тауып көр . ( домалақ , сопақша , үлкен , кішкентай , ащы , тәтті )
Сергіту сәті
Кел , балақан , балақан
Шапалақта алақан .
Саусақтарың айбат
Былай былай ойнат .
Қане ,балалар , отырамыз . Бәріміз көзімізді жұмамыз..... енді ашамыз . Қараңдаршы , балалар , бізге қонаққа « ара » келді . Ол бізге тосап дайындап әкеліпті . Балалар алмадан жасалған тосапты « алма тосабы » деп атаймыз . Алмұрттан жасаллған тосапты « алмұрт тосабы » дейміз .Алма мен алмұрт жемістерін араластырып қайнатсақ , оны « аралас тосап » деп атаймыз .Бәріміз бірге қайталайық : « алма тосабы » , « алмұрт тосабы » , « аралас тосап » .
« Жемістер тосабы »
( балалардың әр қайсысына картон жемістер таратылыады ) . Балалар , қане , араға бізде тосап қайнатып беруге көмектесейікші .Қараңдаршы , мұнда көріп тұрғандарыңыздай банка желімденіп жапсырылып тұр , ал сендер қызыл , сары алма , жасыл алмұртты желім арқылы желімдеп жапсыруларың керек . Алдымен , мен сендерге жемістерді қалай желімдеу керектігін көрсетемін . Ең алдымен қызыл алманы аламыз , желімді мұқият жағамыз , желімденген жемісті банкамызға орналастырып жапсырамыз , мұқият , ұқыпты , таза желімдейміз . Ал , қане , өздерің желімдеп көріңдерші .
Жақсы , балалар , барлық жемісті желімдедік . Қараңдаршы , қандай дәмді тосап дайындағанбыз .Ара бізге риза болып қалды . Жарайсыңдар , балалар , арамен қоштасатын уақытта болыпты .Балалар , білесіңдер ме , ара сендерге өз шырынын сыйлыққа тастап кетіпті . Сабақтың соңында шырынды мен сендерге беремін . Келісті пе , балалар .
Рефлексифті коррекциялаушы Жақсы , балалар , бүгін біз нені әңгімеледік ? Жемістерді атайықшы ( түрін ,түсін , пішімін , дәмін ) . Жарайсыңдар , бүгінгі сабағымызға жақсы қатысқан балалардың есімдері аталып мадақталады .