kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ЖАС Т?Л?АНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ Т?РБИЕЛЕУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

?азіргі та?да еліміздегі о?у-т?рбие ж?мысына байланысты болып жат?ан жа?артулар білім мен т?рбие ж?мысын ?айта ??руды міндеттейді.  Осы?ан байланысты балаба?шаны?  алдына ?оятын е? басты   м?селені? бірі -  ?ркениетті прогресшіл ба?ытты?ы азаматты?-адамгершілік ?асиеттері мол, сондай-а? ?лтты? тілін жо?алтпа?ан ?зге тілдегі замандастарымен те? д?режеде б?секелесе алатын биік, ?релі білімді ?рпа? т?рбиелеу.

          Б?гінгі к?ні ?рбір ?рпа?ты? жеке т?л?а болып ?алыптасуында ізгілік, я?ни адамгершілік т?рбие шешуші факторы болуы за?дылы? деп ойлаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ЖАС Т?Л?АНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ Т?РБИЕЛЕУ»

ЖАС ТҰЛҒАНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ


Жотабаева Жулдуз Мусаевна


«№7 «Ақ бота» ясли-бақшасы» КМҚК Семей қаласы


Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта құруды міндеттейді. Осыған байланысты балабақшаның алдына қоятын ең басты мәселенің бірі - өркениетті прогресшіл бағыттығы азаматтық-адамгершілік қасиеттері мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған өзге тілдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі білімді ұрпақ тәрбиелеу.

Бүгінгі күні әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни адамгершілік тәрбие шешуші факторы болуы заңдылық деп ойлаймын.

Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпір, асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген сәби өсіп жатқан жас буын, сондықтан да ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқа сүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне дайын болу – бір ғана ата-ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің, балабақшаның биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.

Жас ұланның денінің сау болып, жігерлі, еңбекшіл, білімге құштар болып өсуіне балабақшаның ықпалы айрықша мол. Сондықтан “Не ексең, соны орасың”, – деп бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, жастайынан дұыс азамат болып тәрбиеленуіне күш салғанымыз жөн.

Баланың бойындағы адамгершілік қасиеттердің негізгі баспалдағы балабақша мен отбасы тәрбиесмі екені бәрімізге мәлім. Кейбір ата-ана баланы аса әлпештеп, үлде мен бүлдеге орап киіндіріп, оның жеке басына қажетті нәрселердің бәрін өздері қамтамасыз етіп, жанын салып еңбектенуге араша түсіп, ыстықтың табын, суықтың ызғарын сездірмей қамқорлық жасаумен ғана айналысады.

Мұндай балада өзімшілдік, жауапсыздық, бейімсіздік сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасады. Бұл қасиеттер баланың мінез-құлқы мен психологиясына әсер етіп, оның еңбекке енжар, өмірге икемсіз, тәкаппар, дөрекі болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан баланың дұрыс азамат болып тәрбиеленуіне балабақшадағы тәрбиеші мен отбасындағы ата-ана тәрбиесінің орны ерекше.

Ата-ананың аялы алақаны, туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып, мәңгі есінде қалады. Өйткені отбасындағы адамдармен қарым-қатынаста бала мәдениеттілікті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл-ой адамгершілік қасиеттерді игереді, алғашқы еңбек дағдылары қалыптасады. Оның бәрі балаға ата-ананың ықпалы арқылы жүзеге асады. Өмір ағысында отбасылық тәрбие ата-анадан балаға, баладан оның ұрпағына беріліп, тоқтаусыз жалғасын табады. Сондықтан отбасындағы ата-ананың өзара сыйласымды қарым-қатынасы, өзін-өзі ұстауы, бос уақытын дұрыс пайдалана білуі, жинақтылығы, талап-талғамы жауапкершілігі бәрі де бала үшін үлгі-өнеге.

Баланың жасы кіші кезіндегі тәрбиемен есейген уақытындағы ата-ананың қарым-қатынасының айырмашылығы туралы қазақ халқы “Сәби күнінде баланың ауыртпалығы білекке түседі, есейген соң жүрекке түседі” – деп ер жеткен баланың тәрбиесінің қиындай түсетініне назар аударады. Бала тәрбиесіндегі жас ерекшеліктерінің ескерілуіне байланысты халық даналығы “Баланы бес жасқа дейін патшадай құрметте, он бес жасқа дейін құлындай жұмса, он бес жастан кейін жан досыңдай сыйла” – дейді.

Баланың адамгершілік сезімталдығын шығармашылық қиял-қабілеттерін адамгершілік сапасы мен көзқарасын, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне қоғам табиғат өміріндегі әсемдікті аңғартып, бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның ұлттық салт-дәстүрдің айрықша орын алатыны белгілі.

Ойын – баланы рухани адамгершілікке тәрбиелеудің негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші – ұстаз оқыту мен тәрбие берудің адамгершілікке баулудың мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыруы керек.

Оқу іс-әрекет барысында ойын элементтерін қолдану немесе сабақты толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса біліктілік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан олардан оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілікпен және сақтықпен қарау талап етіледі. Өйткені әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Бала ойынына ерекше мән беру қажет, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның өміріне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қабілеті, қиял-елестері дамиды. Мұның бәрі баланың жан-дүниесіне әсер етіп, оның рухани-адамгершілік сезімінің дамуына ықпалын тигізеді.

Ойын әрекетінің қызық болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруда пайдаланатын ойын жүйелерін былайша жүйелеуге болады:

  • Мазмұнды – бейнелі ойын / сюжетті-ролдік ойын / - аурухана немесе дәрігер, шаштараз, отбасы немесе қонақ күту т.б.

  • Дидактикалық ойындар: қуыршақты серуенге дайында, қуыршақты ұйқыға жатқызу, қуыршақты шомылдыру, енесін табуға көмектес, төлдерін ата т.б.

  • Драмалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындату.

Мектепке дейінгі балалардың “жеке тұлға” ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамының жетілуі, тәрбиелеу білім мен беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы бірізді жүргізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепке дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру үшін ойын үлгілерін іріктеп бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұстаздық шеберлігіне шығармашылық қабілетіне байланысты.

Баланың қоршаған ортадағы жақсылықты көру, қабылдау нышаны бөбектік шақтан-ақ байқалады. Оны дамытып кемелдендіру, шығармашылыққа баулу, бақылап сезген, көрген адами болмысты терең түсіну, өміршең ету отбасы және балабақшадағы тәрбие үрдісінде іске асырылады.

Ойын – баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп, денсаулығын нығайтып қана қоймай оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігіне әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікке үйренеді, жақсы қарым-қатынас жасайды, сол қарым-қатынас арқылы рухани адамгершілік сана-сезімдері қалыптасып дамиды.

Сондай-ақ адамдар іс-әрекетінің жақсы жақтарын аңғарады, жағымды ойлауды үйренеді, жанындағы адамдарды ұнатып, жақсы көре біледі, оларды қуантуға асығады, бір-біріне көмектесе біледі, жанашырлық сезімі оянады, қамқорлық жасай біледі, кешірімді болуға, өзгені ренжітпеуге тырысады.

Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Баланың ойыны ересек адамның еңбегіне еліктеуден өрістеп, бара-бара шын мәніндегі еңбекке айналады. Бала ойындары өмірлік қажеттіліктен туады да, психологиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделеді.

Халық ауыз әдебиеті адамгершілік тәрбие беруде баланың ой-өрісін дамытады. Оларда қазақ тілінің байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктері тайға таңба басқандай байқалады.

Соның бір саласы – мақал-мәтелдер. Олар халықтың көрген-білгенін, көңілге түйген, бастан кешкен оқиғаларын түйген. Орыс педагогы К.Д.Ушинский: “Мақал-мәтелдер балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы, нағыз халық педагогикасы” – деп жазды.

Халық ауыз әдебиетінің тағы бір саласы – ертегілер. Ертегілерді тыңдау арқылы бала рухани адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шыншылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиеленеді.

Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Бала жанын қоректендіретін рухани қор – айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақұлықтың бәрімен табыстыратын, терең де таңғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, адамгершілікті, имандылықты егетін де – осы ертегі.

Ертегілердің ішіндегі көне түрінің бірі – хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі, оның тыныс-тіршілігі, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдіктердің жаратылысы, олардың тіршілігі қызық, әрі жұмбақ. Сондықтан да жан-жануарлар жайлы ертегілердің көпшілігі танымдық ертегілер болып келеді. Мысалы: “Ақ тиін мен қасқыр”, “Түлкі мен бөдене”, “Қарға мен кірпі” ертегілері.

Рухани-адамгершілік туралы айтқанда біз тәрбие салаларын толық қамтимыз. Себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның өмірге, еңбекке деген көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыруда оқытуды, тәрбиелеуді өмірмен байланыстыруда рухани-адамгершілік яғни адалдық, кішіпейілділік, ниеттілік, жомарттылық, жауапкершілік қасиеттерді дамытады.

Адамгершілік тәрбиесін жүйелі және бірізділікпен жүргізу керек, табиғатты жануарларды жақсы көретін балалар әр уақытта мейірімді болады.

Ізгілік пен мейірімділік бұл екі ұғым тығыз байланысты. Егер адамда бұл қасиеттер болса, ол әрқашанда сезімтал, кішіпейіл, әділ болады.

Тәрбие беру тұлғасынан келетін болсақ, баланы әңгіме, ертегі, өлеңдерде болатын адамгершілік проблемасын қызықтыра білу өте маңызды.

Осыған орай тәрбиеші мәнерлеп оқи білуінің ролі зор, баланың шығарманы түсініп сезінуі көбіне осыған байланысты.

Балалардың мінез-құлқы, бойындағы шынайы қасиеттері туралы жаңылтпаш, жұмбақтар да баланы инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.

Сонымен, қорыта келе осындай жауапты міндеттердің баянды болуы үшін егеменді еліміздің ертеңгі қажетін өтерлік – жерін, елін сүйетін, рухани адамгершілік қасиеті мол, денсаулығы мықты, білімді азамат өсіру баршамыздың міндетіміз!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
ЖАС Т?Л?АНЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ Т?РБИЕЛЕУ

Автор: Жотабаева Жулдуз Мусаевна

Дата: 18.04.2016

Номер свидетельства: 319812


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства