Воскобовичті? даму ойындары, Дьенешті? блоктары, Кюзенерді? тая?шалары ар?ылы баланы? интеллектуалды?, аналитикалы? ?абілеттерін дамыту
Воскобовичті? даму ойындары, Дьенешті? блоктары, Кюзенерді? тая?шалары ар?ылы баланы? интеллектуалды?, аналитикалы? ?абілеттерін дамыту
«Ойын баланы? алдынан ?мір есігін ашып, оны? шы?армашылы? ?абілетін дамытады, ойынсыз а?ыл-ойды? ?алыптасуы м?мкін де емес»
В. А. Сухомлинский
Балалы? ша? - адам ?міріндегі ?зіндік ??ндылы?ы бар кезе?. Мектепке дейінгі жаста алда?ы уа?ытта бала?а кез-келген негізгі білімді ?абылдау ?шін фундамент ?алыптаса бастайды. Баланы? интелектуалды?, аналитикалы? ?абілеттері ойын ?рекеті кезінде жа?сы ?алыптасады.
Ойын – балалар т?рбиесіндегі е? тиімді амалдарды? бірі. Балаба?шада т?рбие беру ба?дарламасында баланы? денесі мен психикалы? жетілуі, жеке басыны? дамуы ?шін ойынны? ?лкен ма?ызы бар екендігін атап к?рсетті.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Воскобовичті? даму ойындары, Дьенешті? блоктары, Кюзенерді? тая?шалары ар?ылы баланы? интеллектуалды?, аналитикалы? ?абілеттерін дамыту»
Воскобовичтің даму ойындары, Дьенештің блоктары, Кюзенердің таяқшалары арқылы баланың интеллектуалдық, аналитикалық қабілеттерін дамыту
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып,
оның шығармашылық қабілетін
дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың
қалыптасуы мүмкін де емес»
В. А. Сухомлинский
Балалық шақ - адам өміріндегі өзіндік құндылығы бар кезең. Мектепке дейінгі жаста алдағы уақытта балаға кез-келген негізгі білімді қабылдау үшін фундамент қалыптаса бастайды. Баланың интелектуалдық, аналитикалық қабілеттері ойын әрекеті кезінде жақсы қалыптасады.
Ойын – балалар тәрбиесіндегі ең тиімді амалдардың бірі. Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында баланың денесі мен психикалық жетілуі, жеке басының дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар екендігін атап көрсетті.
Ойын ол – балалардың мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленсе, екінші жағынан ол болашаққа бағытталған. Өйткені, ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.
Ойын - балалар үшін айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.
69
Менің педагог ретінде алдыма қойған міндетім- әр балаға мектепке дейінгі балалық шақта көңілді, маңызды, мағыналы өмір сүру мүмкіндігін беру.
Барлық әлем елдерінде венгер психологы және математигі Дьенеш, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін ойлап тапқан «Логикалық блоктар» дидактикалық материалдары кеңінен қолданылады екен. Қазіргі кезде бұл материалдар біздің еліміздің педагогтары арасында үлкен ықыласпен, қызығушылыққа ие болуда. Біздің балабақша тәрбиешілері де Дьенештің «Логикалық блогтарын» кеңінен қолданады. Дьенеш әдістемесі мектеп жасына дейінгі балаларға ойын формасында әртүрлі математикалық ұғымдарды меңгеруге , сонымен қатар балаларға маңызды психологиялық үрдістерін дамытуға көмектеседі.
Даму ойындары негізінің бірнеше қағидалары бар:
-баланың іс-әрекетіне ойын элементтерін енгізіп, біртіндеп ойыннан оқу-танымдық іс-әрекет міндетіне көшу;
-біртіндеп оқыту міндеттерін және ойын шартын күрделендіру;
-берілген тапсырмаларды шешу арқылы баланың аналитикалық қабілетін көтеру;
-оқыту мен тәрбиелеу әрекетінің бірлігі.
Осы қағидаларды қолдану нәтижесінде оқу іс-әрекетінде баланың өзін-өзі бағалауына және өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызамын. Бақылау жүргізу барысында мен жаңа ойынға бүкіл ойымен енген бала кездескен қиындықты аңғармай, өзі бір нәрсені үйреніп жатқанын сезбейтінін аңғардым. Егер бала оқу іс-әрекетінде үлкендердің тапсырмасын орындаса, ал ойын кезінде ол өзінің міндеттерін шешеді.
Жұмысты Дьенеш блогы әдістемесі бойынша бастадық. Бұл әдістеме- пішіндердің қасиетін біліп алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы және қызықты тәсіл. Дьенеш блогы тек геометриялық пішіндердің қасиеттерін айыра білуге ғана емес, сонымен қатар балалардың ойлау қабілетін дамыту үшін кеңінен қолданылатын дидактикалық материалдар болып табылады. Балалар бірлескен іс-әрекет кезінде өз еріктерімен әртүрлі заттардың бейнесін құрастырып ойнайды. Алдағы уақытта Дьенештің логикалық блогы бойынша материалдарды одан да жақсы меңгеру үшін, күрделірек әртүрлі тапсырмалар орындауды жоспарлып отырмыз.
Балалардың интеллектуалдық , шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Кюзенердің түрлі-түсті санау таяқшаларын біз күзден бастап қолдандық. Балалар жаңа ойынға қызығушылықпен қарады. Алғашында таяқшалармен таныстық. Таяқшаларды салыстырып көрді. Таяқшаларды салыстыру арқылы ең кішкентай, кішкентай, үлкен, ең үлкен деген ұғымдарды меңгеріп, топтап үйренді. Содан кейін балаларға «На золотом крыльце...» әдістемесін көрсеттік. Ол әдістеме өте көрнекілі, бояуы қанық, балаларды бірден қызықтырды. Әдістемеде карточкалар жеңілден күрделіге қарай құрылған, яғни таяқшаларды мөлшері мен түсіне қарай таңдауда тапсырмалар күрделене түседі. Балалар суреттерге қарап әртүрлі заттарды түрлі-түсті таяқшалардан құрастырды. Бұл ойын балалардың ұсақ қол моторикасын дамытады және қағаз бетінде бағдарлауға үйретеді.
Математикадан сандар туралы түсініктерін пысықтау мақсатында таяқшалар мен сандар арасындағы сәйкестікті меңгеру үшін тапсырмалар орындадық. Алдағы уақытта бұл әдістемедегі күрделірек тапсырмаларды орындау мақсатымызда бар. «Кюзенердің санауға арналған таяқшалары» баланың қолы арқылы санның ретін, санның құрамын, «аз-көп», «оңға-cолға», «арасында», «ұзынырақ», «жоғары» түсініктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін көп функциялы математикалық құрал болып табылады. Жиынтық балалардың шығармашылығын, елесі мен қиялын, танымдық белсенділігін, ұсақ моторикасын, көрнекілік ойлауын, зейінін, кеңістікте бағдарлауын, комбинаторлық және конструктивтік қабілетін дамытуға көмектеседі.
Тобымызда сонымен қатар В.В. Воскобовичтің де даму ойындарын қолданамыз. Солардың бірі «Түсті шаршы». Ең алғаш бұл ойынды топқа әкеліп, балаларға көрсеттім, таныстырдым. Балаларға сипап, анықтап қарауға бердім. Шаршыны бүктеуге болатынын, бүктеу арқылы бір зат шығаруға болатынын айттым. Өз еркімен ойнау барысында балалар
70
үлкен шаршыдан кішкентай шаршы, кішкентай үшбұрыш, тіктөртбұрыш жасап көрсетті. Біртіндеп жеңіл тәсілмен әртүрлі заттар жасауды үйренді. Мысалы: «Кәмпит», «Тышқан», «Қайық», «Үй», «Хат» т.б. Арнай әдістемелік кітапшасына қарап, одан да күрделірек заттарды жасауға талпынуда.
Бірлескен іс- әрекет кездерінде топта Б.П. Никитиннің «Ғажайып текшелер» ойынын пайдаланамыз. Ойын бірнеше түрлі-түсті текшелерден тұрады. Бұл түстер төрт түстен тұратын өрнек құрастыруға мүмкіндік береді. Өрнектер арқылы әртүрлі заттардың бейнесін беруге болады. Бұл текшелер арқылы үш түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік бар. Біріншіден альбомдағы берілген өрнек- тапсырма көмегімен дәл сондай өрнек құрастыру. Екіншіден, керісінше, текшелерге қарап өрнектің бейнесін жасау. Үшіншіден ойдан жаңа өрнек құрастыру, яғни бұл шығармашылық тапсырма болып табылады. Бұл ойында балалардың талдау, жинақтау қабілеттері жақсы дамиды. Сонымен қатар балалардың ұсақ моторикасы, қиялы, зейіні, кеңістікті бағдарлау қабілеті, логикалық ойлау қабілеті, құрастырушылық қабілеті дамиды.
Бұл текшелермен таныстыру мақсатында мен балаларға әр жақтарының түстерін айтқаздым. Оның алты жағы негізгі төрт түстерге (сары, қызыл, көк, ақ) боялғанын білді. Алғашында түрлі жолдар құрастыруды ұсындым.
Содан кейін балаларға «Сложи узоры» альбомын көрсетіп, жеңіл суреттер құрастырудан бастадық. Бұл ойынды балалар үлкен қызығушылықпен ойнайды.
Математикадан осындай даму ойындарын қолдану, балалардың осы білім саласына деген қызығушылығын арттырады.Даму ойындарына деген қызығушылық жаңа элементтерді енгізумен жалғаса береді, сонымен қатар балаларды шығармашылыққа баулиды. Шығармашылық тапсырмаларды көбінесе жоғары деңгейдегі балалар орындауға тырысады. Олар жаңадан өзгеше тапсырмаларды орындауды ұнатады.
Осы ойындар негізінде оқытудың екі қағидасы енгізілген . Олар жеңілден күрделіге қарай және икемділігіне қарай. Бұл қағидалар ойында ой-өрісті кеңейту мен аналитикалық қабілетті дамытуға байланысты бірнеше проблемаларды шешуге көмектеседі.
- даму ойындары - ерте жастағы балалардың ақыл-ойын дамытатын қорек;
- ондағы тапсырмалар қабілетті дамытуға жағдай туғызады;
- бала өзбетінше одан әрі дами түседі;
- даму ойындарын басқа ойындар сияқты еріксіз, зорлап ойнату қажет емес.
Мен, қазіргі заман талабына сай педагог ретінде, өзімнің алдыма мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеті дамыған, белсенді, жан-жақты, жоғары деңгейлі тұлға етіп тәрбиелеу міндетін қойдым. Алдағы уақытта жоғарыда айтылған даму ойындарымен тереңірек танысып, балалармен бірге күрделі тапсырмаларды орындауды жалғастырамын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Воскобович В.В Харько Т.Т. Игровая технология интеллектуально-творческого развития детей дошкольного возраста 3-7 лет. «Сказочные лабиринты игры» Книга «Методика»-36 с.
2.Ерофеева Т.И. Дошкольникам изучение математики:ме