ТРИЗ технологиясыны? мектепке дейінгі т?рбиелеумен о?ытуда?ы тиімділігі.
ТРИЗ технологиясыны? мектепке дейінгі т?рбиелеумен о?ытуда?ы тиімділігі.
«ТРИЗ» технологиясы баланы ?ана емес, т?рбиешіні де шы?армашылы? педагогика?а о?ытады. ТРИЗ ?олдаушылары алдында т?р?ан басты м?селе – дайын формуланы балалармен саба? ?ткізуде схемалы? т?рде ?олдану ниетінен са?тандыру. Балалар тумысынан ?лкендерді? а?параттарын талдай отырып, ?здеріні? ?андай да бір ж?йесін ??ру?а, ?зіні? п?ктігі мен а??алды?ын к?рсете отырып, ж?ріп жат?ан ?дерістерді? за?дылы?тарын ??ыну?а талпынады. ТРИЗ о?и?алар мен ??былыстарды? за?дылы?тарын т?сіну ?дерісімен м?мкіндігіне ?арай танысуды ?сынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи та?ырыпта ??гімелесуді ?сынады: ?арындашты ойлап табу тарихы; ?стелді ойлап табу тарихы; д??гелек, шам, радио, робот ж?не т.б. тарихы. Объектіні даму т?р?ысынан ?арау ?немі жетілдіруді?, ойлап табуды? себептерін т?сінуге м?мкіндік береді. Балалар ойлап табу – б?л ?айшылы?тарды шешу дегенді т?сіне бастайды.
«ТРИЗ» ба?дарламасы т?рбиешілер мен балалар?а адам ?зіні? жасына т?уелсіз ме?геретін шы?армашылы?ты? ?дістері мен ??ралдарын береді. Осы біры??ай ??ралды ?олдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, т?сінісуі же?іл болады. ТРИЗ – бір рет ??рылып, ?згермейтін шы?армашылы? педагогикалы? ж?мыстар ж?йесі емес, б?л ?немі дамитын технология.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«ТРИЗ технологиясыны? мектепке дейінгі т?рбиелеумен о?ытуда?ы тиімділігі.»
ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі.
«Талдықорған қаласы білім бөлімі » мемлекеттік мекемесінің
№7 ясли бақшасының әдіскері
Манджекова гүлзат Масхұдқызы
ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі.
ТРИЗ әдістемесінің негізін қалаушы - Генрих Саулович Альтшуллер
1926 жылы 15 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келген. Кейінірек бес жасында Баку қаласына көшіп барып сол қалада өмірінің аяғына дейін тұрған.
ТРИЗ- бұл обьективті заңдылықтардың даму жүйесін зерделейтін және проблемалық шешу әдістемесін әзірлейтін ғылым. Техникалық шығармашылық әдістемесі өндірістегі интеллектуалдық өнімділікті жоғарлату үшін қажеттіліктен туындаған әдіс. Ол екі концепцияға сүйенеді.Бірінші жағдайда ерекше ойлайтын дарынды адамдарда шабыты келген кезде ойлап табатын ерекше туынды. Бұл көбейтуге зерделеуге келмейді.Екінші жағдайда жасанды жүйенің өзгеруі адаманың субьективті еркіне сүйене отырып жүргізілмейді,обьективті заңдылықтаға сүйенеді Бұл технологияның негізгі ойы,техникалық жүйелер қалай болса солай емес белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді.Ол заңдылықтарды танып білуге болады.ТРИЗ жаңа ойларды нақты бір ғылымға айналдырады.Себебі ол логикалық шешімдерге сүйенеді. Қазіргі заман талабына сай тәрбиелеумен білім берудің негізгі мақсаты баланың шығармашыл жеке бас болып дәстүрден тыс әр саладағы мәселелерді шешуге бейім әрекет ете алатын баланы тәрбиелеу болып табылады. Сол себепті оқытумен тәрбиелеуде дәстүрлі түсіндіру көрсету әдісін қазіргі даму заңдылықтарын ескере отырып жеке бастың дамуына бейімделген белсенді әрекет етуші технологияға ауыстыру уақыт талабы. Педагогикалық технология ұығымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б.Блум, Ф.Фрадкин, П.Я.Гальперин, М.Кларин, Л.В.Занков т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
«Технология» термині алғаш рет 1940-1950 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды.
«Технология» - techne- өнер, шеберлік және logos-ғылым, заң бір сөзбен айтқанда, технология дегеніміз- шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.\1\
Оқу тәрбие жұмысында тиімді технологияларды қолдану тек мектепті ғана қамтып қойған жоқ,балабақшаныда қамтыды. Қазіргі мектепке дейінгі мекемелер жаңа технологияларға белсенді бейімделіп араласып келеді. Мектепке дейінгі жас - ерекше жас. Бұл кезде әр баланың шығармашылық қабілетін өз еркінен тыс ашуға мүмкіншілік бар. Мектепке дейінгі тәрбиеге бейімделген ТРИЗ технологиясы «Барлық жағынан да шығармашылдық» ұранымен жұмыс істейді.ТРИЗ бұл тәрбиешіге нақты әдістемелік ұсыныстары бар сабақ құрылымдары мен ұжымдық ойын бағдарламасы. Триз бағдарламасын нақты іске асыру үшін балаға ойын,тақырып таңдауда еркіндік беру керек. Сол кезде ғана ол заттардың құрылысымен танысып қарама-қайшылықтарын түсінеді, түйіткілдерін шешуге үйренеді. Мектепке дейінгі баланың қарама- қайшылықтарды шешіп үйренуі –шығармашылық ойлаудың кілті болып табылады. Балалармен жұмыстың негізгі әрекеті педагогикалық ізденіс. Педагог балаларға дайын білімді бермейді.Сол білімге жету тәсілдерін көрсетіп, өз еңбектерімен жетуге тәрбиелейді. ТРИЗ әдістемесі бойынша төрт деңгейден өту арқылы біз мақсатқа жетеміз:
1. Алдымызға мәселе аламыз, сол мақсаттың нақтылығын анықтаймыз.
2. Қарама-қайшылықтарды анықтау.
3. Қарама-қайшылықтарды шешу.
4. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін баланың алдына амалдарды ұсынамыз.\ 2 \
Мысалы: Сүзгішпен суды қалай тасуға болады.Сүзгіш болғандықтан ол су болмау керек. Ендеше су қандай жағдайда болғанда тасуға келеді. Су өз бетімен ағып кетеді. Не істейміз?
Жауабы біз суды қатырып сүзгішке салуымыз керек. Бұл деңгейде бала өз бетімен бір жаңалық ашып шығармашылық қиялы дамиды. Өздері шешім айтуға үйренеді.
Соңғы деңгейде бала әр түрлі әрекеттерді қолдана отырып өзінің білімін болжампаздығының мәселені шешу жолдарын білуінің арқасында кез келген жағдаяттан шығуды үйренеді. Бұл деңгейде тәрбиеші тек бақылаушы қызметін атқарады.Бала тек өз күшіне ғана сенеді.Сондай –ақ тексеру үшін эксперименттік жағдаяттар ұсынуға болады, бұл жағдайда бала өзінің тапқырлығын көрсету керек.
Бірқатар зерттеушілердің ойынша заманауй интеллектуалдық әрекеттің педагогикалық және психологиялық ойдың негізі белсенді ізденімпаздық әрекет әдістеріне негізделсе, мектепке дейінгі баланың интеллектуалды әрекеті табиғи үйреншікті болуы мүмкін. Бұл ата-анамен педагогтың күнделікті тәрбие беру барысында баланың танып білуге қызығушылығын ояту қажеттілігін туғызу, өз беттерімен мәселені шешу, нәтижеге жетуге тәрбеленуінің, бағыт беруінің арқасында туындайды. Мектепке дейінгі тәрбиелеуде ТРИЗ технологиясын алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыруда тиімді екені байқалды. Мысалы:«Ұқсастықтарын тап» ойыны арқылы қарама-қарсы тұрған заттардың ұқсастықтарын тауып айту керек.
«Не жетіспейді?» деген ойын арқылы баланың есте сақтау қабілеті шынығады.
Қазіргі кезде техникалық триз әдіс-тәсілдері балабақшада балалардың диалекті ойлауын шығармашылық қиялын, ой ұшқырлығын дамыту үшін кеңінен қолданылуда. Балабақшадағы триздің мақсаты –баланың ой қиялын дамыту, жүйелі ойлауға баулу, болып жатқан жағдайды тереңнен түсіну ғана емес, тәрбиешінің қолына нақты дамыту тәрбиелеу құралын беру. Тәжірибе жүзінде баланың білім сапасын көтеру, шығармашыл жеке бас болып дамуына,айнала қоршаған ортадағы бірлікпен қарама-қайшылықтарды түсінуіне өздерінің кішкентай проблемаларын шешіп білуге үйрену.
«ТРИЗ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де шығармашылық педагогикаға оқытады. ТРИЗ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – дайын формуланы балалармен сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар тумысынан үлкендердің ақпараттарын талдай отырып, өздерінің қандай да бір жүйесін құруға, өзінің пәктігі мен аңғалдығын көрсете отырып, жүріп жатқан үдерістердің заңдылықтарын ұғынуға талпынады. ТРИЗ оқиғалар мен құбылыстардың заңдылықтарын түсіну үдерісімен мүмкіндігіне қарай танысуды ұсынады. «ТРИЗ» технологиясы балалармен тарихи тақырыпта әңгімелесуді ұсынады: қарындашты ойлап табу тарихы; үстелді ойлап табу тарихы; дөңгелек, шам, радио, робот және т.б. тарихы. Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды. \ 3 \
«ТРИЗ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ТРИЗ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология.
Қолданылған әдебиеттер
Жолжақсынова К.Ш. Орақова А.Ш Білім беру технологиялары оқыту үрдісінде . Алматы , 2009 5 бет
Журнал Мектепке дейінгі білім №1 қаңтар 2006 ж 3бет
Республикалық педагогикалық журнал Бала мен балабақша Ребенок в детском саду. №3 ,2014 ж 11 бет