Просмотр содержимого документа
«"Т?й-Т?й" технологиясы саба? жоспары»
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» «Шығармашылық» «Таным» Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Көркем әдебиет» «Жапсыру» «Математика» Тақырыбы: «Жапырақтар» «Саңырауқұлақтар» «Пішіндер» Мақсаты: Тақырып бойынша жүйелі сөйлеуге, жоба бойынша жұмыс жасауға дағдыландыру; Әртүрлі білім беру салалары арасындағы байланысты көрсету; Зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы зерттеушілік іс –әрекетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. Технология: «Тәй-Тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыс. Қолданылған әдіс-тәсіл: Ойын, сөздік, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, көрнекілік, сызба, әңгімелеу,шағын топтармен жұмыс, түсіндіру. Көрнекіліктері:суреттер, хрес. дидактикалық матер. мақал-мәтелдер. Жұмыс істейтін орталықтар: 1.Әдебиет. (Көркем әдебиет) 2.Өнер. (Жапсыру ) 3.Математика. (математика) Сабақтың жоспары: . Таңертеңгілік жиын -15-20 мин . Орталықтардағы жұмыстар-20-25 мин . Қорытынды – 10 мин Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру Шаттық шеңбері: Алтын, сары, қызыл, көк.... Алуан – алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап, Ой, алақай, тамаша, Шашу шашты жапырақ! - Балалар көңіл-күйлерің қандай? Мен сендерге сәттілік тілеймін! Алға қойған мақсаттарыңа жетуге тілектеспін! 2.Сабақта бәріне ортақ ережені еске түсіру. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілі бізге қандай сый береді? -Біз қандай пішіндерді білеміз? -Пішіндерден не жасауға болады? .Слайд көрсету күзге байланысты. -Күз туралы не білесіңдер? ( тақпақ, мақал,жаңылтпаш) Дидактикалық ойын «Ненің жапырағы?» .Суретпен жұмыс -Мынау не? -Саңырауқұлақтар қайда болады? -Жапырақтар ше? Ол ағаштарда өседі . Топтастыру. Бұл құбылысты күзгі табиғат көрінісі дейді. Салыстыру. Ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу. Балалар біз бүгін 3(үш) орталықпен жұмыс жасаймыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар! 1.Әдебиет орталығы: Онда біз жапырақтардың түрлерін зерттеп, танып білеміз. Жапырақтар жылдың қай мезгілінде сарғайып, жерге түседі? Алма пісіп, алмұрт түсіп, Күзде бақтар жайнайды. Құстар қайтып, қош айтысып, Қимас үнмен сайрайды. –Өлеңде не туралы айтылған? -Құстар қай жаққа ұшып кетеді? 2.Өнер орталығы: Саңырауқұлақтар орманда өседі. Олардың екі түрі болады. Саңырауқұлақ теруге барғанда ең басты ереже олардың қайсысын тамаққа пайдалануға болатындығын бірінші кезекте айыра білу қажет. Олардың арасында улы саңырауқұлақ та болады. Улы саңырауқұлақтардан адамдар уланып қалуы мүмкін. Саңырауқұлақ жапсыруды үйренеміз. Дайын саңырауқұлақтардың кеспелерінің артқы жағына желім жағып, алдарындағы жасыл түсті қағазға жапсырамыз. - Саңырауқұлақтар қайда өседі? -Саңырауқұлақтың түсі қандай? 3.Математика орталығы: Балалардың геометриялық пішіндер жайлы түсініктерін тереңдету, оларды дұрыс айтуға, тануға, салыстыра білуге машықтандыру. Ал, енді геометриялық пішіндерді атап шығайық. –Бұл қандай пішін? -Ұшбұрыш . –Ұшбұрыш екенін қайдан білдіңдер? -Ұш бұрышы бар. –Түсі қандай? -Сары Сергіту сәті; 7-10 минут уақыт беріледі ортаға белгі бойынша жиналады. Жаңбыр, жаңбыр, жауарсың, Жанымызға дауасың, Біз ойнайтын ауланың Тазартасың ауасын. Фишка алып орталалықтарға ауысады. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар! Қорытынды: Жұмыстарын талдайды. Балаларды мақтап, егер мектепте болсаңдар 5 деген баға алар едіңдер. Сондықтан 5 саусақ әдісімен сабақты қорытайық. Бас бармақ-өз денсаулығым үшін не істедім? Балан үйрек көңіл-күйім қандай? Ортан терек- сабақта не үйрендім? Шылдыр шүмек нені білдім? Кішкентай бөбек –не ұнады? Балалардың жауабын тыңдаймыз, оларды мақтап , мадақтаймыз. -Рахмет сендерге балалар!