Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: «?ауіпсіз деп ойлама, отпен о?ыс ойнама.»»
«Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.»
1 сыныпқа арналған ойын –сауық сынып сағатының жоспары
Тақырыбы: «Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.»
Мақсаты: Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру. Спорттық эстафета, көрініс және сұрақ-жауап арқылы қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Барысы: Балаларды шаттық шеңберге шақыру.
1. – Балалар, жан-жақтарыңа қараңдаршы, қандай әдемі! Терезеге қараңдаршы, күн алтын сәулелерін шашып тұр. Ендеше қане шеңбер жасап тұра қалып қоршаған ортамен амандасып жіберейік.
–Армысыз, қайырлы күн!
-Армысыз, қайырымды Аспан ата!
- Армысыз, мейірімді жер-ана!
-Армычыз, шұғылалы Алтын-күн!
-Қуанайық, шаттанайық бәріміз!
-Күліп шықты күн бүгін!
-Бәріміз күндей жарқырайық!
-Бәтіміз тату болайық!
-Бәріміз дос болайық!
Балаларды орындарына отырғызу.
2. Ғажайып сәт. Шырпы, майшам, газ.
Мұғалім: Осы суреттерді көре отырып, сіздерге қандай ой келді?
- Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т.б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі, өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады.
3. Слайд көрсету. Өрт сөндірушілер туралы фото материал көрсету, әңгімелеу.
4. Топқа бөліп ойын ойнату:
1) «Қай топ отты бірінші сөндіреді»
2)«Кім бірінші бітіреді» ойын
3)Жұмбақ шешу:
1. Қандай аң ен қаіпті, көгілдір-қызыл түсті?
2.Қара сиырым жалап тұр,
Қызыл сиырым қарап тұр.
3.Төбеде, пеште, қорапта, тұтағышта
4)Видеоролик көрсету
5) Өрт қауіпсіздігі бойынша тест
Өрт шығып жатқанын көрсен қандай іс-әрекет жасайсын?
«101» нөміріне қоңырау соғамын -1
Көмекке шақырамын- 2
Ешкімге айтпай, қашып кетемін- 1
Егер бөлменін іші ащы түтін болса ?
Есікті жаппай, терезені ашамын -0
Шығып кетемін -0
Аузымды және мұрнымды суланған орамалмен жауып, еденге жабыса есікке қарай жылжып шығамын- 3
Электр сымы өртенсе ше?
Су құямын -0
Үлкендерді көмекке шақырамын- 3
Үстіңдегі киім өртенсе ше?
Жүгірем, үстімдегі киімді шешуге тырысамын – 0
Тоқтаймын, жерге домалаймын өртті сөндіру үшін -3
Көрпеге оранамын -2
Егер, тамақ әзірлеген уақытта тападағы май жанса?
Суланған орамалды жабамын -3
Су құямын -0
Тапаны далаға шығаруға тырысамын -0
Егер, өрт басталған кезде сен 5-ші қабатта болсан не істейсің ,телефон жоқ?
Су шүберектермен есіктің тесіктерін бекітіп, терезеден көмекке шақырамын -3
Шүберектерден арқан жасап терезеден төмен түсемін -1
Көмекке шақырамын -1
Өте қызық бағдарлама көріп отырғанда, теледидардың артынан түтін шықса, не істеуін керек?