kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы:"Армысыз,?з Наурыз "

Нажмите, чтобы узнать подробности

ссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссссс ииииииииииииииисссссссссссссссссссссииииииииииииииииииииииииииииииииииииииии тттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт тттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт ааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа  ььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь ккккккккккккккккккккккккккккккккккккк ьььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььььь уууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууууу ттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттттт

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы:"Армысыз,?з Наурыз "»

Сабақтың түрі:  Ертеңгілік

Сыныбы: Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы:"Армысыз,әз Наурыз "

Мақсаты:  Наурыз мейрамы туралы  түсініктерін тереңдету.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер,  шарлар,

Тәрбиеші:

Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың Ұлы күні келді, ағайын! Той кұтты болсын! Ақ мол болсын!

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар бүгінгі Наурыз мейрамына арналған  «Армысыз, әз Наурыз!» атты ертеңгілігімізді  бастауға рұқсат етіңіздер!

Балалар:    Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Наурыз құтты болсын!

Төрт түлік ақты болсын!

Тәрбиеші:  Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

(бір ата-ана шашу шашады)

Тәрбиеші:  Күлімде, Наурыз, күлімде!

Күн менен түн теңеледі бұл күнде.

Күн мен Түнді шақырайық ортаға

Қуанышын сыйласын бүкіл елге!

Көрініс «Күн мен түн»

(Күн мен Түн ортаға шығады)

Күн:           Сәулесі көп күнмін.

Түн:            Жұлдызы көп түнмін

Екеуі:         Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін.

Түн:            Ал, ертең күн ұзақ.

Күн:           Түн қысқарар бірақ.

Екеуі:         Ұйқы қанбай қалып

Жүрмендер тек жылап.

Күн менен түн теңеледі,

Жер шуаққа кенеледі.

Соны тойлар ел енді



Тәрбиеші:  Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.



Би «Қамажай»



Тәрбиеші:  Тақпақ айтып, жыл басы,

Құлағынды сал, тыңдашы.

Бар бөбекке өзіңдей

Бейбіт өмір сыйлашы.

Салауат

Бата беріп атамыз,

Бата беріп апамыз,

Тәтті болып жасалған,

Наурыз дәмін татамыз.

Ақбота

Күн мен түн теңеледі,

Жер шуаққа бөленеді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы -  салтымыз.

Нұрасыл

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың?

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала,қарлы шың.

Аружан

Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Жарасу бар, жаулық жоқ,

Қандай жақсы Наурыз!

Малика

Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау-бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

Мариям

Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын

Іңкар.С

Қарды  ерітіп жылғасы,

Наурыз келді – жыл басы.

Шуақ төкті жарық күні,

Мейрамында халықтың.



Айдана

Келіп көктем құстар

Бау-бақшада ән салды

Оларды жас достары,

Ұя салып қарсы алды.

Нұржан

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде,

Біз қуанып қаламыз

Әнмен қарсы аламыз!

Балауса

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.



Хор «Дастархан» әні



Арсен

Тас төбеден күн күлді,

Қошеметпен оралды

Қараторғай былтырғы

Ұясына оралды

Кәусар

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

Айкөркем
Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Ерқанат
Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.

Батыр
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.


Назым
Су сылдырлап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау-бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
Ақтоты
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық
Іңкар.А
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.
Айзат
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.

Тәрбиеші:

Жарқыраған жас нұрлы,

Жаса Наурыз дәстүрлі!

Осындай байтақ елімде,

Айтылады әніміз.



Тәрбиеші:  Көктем кезіңде Наурыз мейрамы қарсанында мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Ендеше біздің бүлдіршіндеріміз ән айтуға әзір.



«Қошақан» әнін ұсынамыз



Тәрбиеші:

Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар,

Ішілетін, жейтіннін,

Бұл көжеде бәрі бар.

- Армысыз, Әже! Ақ мол болсын! Әже,  мына Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып әзірлейсіз? Соны балаларға айтып берсеңіз.



Тәрбиеші: Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып, алдын ала дайындалған. Үлкенді-кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан.



Жолың болсын деселік,

Жолыңа нұр төселік.

Жарылқасын алдыңнан,

Тұсауынды кеселік.

— Қаз басып жүрген баланың тұсау кесу ырымына көңіл аударайық. Бала  он  екі  ай шамасында қаз тұрып, бір-екі  аттап  үстел  жағалап  жүреді. Осы кезде  балаға  арналған  қазақ  халқында  «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Осы тұсау кесер тойынын кішкене көріністі тамашалаңыздар.



Би « Қара Жорға»



Тәрбиеші

Ұлыс күні қазан толса,

Сол жолы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алса

Сонда олжалы жол болар-демекші

Қызыр атамыздан бата сұрйық.



Қызыр ата бата береді:

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін!

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерін көк болсын!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Қуаныштарын көп болсын!

Әумин!  (бетін сипап бата береді)



Тәрбиеші:

Жүректен кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй. – деп Абай атамыз айтқандай ән өнерін сіздерге арнаймыз.   Мектепалды даярлық тобының орындауында «Көңілді күн»  әнін



Осымен «Армысыз, әз Наурыз» ертеңгілігіміз аяқталды.
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Та?ырыбы:"Армысыз,?з Наурыз "

Автор: Оспанова Алмагуль Сериковна

Дата: 31.05.2016

Номер свидетельства: 331705


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства