Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: Арайлы алтын к?з»
әрбиешілер: Бақыт Сагдатовна Аубакирова, Шарипжанова Мейрамгуль Мырзабековна, Баскөл ауылы, А. Иманов ат. ЖОББМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Арайлы алтын күз Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу. Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар. Жүргізуші: Күз адам баласына молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да, адамдар күзге берекелі күз, алтын күз деп баға береді. Алтын дейтін себебі, біріншіден, айналаның бәрі сап-сары түске боялады, екіншіден, алтын байлықтың белгісі. Құрметті, ардақты қонақтар, алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Ақылды, тәртіпті, ата-аналарына қолғанат, оқуда озат, жанұяда бақытты болуларыңа тілектеспін! Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі, Алтын күзім тойланатын күн осы. Табиғатым сары көйлек киінді. Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды. Рұқсат болса, бастайық осы кешті. Балалар, мерекеміз қызықты өту үшін ортамызға Күз ханшайымын шақырайық. Балалар: Хор Келші, келші алтын күз, Келші, келші жарқын күз. Мерекені жалғастырып, Ойнап-күлші, алтын күз! Осы кезде мерекелік көңіл-күйімен залға Күз ханшайымы жәшігін арқалап кіріп келеді. Жәшіктің ішінде күзгі базарлық жемістер, көкөністер салынған. - Армысыздар ма, балдырғандар! Күзгі бақтағы қонақтар. Өздеріне әкелдім, күздің сыйын көз тартар. Балалар: Көп рахмет сізге! Жүргізуші: Алтын күз, мына сыйды балаларға таратып берсек бола ма? Күз: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп, жеңіп алулары қажет өйткені күздің сыйлары жемістерде, көкөністерде тек адамның еңбегінің арқасында болады. Сондықтан балалар мен бір ойын ойнайық, егер ойын шартын ойнай білсе, ептілік көрсете осы сыйлықты алуларыңа болады. Ойын: «Шар ұста» ойының ұйымдастырайық. Сұрақтар: Қызыл сары жапырақтар қай кезде болады? Күз айларын ата. Жапырақтарының түсі қандай болады? Күзде құстар қайда кетеді? Күз туралы қандай тақпақ, өлең білесің? Жемістер мен көкөністерді қашан жинаймыз? - Қанеки, балалар, Алтын күз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтайық . Балалар тақпақ айтады. Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық, Қол соғайық, тұрмайық. Күзгі бақта бүгінгі. Шырқап әнге салайық! Балалар ән орындайды. Қыздардың орындауында «Аққу» биі. Жүргізуші: Алтын күз, сізде толып жатқан сырлар көп, сондықтан бізге арналған қандай сыйымыз бар. Күз: Менің жеміс жидектерім де өздерін таныстыруға осында келді. (Жемістердің макетін киген балалар ортаға шығады.) Жүргізуші: Күзгі бақтағы қонақтар, Айналайын балалар. Мерекеміз бүгінгі Естен кетпес күн болды. Бақыт тілеп бәрімізге, Сау болыныздар, деп. Аман-саулық тілеп, Мерекені аяқтайық. Осымен, Алтын күз мерекесін аяқтауға рұқсат етінңіздер. Зейін қойып тындағандарыңызға көп рахмет.
Қыркүйек: Бір-біріне жер аспан,
мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен,
қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп,
құс шарлап аспанды.
Қазан: Қазан айы болыпты,
қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп,
думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.
Қараша: Мол байлық тергені,
шаттығы қаншалық Қараша өрледі,
қараша ән салып Күн суытып барады,
малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз,
қысқа дайын боламыз.
Жүргізу
1.Қуандырып біздерді,
кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді,
кемелдейсін халқымыз.
Жеміс мол теретін,
күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін,
жомарт екен күз деген.
2.Ақтарады мырза күз
уылжыған жемісті,
Күзге бізде ризамыз,
аянбаған ел үшін.
3.Көбейді құт береке,
астық толы қамбамыз,
Құтты болсын мереке,
алтын күзді тойлаймыз.
4.Қыстың жақын қалғанын,
жапырақтар білгендей,
Желмен ұшып барады,
жерге қонып үлгермей
Жапырақтар жамырап,
сайға барып бекінді,
Анасынан ажырап, қалған бала секілді
5. Жатыр дала жалтылдап,
жаз шуағы мол құйды,
Күн астында алтын дән,
тербеледі толқиды
Көктемде егін егетін, күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала, астық толы айнала.
6.Алып келді мереке,
астық жеміс береке,
Батырлыққа жараса,
көбейді той тамаша,
Ән салады өзен, тал құрақ,
шашу болды жапырақ
7.Берекесін сыйлауға,
өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға,
шақырады біздерді.
1.Алтын нұрдай тамшылап,
жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ,
біздің өмір көңілді
Біреу астық түсіріп,
біреу бидай ұшырып,
Жатқан мезгіл күз екен,
алдым соны түсініп.
2. Күздің қазан айында,
алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып,
сыбдыр- сыбдыр етеді,
Күн суытып, жапырақтар түседі
Астық жеміс жиылды,
жомарт екен күз декен.
3. Сарғайды тоғай,
сап-сары манай
Соңғы әнің айтып,
құс кетті қайтып
Жапырақ ұшты,
суық та түсті
Сонда да бізге,
қызық көп күзде.
4.Күн суытып келеді
жапырақтар түседі.
Астық-жеміс жиылды,
қамбамызға құйылды.
Ардақты күз –мың алғыс,
алдық өнім сыйыңды.
5.Жаздай күткен бәріміз
Сары алтын,сары күз,
алтын ұя бақшада,
сабақ бастар шағымыз,
көк аспаның мөлдіреп,
алтын күнім елжіреп
асыр салып жүре бер,
сары көйлегің желбіреп.
Мадияр: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.
Арайлым:Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай.
Нұрәділ:Тіл үйірген алмұртпын
Таңқалдырған бар жұртты
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім.
Арай: Мен моншақтай шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім.
Әсел: Дөп дөнгелек сап сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
менің атым өрік.
Жасұлан:Көктеп ерте шырмалып,
Әсем мен бүр жарып
Атым қияр теріп ал,
Жиі-жиі суарып.
Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз,
Ашық болсын аспаның
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз,
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көпегін
Бұл күндері киіпті ,
сары жібек көйлегін,
Ағаштардан жамырап,
ұшты кенет жапырақ,
Ой алақай тамаша,
шашу шашты жапырақ.
Күн шуаққа маужырап,
жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
ұшты кенет жапырақ
Әй алақай тамаша,
шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша, аунар ма едім жатып ап
Соңғы шуақ төгіліп,
салқынданып тұр аймақ,
Ақ сәулеге шомылып,
жапырақтар жүр ойнап.
Көктен көзін бір алмай,
қызғылт тартты сары күз
Жер қызығын қиялмай,
маужырап тұр сары күз.
Шоғы толған гүлдей жайнап,
шақырады жарқын жүз,
Сайрандаған күліп ойнап,
келді міне алтын күз,
Жел тынымсыз гуілдеп,
болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал терек,
жапырағын жұлғызып.
Тақырыбы: «Берекелі күз келді» Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын дән, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша мезгілінде болатын - «Берекелі күз келді» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады,
Шөп сарғайып,өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады,
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
Жүргізуші:
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті,
алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті,
сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші:-Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
Ортада бір топ бүлдіршіндерімізді қошеметтеп қарсы
алайық.
Би: «Көңілді балалар»
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен,
таңдандырып халқын күз.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында « Нан қайдан келеді?» әңгімесінің желісі бойынша қойылымды қабыл алыңыздар!
Жайнасын: Нанда өмірдің иесі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2014» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ортаға бес бала шығады да қойылған төрт орындықты айналып әуен жетегімен билейді. Әуен тоқтаған кезде балалар орындыққа отырып қалуы тиіс, орындық жетпей қалған бала ойыннан шығады. Ойын осылай бір орындық қалғанша жалғаса береді.
Би: «Күзгі вальс»
Жүргізуші: Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты, тобымызға баруға жиналайық. Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі күз келді» -атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. « Берекелі бақ дәулет, арта түссін тойланып Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып.