kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тақырыбы: "Эмоциялар мен көңіл-күй еліне саяхат"»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эмоционалдық саласын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: "Эмоциялар мен көңіл-күй еліне саяхат"»»

Тақырыбы: "эмоциялар мен көңіл-күй еліне саяхат"»

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың эмоционалдық саласын дамыту.



Міндеттер:

Білімділік: - Балалардың негізгі эмоциялары туралы түсініктерін кеңейту (қуаныш, таңғалу, ашулану, қорқыныш))

- Мимика мен пантомимиканың мәнерлілігін үйрету.

- Сезімдер, көңіл-күй және эмоциялар туралы білімді бекіту.

- Балаларға өздерінің кейбір эмоционалдық жағдайын түсініп, жағымсыз эмоциялардан арылуға көмектесу.



Дамытушылық: - Басқа адамдардың эмоционалдық жағдайын түсінуді дамыту. - Өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту.

- Әр түрлі мәнерлі құралдарды пайдалана отырып, әр түрлі эмоционалдық жағдайларды жеткізе білуді дамыту.



Тәрбиелік: - Досының жеке тұлғасын құрметтеуге және әр баланың даралығын қабылдауға тәрбиелеу

- Қиын жағдайда басқаларға көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

- Қоршаған ортамен сыпайы қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтиже: балалар әр түрлі эмоцияларды көрсетуге сенім алады; күнделікті өмірде алған дағдылары мен іскерліктерін пайдалана алады, атап айтқанда бір-біріне шыдамдылықпен қарауға, өзінің эмоционалдық жағдайын реттеуге; айналасындағылардың эмоционалдық жағдайын ескеруге.



Жабдықтар: балалардың фотосуреттері, эмоциялар мен сезімдер атаулары бар сюжеттік карточкалар, "жағдайлар" карточкалары, "эмоциялар", "эмоциялар мен сезімдердің атаулары" үлестірме материалдары.



Сабақ барысы

Балалар залға өтіп, психологпен бірге шеңберге тұрады Сәлемдесу.

Педагог: Сәлеметсіз бе, балалар!

Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Біз бақытты баламыз

Бақшамызға барамыз

Күні бойы қызыққа

Батамызды қаламыз

Педагог: - Балалар сендер саяхатқа шыққанды жақсы көресіндерме?

Ендеше мен бүгін сендерді саяхатқа шақырамын

Маған бүгін Көңілді гном телефон шалды ол өз Эмоция елінде зулым гном, қуаныш эмоциялардын барлығын қамап қойды енды барлық тұрғындар қөңілсіз боп жұр.

Гном бізден көмек сұрап жатыр,балалар көмектесемізбе?

Ендеше эмоция еліне барайық,

Бірақ алдымен өз-өзімізді ұстау ережелерін еске түсіреік ол жерді бір бірімізбен ұрыспай, ешкімді ренжітпеу керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керекпіз, ал ол елге бару үшін біз сиқырлы қақпа арқылы өтеміз.

Міне балалар біз эмоция еліне келіп жеттік.Қарандаршы бізді бірінші тапсырма күтіп тұр ол не болды екен оны ашып оқиық.

1 тапсырма

"Эмоцияны анықта".

Педагог: - Бірінші тапсырмада: Эмоция елінін барлық балалары қандай қөңіл күйде жүргенін білмей жұр екен, соларды ажыратып оларды дұрыс атауға көмектесіндер дейді.

- Фотосуретке қарап, қандай эмоцияларды білдіретінін анықтайық. (қуаныш, таңғалу, ашулану, қорқыныш) Жарайсындар балалар бұл тапсырманы орындадыңдыр.



2."Бейнелеу".

Педагог: - балалар,қарандаршы бізге әр түрлі суреттер берілген осы жағдайда қандай қөңіл күйлер болады екен соны бейнелеп айтып берейік:

* Сіз циркте және сіз клоунды көрдіңіз (қуаныш бейнелейді) ;

*Сіз анасының сүйікті вазаны сындырып алдыныз (қайғылы қөңіл күйді бейнелейді) ;

* Сіз қараңғы бөлмеде жалғыз қалдыңыз (қорқынышты бейнелейді) ;

* Сізде ойыншық сынып қалды (ашулықты бейнелейді)

* Аланқайда сіз ерекше әдемі гүл көрдіңіз (таңғалуды қалдырады)

Педагог: - Балалар, ал қандай эмоцияларды орындау оңай болды. (балалардың жауаптары) .Жарайсындар балалар. Келесі тапсырмаға барайық.



3 "Дұрыс таңдау» (карточкалармен жұмыс)

Педагог: - Үстелдің үстінде әр түрлі жағдайлар бар карточкалар жатыр, ал қарама-қарсы жақта эмоциялы смайликтар бейнеленген, қай смайликтін қөңіл күйі осы жағдайға келеді соны тауып сызық арқылы қосамыз.Балалар осы суреттің қандай эмоцияға сай екенін анықтап, өз таңдауын түсіндіруі керек.

- Жарайсыңдар балалар! Қазір бізді келесі тапсырма күтіп тұр.

4."Эмоциялары бар текше»

Балалар мына текше өз эмоция атауларын ұмытып қалды соны атап есіне түсіруге көмектесейік

эмоциялары бар текшені лақтырып түскен беттегі эмоцияны атайды (текшенің әр жағында қуаныш, таңғалу,ашулану,қорқыныш эмоциялар бейнеленген.)

*Мен қуанамын…

*Мен таң қалдым…

*Мен ашуландам…

*Мен қорыққамын…



5.Қорқыныш эмоцияларды көму жаттығуы:

Балалар қарандаршы бағаналы беры біз сендермен бірге әр түрлі эмоциялар туралы сөйлестік енді осы эмоциянын ішіндегі қорқыныш эмоциясымен қоштасатын уақыт келды,сендер онымен қоштасқылырын келеме?

Ендеше алдымыздағы жатқан қапшықтарды алып сонын ішіне өз қорқыныш сезімдерін салып оны мына тұрған құмға көміп тастайық.

(Балалар өз қорқыныштарын айтып қапшыққа салып оны көмеді)

6.Релаксация " тыныш көл»

Жаттығу тыныш, босаңсытатын музыка астында орындалады.

- Ал қазір назар қойып тыңдандар. Созылып өздерінді ерекін ұстандар.Енді көзді жауып мені тыңдандар.

Керемет күн таңертең елестетіңіз. Сіз тыныш әдемі көлдің жанында.Тек сіздің тыныс және судың дауысы естіледі. Күн жарқырайды және бұл күн сәулесі сізді жылытады. Құстардың әні естіледі. Сіз мүлдем тынышсыз. Күн жарқырайды, ауа таза және мөлдір. Сіз күн жылуын барлығын сезесіз. Сіз тыныш және бақытты сезінесіз. Денеңіздің әрбір жасушасы тыныштықты және күн жылуын рахаттандырады. Енді көзді ашыңыз. Біз жақсы демалдық,

көңілді көңіл-күйіміз бар, және жағымды сезім бізді бір күн бойы тастап кетпейді.



Жарайсындар балалар біз гномға көмектестік ол бізге рахметін айтып жатыр эмоция елі өз қалпына келді енді ешқандай бала қорықпайды,ашуланбайды өйткені біз оларға көмектестік .Енді балабақшаға оралатын уақыт келды сиқырлы қақпадан өтіп балабақшаға оралайық.

Қорытынды бөлім.

Педагог: - Сізге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? (жауаптар балалар: иә)

-Балалар, қазір сендер қандай көңіл-күйдесіндер, осы көңіл-күй күні бойы сендермен бірге қалсын!

Қонақтарымызғада осы жақсы қөңіл күйді сыйлайық.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тақырыбы: "Эмоциялар мен көңіл-күй еліне саяхат"»

Автор: Болатова Ельмира Усипбекқызы

Дата: 26.11.2018

Номер свидетельства: 487589


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства