kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Та?ырыбы: 0 – ден 5 – ке дейінгі сандары. Жиын

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  Таным.

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекет: Математика

Та?ырыбы: 0 – ден 5 – ке дейінгі сандары. Жиын

Ма?саты:

Білімділік: балаларды «=» та?басымен, оны? м?німен таныстыру; жиын элементтерін аны?тау ж?не сол жиыннан топ ??рау (ішкі жиын); те? д?режелі жиындарды табу.

Дамытушылы?: балаларды? зейінін, с?йлеу ж?не д?птерде ба?дарлау ?абілетін дамыту.

Т?рбиелік:досты? ?арым – ?атынас?а т?рбиелеу.

С?здік  ж?мыс: «те?дік» та?басы

Керекті ??ралдар: есеп д?птері

?діс-т?сілдер: к?рсету, т?сіндіру, с?рак – жауап, мада?тау, ?орытындылау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: 0 – ден 5 – ке дейінгі сандары. Жиын»

29.12.15 жыл

№ 10 «Балдаурен» тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: 0 – ден 5 – ке дейінгі сандары. Жиын

Мақсаты:

Білімділік: балаларды «=» таңбасымен, оның мәнімен таныстыру; жиын элементтерін анықтау және сол жиыннан топ құрау (ішкі жиын); тең дәрежелі жиындарды табу.

Дамытушылық: балалардың зейінін, сөйлеу және дәптерде бағдарлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: «теңдік» таңбасы

Керекті құралдар: есеп дәптері

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Педагог балаларды геометриялық фигураларды (түрлі түсті, өлшемі бір – бірімен шамалас үшбұрыш-тар, шеңберлер, сопақшалар, шаршылар) қорапқа орналасты-руға шақырады. Әр қорапта печенье сорты (фигура) белгілен-ген. Қораптың орнына файлдар, кәдімгі қораптарды пайдалануға болады немесе оны тақтаға маркермен белгілеп сызып аламыз.

Балалар ойынға қызыға қатысады және печенье жиынының қандай элементтерден тұратынын анықтайды.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Педагог фигуралар жиынын көрсетіп:

-Бізде қандай печеньелер бар екен?-деп сұрайды.

-Жиын қандай фигуралардан құралған (немесе қапшықтағы печеньелердің пішіні қандай)?

Балалардың әрқайсысын тақтаға шақырып, фигураларды қарамай бір – бірден алып, қорапқа салуды тапсырады. Көзді жұмып, қолымен сипау арқылы оның қандай фигура екенін табуға болады. Фигуралардың бәрі қорапқа салынғаннан кейін әр фигураны санау басталады. Мысалы, педагог бір фигураны алады, балалар дауыстап санайды. Сан жазылған карточканы алып, қораптың қасына қояды (немесе санды тақтадағы қораптың суретінің қасына ілеміз).

Сопақшалар мен шеңберлер 4 – еуден екен. Яғни, олар саны жағынан тең. Қанша шеңбер болса, сонша сопақша бар деуге болады. Педагог «=» таңбасы бар карточканы алып, қораптар мен сандар арасына қояды. Бұл «теңдік» таңбасымен белгіленеді. Балаларға цифрлар мен теңдік таңбасы бар карточкаларды, сондай- ақ нүктесі мен сандар жазылған карточкаларды үлестіреді.

Бес заттың суреті бар карточканы көрсетулерін сұрайды.

-Бұл карточкалар туралы не деуге болады?

-Цифрдың қасына нүктелер мен заттар саны жағынан сәйкес келетін карточкаларды қойып шығыңдар. қандай сандарды алдыңдар? Олар тең бе? Ендеше, «5=5» деуге болады ғой? Карточкада қанша зат болса, сонша нүкте бар.

Дәптерді ашып, осыған ұқсас №1 тапсырманы орындайды.

Содан соң «=» таңбасының қалай жазылатынын үйретеді.

Сергіту минутын өткізеді. Педагог 5 – ке дейінгі сандар мен сонша нүкте салынған карточканы кезекпен көтереді. Балалар сонша рет секіреді, қол шапалақтайды және сонша рет жерді тебеді.

Сергіту минутынан кейін №2 тапсырманы орындауға шақырады. Суреттегі заттар тобын санап, оларды тиісті цифрмен белгілейді. Санның үлгісі – нүктелері бар карточканы алып, оны тиісті топтың астына жапсыру керек.



Балалар печеньелердің түсі мен пішіні әртүрлі болғанымен, өлшемі теңдей екенін айтады.

Печеньелердің шеңбер, үшбұрыш, шаршы, сопақша пішіндемс екенін анықтайды.

















Нүктелер мен заттар салынған карточкаларды алады. Суретте қанша зат болса сонша нүкте барын түсіндіреді. Яғни, «=» таңбасын қоюға болады. Теңдіктерді үстел үстіне қояды. Сұраққа жауап береді: 5 цифрын екі рет алып, олардың арасына теңдік таңбасын қояды.















Математикалық сергітуді орындайды.

№2 тапсырманы орындайды.










Рефлексті – коррекция-лаушы

Балаларды жиыннан топ құрауды қалай меңгергенін анықтау үшін №3 тапсырма беріледі. Араларды 2 –уден, гүлдерді 3-еуден топтастырып қоршап сызу керек. Содан соң неше топ пайда болғанын санайды. Ертегі кейіпкерлеріне) печенье береді. Сабақты қорытындылайды.

-Бүгінгі сабақта не істедіңдер, балалар? Қандай таңбамен таныстыңдар? Ол нені білдереді екен? Балаларға алғыс білдіреді және үстел үстін реттеуге шақырады.

3 – тапсырманы орындайды.

Сұрақтарға жауап береді. Сабақты қорытады. «=» таңбасы бір топта қанша зат болса, екіншісінде де сонша зат бар дегенді білдіретінін айтады. Сабақты аяқтайды. Үстел үстін реттейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: «=» таңбасының міндеті және мәні; жиындарды белгілі бір таңбасына қарай топтарға бөлуге болатынын;

Игереді: тең дәрежелі жиындар (заттар тобының теңдігі туралы) түсінікті);

Меңгереді: тең дәрежелі жиындарды анықтап, «=» таңбасын қолдануды.


Тексерілді: ________________С.Э.Бопылова




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Та?ырыбы: 0 – ден 5 – ке дейінгі сандары. Жиын

Автор: Атагазиева Акзер Ногайбаевна

Дата: 13.04.2016

Номер свидетельства: 318252


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства