Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы «T?уелсізді? – к?птен к?ткен ба?ытым»»
Тақырыбы; «Tәуелсіздіқ – көптен күткен бақытым»
Мақсаты ; Балалардың өздерінің түған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту , өз елінің патриоты болүға , ел егемендігін сақтай білүге , елінің кірпіші болып қалануға баулу.
Тәрбиелік мәні ; өз ұлтының тарыхың , әдет –ғұрпын , салт – дәстурін білу
Ұлтының намысын қорғай білетін , намысты қолдан бермейтін елінің адал ұлы болу.
Жүр ; Құрметті ата аналар, әріптестер, балалар. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болдық. Сендер тәуелсіз мемлекетте өмір суріп жатқан бақытты бүлдіршіндерсіндер.Өмірлерің мәнді де сәнді де болсын, аспанымызда бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілімізді бастаймыз.
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім , сөйлер сөзім ,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
Сөз кезегін Арықты өрта мектебінің директоры Кульбаева Айгерім Серікбай қызына беріледі.
Жур;Жан сенгісіз өзі аңыз
Бодан болған кезіміз.
Енді еркін қожамыз
Өзімізге өзіміз.
Еркімен кәрі , жасымыз
Дауыс беріп сайлаған,
Бар біздің елбасымыз
Халық қамын ойлаған.
Жур, Қазақстан тәуелсіз мемлекет, Қазақстанды бүкіл әлем мойындап отыр. Біз көп ұлтты егемнді еліміз , тілімізге , дінімізге бөлімбей тату бір аспанның астында өмір сүріп жатырмыз.
Кезекті балалардың тәуелсіздік мерекесіне арнайы жаттап келген өлен шумақтарына берейік.
Акжол
Отан- елдің анасы
Отан- жердің анасы
Бақытты ғөй , дәл мендей
Тәүелсіз ел баласы .
Назым
Тыныш менің , отаным
Ырыс менің , отаным
Ардақтаймын отанын.
Ақтілек
Бар байлықтың басында
Туған отан тұр биік
Пейілі үшін қазақтың
Мандайынан нұр сүйіп.
Інжу
Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
А. Мансур.
Тұрады ол жап- жас болып
Мен улкен болғанда да.
Осы мерекеге , келген қонақтарға біздің қыздарымыздың қамажай биін билеп берсін деп ортаға шақырамыз.
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді
Жұртым менің не қиындық көрмеді
Жылап тұрып аналарым бұл жолда
Сан перзентін қара жерге жерледі
Осындай бейбіт кунді , қазақстан деген алып елге тәуелсіздікті алып берген батырларды еске алып 1 минут унсіздік жариялайық.
Сөз кезегі « балапан» шағын өрталығының менгүрішісі Торебаева Б.И. беріледі.
Жур; Тәуелсіздік жемісті ала келді
Көрінер көкжиектен далам енді
Кім танымас айтсаңшы , айтындаршы.
Қазақстандай егемен байтақ елді.
Қара жорға биін тамашаланыз.
Ал казір кыздар биін әр ұлтын тамашалауға шақырамыз.
Айлуна
Ерназар
Медина
Н.мансур
Адина қызымыздің ән шашуін осы мерекеге арналған қабыл алыныздар.
Мен қазақпын, мың өліп , мың тірілген.
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім , күн тұтылып.
Қүанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен қазақпын , биікпін, байтақ елмін.
Қайда түдым өмірге , қайта келдім,
Мен мында бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді , айта бергім.
Құрметті ата-аналар, әріптесер , балалар, бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған « Тәуелсіздік – көптен күткен бақытым» атты ашык тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз.