kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

С?з. С?з туралы т?сінік ?алыптастыру. «А» дыбысы ж?не ?рпі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім  саласы:   «?атынас»

Б?лім саласы:   Сауат ашу ж?не жазу негіздері.

Та?ырыбы:   С?з. С?з туралы т?сінік ?алыптастыру. «А» дыбысы ж?не ?рпі.

Ма?саты:   баланы? с?з туралы т?сініктерін ?алыптастыру, с?здерді? ?зынды-?ыс?алы?ын ?олмен  ?лшеп айыра білуге ?йрету, «А» дыбысымен ж?не ?рпімен таныстыру, танып-білуге деген ?ызы?ушылы?тарын дамыту, ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Керекті ??ралдар:   ж?мыс д?птері, Астана ?аласыны? к?рікті жерлеріні? суреттері.

С?здік ж?мыс: ыммен.

Билингвалды? компонент:  ?й -дом, кітапхана -библиотека, Астана ?аласы - город Астана.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«С?з. С?з туралы т?сінік ?алыптастыру. «А» дыбысы ж?не ?рпі.»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Тәрбиеші: Бектемирова Ж.О.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді?

Мақсаты:

1.Ұннан жасалатын тағамдар туралы әңгімелеу. Диқан мен наубайшылардың еңбегі туралы түсіндіру.

2.Диқаншы еңбегі туралы білімдерін толықтыру.

3.Нанды ардақтауға, ысырап қылмауға тәрбиелеу, үлкендердің еңбегін бағалауға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, қарындаш, «Наубайшылар» ойынына алдын ала ашытылып, бөлшектеліп, қойылған шикі нан, оқтаулар, алжапқыштар, наубайшы бас киімі.

Сөздік жұмыс: диқан.

Билингвальды компонент: нан – хлеб, диқан – хлебороб, земледелец.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Педагог балаларды шеңбер бойымен отырғызады.

«Гүл, ағаш, жеміс» ойыны.

Жүргізуші балаларға санамақ ретімен санамақ айтуды ұсынады:

«Гүл, ағаш, жеміс; гүл, ағаш, жеміс;...»деп, балалар кезекпен жалғастырады. Санамақ тоқтаған кезде, бала тез арада жемістің, не ағаштың, не гүлдің атын айту керек.


Атаулар қайталанбау керек. Атау дұрыс болса, ойын жалғасады. Бала уақытты созып алса, не дұрыс атамаса, ойыннан шығады.ойын әрі қарай жалғасады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Педагог нан туралы әңгімелейді.

Нан – адал ас. Нанды жерге тастауға, аяқпен басуға болмайды. Оны қадірлеу керек. Төйткені нан дастарқанға келгенше қаншама адам еңбек етті.


Билингвальды компонент.

Нан – хлеб, диқан – хлебороб, земледелец.


  • Нан қандай ас?

  • Нанды қалай қастерлейді?

  • Бүгінгі әңгіме нанның біздің дастарқанымызға қалай келетіні туралы болмақ.

  • Нанды қазақ халқы өте қастерлеп, ардақтаған. Нан туралы шешендік сөздер өте көп. Сендер нанға қатысты қандай мақал-мәтел, тыйым сөздер білесіңдердер?





Педагог әңгімеден үзінді келтіреді.

Әңгіме оқу.«Нанды қадірлейік».

Кейбір балалар нанды тойғанша жеп, қадлғанын лақтырып тастайды. Бұл дұрыс емес.

Нан еңбекпен табылады. Диқандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін шығады, оны жаз бойы күтіп баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Жүргізушілер астықты машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді. Мұның бәрі – адам еңбегі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.

  • Бидай неден өсіп шығады?


  • Күзде дайын болған өнімді қалай атайды?


Демонстрациялық материалмен жұмыс.








  • Егін өсірушілерінің мамандықтарын атаңдар.




  • Суретте нелер бейнеленген?



  • Бұларды бір сөзбен қалай айтады?


  • Дәнді дақылдардың ішінде қайсысы түрінен бидай тартылып, нан пісіріледі?


  • Қазіргі уақытта бұл дәнді дақылдардың ішінен бидай мен қара бидайды нан пісіруге көп қолданылады. Бірақ жоқшылық, қиыншылық уақыттарда дәнді дақылдардың бәрінен ұн тартып, нан пісірген. Қазір арпа, күріш, жүгеріні, көбінесе тәтті нан түрлерін, шелпектер пісіруге пайдаланады. (Мүмкін болса сұлуының печеньесін, жүгері шелпегін көрсету).


  • Сендердің аналарың үйлеріңде ұннан тағы не пісіреді?

Педагог балалардың назарын келесі суретке аударады. Суретте элеватор бейнеленген.



  • Элеватор деген не?




  • Элеваторды басқаша қалай атауға болады?

Педагог балалардың назарын суретке аударып, бұрынғы уақытта ұнды қандай жолмен алғанын көрсетеді.

  • Диірменнен шыққан ұнды қайда әкеледі?

  • Нан пісірушілерді қалай атайды?


Сергіту сәті:

Нан қиқымын шышпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып қастерлер!

Торғайларға тассаңдар!


Дәптермен жұмыс.

Жеке жұмыс жүргізу.


Балалар педагогті тыңдайды







-Адал ас.

-Нанды баспайды, жерге тастамайды, қолын жумай ұстамайды.

Балалар мақал-мәтел, тыйым сөздерді айтады.

-Ас атасы – нан, нан атасы – дән.

-Нанды бір қолмен үзбе.

-Нан қиқымымен басуға болмайды.


Балалар әңгімені тыңдап, талдайды.









-Бидай тұқымнан өсіп шығады.

-Астық.

Балалар суреттегі бағдаршаммен көрсетілген тұқымнан нанға дейінгі өсіп-жетілу кезеңін атайды.

«Тұқым – жас өнім – бидай – астық – ұн – наубайхана – нан».


-Тракторшы, диқан, диірменші, комбайншы.

Балалар суреттерді атайды.

-Арпа, жүгері, күріш, бидай, қара бидай, сұлы, тары.

-Дәнді дақылдар.



-Бидай, қарабидай.












Балалар аналары пісіретін нан түрлерін атайды.

Балалар суреттегі элеватордағы ұн тарту процесін педагогтің көмегімен атайды.

-Ұн тартатын орын.


-Диірмен.




-Наубайханаға

-Наубайшы


Өлең мазмұнына сай қимылдар келтіреді.





Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін пысықтайды.

Сұрақтарға жауап береді, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.



Күтілетін нәтиже:

Білу: Нанның дастарқанға келу жолын сызба бойынша;

Түсіну: бидайдың тұқым кезінен бастап, нанға айналу кезеңдерін, дәнді дақылдар туралы;

Меңгеру: үлкендердің еңбегін құрметтейді, нанды қастерлеуді




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
С?з. С?з туралы т?сінік ?алыптастыру. «А» дыбысы ж?не ?рпі.

Автор: Бектемирова Жадыра Орынбаевна

Дата: 05.05.2016

Номер свидетельства: 324314


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства