kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шығармашылық "сурет салу" Тақырыбы: Шөптегі қанқыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім  саласы: «Қатынас»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты: 

Тәрбиелік:Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту.

Оқыту: Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық "сурет салу" Тақырыбы: Шөптегі қанқыз»

«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Қатынас»

Пән: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Табиғатты аялайық»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Табиғат-Ана, оның  байлықтары туралы түсіндіре отырып, табиғатты аяулауға, қорғауға  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғат туралы мағлұматтар беру,ой-өрістерін дамыту.

Оқыту: Табиғат құндылығының маңыздылығын білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: демонстрациялық материалдар.АҚТ,

Сөздік жұмысы:табиғаттың гүлденуі

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Сюжетті суреттермен жұмыс.

Қазір бізде көктем мезгілі. Далада қандай өзгерістер байқадыңдар?

2.Негізгі бөлім:

-Табиғат туралы түсінік беру.(жер,су,ауа,өсімдіктер,

құстар,жануарлар т.б.)

 Сергіту сәті:

«Құбылыстар»

-Сыйқырлы орындық арқылы табиғатқа саяхатқа бару.

-Елестету. (көзді жұму)— мөп-мөлдір ағып жатқан  сулар, жайнап өсіп тұрған  гүлдер, құстар, тамаша табиғат.

1. Бұлаққа кездесу.

-Бұлақтан су ішеміз. Ол үшін:

 Алға иілу,  алу, ішу, тамсану. (

2. Алма ағашына  кездесу.  Ағаштан алманы алып жеу.

Оң аяқ алға, сол аяқтың  өкшесін  көтеру,  алу,   қырт етіп тістеу, тәттісін-ай

3.Раушан гүліне кездесу.

Алға иілу,  алу,  иіскеу, қажет емес  ауаны сыртқа шығару.

3.Қорытынды.

Балалар бүгін біз не туралы айтылды? Қайда саяхатқа бардық?

«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Гүлдер»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Балаларды көркемдік талғамға тәрбиелеу.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Сөздік қорын, тілдерін дамыту.

Оқыту: Шығармашылық талпыныс ақуалын қалыптастырып, балаларды қиялын,ойын жетілдіру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: ертегілер елі,

Сөздік жұмысы: перизат

Билингвалдық компонент:Қайырымды – добрая, перизат – фея, зұлым – злой.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Топқа есікті қағып пошташы хат алып келеді.Хатты ашып оқиды. «Саламатсыңдар ма балалар! Мені ойыншықтар әлеміндегі жас достарым көмекке шақыртып жатыр. Керемет қорғанымды қараусыз тастап кетуге қорқамын. Зұлым сыйқыршы мен жоқта келіп бүлдіріп кетуі мүмкін.Сондықтан мен келгенше менің қорғаныма сендер қарай тұрыңдаршы.

Сәлеммен Гүл перизаты. »

Балалар бір-біріне ізет білдіріп,сәлемдеседі.

Хаттың мазмұнын зейін қойып тыңдап,

Балалар Гүл перизатына көмектесу үшін қорғанға баруға келіседі.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балалар, міне ертегілер еліне де көзді жұмып ашқанша келіп қалдық. Перизат біздің келуімізді күтпестен кетіп қалыпты. Балаларға жаңа үлгідегі ертегіні айтады.

Ертегілер еліндегі Гүл перизатының қорғанына келіп, таңданады.

Ертегіні мұқият тыңдап, кім және не туралы айтылғанын түсінеді.

Мына сиқырлы, әдемі, керемет қорғанда мейірімді де, қайырымды Гүл перизаты тұрады. Гүл перизаты күнде ертеңгісін өз қорғанын аралап таң шапағатын қызықтап,

айналасындағы ағаштармен сәлемдеседі, әсіресе қорған ауласындағы гүлзар бағын ерекше жақсы көреді. Гүл перизаты мына әдемі де әсем гүлдердің көмегімен көптеген ізгі, қайырымды жұмыс жасайды.

- «Ертегілер қайдан алынады?» - деп ойлайсыңдар.

- Ол барлық жерде , жан – жағымыздың барлығы ертегі Ертегі перизаттың бағында да бар екен.

Гүлзарға мұқият қараңдаршы, ол ғажап ертегіге ұқсайды.

Әр гүлдің, тіпті мына кішкентай гүлдің де тарихы бар.

Гүлдерді сөйлей алмайды деп ойлайсыңдар ма?

Олар өз тілдерінде, гүлдердің тілінде, ол түсті бояу тілінде, әсемдік, жұпар иіс тілінде сөйлей алады.

Осы әдемілікті көрген адамдар қайырымды болып, көңіл – күйі көтеріліп, зұлымдық жасай алмайды екен.

Еріншектер – еңбекқор, зұлымдар – қаиырымды, ал аурулар ауруынан сауығып кетеді екен.

- Ал сендер қандай гүлдерді білесіңдер?

Гүлдер туралы білетін өлең, тақпақтарыңды айтып беріңдерші.

Гүлді орысша қалай атаймыз?

Гүл перизатын ше?

Ертегіні мұқият тыңлап, кім және не туралы айтылғанын түсінеді.

Ертегілер өмірден алынады.

3.Сергіту сәті: 

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін

Шыға келді он саусақ.

Біздер тату баламыз,

Гүлдей өсіп жайнаймыз.

Д/О "Гүлдерді құрастыр" 
Барысы: Балалардың алдарында гүлдердің бөлшектері араласып шашылып жатады, соларды бір түске келтіріп гүлдерді құрастырып қоюлары керек. 

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Міне ғажап, гүлдердің арасынан «қан қызы» кофетін алып, балаларға алғысын білдіріп, таратып береді.






























«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Жүру, Кедергілерден аттап жүру. Бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Доптарды бір-біріне домалату (0,5-1,5 м).»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Кедергілерден аттап жүруді үйрету.

Дамытушылық: Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту

Оқыту: тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық техноогиясы т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: жаттығуға арналған атрибуттар

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

2.Негізгі бөлім.

-Сап тізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.Жаттығуларды атайды.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.

Жаттығулар 3-4 рет жасалады

Негізгі қимыл түрлері

1.Тізені жоғары көтеріп жүру

2.Ирелеңдеген жол бойынша жүру (көлемі 25 см, ұзындығы 2,5 м)

3. .Қақпа арқылы доп домалату (көлемі 50 см, 1,5 м).

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы жарыс ойыны:

1.«Қақпаға тигіз»

-Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді

-Саптізбекте бір-бірден жүру, (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, саптізбекте өзінің орнын табады).

-Шеңбер бойымен сапқа тұру

-Жаттығуларды доптармен жасайды.

-Жалпы дамытушылық жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, нұсқаушының көрсетуімен жаттығуларды жасайды

Негізгі қимылдарды біледі.

3.Қорытынды.

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу





«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Жүру, Кедергілерден аттап жүру. Бірінің соңынан бірі (20м дейін) жүгіру. Доптарды бір-біріне домалату (0,5-1,5 м).»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Еденнен қос аяқпен екпінмен итеріліп, заттың үстінен қарғып түсуді үйрету.

Дамытушылық: Доптың қозғалыс бағытын сақтап, бір-біріне допты домалатуға жаттықтыру.

Оқыту: Жануарлардың бейнелік қимылдарын жеткізе білуін бекіту.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық техноогиясы т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: жаттығуға арналған атрибуттар

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

2.Негізгі бөлім.

1.Бағытты өзгерте отырып жүгіру.

2.20 см биіктіктіктен тереңдікке секіру.

3.Көлбеу қойылған саты бойымен өрмелеу.

Қимылды ойын

«Ойыншық әкел»

Балаларға ойынды аяқтап саптізбекке тұруға нұсқау береді.

Жүру және жүгіру жатығуларын жасайды.Шар үрлейді.

Жаттығу жасау үшін балалар орындарына тұра қалады.

3.Қорытынды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу













«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Денсаулық»

Пән: Дене шынықтыру

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Жүру, Кедергілерден аттап жүру.»

Мақсаты:

Тәрбиелік: Кедергілерден аттап жүруді үйрету.

Дамытушылық: Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсе білуге үйрету, қимыл координациясын, батылдықты дамыту.

Оқыту: Тізені жоғары көтеру және екпінді қимылмен аяқтың ұшына тұру, денені тік ұстау, тепе-теңдікті сақтау.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, денсаулық техноогиясы т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: жаттығуға арналған атрибуттар

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын, міндетін хабарлау. Саптық жаттығулар: Оңға, солға, кері айнал.

Жүгіру:- Тізені көтеріп, артқа сермеп, оң және сол қапталмен жүгіру.

Жүру:- Аяқ ұшымен, өкшесімен, аяқтың сыртымен, отырып жүру.

2.Негізгі бөлім

Саптізбекте бір-бірден жүруді, бағытты сақтай білуді, саптізбектен шығып кетпеуді, саптізбекте өзінің орнын таба білуді көрсетеді.Гимнастикалық таяқшаларды алуға нұсқау беріледі.

-Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін, шеңберге тұруды ұсынады.

Жаттығуларды атайды.

-Жаттығулар ереже бойынша бастан басталып аяқ ұшымен аяқталады.

Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді.


Негізгі қимыл түрлерін орындауды ұсынады:

1. Кедергілерден аттап жүру биіктігі 20 см

2.Гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу.

Жаттығуды жасауға нұсқау беру. Қадағалау, дұрыс жасап үйренуге көмек беру,қолдау.

Қозғалмалы ойын: 
1. «Қарлығаш»

балалар бөлменің ортасында саптізбекте тұрады.Нұсқаушы ысқыруықпен белгі бергенде олар жан-жаққа жүгіріп ұшады.

2.Аз қозғалмалы ойын: «Кішкентай және үлкен аяқтар»
Балалар гимнастикалық орындықта отырады. Нұсқаушы оларға қарама-қарсы отырып, балаларға аяқтарын көрсетуді сұрайды. Балалар аяқтарын алға созып, көтереді. Нұсқаушы көңілді түрде былай дейді: «Кішкентай аяқтар жолмен жүгіріп кетті. Қараңдар олардың қалай жүгіргенін». Осыны айтады да аяғымен бірнеше рет тез-тез жер тепкілеп: «топ,топ,топ!» - дейді. Балаларда соны істейді. Одан кейін нұсқаушы қимылын баяулатып былай дейді: «Үлкен аяқтар жолда топ-топ жүріп бара жатыр».

3.Қорытынды.

-Ұйымдастырылған оқу қызметінің нәтижесін талдайды: Не жасадық, ал не жасалған жоқ?

-Балалармен бірге ойнаған және жаттыққан қимыл қозғалыстарын еске түсіру.

- Спорттық құрал-жабдықтарды жинауды ұсынады.

Балаларға рахмет айтып қоштасу




«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Шығармашылық»

Пән: Сурет салу

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Шөптегі қанқыз.»

Мақсаты:

Тәрбиелік:Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балаларға шөпті бояуды сүйкей жағу тәсілі арқылы салуды үйретуді дамыту

Оқыту: Шөпті бейнелегенде оның толық бетті қамтуын қадағалау; сурет салуға деген қызығушылығын арттыру;

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы, т.б.

Ресурсты қамтамасыз ету: презентация, үлгі

Билингвалдық компонент: жасыл- зелёный

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Табиғатқа тамаша

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Сәлем саған, Жер ана,

Сәлем саған, Нұрлы күн,

Аман- есен болайық.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Балаларға перезентациядан қанқызды көрсетіп онымен таныстыру.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен- қаңқыз деген қоңызбын.

Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Бәріміз бірге табиғаттын суретін салсақ?

Қалай қарайсыңдар?

2.Үлгі көрсету

Біз шөптердің суретін жасыл бояуды пайдаланып сүйкей жағу арқылы саламыз.

Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ төменгі жағынан бастап, жоғары- төмен сыза отырып жасыл шөптің суретін саламыз.

3.Саусақ жаттығуы

Қылқаламды қояйық,

Орнымыздан тұрайық.

Оңға қарап иіліп,

Солға қарап иіліп,

Біз тынығып алайық.

4.Жұмыс барысы

Қылқаламды жасыл бояуға батырып, ақ қағаздың сол жақ төменгі жағынан бастап, жоғары- төмен сыза отырып жасыл шөптің суретін саламыз.

5.«Бұл неге ұқсайды?» дидактиалық ойыны.

Мақсаты: балалардың ойлау ұшқырлығын, қиялын дамыту мақсатын көздей отырып, балаларға денелердің қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын тапқызу.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Біз нені бейнеледік?

Оның түсі қандай?

Енді, осы суреттерімізден көрме ұйымдастырайық.


«Раушан» кіші тобының

ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні: .05.2020

Тәрбиеші:Зейнуллина А.С.

Білім саласы: «Таным»

Пән: Сенсорика

Өтпелі тақырып: «Табиғаттың гүлденуі»

Тақырыбы: «Жайлауды

Мақсаты:

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: «Көбелекпен гүлдер» - қоршаған маңайда біреу немесе көп ұқсас заттарды таба білуге үйретуін дамыту;

Оқыту: Ойын жаттығулары: «Көпірден өтейік» - екі затты көлеміне қарап салыстыру;

Педагогикалық технологиялар: .

Ресурсты қамтамасыз ету: киіз үй суреті

Билингвалдық компонент: киіз үй- юрта.

I.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

Балалар бүгін біз ойынымызды бастамас бұрын мен сендерге «Жайлау» туралы шағын түсіндіріп өтейін.

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Жайлау- онда киіз үй, үй жануарлары бар. Бұрын ата- бабаларымыз осы үйде өмір сүрген. Киіз үйдің- шаңырағы, керегесі, уақыттары болады. Шаңырақ- мемлекетіміздің бірлігін, татулағын білдңреді.

2.Сұрақ- жауап

Құс қандай геометриялық пішімге ұқсайды?

Шаңырақтың пішімі қандай екен?

Қандай үй- жауарларын белесіңдер?

3.Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа.

Допты алды қолына,

Допты қойды орнына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

4. Тапсырмалар.

«Көпірден өтейік» - екі затты көлеміне қарап салыстыру;

«Ботаның киіз үйді тауып алуына көмектес» - орынын таба білу;

«Ботаның жақсы көретін ойыншығы» - геометриялық пішіндерді атап және танып білуін жаңдандыру;

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Киіз үй қандай бөліктерден тұрады екен?

Шаңырақтың пішімі қандай?





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шығармашылық "сурет салу" Тақырыбы: Шөптегі қанқыз

Автор: Зейнуллина Айгерим Сейткалиевна

Дата: 19.05.2020

Номер свидетельства: 550360


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства