Шағын орталық тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілетттерін ашуда ТРИЗ технологиясының маңызы.
Өтегенова Айсұлу Өтегенқызы
Атырау облысы, Мақат ауданы, №2 бастауыш мектебі
Шағын орталық тәрбиешісі
Мақсаты:
Шағын орталық тәрбиеленушілерін өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін, тілін дамыту.
Міндеті:
Оқу іс-әрекеттерінде балаларды ойната отырып ойлатуға ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Өз бетімен жаңа бір бейне құруға дағдыланып, өзіндік және даралық дамудың көрінісі байқалып, реттелген бала тұлғасы қалыптасады.
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруда ТРИЗ-дің
маңыздылығы
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
IV. Қорытынды
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: Ойлану - ең ізгі жол; Еліктеу – ең жеңіл жол; Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноза
Қазіргі қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы – жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру, олардың ойлау мүмкіндігін жетілдіру, шығармашылық тәжірибесін, дүниеге қарым-қатынас нормаларын қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы». Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру. Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді: -Денсаулық сақтау технологиясы. -Жобалық-іс шығармашылығы. -Ізденіс-шығармашылық технологиясы. -Қатынастық-ақпараттық технология -Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы. -Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы. -Ойын технологиясы. -Триз технологиясы және т.б.
ТРИЗ технологиясы-балаларды өнертапқыштыққа үйретіп, ойлау қабілетін дамытады.
ТРИЗ технологиясы-бір нәрсені бірнеше бағытта қолдану.
Мақсаты: Ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып,ұжымдық әрекет қарым-қатынас жасай білуге үйрету,топтық әрекеттерді қалыптастыру, дағдыландыру
ТРИЗ арқылы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру.
Балаларды ойландыру ой-санасын жетілдіру.
ТРИЗ –балалардың шығармашылық қабілетін дамыту әдісі
1946 жылы Баку қаласынан шыққан ғалым мамандығы инженер Генрих Саулович Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастайды. ТРИЗ (Өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы) атауы кейінірек 1970 жылдары пайда болды. ТРИЗ теориясын Г.С. Альтшуллер зерттеп дайындады.
Бұл теорияның басты идеясы апатты құбылыс түрінде емес нақты заңдарға сәйкес туындайды. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады.
Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі - балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі. ТРИЗ логикалық ойлаудың негізіндегі шығармашылық тапсырмаларды шешудегі дәл ғылым болып саналады. 1982 жылы ТРИЗ халықаралық бірлестігі тағайындалады. 1987 жылдан бастап балабақшада семинарлар өткізіле бастайды. Осы семинарлар арқылы ТРИЗ әдісі мектептер мен арнайы оқу орындары арсында кең тарады. ТРИЗ бұл негізгі оқыту бағдарламасын өзгертпей, оны барынша тиімді ету үшін қолданылатын ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі.
Негізгі бөлім
Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру, басқаша
айтқанда әртүрлі әрекеттер кезінде ерекше, күтілмеген оқиғаларды тиянақты шеше алатын, шығармашыл тұлғаны дайындау бұл мұғалімнің ең негізгі мақсаты. Бұны мұғалім ТРИЗ әдісі арқылы жүзеге асыра алады.
Мұғалім сұраққа дайын жауап бермей, сол жауапты іздеуге үйретуі керек. Бала сұрақ қойған жағдайда бірден жауап бермей, керісінше баланың өзінен сол сұрақ туралы не ойлайтынын сұрау қажет. Ой жүгіртуге итермелеу керек. Бағыттаушы сұрақтар арқылы баланы ойландырып, дұрыс шешімге жеткізуі керек.
ТРИЗ тәсілдері мен сипаттамасы
Психологиялық инерцияның жаман әсерін жойып, балалардың шығармашылық есептерді шешуі үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады.
«Миға шабуыл» тәсілінің негізі- шығармашылық мақсатты қойып және ресурстарды іріктеп, керекті, нақты шешімді іздеп табу. Шығармашылық мақсаттар балалардың жасын, ерекшелігін ескеріп қойылуы қажет. «Миға шабуыл» тақырыптары мынадай болуы мүмкін:
Азық –түлікті тышқаннан қалай қорғауға болады?
Жаңбыр астында жаурап қалмау үшін не істеу керек?
Тышқандар мысық мұрнының астынан ірімшікті қалай алып қаша алады?
Өртті су болмай қалған жағдайда қалай өшіруге болады? «Миға шабуыл» әдісінің негізгі ережелері:
Сынды болдыртпау. Ойға сыймайтын, адам сенбейтін идеяларды мадақтау. Жауаптар мен ұсыныстар саны өте көп болу керек.
«Миға шабуыл» әдісінің нәтижелері міндетті түрде өнімді іс- әрекетте көрсетілуі керек. Мұғалім өзіндік есепті шешу жолдарын ұсынуы керек, бұл балаларды ойлауға ынталандырады, шығармашылық жұмысқа қызығушылық тудырады. Осы әдісті игеру кезінде балалардың жан-жағымен араласу қабілеттері дамиды: дау жүргізіп білу, бірін-бірі тыңдай білу, өз пікірін айту , сыннан қорықпай, басқалардың пікірін әдеп сақтап бағалау және т.б.
Бұл әдіс балаларды өзін-өзі талдауға үйретеді, шешім табу жолында шығармашылық белсенділіктерін арттырады, ынталандырады, өмірде шешімін таппайтын оқиғалар болмайтындығын түсіндіреді.
2.Синектика бұл басқа сөзбен айтқанда ұқсастық, үйлестік әдіс:
а) Жеке тұлғалы ұқсастық. Балаға проблемалық оқиғадағы құбылыс немесе зат ретінде өзін-өзі елестетуді ұсыну. Мысалы: Аяқ киімі қажап келе жатқан адамды бейнеле,
Өзіңді музыканы жақсы көретін жануар ретінде елестет, бірақ сен сөйлей алмайсың, ал өлең айқың келіп тұр.
б) тікелей ұқсастық. Өнер түрлерінің басқа аумақтарындағы ұқсас процестерді табуға негізделген (тік ұшақ пен инеліктің ұқсастығы, сүңгуір қайық пен балықтың ұқсастығы) Балалар ұқсастықты іздеп, техникалық және табиғи ұқсастығын зерттеп, кішкене жаңалықтар аша береді.
в) Қиял-ғажайып ұқсастығы. Қиындықты сиқырлы ертегінің ішінде жүргендей сезіну, яғни тұрғылықты заңдардың біреуін де елемей шешу (өз қуанышыңды бейнеле- мүмкін нұсқау: күн, гүл және т.б. Синектика әрқашан «Миға шабуыл» әдісімен бірге жүреді.
ТРИЗ ұраны: «Барлығын да айтуға болады». Әр баланың ойын тыңдау қажет. Бала өз пікірін айтып, соны дәлелдеп, мұғалімнің пікіріне қарсы дәлелді пікірлер айтып үйренуі керек. Балалардың пікірлерін тек жақсы жақтан бағалау керек: қызық, әдеттен тыс, тартымды, жақсы, жарайсың деген сөздер көп айтылуы керек. Сабақ өткізу қағидасы: оңайдан күрделіге қарай жай көшу. Г.С. Альтшуллердің сөзімен айтқанда «Әр бала дарынды, қабілетті болып келеді, бірақ оны жаңа жағдайға бейімделуге үйрету қажет».
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған. 1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні, кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады) Балалардың шығармашылығын дамыту жолында: -Сурет салу -Мүсіндеу -Жапсырма -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады. Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын: трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады. «Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет. Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып Бақ-бақ гүлін саламыз. Ал шөптерді салу үшін, тағы да тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады. Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын сеуіп оның үстіне керемет бейнелер жасауға болады. Алақанды бояуға батыру арқылы бастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады. Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады. Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады. Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп. Біріншіден бала жалығып кетпейді; Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. .
Шағын орталықтағы математика сабағында
Үстел үстінде дамыту ойыны «Кьюзенер таяқшалары». Балаларға осы таяқшалардан түрлі-түсті пойыз құрастыруды сұрау. Балалар пойызды құрастырып болғаннан кейін сұрақтар қою:
Пойыздың неше вагоны бар? (бес)
Көк вагон нешінші тұр? (үшінші)
Төртінші тұрған вагонның түсі қандай? (қызыл вагон)
Ақ пен көк вагондардың ортасында тұрған вагон нешінші?
(екінші)
Сары вагонның сол жағында қандай вагон тұр? (қызыл)
Қызыл вагонның оң жағында қандай вагон тұр? (сары)
Геометриялық пішіндерді бекіту сабағында «Үйшік» ойынын қолдануға болады:
Б: Тук-тук. Мен үшбұрышпын. Үйшікте кім тұрады? Мені кіргізесіз бе?
Ж: Әрине кіргіземін, егер маған шаршыға ұқсас жерің болса.
Б: Біздің бұрыштарымыз бар.
Б: Тук - тук. Мен шеңбермін. Мені кіргізесіздер ме?
Ж: Әрине кіргіземіз, егер бізге (шаршы, үшбұрыш) ұқсас жерің болса.
Б: Менің бұрыштарым жоқ. Бірақ мен домалай аламын. Біз геометриялық пішіндерміз.
Ескерту: Ойында әр түрлі пішіндерді алып жалғастыруға болады. ұқсас және қарама-қайшы жақтарын айтып балалар, ойынды түрлендіруге тәрбиеші ықпал етуі тиіс. Себебі ойынды жүргізетін тәрбиеші.
Осы ойынды қоршаған орта сабағында жүргізсек:
Б: Тук-тук. Мен қаламын, мені кіргізесіз бе?
Ж: Әрине кіргіземін, егер маған ауылға ұқсас жерің болса.
Б: Менде адамдар тұрады. Машиналар көп.
Б: Тук-тук. Мен үймін. Мені кіргізесіздер ме?
Ж: Әрине кіргіземіз, егер бізге (қала, ауыл) ұқсас жерің болса.
Б: Менде де адамдар тұрады. Менің ауламда балалар ойнайды, машиналар көп.
«Миға шабуыл» стратегиясын көп жағдайда қолдануға болады. Мысалы: «Жасырған нәрсені болжап білу» ойыны.
Ж: «Піл» деген сөзді жұмбақтайды.
Балалар мынадай сұрақтар кояды: Ол тірі зат па? Ол жануар ма? Ол үлкен бе? Ыстық жерлерде өмір сүреді ме? Бұл піл ме? Балалар жауабын тапқанша, жүргізуші тек «ия» немесе «жоқ» деген жауаптар беруі қажет. Ойлап табу, жаңалық ашу- бұл әрқашан мақсатты шешу болып табылады. ТРИЗ әдістемесін шығармашыл тұлғаның мектебі деп атауға болады, өйткені оның ұраны: «Шығармашылық барлық жерде!»: Материалды жеткізуде, сұрақ қою тәртібінде және сол сұраққа жауап табу тәсілінде. ТРИЗ мұғалімдердің педагогикалық ұстанымы- әрбір бала туылған уақыттан дарынды және кемеңгер, бірақ баланы қазіргі заманда дұрыс бағыт ұстап, аз әрекетпен барынша көп пайда көруге үйрету керек.
IV.Қорытынды
Шығармашылық – бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, өзіндік және даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі. Осы орайда шағын орталық тәрбиеленушілерінің оқу іс-әрекетінде ТРИЗ элементтерін ұтымды қолдану тәрбиешінің шеберлігіне байланысты.
ТРИЗ жүйесі бойынша жұмыс істеу біртіндеп жүзеге асырылуы керек.
ТРИЗ міндеттерін шешу үшін келесі жұмыс кезеңдерін атап өтуге болады.
І кезең мақсаты: баланы жан-жағындағы қайшылықтарды тауып, оларды ажырата білуге үйрету. Гүл мен ағаштың арасында қандай ортақ қасиет бар? Қағаз бен есіктің арасында қандай ортақ қасиеттер бар?
ІІ кезең мақсаты: балаларды қиялдауға, ойдан шығаруға үйрету. Мысалы жаңа қолайлы және әдемі орындық ойлап табу керек.
ІІІ кезең ТРИЗ дің арнайы амалдарын қолданып,әртүлі ертегілер ойлап табу. Сізді мыстан кемпір ұстап алып, жеп қоюға дайындалып жатыр. Сіз не істейсіз?
ІVкезең мақсаты. Бала үйренгенін қолданып, өзіндік пікірлер қолданып, өзіндік пікірлер құрып, дәстүрден тыс тәсілдерді кез-келген қиын жағдайлардан шыға алады.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға ықпал ете отырып, түйген ойым;
ТРИЗ балалардың елестету және ойлау қабілеттерін жетілдіреді.
ТРИЗ балаларға білімді қызықты және тартымды түрде жеткізуге, мықты меңгеруге және жүйелендіруге көмектеседі.
ТРИЗ балалар мен педагогты ойлануға, шығармашылықты көрсетуге ынталандырады.
ТРИЗ педагогикалық қарым- қатынасы негізінде жасалып, бала мен педагогтың ынтымақтастығын жолға қояды. Балалардың жетістікке жетуіне жағдай туғызады. Өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін пайдаланып, олардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын қолдайды.
Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетіп келеді.
Мен өзімнің баяндамамды қорытындылай келе «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» деген Чарльз Диккенстің сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз , өз қолымызбен , өз қиялымызбен жасай білейік.
V. Пайдаланылған әдебиеттер
Альтов Г.С. И тут появился изобретатель. – Балалар әдебиеті,
1984 ж. - 243 б.
Альтшуллер Г.С. Найти идею. Введение в теорию решения
изобретательских задач. - Новосибирск: Наука, 1991 ж. - 223 б.
Ардашева Н.И., Гуткович И.Я, Костракова И.М., Сидорчук Т.А. Истории
про... -Ульяновск, 1993ж. – 46б.
Григорович Л.А. Педагогические основы развития творческого мышления
на начальном этапе становления личности. Автореферат. 1996 ж.
Сидорчук Т.А. К вопросу об использовании элементов ТРИЗ в работе с
Сидорчук Т.А. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін ашу бағдарламасы. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиешілеріне арнаған әлістемелік құрал - Обнинск: ООО "Росток", 1998ж. -64 б.
Сидорчук Т.А. Технология обучения дошкольников умению решать
творческие задачи. -Ульяновск, 1996ж. -152б.
Страунинг А.М. "Росток". Программа по ТРИЗ-РТВ для детей