kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Серуен картотекасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ересек тобына арналған серуен өткізуге арналған серуен картокасы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Серуен картотекасы»

Күз

  1. Ауа райын бақылау

Бақылау

Табиғаттағы күзгі өзгерістер туралы балалардың білімдерін қалыптастыру. Қ ы р к ү й е к – күн қысқарды, күн көзі жаздағыға қарағанда төмендеді, ал ауа температурасы болса тәулік ішінде бірден өзгереді. Күндіз ауа райы жылы, кейде тіпті ыстық та, бірақ түндер салқынырақ болып барады. Қ а з а н – суық түсе бастады, бұлыңғыр күндер көбірек болып жиі жаңбыр жауатын болды, күшті жел соғатын болды. Ауа температурасы төмендеді. Күн бұрынғыдан да қысқарды. Қ а р а ш а – күндер қысқарды, күн көзі жоғары көтерілмейді, күндер бұрынғыдан да суытты. Аспан бұлыңғырланып, қар аралас жаңбыр жиі жауады. Ауа температурасы 00 -тен төмен болып, жер қата бастайды, тоғандарды мұз жабады. Балалардың байқағыштықтарын дамыту, сөз белсенділігін арттыру.

Көркем сөз Санай бер, Қарай бер, Бояуы – жүз, Келді күз

***

Жиып-теріп болатын, Қамбаға астық толатын Қызыл қырман ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Ырым Қыркүйек құрғақ та жылы болса, қыс кешірек түседі Жаз жаңбырлы, ал күз жылы болса, қыс ұзақ болады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Орамалмен ойнау»

Еңбектену әрекеті

Учаскені қоқыстан тазарту

Тырнауышпен, күрекпен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Еңбек нәтижесіне барлығы бірдей жауап беру. Еңбектегі ұжымдық сезімді қалыптастыру

Дидактикалық ойыдар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Сөздік ойын «Ауа райы туралы айтып бер»

Балаларды ауа райын сипаттайтын сөздерді тауып айтуға үйрету (жылы, ашық, құрғақ, желді, жаңбырлы, бұлтты т.б.)

Өзіндік іс-әрекет

Әр балаға өзін қызықтыратын іспен айналысуға мүмкіндік беру

  1. Желді бақылау

Бақылау

Балаларға желдің неліктен соғатынын түсіндіру. Жел – бұл ауа қозғалысы. Желдің күшін өсімдіктердің қозғалысына қарап анықтауды үйрету (күшті, әлсіз; әлсіз жел жапырақты ақырын тербетеді, түсіп жатқан жапырақты сәл ғана жылжытады; күшті жел – ірі бұтақтарды шайқалтады, ағаштардың жапырақтарын жұлады). Өлі табиғат құбылыстарына қызығушылығын тәрбиелеу, балалардың ақыл - ой, тіл белсенділігін дамыту

Көркем сөз Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел)

Жел де ауа кәдімгі, Жел дегенің тек бірақ. Ойға-қырға шапқылап, Байыз таппас ауа ғой. (М. Әлімбай)

Ырым

Жануарлар қай жағына жатса – сол жақтан жел соғады.

Егер түнге қарай жел күшейсе – ауа райы бұзылады



Қимыл- қозғалыс ойыны

«Жел мен жапырақшалар» Әр түрлі бағытта жүгіруді дамыту, белгі бойынша қимыл жасай білу.

Еңбектену әрекеті

Табиғат бұрышында өсімдіктерді өсіру үшін жер дайындау

Балаларды тапсырылған іске тыңғылықты қарауға үйрету. Жұмысты тату жасау, бір - біріне көмектесу

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау.

«Жел» сөзіне анықтама айт»

Заттардың сапасын білдіретін сөздердің қорын кеңейту

Т ә ж і р и б е. Шардың желін шығару.

Қ о р ы т ы н д ы. Жел дегеніміз – кейде қатты, кейде баяу горизонтальды бағытта қозғалып соғатын ауаның ағымы.



Өзіндік іс-әрекет

Қуанышты тыныш жағдайды тудыру және оны сақтауға көмектесу; ынталарын және өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу













  1. Күнді бақылау

Бақылау



Балалар назарын күзгі күн көзінің қалай шығатынына, қалай қыздыратынына аудару. Күннің қай уақытында күн көзі қатты қыздырады және неліктен? Күннің орны мен күздегі күн ұзақтығының арасындағы өзара байланысты айту (күн жоғары көтерілмейді, күндер қысқарып барады). Табиғатқа деген байқағыштығын, білуге құштарлығын, сүйіспеншілігін дамыту.

Көркем сөз

«Анамыздай мейірлі күн, Аймалайды шыңда тұрып».

Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық! Алақай, алақай! Күн шықты, күн шықты, Жер үстіне нұр шықты!

Ырым

Егер таңертең күн қызарып шықса, ауа райы бұзылады, жаңбыр және жел болуы мүмкін.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Бұлт пен күн»

Батылдыққа, қауіптіліктен құтылу мақсатындағы жұмылу қабілетіне тәрбиелеу, еркін дамыту

Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы еңбек. Гүлзарды солған өсімдіктерден тазарту

Балаларды қолынан келетін еңбекке араластыру. Ұйымшылдықпен жұмыс жасауға, бір - біріне кедергі жасамауға, ортақ тапсырманы орындауға үйрету. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

1-тапсырма «Күн жолын көрсет»

Балаларға шығыстан батысқа қарай күн жолын қолмен суреттеуге үйрету.

2-тапсырма «Күн таңертең, күндіз, кешке болған жерлерге тұр»

Кеңістікті бағдарлауға үйрету

Өзіндік іс-әрекет

Ынталарын, өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу.





















  1. Бұлтты бақылау





Бақылау

Балаларға бұлттар деген не екенін, олардың неліктен аспанда бірде ақырын, бірде тез жылжитынын түсіндіру. Ерте күзде аспан көбінесе көгілдір, таза болып аспанда бұлттар ақырын жүйткиді. Бұлттар қозғалысының жел күшімен байланысын айтуға үйрету.

Көркем сөз

Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып (Бұлт)

Ырым

Бұлттар төмен болса, жаңбыр жауады, күн суытады.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Біз көңілді балалармыз»

Балалардың қозғалыс белсенділігін, ойын тәртібін орындай білуін дамыту



Еңбектену әрекеті

Еңбек тапсырмалары

Өз өзіне қызмет ету; серуен соңында ойыншықтарды жинау. Еңбек ете алу қабілетін дамыту, үлкендерге көмек бергісі келетін тілегін тәрбиелеу



Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұлтты суретте»

Бұлтты суреттейтін сөздерді тауып айтуға үйрету

«Аспан денелерін ата»

Күн, Ай, жұлдыздар, планеталар – аспан денелері екендігі жайлы балалардың білімдерін бекіту



Өзіндік іс-әрекет

Балалардың ойындарын қызғылықты етіп ойнауларын ұйымдастыруға көмектесу





























  1. Жаңбырды бақылау

Бақылау

Балаларға жаңбырдың неден болатынын түсіндіру, жаңбырдың қандай түрлері болатыны туралы түсіндіру (жылы, суық). Жаңбырдан кейін күн салқындайтынын, шалшықтар ақырын кеуіп кетінін атап айту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді есте сақтауға үйрету.



Көркем сөз

Жау,жау, жаңбыр, Жау жаңбыр! Арық суы мол болсын! Өсімдіктер көп болсын! Жауған жерің шөп болсын!

Ырым

Шөпке қырау түссе, жаңбыр жауады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Төпешіктен төпешікке», «Дөңгелектен секіріп шық», «Кегляға тигіз» (верандада ойналатын ойындар)

Қос аяқпен секіруді, биік емес жерлерден секіруді үйретуді жалғастыру. Ойындарға спорттық құралдарын дайындауға үйрету.

Еңбектену әрекеті

Табиғи материалдардан қолдан жасалатын зат дайындау

Қарағай бүршіктерімен жұмыс жасап үйрету, балаларды бізді қоршаған табиғаттың әсемдігін көруге тәрбиелеу. Өз еңбегінен рахат алу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Тәжірибе. Будың суға айналуы

Құралдар: спирт, су құйылған колба, шыны

Суды қайнауға жеткізу, колба үстіне жабылған шыныда бу пайда болады. Суыған кезде бу бөлшектері су тамшыларын құрап суға тамады.

Өзіндік іс-әрекет

Ауа райын есепке ала отырып дәлізде ойналатын ойындарды, іс-әрекеттері өткізуге жағдай туғызу. Жақсы тәртіп әдеттерін қалыптастыру.





















  1. Жапырақтардың түсуін бақылау



Бақылау

Балалар назарын жапырақтардың қызыл, сары, алтын түсті, жасыл-сары болып жерге түсіп, жерді жылы көрпемен жауып жатқанына аударту. Жапырақтардың түсу себебін түсінуге, жапырақтардың бөліктерін атауға үйрету. Жапырақтар көп мөлшерде немесе аз мөлшерде түсетінін, бұл көрініс жел күшіне байланысты екенін атап айту. Табиғаттың бір құбылысының екінші бір құбылысымен өзара байланысын көруді үйрету; күзгі табиғат әсемдігін қабылдауға үйрету.

Көркем сөз Ой, алақай, тамаша, Ағайынды бәрі, Шашу шашты жапырақ. Шықса – жасыл, Бақтың іші алаша, Түссе – сары (жапырақ) Аунар ма еді жатып ап!

Ырым

Егер жапырақтар ағаштан түгел түспей бұтақтарында қалып қойса, қыс суық болады. Жапырақтар кеш түссе, қыс қатты және ұзақ болады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Асық, бірақ түсіріп алма»

Балаларды қолындағы жапырақшаны түсірмей жүгіре алуға жаттықтыру. Физикалық сапасын дамыту: шапшаңдық, ептілік.

Еңбектену әрекеті

Учаскедегі жапырақтарды жинау

Балаларды жұмысқа белсенді қатысуға үйрету, жапырақтарды тырнауышпен тырнап, тасығышпен бір жерге жинастыру. Еңбексүйгіштікке, өз бетінше жұмыс жасай алуға үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Аяқ астындағы жапырақтар қалай сыбдырлайтынын тыңдау»

Табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға, тыңдай білуге, түйін жасауға үйрету.

«Жапыраққа қарап ағашты таны»

Балаларды жапырақтың қай ағаштан түскенін анықтауға үйрету. Ойын ережесін сақтау (белгі берілгеннен кейін ғана жапырақ қай ағаштан болса, сол ағашқа жүгіріп бару).

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың тұрақты бірлестіктерін нығайтуға көмектесу. Ынталарын, өз бетінше жұмыс жасай алатындығын көтермелеу.







  1. Тұманды бақылау



Бақылау

Балаларға неліктен тұман болатындығын түсіндіру. Тұман қалай пайда болатынын, қашан болатынын, қандай пайда келтіретінін еске түсіру. Екеуі де ұсақ, кішкене су тамшыларынан тұратындықтан бұлттар мен тұман – егіздер. Тұман қалың болғанда айналадағы заттар көрінбейді. Тұман әсіресе, таңертеңгі мезгілде, жер қатты суық болған кезде қалың болады.

Қоршаған әлем жайлы балалардың білімін кеңейту. Ойлау операцияларын, таным қызығушылығын дамыту.

Көркем сөз

Қаратаудың басында Киік кетіп барады. Қол-аяғы бауырына Тиіп кетіп барады. (Тұман)

Ырым

Егер тұман күн сәулесімен тез тарап кетсе, ауа райы тұрақты жылы болады.

Қыркүйекте таңертеңгі тұман болса, жылы болады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Тышқан аулау»

Шапшаңдығын, ептілігін, батылдығын дамыту

Еңбектену әрекеті

Табиғат бұрышына әдемі жапырақтардан гүл шоғын жинау

Табиғаттың әсемдігін көруге, оны сақтауға тырысуға тәрбиелеу

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Тұманды анықта»

Иллюстрациялар бойынша тұманның қандай екендігін (қалың, әлсіз) тануға үйрету.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың өз бетінше ойын үшін тақырыпты таңдай алуын дамыту.

























  1. Шықты бақылау

Бақылау



Күзде шықтың жиі түсетінін, оның барлық жерлерде күмістей болып жарқырап жататынын атап айту. Күзде неліктен таңғы мезгілде шық мол түсетінін және ақырындап жоғалып кететінін, ал кей кезде күні бойы сақталатынын балалармен бірге еске түсіру. Табиғат құбылыстарының өзара байланысын көрсету: күн шықты – шық жоғалды. Балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Көркем сөз

Күзде болар, Қыста жоқ. Таңертең бар, Кешке жоқ. Кеш түгілі, Түсте жоқ. (Шық)

Ырым

Шық мол түссе, күн ашық болады.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Шықты баспа»

Ептілігін, аңғарымпаздығын дамыту

«Ыстық – суық»

Кеңістікті бағдарлай алуын, жедел қимылдай алуын дамыту.

Еңбектену әрекеті

Поделка жасау үшін табиғи материалдарды жинау.

Қолдан зат жасауға қажетті табиғи материалдарды жинауға үйрету. Балаларды ұжымдық іс-әрекетке шақыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Шық тамшыларын жапырақтардан тауып алу»

Көлеңке жерлерден және тура күн сәулесі түсіп тұрған жерлерден шықты тауып алу.

Қорытынды. Күн көзінде шық тамшылары тез буланып кетеді.

Өзіндік іс-әрекет

Қатарластарымен 2-3 рөлден тұратын бірге ойналатын ойындарда бірігіп ойнай алуларын жетілдіру, рөлдерді бөлісе алуларын, ойын қимылдарын орындай алуларын, ойын мазмұнына сәйкес іс-әрекет жасай алуларын жетілдіру.















  1. Аспанды бақылау

Бақылау

Балалар назарын ашық, ашық сұр аспанға аударту, ол аспанды жиі бұлыңғыр, сұр бұлттар басып, жиі суық жаңбыр құятынын айту. Табиғаттың күзгі құбылыстары жайлы балалардың ұғымдарын кеңейту. Байқағыштығын, аңғарымпаздығын, салыстыра алуын дамыту. Балалардың сөздік қорын белсенді ету және байыту.



Көркем сөз

Тең, тең,тең киіз, Екі ортасы кең киіз. (Аспан, Жер)

Ырым

Аспанды бұлттар басса, ауа райының бүлінуі ұзаққа созылады

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Ұшақтар»

Әр түрлі бағытта жүгіре алуларын дамыту (балалар алаңда жұмыс істеп тұрған мотор сияқты бір-бірін қанаттарымен қақпауға тырысып жүгіреді), белгі бойынша («Маторды қос!», «Отырғызу басталды!») қимыл жасай алуға үйрету.

Еңбектену әрекеті

Тәрбиешімен бірге құрғақ жапырақтарды жинау

Учаскедегі құрғақ жапырақтарды жинау, оларды шаруашылық аулаға шығару.

Құралдарды қолдана алу дағдыларын дамыту. Біріге еңбектене алуға тәрбиелеу. Жолдастарына көмек көрсету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұлтты күні, ашық күні аспан қандай болатынын айт»

Түрлі ауа райындағы аспанды суреттей алуын бекіту. Балалардың сөздік қорын байыту.

Өзіндік іс-әрекет

Үлкендердің азғана көмегімен балалардың ойынға ыңғайлы жерді таңдай білуін, ойын жағдайын ұйымдастыра алуын қалыптастыру. Ойында құмдағы құрылыстарды пайдалана білуін дамыту.



























  1. Күзгі өрмектің ұшуын бақылау



Бақылау

Жәндіктердің қоршаған ортаға бейімделуі туралы нақты ұғымдар беру. Ерте күзде көптеген өрмектің ұшуын көруге болады. Желсіз ашық күндері бұталарға, шөптерге, шарбақтарға ілінген өрмек жіпшелерінен олардың жас қожайындары – кішкене өрмекшілерді көреміз. Өрмекші ұшуға дайындалғанын түсіндіру, өрмекші сабақтың басына шығады да қарнын оған қысады, өрмек сүйелшелерінен жіңішке өрмек шығады, ал оны жылы ауа жоғары көтеріп алып кетеді. Өрмекші ауада жіппен қозғалып, оны жоғары көтереді, төмен түсіреді. Өрмекшілер осылайша қоныстанады.

Көркем сөз

Жұмбақ: Шидиген ұзын сирағы, Тастай керең құлағы. Сөйтіп жүріп көп жерге, Аспалы торлар құрады. (өрмекші)

Жаңылтпаш: Шын еңбекші – өрмекші. Өрмекші – шын өрнекші (М. Әлімбаев)

Ырым

Кемпір күздің бірінші күні ашық болса, күз жылы болады.

Қимыл- қозғалыс ойыны «Секіріп түс те, бұрыл» «Хоп!» деген белгі бойынша тез қимыл жасай алуын дамыту, жоғарыға секіруді орындай алуға үйрету. Кеңістікті бағдарлай алуын бекіту (жүргізушінің көрсеткен жағына бұрылу)

Еңбектену әрекеті

Ағаштардың түбін қопсыту Балаларды жұмысқа қажетті құралдарды дайындай алуға үйрету. Ортақ пайда үшін еңбектенуге, жолдасына көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Ерте күз белгілерін ата»

Ерте күз туралы балалардың білімдерін байыту және жүйелеу.

Т ә ж і р и б е. Көбелек құртын өрмектен шығару

Өрмекпен жабысып қалған жапырақтарды банкаға салып топқа әкелу.

Қ о р ы т ы н д ы. Көктемде коконнан ағаш жапырақтарын жейтін көбелек құрты шығады.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасай алуын жетілдіру, қатарластарының іс-әрекеттеріне өз пікірлерін білдіру, өз іс-әрекеттері мен қылықтарын негіздеу.













  1. Топырақты бақылау.



Бақылау



Балалар назарын аяқ астына, жерге аудару. Құрғақ жылы күні топырақ жылы болады, қолға алсаң шашылғыш, түсі ашық сұр болады. Жаңбырлы күні ол қара түсті, тығыз, ылғалды болады. Алғашқы суық түсісімен топырақ тас сияқты болып қатып қалады.

Балаларды топырақтың ауа райына байланысты өзгеретінін көруге үйрету. Ойлай алуын, талқылай алуын, дәлелдей алуын дамыту; туған жерге ұқыптылық қатынасын тәрбиелеу.

Көркем сөз

«Қарашы күз келді, күз келді, Сары алтын жауыпты іздерді»

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Арқан тарту»

Балалардың физикалық және моральдық еркін, достық қарым-қатынасын дамыту.

Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы жұмыс (тәрбиешімен бірге)

Күзгі жерді қопсытуға қатыстыру. Еңбек етуге дұрыс көзқарасын тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Т ә ж і р и б е. Ауа райы жылы болғанда топырақты қолмен ұстап көру

Қ о р ы т ы н д ы. Топырақ жылы, оны күн қыздырды

«Қатені тап»

Жылдың әр мезгіліндегі топырақтың жағдайы жайлы балалардың не білетіндігін анықтау.

Өзіндік іс-әрекет

Балалар ойындарының тақырыбы мен мазмұнын дамыту және байыту. Өз ойын дәлелдей алуын жетілдіру; қатарластарының ұсыныстарымен, рөлді, ойыншықтарды, міндеттерді бөлісу бойынша оның іс-әрекеттерімен келіспеушілігін сыпайы формада білдіре алуын дамыту.



































  1. Алғашқы суық түскенін бақылау

Бақылау

Жерге алғашқы қыраудың түсуі – күз белгісі екеніне балалардың көңілін аудару. Таңертеңгілік жер, үй шатырлары күмістей аппақ болады. Күн суытып аяз күшіне ене бастады. Өзендер мен көлдердің бетіне мұз қатты. Мұз үстімен жүруге болатындай көрінеді, бірақ мұздың үстін аяқпен басқан сәтте - ақ ойылып ішіне түсіп кетеді.



Көркем сөз

Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан, Күз болып дымқыл тұман жерді басқан. (А. Құнанбаев)

Ырым

Қазанда жер жабылады, кей жер жапырақпен, кей жер қармен Сары шымшық ысқырса – шынымен күз болғаны

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Пішінді жаса»

Шапшаңдыққа, ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Еңбектену әрекеті

Қажетінше

Учаскедегі ұқыпсыздық жағдайды көре алуға және тәртіпке келтіруге үйрету.



Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Кім қызық ат тауып атайды»

Шығармашылық қиялын, тілін дамыту. Біреуі сын есім болып тұратын екі зат есімнен құралған жаңа сөздерді құрастыру (су, мұз – мұзды су; аяз, күз – аязды күз)

Өзіндік іс-әрекет

Ойын түрін таңдауда өз бетінше әрекет жасауын, бастама жасауын дамыту.



































  1. Тоғанды бақылау

Бақылау

Балаларға тоғанның күзгі жағдайы туралы, өсімдіктер мен жануарлардың өміріндегі күзгі өзгерістерді болдыратын себептер жайлы түсініктер беру.Тоғанның күзгі және жазғы жағдайын салыстыру; суда болатын тіршілік иелерін атау. Байқағыштығын дамыту. Туған табиғаттың әсемдігіне сүйсіне білуге тәрбиелеу. Өзендегі су суық екенін, су өсімдіктері өзен түбіне кеткенін, бақалардың көрінбейтіндігін айтып өту. Кей кезде ғана тегіс су бетінде көпіршіктер көрініп қалады. Бұл кішкене аш балықтар олар суға шегіртке, әлде маса қона ма деп күтіп жүр.



Көркем сөз

Суда оның өмірі, суда оның қорегі. Ол не? (балық)

«Тоңбайын деді де Көл мұздан тон киді»

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Кішкене балықтар мен шортан»

Қимыл - қозғалыс белсенділігіне, белгі бойынша шапшаң қимыл жасауға үйрету. Ұжымда өзара дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыру.



Еңбектену әрекеті

Табиғат бұрышындағы құстарды қыста қоректендіру үшін құм салып алу

Бастаған ісін аяқтауға үйрету. Айналадағыларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу.



Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Жұмбақты шеш» (суда мекен етушілер)

Балаларды жұмбақтарды шешуге үйрету. Логикалық ойлауын дамыту (балықтар, өзен, шаян, бақа, ұлу, үйрек туралы жұмбақтар)

Т ә ж і р и б е. Ұлғайтқыш шыныдан құмды қарау.

Қ о р ы т ы н д ы. Құм еш затпен бір - бірімен өзара байланыспаған ұсақ және ірі құмшалардан тұрады.

Өзіндік іс-әрекет

Ойындарды құрудағы және жүзеге асырудағы белсенділігін тәрбиелеу.





















  1. Шалшықтарды бақылау

Бақылау

Балалар назарын таңертеңгілік шалшықтардың бетін мұз жабатынына аударту. Осы жағдайда судың қандай күйде екенін еске түсіру (қатты). Мұздың қасиетін анықтау (суық, сусымалы, мөлдір, жылы болса ериді). Табиғат құбылыстарының өзара байланысын көрсету: түнде аяз болды, шалшықтардағы сулар қатты, күндіз күн жылынды – мұз еріді. Танымдық қызығушылықтарын дамыту, тұрақты көңіл қоюын, байқағыштығын тәрбиелеу.

Көркем сөз

Аспандағы көлеңке жерге суын шашады (бұлт пен жаңбыр)

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Аяқтарыңды сулап алма»

Балаларды алға қарай тақтайшадан тақтайшаға ептілікпен секіріп үйренуге жаттықтыру. Балалардың тез қарқында қимыл жасай алуына қол жеткізу.

Еңбектену әрекеті

Қажетінше (табиғат бұрышындағы гүлдерді суару)

Өсімдіктерге жүйелі күтім жасау дағдыларына тәрбиелеу. Өз еңбегінің қажеттілігін сезіндіру. Еңбек дағдыларын дамыту.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар

«Кім табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтарды көп біледі»

Өлі табиғат құбылыстары туралы балалардың білімдерін бекіту, жұмбақтарды еске сақтауға үйрету.

Өзіндік іс-әрекет

Балаларға ойынға қатысушы сыңарларының қимылдарын өз қимылдарымен үйлестіре алуға үйретуді одан әрі дамыту.



































  1. Көбелектерді бақылау

Бақылау



Көбелектердің сыртқы тұрпаты, қозғалыс тәсілі, қоректенуі жайлы балалардың білімдерін бекіту. Жазда көбелектердің көп болатынын еске түсіру. Олардың енді аз қалғанын атап өту. Неліктен? (Ауа температурасы төмендейді – жәндіктер тығылады). Балаларды жәндіктерге зиян келтірмеуге үйрету, сонымен қатар жердегі барлық тіршілік иелерінің әсемдігін көріп қуана білуге үйрету.

Көркем сөз

Көбелек - ау, көбелек, Әдемісің керемет. Гүлге барып қона ғой, Өзің де гүл бола ғой

***

Ай, көбелек, көбелек, Қанатың неге дөңгелек?

Ырым

Егер ашық күні көбелек желсіз жерге тығылуға тырысса, бірнеше күннен кейін найзағай болады. Егер ірі көбелектер гүлдерге қонбаса, күн ашық болады; қонса – жаңбыр болады. Түнгі көбелек үйге кіріп кетсе, күшті жел тұрады.

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Күн мен түн» (түнгі және күндізгі көбелектер)

Белгі бойынша қимылдай алуын дамыту, көбелектердің қимылдау тәсілін келтіре алу; ойын ережесін орындау.



Еңбектену әрекеті

Гүлзардағы гүл тұқымдарын жинау

Ең ірі, ашық, әдемі гүлдердің тұқымын жинау, стақанға (қорапшаларға) салып, сыртын жазып қою (өсімдіктер атаулары, гүлдің түсі, тұқымның жиналған орны және мерзімі). Ынтасын, ұжымда еңбек ете алуын көтермелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Егер сен көбелек болсаң»

Қиялын, есін дамыту, қорғансыз кішкене жәндіктің көзімен әлемді көре алғызу; көбелекті қорғау талабын, оларға сүйсіне қарауын қалыптастыру; сөйлеу мәнерін дамыту.

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың өз бетінше ұжымын дамыту негізі ретінде қарым - қатынастары дұрыс формадағы топшаларды қолдану. Өте белсенді балалар өз жолдастарының бастамаларын басып тастамауын, момындарға көмектесуін, ұяңдарды ойынға араластыруын бақылау.

  1. Гүлзардағы гүлдерді бақылау (астра, ирис,календула, космея, георгина)

Бақылау

Гүл атауларын есте сақтату. Балалар назарын гүлдердің көбісінің гүлдеп болғанына аудару. Жазда қандай гүлдер гүлдегенін, олардың қаншалықты көп болғандығын еске түсіру (астра, ирис,календула, космея, георгина). Гүлдер азайып жатыр, ал жемістер саны көбейіп жатыр. Балаларға арыстанның есінеуі (львиный зев), ақкекіре (астра), настурция сияқты өсімдіктердің тек бір жаз ғана өсетінін және гүлдейтінін түсіндіру – оларды біржылдық өсімдіктер дейді. Басқа өсімдіктер көпжылдық – ирис, алтын шар (золотой шар), лилия; олардың тамырлары топырақта қыстайды. Эстетикалық талғамын, байқағыштығын қалыптастыру. Өсімдіктерді күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Көркем сөз

«Гүлдер, гүлдер, гүлдерім, Қандай әсем түрлерің»

Ырым

Егер гүл таңертең ашылса күн ашық болады, түстен кейін ашылса – жаңбыр болады Астра – «астер», аудармасы «жұлдыз». Гүл жұлдызды еске түсіреді. Георгин – гүл өсіруші Георгиннің құрметіне аталған

Қимыл- қозғалыс ойыны

«Өз сыңарыңды қуып жет»

Белгі бойынша жүгіргенде өз сыңарын таба алуға үйрету. Алаңның бір жағынан екінші жағына қозғалу. Ережелер бойынша ойнай білулерін бекіту.

Еңбектену әрекеті

Кейбір өсімдіктерді тірі табиғат бұрышында бақылау мақсатында күршектерге қайта отырғызу Тәрбиешіге көмек көрсету үшін берілген тапсырмаларды дұрыс орындауға дағдыландыру. Бірге еңбек ете алуға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Суреттеу бойынша гүлді тап» Гүлді сыртқы түрінің, сабағының ұзындығының, гүлінің түсі мен формасының суреттелуі бойынша гүлдердің арасынан таба алуға үйрету.

Өзіндік іс-әрекет

Құммен ойнау Құмның қасиеті туралы білімдерін бекіту (сусымалы, ылғалды, жабысқақ). Құрастыра алушылығын дамыту. Біріккен іс - әрекетте тәртіп ережелері мен нормаларының белсенді қолданылуына мүмкіндік туғызу.





17. Құмырысқаларды бақылау

Бақылау

Құмырсқалардың тіршілік ету әрекеті, мекен ететін жерлері, өзара қарым-қатынастары туралы оқушылардың білімдерін анықтау, құмырысқалардың бір уақыттары азайып қалатынына көңіл аудару, олар жылуды сақтау үшін илеулеріне терең бойлай тығылады да кірер бетін жауып алады. Сонымен қатар, күзде олар ұзақ мезгіл – қысқа дайындалатынын жете түсіндіру.

Көркем сөз Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай (Құмырсқа)

Ырым

Егер де құмырсқалар илеулерінің көлемін әдеттегіден үлкен етіп жасаса – қыстың аяз болатынын білдіреді.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Батыл, еңбекқор құмырсқалар»

Өз қалаулары бойынша балаларды сары және қара түсті ұшатын немесе бауырымен жорғалаушы құмырсқалар деп ойнаушылар құрамына бөліп, тез тасымалдау, құру және т.б. ойын түрлерін өткізу.

Еңбектену әрекеті

Балалар еңбекқор құмырсқаларды бейнелейді:

Аула мен дәлізді тазалайды. Сыпырғышты дұрыс қолдануға дағдыландыру, еңбектенуге тәрбиелеу. Бұл еңбектің қажеттілігін түсіндіру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Айырмашылығы мен ұқсастығын тап»

Жәндіктердің басты белгілерін анықтау, салыстыру қабілеттерін дамыту (құмырсқа, көбелек).

Өзіндік іс-әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен араласу қабілеттерін іске асыру, өз әрекеттерін айтуға, ойларын білдіруге үйрету, құрбысының ұсынысына келіспеушілік танытуда әсіресе, рольдерді, ойыншықтарды, міндеттерді бөлген кезде өз ойларын дәлелмен жеткізуге дағдыландыру.











18. Кіші топтағы балалардың ойындарын бақылау

Бақылау

Ересек топтың балаларын кіші жастағы балалармен араласа білуге үйрету, олардың ісіне, ойындарына қызығушылық таныту. Балаларға балабақшада жас ерекшеліктері бойынша олардан да кіші жастағы балалар бар екенін айту, ескерту. Кішкентай бүлдіршіндердің жоғары топтағы балаларға қарағанда аз білетінін, оларға көмектесу керек екенін түсіндіру.

Көркем сөз

«Кішкентаймыз әлі біз, Бірге ойнаймыз бәріміз»

«Карусель»

Кіші және ересек жастағы балаларды бір-бірімен жақындасуға үйрету. Баяу және жылдам жүгіруге, сөзді қозғалыспен байланыстыруда білімдерін арттыру.

Еңбектену әрекеті

Балаларға ауланы қураған жапырақтардан тазартуға көмектесу

Балаларға көмек көрсете білуге тәрбиелеу; балалармен бірге еңбектену, ересек балалар тырмалармен жапырақтарды үйеді. Бүлдіршіндер жапырақтарды шелекке жинайды.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Еркелетіп атау»

Балаларды бір-бірінің аттарын еркелетіп атауға үйрету, бір-біріне деген сүйіспеншілік қарым-қатынастарын қалыптастыру.

Өзіндік іс-әрекет

Бүлдіршіндер мен балалардың бірігіп ойнауы

Балаларды бір-біріне қайырымдылық жасауға, ойындарға белсенді қатысуға, бір-біріне көмектесуге, мейірімді бола білуге, жанжалдаспауға тәрбиелеу. Балаларды ойын тақырыптарын өз бетінше таңдай білуге, тәжірибелер негізінде сюжеттерді дамытуға, қоршаған орталардың жағымды тұстарынан мысал келтіруге, сонымен қатар көркем шығармаларды оқытудағы алған білімдерін қорыту.















19. Бақшада өнім жинауды бақылау

Бақылау

Қыркүйек айында бақшадағы көкөністерді жинау қажет, әйтпесе олар үсіп кетуі мүмкін. Балалармен өнімді жинағанға дейін бақшаны қарап шығу. Балалар түптерді қарай отырып, қазылмаған көкөніс орындарын біледі. Балаларға өнімнің мол екендігін айтып, жаз бойғы еңбектерінің зая кетпегенін баяндау (суару, жерді қопсыту). Көкөніс өте бітік (жақсы) шыққан; өнім күтімге байланысты болады. Кейбір көкөністердің (қияр, қызанақ, кәді) суық түскенше жиналатынын түсіндіру. Көкөніс атауларын, пішінін, дәмін, түсін, иісін ажырата білуге үйрету. Көкөністердің піскенін ажырата білуге көңіл аудару.

Көркем сөз

Сентябрь – Қыркүйек, Көкөніс жүрміз теріп.

***

Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға Шақырады біздерді

Мақал-мәтелдер

Не ексең, соны орасың. Қыстың қамын жазда ойла.

Ырым

Егер көкөністердің қабығы жұқа болса – қыс жылы, қалың және қатты болса – аязды болады.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Бағбаншылар»

Жүгіріп жарыса отырып (топтарға бөліну), тапсырманы орындау (көкөніс дақылдарын жинау). Тапсырманы дұрыс және бірінші болып орындағандар жеңімпаз атанады, ойынның аяқталуы бойынша әр топтағы балалар құрамын санау.

Еңбектену әрекеті

Бақшадағы өнімді жинау

Сәбіз бен қызанақты ұқыпты қазып алу, қазылған көкөністерді жәшіктер мен себеттерге салу, сабақтарын бір жерге үю. Балаларды тату жұмыс жасай білуге, бір-біріне кедергі келтірмеуге, ортақ істі бірлесіп аяқтауға дағдыландыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Көкөністерге қажетті сөздерді тап»

Көкөністерге қатысты қажетті сөздерді таңда: байланыстыра сөйлей білу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

«Үсті-асты»

Сабағына тамырын сәйкес теруге үйрету.

Өзіндік іс-әрекет

Балаларды ойын таңдай білуге, рольді бөлісуге қозғау салу; бастапқы пәндік-кеңістік оқиғасын ойын тобында 3-4 адамнан ұйымдастыру.

20. Құстарды бақылау (қараторғай, қара қарға, қаратамақ, қаз, үйректің ұшып кетуі)

Бақылау

Балалар бойында құстардың күз айында өмір сүру мәндерін өзгертетіні туралы ой қалыптастыру, ауа-райындағы өзгерістермен байланыстыру, балаларды өсімдіктер мен құстардың тіршілік ету әрекетіндегі өзгерістерді бақылауға үйрету, жәндіктердің болмауы, олар қоректенетін құстардың ұшып кетуі жайында әңгімелеу, балалар бойында құстарды өз қамқорлығына алу жайлы түсінік қалыптастыру.

Көркем сөз

«Қанатын қағып қаздар да, Көкпенен жүзіп өткен-ді»

Ырымдар

Қаз ұшса – жақында қар түседі.

Қараторғай ұзаққа ұшпаса – күз құрғақ болады.

Қаздар ұшса, қыстың жақындағаны.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Құстардың ұшып кетуі»

Балалардың тірек-қимыл белсенділіктерін іске асыру, сәйкес дыбыстар арқылы әрекеттер жасау және қимылдарға сөздер үйлестіру.

Еңбектену әрекеті

Бақшада түбірлерді қазу

Балаларды еңбектенуге тәрбиелеу, күректі қолдана отырып, сол аяқтың көмегімен жер түптерін қазу, жерді күрек сабының бойындай қазу. Қазылған құмды бір жағына үю. Күрекпен және тырмамен жұмыс жасай білуге үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Жыл құстарын атау (доппен ойын)

Допты лақтыру әдісі арқылы жыл құстарын тез атау.

Өзіндік әрекет

Балаларды өз рольдері мен серіктестерінің рольдерін есте сақтауға оқыту, ойын барысын толық орындауға және 1 сюжетте 2-3 рөл сомдауға үйрету; қарым-қатынас ережесін білу – бағыну, теңдік, басқару.

21. Торғай, сауысқан, бозторғай, сары шымшықтардың үйлерге келіп қонуын бақылау

Бақылау

Салқын біліне бастағанда құстар үйлерді паналайды. Олар адамдарға қор іздеп келеді. Құстың сыртқы түрі мен оның қоректенуіне, қозғалыстары мен өмір сүру қарекетіне көңіл аудару. Балалар бойында құстарға деген, сондай-ақ достарына, табиғатқа деген қамқорлық қасиеттерін ояту.

Көркем сөз

Торғай отыр томпиып, Құйрықтары шолтиып. Сауысқаның сақ отыр, Сары шымшық тағы отыр

Ырымдар

Сары шымшық үйге ұшып қонса – қыс мезгілінің жақындағаны.

Торғайлар орыннан орынға ұша берсе көп ұзамай жел тұрады.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Аққулар мен қаздар»

Балалардың тірек-қимыл әрекеттері мен сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Еңбектену әрекеті

Құстарға арналған азық дайындау

Балалармен бірге құстарға азық жинау (шұңқыр түбі, орындар). Азықтарды нығыздап байлау, жүктелген жұмысқа жауапкершілікпен қарау.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар.

«Сипаттауына қарап құсты анықта»

Балаларға түрлі құстарды салу арқылы жаттығу жасату, суреттеп бейнелеуден оларды бірден табу. Өзара сөйлесу дағдыларын дамыту.

Өзіндік әрекет

Ойын барысында балаларды достық, ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті мен ережелеріне үйрету.







22. Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек, шырша, шетен ағашы, қарағаш)

Бақылау

Балаларға аулада өсіп тұрған ағаштарды айыра білге үйрету. Күз айында ағаштардың қандай өзгерістерге ұшырайтынын баяндау. Себебін сұрау? Жапырақты және қылқанды ағаштар туралы түсіндіру. Балаларға ағаштарды күтуге, олардан табиғат сұлулығының көркін сезінуге тәрбиелеу.

Көркем сөз Көше бойы аралас, Қаптап өскен қарағаш. Жемісі жоқ болса да, Саясы көп дара ағаш (А. Шаяхметов)

Өсіп тұрған бұл не? Жаз болса жайнап. Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. Салқын түссе шешіліп, Қалады өзі жайрап. (Ағаш)

Ырымдар

Егер де қайың ағашының жапырақтары жоғарыдан бастап сарғайса күз ерте түседі, ал төменнен болса – кеш түседі.

Шетен ағашының жемісі көп болса – жаз жаңбырлы және қыс қатты болады, аз болса –күз құрғақ болады.

Қимыл - қозғалыс ойыны

«Аталған ағашқа жүгіру»

Сыртқы көріністері ұқсас бола тұрса да ағаштардың айырмашылығын табу, қандай ағаш аталды, және сәйкес келсе «бір, екі, үш – жүгіреміз біз!» деп дабылмен жүгіру.

Еңбектену әрекеті

Құстарды қыста тамақтандыру үшін ағаш дәндері мен талдарын жинау

Балаларды жұмыс жасай білуге үйрету, ол еңбектің мәнін түсіндіру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар.

Тәжірибе жасау. Түрлі ағаштардың жапырақтарын қарау, ұстау, көру арқылы ағаш жапырақтарының кедір-бұдыр ма әлде тегіс пе екенін анықтау.

Түйін. Ағаштардың жапырақтары әр түрлі.

Өзіндік әрекет

Ойынды ұйымдастыру кезеңінде (бастапқы және ойын барысында) балаларға роль таңдаудың, біреуге көмек жасау, қамқорлық көрсету, қиындықтан құтқару, тосқауыл болудың мәнін түсіндіру.

23. Тал ағаштарды бақылау (жұпаргүл, мойыл, итмұрын, шетен ағашы)

Бақылау

Түрлі тал ағаштарын және олардың атауларын ажырата білуге үйрету. Олардың бұтақтарының түстеріне көңіл аудару, мысалға жұпаргүл күз айында да өз бояуын жоғалтпайды. Шетен ағашы мен итмұрынның жемісін қарау. Оның әсіресе қыс айында өте пайдалы екенін жете айту, оның бойында дәрумендер көп. Сырттай бақылап қана емес, сондай-ақ табиғат көрінісін де тамашалау.

Көркем сөз

Айнала тал-терек, Желпиді желегін. (К. Сүлейменов)

Жұмбақтар

Итмұрын – өсімдіктің тікенегіне байланысты аталған. Жемісін жұлып алсаң, тікені қолыңа кіреді.

Шетен ағашы – онан көз ашиды, жапырақтары өткір, шұбар келген.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Соқыртеке»

Байлаулы көздерімен түрлі бағыттарда қозғала білуге үйрету. Ойын ережесін орындау (біреуді ұстап алу, ұсталған соқыртеке болады; соқыртеке шекарадан шығып кетпес үшін «от» деген сөзбен ескертеді). Кеңістікте бағдарын табуға үйрету.

Еңбектену әрекеті

Бұтақтар түбін қазу

Еңбектенуге үйрету, еңбек дағдысын қалыптастыру. Ұқыпты жасай білуге, достарына колғабыс ете білуге тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар.

«Шатастырушы»

Ағаш бұталарының тұқымын салыстыруға үйрету, қандай бұтадан алынғанын айыра білу (тәрбиеші бұтақтар мен жапырақтардың орнын ауыстырып, балаларды шатастырады).

Өзіндік әрекет

Бірлескен ойындарда өздерінің қимыл-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау, ойын мақсатын жете түсіну.









24. Шөптерді бақылау (қалақай, қымыздық, жұмыршақ, алау, бетеге)

Бақылау

Балаларға салқын түскен соң шөптердің солатынын түсіндіру; біржылдық өсімдіктердің сабақтары мен түбірлері қурап қалады, тек келесі жылға ұрықтандыратын тұқымы қалады. Көпжылдық өсімдіктер жер бетінде қурайды, өмірлері жер астында сақталады, түбірінде, түйнектерінде, бастарында. Өсімдіктердің құрылыстары туралы білімдерін бекіту.

Көркем сөз

Дала кілемі. Ол не? (Шөп, өсімдіктер)

Ырым

Егер де қурай биік өссе – қыс қарлы болады.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Тақия тастамақ» (қазақтың ұлттық ойыны)

Тәрбиешінің дабылы бойынша дөңгелене отыру, жетекшіден оза отырып, дөңгелекпен айнала жүгіру (бірінші болып орнында тұру). Қимыл-қозғалысын дамыту: жылдамдыққа, күштілікке, ептілікке үйрету.

Еңбектену әрекеті

Құстарды қыста азықпен қамтамасыз ету үшін жұмыршақ, жолжелкен, алабота, қымыздық, түйе ошаған тұқымдарын жинау

Тұқымдарды қапшыққа жинауды үйрету. Құстарға қысқы азықтарын молынан, ұқыпты етіп жинау.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Өсімдік бөлімдерін ата»

Өсімдіктерді тануға және бөлімдерін атауға үйрету (сабақ, жапырақ, түбір, гүлі, жемісі).

Өзіндік әрекет

Балаларды таңдалған тақырыпқа, ойын сюжетіне сәйкес, ұсынылған материалдың алуан түрлілігіне байланысты ойынды таңдай білуге, ойыншықтармен, басқа да заттармен алмасуға, құрастыруға үйрету; оқушылардың өздері жасаған ойыншықтарын қолдана білуге дағдыландыру.













25. Аула тазалаушының еңбегін бақылау

Бақылау

Балалар назарын балабақша ауласының тазалығына аудару. Балабақша тазалығы аула тазартушының міндетінде. Күзде жерге жапырақтар көп түседі, аула тазартушы айналаны жиі түскен жапырақ қалдықтарынан тазартуы қажет.

Аула тазалаушының ауланы қандай құралдарды (сыпырғыш, күрек, қоқысқа арналған контейнер) пайдаланып тазалайтынын бақылау. Балаларды аула тазалаушының жұмысын жеңілдету үшін балабақша ауласын таза ұстауға көңілдерін аудару.

Көркем сөз

Жақсы жерге жүреді, Жаман жерде жатады. (Сыпырғыш)

Мақал-мәтелдер

Еңбек түбі – береке

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Айгөлек»

Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамыту, ауызша дабылдар (есімдері) бойынша әрекет ету.

Сапқа тұрғызу.

Еңбектену әрекеті

Аула тазалаушыға көмектесу

Әр баланың күші мен мүмкіндігіне байланысты жұмыс бөлу. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Жұмыс жасау үшін не қажет?»

Түрлі кәсіп иелеріне қажетті құрал-саймандар туралы балалар білімдерін бекіту.

Өзіндік әрекет

Құрылыс салуға (үй, кеме) қажет заттарды жинауға үйрету; ойын барысында табиғи материалдарды (құм, су және т.б.) қолдану. Балалар ойынының тақырыбы мен мазмұнын дамыту.









26. Өтіп бара жатқан адамдарды бақылау

Бақылау

Байқағыштығын, назар салуларын дамыту; күздегі өлі табиғат құбылыстарын түсіндіру, киім үлгілерінің маусымдық, ауа-райына байланысты өзгеретінін баяндау; балалардың сөздік қорларын байыту.

Көркем сөз

Жапырақ сиректеу, Ауа желкемдеу, Түн ұзақтау, Күн келтелеу

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Түйілген орамал»

Дыбыс бойынша әрекет жасайды, орамалды екі қолмен асыра лақтыру және қағып алу. Қимыл-әрекетін дамыту: ептілік, дәлдік.

Еңбектену әрекеті

Аула мен дәлізді тазалау

Аула мен дәлізді тазалайды. Сыпырғышты, қалақты дұрыс қолдануға дағдыландыру, еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Түстерді ажырат»

Киімдерді табу және нақты түстерін ажырату дағдысын қалыптастыру.

Өзіндік әрекет

Ойын таңдауда өзіндік дербестігінің болуы. Ойындарды құру мен іске асыруда белсенділік танытуға тәрбиелеу.





















27. Балабақшаға азық-түлік әкелген жүргізушінің жұмысын бақылау

Бақылау

Балаларға жүргізушінің өз көлігін қалай күтетінін, оны қалай жөндейді, басқара білуі туралы әңгімелеу. Балаларға жүргізушінің өте ұқыпты болуы, жол қозғалысы ережесін жете білу қажет екенін түсіндіру.

Көркем сөз

«Бип-бип», «бип» дейді «Жол шетінде жүр» дейді Асығыс жүруге болмайды. Болмайды. Машина.

Мақал-мәтелдер

Көш көлікті болсын. Сабыр түбі сары алтын.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Самокатпен жарысу»

Бір аяқпен итеру арқылы тіке жүру, тепе-теңдікті сақтау. Жарыстарда самокатпен жүре білу дағдысын қалыптастыру.

Еңбектену әрекеті

Гербарий жасау үшін өсімдіктерді жинау

Атауларына, сыртқы белгілеріне байланысты бірнеше өсімдіктерді ажырата білуге үйрету. Балаларды ауладағы өсімдіктерді жинауға гербарийге түбірімен қазуды үйрету.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Ойлан, тап, ата!»

Машинаның құрылысы туралы білімдерін жетілдіру. Балаларды машинаның негізгі бөлшектерін (двигатель, кузов, кабина, дөңгелек рамалары), кабина құрылғыларын (руль, құралдар, орындық, әйнек) атай білуге оқыту.

Өзіндік әрекет

Балалардың ойын барысында өздері мен серіктестерінің әрекеттеріне ынта қоюға үйрету.











28. Таяудағы көшелерді бақылау

Бақылау

Көше туралы білімдерін кеңейту. Балаларға көшеде көлік қозғалысының көптігін ескерту. Жолда жүру ережелерімен танысуды жалғастыру: бағдаршам дабылдары, жаяу өткелдер туралы білімдерін бекіту, көше мен тротуар жолдарын айыра білуге үйрету. Көшеде өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру.

Көркем сөз

Бас көшеде қырағы, Үш көзді дәу тұрады. «Бұзба көше тәртібін, Ашса кезек үш көзін, Ұрынасың апатқа» (Е. Елубаев) Айтты деп біл үш сөзін. Тоқта, Сақтан, Жол ашық. Жүрме жолға таласып. Қызыл көзін ашқанда, Сабыр сақта, баспа алға. Сары көзін ашқанда Қарап қалма аспанға, Жасыл көзін ашқанда, Жүре бергін жасқанба. (Ә. Табылдиев)

Мақал-мәтелдер

Сақ жүрсең, сау жүресің.

Бір күндік жолға шықсаң, үш күндік жол азық ал.

Қимыл-қозғалыс ойыны

«Өз орныңды тап»

Балаларды алаңда түрлі бағыттарда жүгіруге үйрету. Бағдаршам белгілері мен дабылдарын жаттату.

Еңбектену әрекеті

Кептіруге арналған өсімдіктерді дайындау және жаю

Қағазға жиналған өсімдіктерді ұқыпты жаю. Тәрбиешілермен бірге олады құралға бекіту. Ұқыптылыққа, бастаған істі соңына дейін жеткізуге үйрету, әдетке айналдыру.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

«Бұл қандай белгі?»

Жол белгілерін айыра білуге және дұрыс атай білуге үйрету.

Өзіндік әрекет

Балалардың ойын барысында бір-бірімен араласу қабілеттерін іске асыру, өз әрекеттерін айтуға, ойларын білдіруге үйрету, құрбысының ұсынысына келіспеушілік танытуда әсіресе, рольдерді, ойыншықтарды, міндеттерді бөлген кезде өз ойларын дәлелмен жауап беруге дағдыландыру.





29. Температураның түсуін бақылау (термометрмен жұмыс)

Бақылау

Балаларға ауа температурасын бақылау үшін арнайы құрал термометр бар екендігін түсіндіру. Термометрдің құрылысы туралы (шкала, қызыл сұйықты бағана) баяндау. Жауын-шашынның ауа температурасына, ауа температурасының өсімдіктердің жағдайына әсерін байқауды үйрету, байқағыштықтарын, танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Көркем сөз

Метеоролог Желдің күшін, екпінін, Бұлттың түсін, кескінін. Отырады бақылап, Қалт жібермей ешбірін.

Мақал-мәтелдер

Көктемгі әрекет-

Күздегі берекет.

Жаңбыр – егіншінің жаны.

«Ыңғайлы бол»

Екі аяқты серпу арқылы құралдан секіру. Ептілікті, жылдамдықты, төзімділікті дамыту.

Еңбектену әрекеті

Аулада еңбектену

Балаларды жұмыс уақытын үнемдеуге үйрету. Материалдар мен құралдарға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар. Тәжірибелер мен сұрыптамалар жасау

Тәжірибе жасау. Ауа температурасын өлшеу. Балаларды ай бойы (тәрбиешілердің көмегімен) ауа температурасын өлшей білуге үйрету.

Түйін. Ауа температурасы үнемі төмендеп отырады.

Өзіндік әрекет.

Балаларды ойын таңдай білуге, рольді бөлісуге қозғау салу; бастапқы пәндік-кеңістік оқиғасын ойын тобында 3-4 адамнан ұйымдастыру.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Серуен картотекасы

Автор: Зейнуллина Айгерим Сейткалиевна

Дата: 04.11.2018

Номер свидетельства: 483423


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства