kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Педагогтарға арналған кеңес: "Мектепке дейінгі мекемеде жобалау технологиясын қолдану ерекшеліктері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Проектная деятельность в ДОУ.  Развитие знании и способностей детей дошкольного возраста с помощью новых технологии

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Педагогтарға арналған кеңес: "Мектепке дейінгі мекемеде жобалау технологиясын қолдану ерекшеліктері"»

Жобалық қызмет технологиясы

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Педагогикалық жоба ол педагогтардың арнайы ұйымдастырған, балалардың өздігінен шешім қабылдауын және де өз таңдауы мен еңбегінің, шығармашылығының нәтижесіне  өзін жауапты ететін іс-әрекеттер тобы. Арнайы білімді қажет ететін айқын мәселелерге ынталандыру және жоба іс-әрекеті арқылы мәселенің шешімін қамтитын білімнің іс-жүзінде пайдалануы.

Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі.

Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет  арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін  танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз.

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы  балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады.

Жобалық іс-әрекетібіріккен оқу танымдық іс-әрекеттің ортақ нәтижесіне бағытталған,ортақ мақсаты, қиыстырылған әдісі, іс-әрекет тәсілдері бар,балалардың шығармашылық және ойын іс-әрекеті.

Педагогикалық жобалау – қандай да бір мәселенің шешімін көрсететін жоба жасау үрдісі. Ол оқу  үрдісі жағдайында орындалатын және оның тиімді жұмыс істеуі мен дамуына бағытталған іс-әрекет.

Жобалап оқытудың  артықшылықтары: логикалық дәрежеде ойлау мен белсенді зерттеуді мадақтау,балалардың өз күштері мен мүмкіншіліктеріне деген сенімдерінің артуы. Нәтижесінде оқудың сапасы жақсарады және ойлау мүмкіншілігі мен мәселені түсіне білу, ынтымақтасу және қарым-қатынас сияқты іс-әрекет шеберлігі мен әдістерін дамыту мүмкіншілігі артады. Сонымен бірге даму деңгейі әр түрлі балаларды оқыту мүмкіншілігі артады.

Жобалау әдісінің басты идеясы: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Жобалаудың негізгі қызметі – бағдарламаны белгілеп, арнаулы іс-әрекеттердің жалғасуына құралдар таңдау.Жобалық әдіс – айқын іс-әрекеттер кезеңінен өтетін айдың пайда болуынан бастап жүзеге асуы.

Жоба құрылымы бойынша 3 кезеңге бөлінеді:

1.Дайындық.

2.Негізгі.

3.Қорытынды.

Жобалық іс-әрекеттің кезеңдерінің мазмұны:

Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы жоба таңдалды деген сұраққа жауап бере отырып,жобаның қазіргі мән-жайы,  бұл жоба қандай мәселелерді шешеді  және бұл жобаның нәтижесі қандай болмақ осы сұрақтарға жауап беріледі. Сонымен бірге жобаның тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталады.Жұмыстық жоспар жасалады, командалар құрылымы, жауапты адамдар тағайындалады.

Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы кезеңі бұл кезеңде ақпарат жинап  және оны анықтайды, жобаны жасақталады, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі.

Жобаның жүзеге асырылуы  арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).

Қорытынды кезеңде  жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп және  қорытындыланады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Оспанова Гульсум Амангельдиновна

Дата: 17.12.2018

Номер свидетельства: 491287


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства