kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Отбасында баланы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Отанс?йгіштікке т?рбие туралы с?з ?оз?амас б?рын, осы т?рбиені?  негізі болатын Отанс?йгіштік сезім мен  сана жайында білу ?ажет.

Отанс?йгіштік сезім – ?лт рухыны? де?гейіні? айнасы, ?лшемі Елбасымыз ?зіні? халы??а Жолдауында азаматтарды?  Отаншылды? сезімі мен ?з еліне деген с?йіспеншілігін дамытуды  ?лтты? ?ауіпсіздікті са?тауды? негізгі элементтеріні? бірі ретінде таниды.

Отанс?йгіштік сана – ол Отан ??ндылы?ы к?рінісіні? н?тижесі, ?ткендегі ?мір с?рген ата-баба санасыны? ?ажеттілігі мен ?мтылысына, ??лшынысынан  ту?ан елдік салт-д?ст?рлерді адамдарды? санасында?ы ?ажеттілігі мен  ?ызы?ушылы?ы ар?ылы ?абылдау.

Бала бойында Отанс?йгіштік сезім мен сананы? ?алыптасуы отбасынан бастау алады. Балалы? ша?ынан  бала бойында   ту?ан ортасына, ?йіне, ту?ан-туыстарына деген  жылылы? сезім бірте-бірте  азаматты?, Отанс?йгіштік сезіммен толы?ады. Осылайша, бала  «Кіші Отаны», отбасын с?юден ?лы Отаны ?аза? елін с?юді ?йренеді.

Отанс?йгіштікке т?рбиелеу ?алыптас?ан ережелер жо?. Б?л – отбасы т?рбиесінен бастау алатын ?за? процесс. Баланы? у?ан ?йі ме ?орша?ан  таби?ат?а деген ?ам?орлы?ы мен с?йіспеншілігін оятпайынша  Отан?а деген махаббат?а т?рбиелеу м?мкін емес. Отан?а деген  с?йіспеншілік пен адалды?, баланы? ?з анасы мен отбасы м?шелеріне деген сыйласты? пен  ж?рек жылуынан бастау алады. Бала ?зіні? жеке  ?міріне ?атысты емес ?уаныш пен ?ай?ыны ж?регіне жа?ын ?абылдай ала ма? ?зіні? жеке ?ызы?ушылы?ынан ?зіне жа?ын жандары ?шін бас тарта ала ма? Отанс?йгіштік т?рбие де осы  м?селелерді назарда ?стауды? ма?ызы ерекше.  Осындай ?арапайым, к?нделікті ?мірімізде кездесетін о?и?алардан бала бойында ізгілік ?асиеттер ?алыптасады. ?сіресе, отбасында хал?ымызды? тарихында?ы ерекше о?и?алар  балалар?а ?лгі ретінде айтылу?а тиіс. Ел бірлігі мен елдігі ?шін биді? (Т?ле би, ?азыбек би, ?йтеке би) ?мірі мен шешендік с?здері баланы? т?л?а болып ?алыптасуында ?негелі т?рбие  мектебі болары аны?. Отанс?йгіштік сезім мен сана, Отан, ел алдында?ы борышты сезіну бала бойында бірте-бірте ?алыптасады. Бала бойына отбасында ?алыптас?ан игі ?асиеттер оны? жеке т?л?а болып ?алыптасуына ?лкен р?л ат?арады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Отбасында баланы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу»


27 «Сәт» бқбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Жанысбекова Жанар






ЖОСПАР



І. Кіріспе

  1. Қазақ отбасы тәрбиесінің этностық мәселелері


ІІ. Негізгі бөлім

  1. Отбасында баланы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


ІІІ. Қорытынды бөлім

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі























Қазақ отбасы тәрбиесінің этностық мәселелері


Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қай қоғамда болмасын отбасы екі қызмет атқарады Оның бірі – дүниеге ұрпақ әкеліу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз ету, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты болғандықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы – ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта. Яғни, отбасы – жаңа адам дүниеге келетін, оның алғашқы өмір мектебі болатын шағын әлеуметтік топ. Ата-ана баланың алғашқы тәрбиешілері және баланың қалыптасуына олардың әсері ерекше. Ата-ананың балаға әсерінің негізі олардың шексіз махаббаты мен қамқорлықтары арқылы айқындалады. Ата-аналар бала тәрбиесі – олардың өміріндегі ең маңызды кезең екенін білулері керек. Бұл кезеңде бала тәрбиесінде мына мәселелер аса маңызды рөл атқарады. Отбасы мүшелері арасындағы дұрыс қарым-қатынастар, өзара сыйластық пен қамқорлық, отбасылық қалыптасқан дәстүр мен реттілік, рухани-ізгілік қасиеттер...

Демек, толық мәнді отбасы болу үшін ата-ананың және басқа отбасы мүшелерінің береке-бірлікті, түсінікті сақтауы, сонымен қатар әр отбасы мүшесінің құқы қорғалуға тиіс. Тек осындай ізгі мұраттар отбасында орын алғанда ғана, Отанын, елін-жерін сүйетін, өз ұлтының салт-дәстүрін, сонымен бірге жалпы адамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп, өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады. Бала отбасынан бойына жақсыны да, жаманды да сіңіреді. Халқымызда «бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген мақал осы орайда айтылса керек. Әр ұлттың өзіне ғана тән қалыптасып, сақталған тәлімдік отбасылық дәстүрлері болады. Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған дәстүрлер бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасындағы қазақи тәрбие немен айқындалады және оның ұлттық менталитетімізге (діл) әсері қандай? Меніңше, осы өміршең сұрақтарға жауап табу – отбасылық өмірдегі көптеген мәселелерді шешуге негіз болары хақ.

Халқымыздың қарттықты құрметтейтін, жастықты үкілейтін, қайырымдылықты қастерлейтін игі дәстүрі және балаға мейірім, атаға қамқорлық, ағаға ізет, ініге ілтипатты кие тұтатын рухани тәлім-тәрбиесінің негізгі отбасында қаланады. Қазақ – жан баласын жатсынбайтын, өзгенің түсінік – пайымына түсіністікпен қарайтын ел. Қазақ халқы – болмысынан турашыл, адал, жомарт, батыр, қайсар, өжет, өр ел. Халқымыздың қоғамдық өміріне орасан зор әсер ететін бұл қасиеттер бала бойына отбасылық тәрбие арқылы сіңіріледі. Қазақ отбасының өзіне тән ерекшеліктерін білудің де бала тәрбиесінде маңызы ерекше. Қазақ отбасы, көбінесе, көп балалы болып келеді де, ата-ана, әке-шеше, балалар бойы үш ұрпақты құрамнан тұрады. Ата-ана мен әке-шешенің қарым-қатынасы жас баланың адамгершілік жағынан толысып жетілуіне үлкен үлес қосады. Үш ұрпақты құрамдағы қазақ отбасында рухани дүниетаным, түсінік, рух, иман сияқты қасиеттер атадан балаға беріліп келе жатқан тәрбиелік сабақтастық арқылы жүзеге асады.

Үш ұрпақты құрамдағы отбасында тәрбиеленген балада дене, моральдік, рухани, психологиялық есею өлшемдері мен көрсеткіштері ұлттық дәстүр мен сана негізінде айқындалады да, мұндай отбасы да жылдар бойы жинақталған тәжірибе пайда болады. Бұл тәжірибе сабақтастығын үзбей, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүкіл бір әулеттің тектілігіне, зиялылығына әсер етеді.

Қадым заманда қазақ отбасы туралы жат жұрттан келген зерттеушілердің өзі ыстық ықылас білдірген «Әлемде қалтаңда бір үзім нанның, бір тиын қаражатың болмаса да жапан даланы жайлаған елді аралап шығуға болатын жалғыз ел бар. Ол - қазақ елі» деп жазуларына қай қазақтың табалдырығынан аттаса да кездесетін кішіпейілділік, қонақжайлылық, тәкәппарлық пен сөз қадірін білетін сыйластық себеп болса керек. Өкінішке орай, соңғы бір ғасыр шамасында халқымыздың отбасылық этномәдени дәстүрлері елеулі өзгеріске ұшырады. Ең алдымен, отбасы мүшелері шағындалып, жастар отбасылары үлкендерден бөлек тұра бастады. Бұл жағдай үш ұрпақты құрамдағы қазақ отбасына екі түрлі мәселе туындатып отыр. Біріншіден, үш ұрпақты құрамдағы отбасының ғасырлар бойы жинақтаған мүмкіндігі қолданылмайды. Екіншіден, бөлек тұратын жас отбасылар мен ата-әжелер арасындағы қарым-қатынас дәрежесі төмендейді. Мұндай ұрпақтар сабақтастығы үзілген жас отбасында тәрбиеленген балалардың көбі қара басының қамын ойлайтын, менменшіл, қатыгез болып келеді де, ата-аналарында оқшаулық, балаларына қажетсіздік сезімі басым болып келеді. Сондықтан, қазақтың болашақ отбасын тәрбиелеу – бүгінгі күннің өткір мәселесі болып отыр. Халқымыздың отбасы тәрбиесіне қатысты педагогикалық идеялары мен тәрбиелік тәжірибелері өте бай. Өкінішке орай, осы рухани байлықты тарихи және этникалық тұрғыдан ғылыми зерттеу әлі де жеткіліксіз дәрежеде екенін мойындағанымыз абзал. Қазақ отбасының тарихы мен отбасылық тәрбиенің идеялары мен дәстүрлерінің тарихи – педагогикалыө заңдылықтарын толық сипаттайтын зерттеу еңбектері жоқ. Отбасылық тәрбиенің этномәдени дәстүрлері тек оқу-тәрбие мекемелерінде ғана пайдаланылады. Сол мекемелердің бірі, бала тәрюиесіндегі орны ерекше – балабақша. Тәрбиешілерге оң-солын танып үлгермеген балаларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде халқымыздың отбасы тәрбиесінің этностық мәселелерін білу өте қажет. Қалыптасуы мен тәрбиесі әртүрлі алдындағы бүлдіршіндерді педагогикадағы тәрбие түрлерімен ұлттық негізде тәрбиелеу – тәрбиешілерден біліктілікпен бірге ізденісті, білімділікті де талап етеді. Ерекше сипаттағы ұлттық, отбасылық мәдениетімізге еуразиялық мәдениеттің ықпалы күшейгенін естен шығаруға болмайды. Осындай ықпалдан адам қанағатанбаушылық душар болады. Бұны психология ілімінде маргинал деп атайды. Екі не одан да көп тығырыққа тіреу психологиясы - отбасындағы келіспеушіліктің басты салдары. Бүгінгі жас отбасылардың көбі осындай дағдарысты бастарынан кешіруде.

Сондықтан қазіргі өмір салтына лайық халқымыздың отбасы тәрбиесінің этно-мәдени қалып-ережелеріне, оны пайдалану жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныс- кеңестерген ата-аналар мен тәрбиешілер де зәру. Тәрбиеші ретінде әр баланың ата-анасымен қарым-қатынаста халқымыздың отбасы тәрбиесіндегі жоғары да сараланған мәселелерді білуге міндеттімін деп ойлаймын. Өзімді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беру мақсатындағы ізденістерімді қорытындылай келе, халқымыздың қалыптасқан отбасы тәрбиесі бүгінгі қоғамдық өмірімізге зор әсер етіп, заман талабна сай өмір-салтын қалыптастыруда екеніне көзім жетті. Бұл өмір салт қазақ отбасының мәйегі. Ал қазақ отбасы – әрбір қазақ баласының рухани тірегі.


Отбасында баланы Отансүйгіштікке тәрбиелеу


Азаматтық (азаматшылық) – гражданственность.

Баланың азаматтығы – Отансүйгіштік тәрбиенің негізі.

Ата-аналардың азаматтығы отбасының тәрбиелік күшінің негізі.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері оқу – тәрбие ісіне ұдайы көңіл бөлініп келеді. Оқу тәрбие ісінде назар ауларып отырған, тәрбие салаларының бірі – Отансүйгіштік тәрби. Себебі: ұлттық дәстүрге берік елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, балалардың бойына Қазақстандық Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр. Қазіргі кезеңде «Қазақстандық Отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуде.

Көп ұлтты Қазақстан халқының Отансүйгіштік сезімін қалыптастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Қазақстандық Отансүйгіштікке келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына, сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол мұндай құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің бала бойында оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы нысанды шарттылықтарды қажет етеді. Сондай шарттылықтардың бірі – бала бойында азаматтылықты қалыптастыру. Бала азаматтықтың алғашқы сабақтарын отбасында алады. Қоғамымыздың моральдық нормаларымен бала ата-аналарының талаптары арқылы танысады. Осылайша отбасында баланың әдеттері мен өмірлік принциптері қалыптасады. Отбасының негізгі міндеті – баланы адамдар арасында, заң бойынша Конституциямызда бекітілген қоғамымыздың нормалары мен принциптері бойынша өмір сүруге үйрету. Бала өміріндегі адамдық қатынастар туған сәтінен басталады десек, азаматтық тәрбие де оның өмірінің бірінші күнінен басталады. Баланың алғашқы қарым-қатынас аумағы обасы мүшелері, ойнайтын жолдастары, балабақша тәрбиешілерімен ғана шектеледі. Қоршаған үлкен әлемді бала әзірге үлкендердің әңгімелерінен танып біле бастаса, ал адамдармен қатынасы қалыптасып үлгереді. Балабақшағ, мектепке, қоғамға бала отбасынан қарым-қатынастың қалыптасқан қандай дәстүрін әкеледі?

Қоғамдық өмірге ол өзімшіл немесе көпшіл болып келе ме? Бұл аса маңызды мәселелер баланың алғашқы әлеуметтік ортасы – отбасындағы қалыптасқан қатынастарға тікелей байланысты болады. Күнделікті өмірінде отбасы мүшелері арасындағы тату-тәтті, әділетті қатынастарға куә болып өскен баладан жақсы адам шығары сөзсіз. Қалыптасқан қатынастар дәстүрге, жазылмаған заңға айналған отбасында бала да осы заңға бой ұсына өседі. Отбасындағы баршаның біреуге, біреудің баршаға қамқорлығы бүгінгі қоғамдық өміріміздің басты заңдарының бірі екенін бала алғаш рет өз отбасында сезінеді. Бала тәрбиесіне қолайлы, жағдай ынтымағы жарасқан, бір-бірімен өзара көмек, ерлі-зайыпты және ата-аналық махаббат сезімдері арқылы байланысатын қатынастағы отбасында жасалады. Мұндай отбасылар туралы белгілі педагог В.А.Сухомлинский былай деген: «Ата-аналары бір-бірін ерекше қадірлейтін отбасында өскен баланы - мен бірден танимын, ол баланың жан дүниесі тыныштық пен, сенімге, мейірімге толы».

Бір қарағанда артықтау естілетін ата-ананың балаға мейірімі бесік жыры, мейірге толы күлкіден бастау алады деген пікірдің шындығын өмір өзі дәлелдеуде. Бесік жыры, ата-аналық мейірім-әлеуметтік, азаматтық тәрбиенің бастауы. Кавказ халықтарында мынандай мақал бар: «Егер адам жаман болса, онда анасы бесік жырын айтпаған». Бала тәрбиесіне аса қолайлы жағдай көп балалы отбасында жасалады. Мұндай отбасында бала ұжымда өседі, балалық шақтан ол өзінің ғана талап-тілектеріне ғана емес, аға, қарындастарының талап-тілектеріне назар аударуға дағдыланады. Бірнеше ұрпақ өкілдері өмір сүретін мұндай отбасы аса бай тәрбиелік тәжірибе жинақтаған ұжым болып табылады. Мұндай отбасында балалар кішілерге қамқорлық жасап, үлкендерге көмектеседі, өз іс-әрекеттеріне жауап беруге қалыптасқан отбасы ережелерін сақтауға, жауапкершілікке үйренеді. Қарындасы мен інісіне, қарт әжесі мен атасына қамқорлық жасау – бала бойында мейірімділік, адамгершілік сияқты ізгі қасиеттердің пайда болуына ерекше әсер етеді. Осылайша, баланың азаматтық қалыптасуы отбасы өмірі негізінде жүзеге асады. Кейін бала бақшада яғни, баллар ұжымында арнайы бағдарлама бойынша оқуымен тәрбиеленуі басталады. Балалар ұжымының тәрбиелеудегі маңызы қандай? Балалар ұжымы – азаматтық тәрбиенің қуатты құралы болып табылады. Ең маңыздысы, балабақшаға жеке тәрбиеленуші ретінде емес, ұжымындағы балалармен жолдастық, өзара көмек, ортақ жауапкершілік пен қызығушылық арқылы байланысқан адам ретінде келуі.

Балалар ұжымында балаларды ортақ мүдде, ортақ мақсатқа деген талпыныс біріктіреді. Әртүрлі іс-шаралар арқылы балалардың тұлғалық қалыптасуы жүзеге аса бастайды. Бақшада бала құқықтық алғашқы сабақ алады. Ертеңгіліктер арқылы өз отбасынан басқа баршаға ортақ қымбатты ұғымдармен танысады. Отан, туған жер, ел, атамекен, туған тіл сияқты қасиетті ұғымдарды сезінеді. Туған халқының тарихынан тәлім алады. Елі үшін еңіреген ерлері мен батырларымен танысады. Балабақшада өз еліне, Отанына деген ерекше сезім оянады. Баланың таным әлемі бірте-бірте кеңейіп, азаматтыққа қадам басады. Әрине, бұл – тәрбиеші мен әр ата-анадан ынтымақтастық пен төзімді, ізденісті қажет ететін ұзақ үрдіс болып табылады. Дегенмен, бала тәрбиесіндегі жетістіктің негізгі себепкері – ата-ана, олардың азаматтық келбеті, танымдары мен жауапкершіліктері, адамгершілік деңгейлері болып қала береді.

Ата-ана болу – ұлы бақыт, әрі ұлы жауапкершілік, сондықтан әр ата-ана адам тағдырының бастауында өз орындарын басатын ұрпақтың азаматтығының бастауында тұрғанын әрдайым есте сақтауы керек. Бала бойындағы ізгі қасиеттердің баршасы отбасынан бастау алатынын дана халқымых «Отан отбасынан басталады» деген нақылымен дәлелденген.



Отбасында баланы Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Отансүйгіштікке тәрбие туралы сөз қозғамас бұрын, осы тәрбиенің негізі болатын Отансүйгіштік сезім мен сана жайында білу қажет.

Отансүйгіштік сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі Елбасымыз өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.

Отансүйгіштік сана – ол Отан құндылығы көрінісінің нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.

Бала бойында Отансүйгіштік сезім мен сананың қалыптасуы отбасынан бастау алады. Балалық шағынан бала бойында туған ортасына, үйіне, туған-туыстарына деген жылылық сезім бірте-бірте азаматтық, Отансүйгіштік сезіммен толығады. Осылайша, бала «Кіші Отаны», отбасын сүюден ұлы Отаны қазақ елін сүюді үйренеді.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу қалыптасқан ережелер жоқ. Бұл – отбасы тәрбиесінен бастау алатын ұзақ процесс. Баланың уған үйі ме қоршаған табиғатқа деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігін оятпайынша Отанға деген махаббатқа тәрбиелеу мүмкін емес. Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық, баланың өз анасы мен отбасы мүшелеріне деген сыйластық пен жүрек жылуынан бастау алады. Бала өзінің жеке өміріне қатысты емес қуаныш пен қайғыны жүрегіне жақын қабылдай ала ма? Өзінің жеке қызығушылығынан өзіне жақын жандары үшін бас тарта ала ма? Отансүйгіштік тәрбие де осы мәселелерді назарда ұстаудың маңызы ерекше. Осындай қарапайым, күнделікті өмірімізде кездесетін оқиғалардан бала бойында ізгілік қасиеттер қалыптасады. Әсіресе, отбасында халқымыздың тарихындағы ерекше оқиғалар балаларға үлгі ретінде айтылуға тиіс. Ел бірлігі мен елдігі үшін бидің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) өмірі мен шешендік сөздері баланың тұлға болып қалыптасуында өнегелі тәрбие мектебі болары анық. Отансүйгіштік сезім мен сана, Отан, ел алдындағы борышты сезіну бала бойында бірте-бірте қалыптасады. Бала бойына отбасында қалыптасқан игі қасиеттер оның жеке тұлға болып қалыптасуына үлкен рөл атқарады.

Әрине, бала бақша, мектептегі тәрбие баланың танымын кеңейтеді, оны адамдармен қарым-қатынасқа, қоғамдағы өз орнын табуға үйретеді. Жалпы, бала өзін-өзі тәрбиелейді. Үлкендердің міндеті – оған өзінің бейімділігін, қабілеттерін толық ашуға көмектесу әр отбасының өмірі –бүкіл еліміздің өмірінің бөлігі. Сондықтан, бүгінгі бәсекелік өмірге бейім тұлға тәрбиелеуде әр отбасы қоғам мүддесімен үндесе өмір сүруі керек. Бала тәрбиесіне жауапты баршамыз жан-жақты ізденістеріміз бен өз білімдерімізді көтеруіміз керек. ХХІ ғасыр – ғылым, білім ғасыры, демек, осы ғасыр жас ұрпағының талап талғамының зор екенін естен шығармайық.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Отбасында баланы Отанс?йгіштікке т?рбиелеу

Автор: Жанысбекова Жанар ?мір?ызы

Дата: 14.02.2016

Номер свидетельства: 293268


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства