?о?ам ?шін ?р кезе?де, ?р отбасында ?сіп келе жат?ан ?рімдей ?л- ?ыздарды? дені сау, рухани бай, е?бекке, білімге ??штар болып ?суі е? жо?ар?ы тілек, е? биік ма?сат. Оны? ?уат алатын ?айнар бастауы - отбасы. Отбасыны? аса ??нды ы?палы мен ?серін ?мірдегі ешн?рсені? к?шімен салыстыру?а болмайды. Бала?а ата-ана т?рбиесіні? орнын ешн?рсе алмастыра алмайды. Отбасы ?мірге с?би ?келіп, оны т?рбиелеп, ?алыптастыруда ж?не ?рпа? жал?астыруда тендесі жо? орын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге. Жүсіпбек Аймауытов
Қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл- қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы - отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда тендесі жоқ орын.
Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметтінің мақсаты - балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді шешеді:
Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру.
Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету.
Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету.
Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу.
Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім - тәрбие беріледі. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын, өзіңіздің мінез-құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп, бақыладыңыз ба?» деген сауал туады.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасын рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата- ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген.
Отбасы –барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері.
Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты - білімде. «Білім бір құрал. Білімді көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды»,- деді А.Байтұрсынов.
Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Ата - аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
Баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата-аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формалары қалыптасы, жемісті түрде қолданылуда. Олар ата- аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізді. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың педагогигалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу - тәрбиешілердің міндеті .
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзікті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлерімен санаса отырып, ата-аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер, сұрақ-жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс-тәсілдері қарастырылады.
М.Әуезов «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең алдымен әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек» өмірлік тәжірибе ұлы жазушымыздың сөзінің күдіреттілігін байқатады.
Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргізу, ұйымдастырылатын мерекелік іс- шараларға, ата- аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тартудың қажеттілігі:
Балаларда іс - әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады.
Балалар маңызды жетістіктерге жете алады.
Балалар еліктеудің жаңа үлгісін алады.
Ересектер педагог жұмысымен жақын танысып, оны бағалай біледі.
Ата-аналар және отбасы мүшілері өздерінің бала тәрбиелеуге, оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді.
Тәрбиешілер ата- аналарға ақыл –кеңес беріп, ұсынылатын тыңдау барысында төмендегідей қарым-қатынас ережелерін есте сақтауы керек:
Бір – біріне көңіл бөлу.
Тыңдау.
Сыйлау.
Көзбе – көз қарау.
Тиімді орынды таңдау.
Әзілді сезіну.
Ұрыс – керістен сақтану сияқты.
Сонымен қатар, ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін:
Сиқырлы сөздер айту.
Баласының жетістігін айту.
Сенімді болу.
Көңіл - күйіне қарау.
Намысына тимеу.
Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест т.б.).
Қарапайымдылық.
Пікірін сыйлау.
Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары:
Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата - ана болғысы келеді.
Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады.
Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу.
Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бала тәрбиелеуде өз рөлін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.
Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді.
Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру.
Ата – анамен жүргізілетін жұмыс түрлері :
топішілік ата - аналар жиналысы;
балабақшаішілік ата – аналар жиналысы;
ата – аналармен жеке кездесу;
ата – аналар үшін ашық есік күн;
мерекелік кештерге шақыру;
ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру;
отбасылық жарыстарға қатыстыру.
Негізгі міндеттері :
тәрбиешінің топ ата- аналарымен құрамын зерттеуі;
ата – аналармен тұрақты байланыс орнату;
ата – аналар ұжымын құру;
ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
үштік одақ ( бала - ата-ана - тәрбиеші ) жұмысын жандандыру.
Атқаратын қызметі :
ата- аналарды топтағы тәрбие білім беру процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру;
ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
отбасы тәрбиесі туралы ата-аналарға педагогикалық және психологиялық кеңес беру;
ата-аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру.
«Ұстаз - бағбан, бала- гүл» деген қағида әр тәрбиешінің ұстаздық ұстанымы. Осы қағиданы ата–ана мен ұстаз бірігіп пайдалансақ, балабақша бала үшін ең сүйікті мекенге айналар еді. Бағбанға гүлдің әйтеуір өскенінен, әдемі болып өскені қажет екендігі сияқты, ата– ана мен ұстазға да баланың әйтеуір ержеткенінен, әдепті болып есейгені қажеттірек. Бағбан өзінің өсірген гүлінің санымен емес, сапасымен мақтанатыны сияқты, ата–ана да баласының әдептілігімен мақтануы тиіс.
Бала ата – ана мен педагогтан қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата- ананың да, тәрбиеші -ұстаздың да атқаратын рөлі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса, сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар.
Ата–ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Ата- ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата- ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата – ана педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Әдебиеттер:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. - Астана, 2008.
«Тәй-тәй» технологиясы (негізгі ережелер).
Алоева М.А., Бейсова В.Е. «Ата-аналар жиналысы». - Москва, 2004.
Алексеева Н. А. «Ата-аналар жиналысының жиынтығы». - Москва, 2002.