kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ортаңғы тобындағы экология негіздерінен ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Қысқы табиғатқа саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрай білуге үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілдік, сөздік қорларн дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы тобындағы экология негіздерінен ұйымдастырылған оқу қызметі. Тақырыбы: "Қысқы табиғатқа саяхат»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: «Қысқы табиғатқа саяхат»

Мақсаты: қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін ормандағы аңдарды көрсету, мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрай білуге үйрету.

Міндеттері: Білімділік: қысқы табиғат өзгерістерін көрсету арқылы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: ойлау, есте сақтау қабілеттерін, тілін сөздік қорын дамыту. Тәрбиелік: табиғатты қорғауға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Керекті құралдар: қыс көрінісі туралы суреттер, үлестірмелі суреттер. Сөздік жұмыс: қар, аяз, мұз, шана, шаңғы, коньки. . Қостілдік компонент: қар - снег, мұз – лед, аяз - мороз.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық


Шатттық шеңбер:

Кел, балалар күлейік!

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!


Қонаққа қоян келеді де, амандасады.

Жұмбақ жасырады:

Суда мұз бар,

Жерде су бар,

Боран борап соғады,

Бұл қай кезде болады?



Жартылай шеңберде тұрады.


Бір-біріне жылы лебіздерін айтады.


Қоянды қуана қарсы алады.




- Қыс мезгілі.


Ұйымдастыру – іздестіру

Әңгімелесу

Сұрақтар қояды:

- Қарды жылдың қай мезгілінде көруге болады?

  • Қар қандай болады?




- Қыста далада ойнағанды жақсы көресіндер ме? Қандай ойын ойнайсыңдар?



Қар туралы өлең айтып берулерін сұрайды.






«Қысқы табиғат» туралы суретті тақтаға іледі.

- Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Балалар не істеп жатыр?



- Балалар қалай киінген?

- Олардың көңіл күйлері қалай?


  • Балалар немен сырғанап жүр?


- Тағы немен сырғанауға болады?

- Бұл суретті не деп атауға болады?


Сергіту сәті:

Боран соғады оң жақтан,

Боран соғады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасаң,

Су өтеді қолғаптан.


Жұмбақтар жасырады:

1. Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Ол не?

2. Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады.

Ол не?

3. Отқа жанбайды

Суға батпайды.

Ол не?

Сөздік жұмыс: қар, аяз, мұз.

Қостілдік компонет: қар- снег, мұз – лед, аяз- мороз.


Саусақ жаттығуы:

Күртеше, бөрік, етік кием,

(аяқты, денені, басты көрсету)

Және де екі қолыма,

(бір қолдың саусақтарын бүкпей жоғары қаратып ұстап тұрып, екінші қолымен шынашақ және алақанның қырымен биялайды қалай кию керектігін көрсету)

Биялай салып жүрем.

(Қолды ауыстыру)


Дидактикалық ойын: «Қыс қызығы»

Мақсаты: балалардың тілін, ойлау қабілетін дамыту.

Қыс туралы карточкалар таратады, суретке қарап әңгіме құрастыруды ұсынады.


Сұрақтарға жаувап береді:

-Қыс мезгілінде ғана болады.

- Қар суық, ақ, үлпілдек.

Қатты аязда аяқтың астында сықырлап жатады.


  • Иә, жақсы көреміз. Шана мен шаңғымен ойнағанды.

Өздері білетін өлеңді айтады:

Жауды міне қар аппақ,

Айналаның бәрі аппақ

Жасырыпты жолдарды

Тегістепті оларды.





- Қыс мезгілі.

- Шана мен шаңғы теуіп жүр. Аққала соғып, қар атысып ойнауда.

- Қалын, жылы киінген.

- Олар көңілді, өйткені олар мәз боп ойнап жүр.

- Шанамен және шаңғымен.

- Конькимен.

- Қысқы табиғатқа саяхат.



Қайталайды, қимылдарын жасайды



Жұмбақтың шешуін табады:


- Қар



- Аяз



- Мұз


Сөздердіжекелеме, буындап қаталайды.




Саусақ жаттығуын жасайды.









Қысқы табиғат туралы әңгіме құрастырады


Рефлексивті – түзетушілік


Қорытынды

Сұрақтар қояды:

- Қонаққа не келді?

- Не туралы әңгімелестік?


Рефлексия:

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қызықты болса, қоянға үлкен сәбізді беруді, ал қызықсыз болса, кіші сәбізді беруді ұсынады.


Қоян рахметін айтып, балалармен қоштасады.


Сұрақтарға жауап береді:

- Қоян келді.

- Қыс мезгілі туралы.




Қоянға үлкен сәбізді береді.


Қоянмен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: қыс мезгілі, оның ерекшеліктері туралы.

Болу керек: қыста мезгілі туралы мағлұмат.

Істей білу керек: өлеңді мәнерлеп айтуды, сұрақтарға жауап беруді.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Танбаева Индира Жуманбековна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455272


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства