kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды? негізгі іс-?рекеті" атты ма?ала

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? хал?ыны? ?лы ойшылы Абай ??нанбаев: «Ойын ойнап, ?н салмай, ?сер бала бола ма?», - деп айт?андай, баланы? ?мірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды? зейіні т?ра?сыз болады. Оларды біркелкі ж?мыс тез жалы?тырады. Сонды?тан оларды? зейінін ?немі ?ажетті ба?ыт?а аудару ?шін ойын т?рінде ж?ргізу ?ажет. ?йткені ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетінде ал?ан білімді ойынмен тияна?тау білімні? беріктігіне негіз ?алайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды? негізгі іс-?рекеті" атты ма?ала»

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.

Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімінің №5
бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Тәрбиеші: Бадракова П.А.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды.
Ойын арқылы балалардың бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып, адами құндылықтарды ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Не қалай дыбыстайды?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.
Осындай қызықты да өнегесі көп, баланың ой-өрісін дамытуға арналған «Ақбота» ортаңғы тобынада да жүргізіледі. Дидактикалық ойындардың маңызы балаларды қоршаған әлеммен толық таныстырып, жан-жақтылығын дамыту. Біз топта «Не немен қоректенеді?», «Салыстыр», «Кел, санайық балақай!», «Не қалай дыбыстайды?» «Апта күндері», «Түсіп қалған сандарды орналастыр», «Көршісін тап» және т.б. ойындарды ойнатып, баланың қиялын, ұшқырлығын шыңдап, өмірге деген көзқарастарын дұрыс қалыптастырып жұмыс істейміз. Сондай-ақ сюжетті-рөлдік ойындар, драматизациялық ойындарды қолданамыз. Мысалы: «Ертегіні сахналау», «Дүкенші», «Шаштараз» т.б.
Қазіргі заман технологиясына сай ойындарды да ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, сабақтан тыс уақытта балаларға нұсқау жасап отырып, дұрыс бағыт-бағдар беріп отырып қолданып жүзеге асырамыз. Воскобович дамыту ойындарын «Геоконт», «Сложи узор», «Фонарики», «Игровизор», «Геовизор» т.б. дамытушылық ойындармен ойнатып, баланың эстетикалық қабілетін, талғампаздығын, түстер мен пішіндерді ажырата білу дағдыларын, қиялын жетілдіреміз. Күннің екінші жартысында үстел үсті ойындарын ойнатып, карточкалармен жұмыс жасап балалардың білімдерін толықтырып, тиянақтап отырамыз. Серуенге шыққанда аз қимылды ойындар және қимылды ойындар ойнаймыз. Мысалы: «Пойыз жүріп келеді», «Ақсерек-көксерек», «Қу түлкі», «Көбелек аулаушы» ойындарын қолданып, балалардың ерік-жігер, шапшаңдық, шыдамдылық, ептілік сияқты құнды қасиеттері артады.
Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы, өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ойын – мектеп жасына дейінгі балаларды? негізгі іс-?рекеті" атты ма?ала

Автор: Бадракова Перизат Асат?ызы

Дата: 28.01.2016

Номер свидетельства: 284535


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства