kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамытып  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырудың  негізгі  бір  жолы —  дидактикалық  материалдар  мен  қызықты  тапсырмалар.  Есеп  зерделікке,  қиялдауға,  тапқырлыққа,  шапшаң  есептеу  қабілеттерін  дамытуға  тәрбиелейді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану»

Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану



Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының  негізгі  ережелеріне  сәйкес  еліміздің  жалпы  білім  беретін  мектептерінің  бастауыш  сыныпқа  енгізілді. Оқушылардың  белгілі  білім  саласына  тұрақты  қызығуын  қалыптастыру  үшін,  оқушылардың  жас  ерекшелігімен  байланысты  таным  мүмкіндігіне  сай  жүзеге  асырылады.

Негізгі  оқу  материалдарын  басшылыққа  ала  отырып,  бұл  бағдарлама  оқушылардың  математикадан  алған  білім,  білік,  дағдылары,  танымдық  қабілеттерін  және  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырады. Тереңдетілген  бағытта  алынған  бағдарлама  құрылымында  оқушылардың  жас  ерекшеліктері  мен  даму  деңгейі   ескеріледі.

Балалардың  танымдық  қабілеттерін  дамытып  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырудың  негізгі  бір  жолы —  дидактикалық  материалдар  мен  қызықты  тапсырмалар.  Есеп  зерделікке,  қиялдауға,  тапқырлыққа,  шапшаң  есептеу  қабілеттерін  дамытуға  тәрбиелейді.

Математикалық  викториналар,  ребустар,  логикалық  есептер,  математикалық  эстафеталар,  сөзжұмбақтар  шешу,  қызықты  тапсырмалар  құрастыру  баланың  ойын  ұштай  түсіп,  ұстамдылыққа,  еңбектене  білуге  тәрбиелейді.

Жаңа  заман  талабы  жеке  тұлғаны  дамыту  мен  танымдық  ауқымын  кеңейту  деңгейінде  әр  түрлі  технологияларды  және  әдістерді  қолдануды  қажет  етеді. Мектепалды  даярлық  топтарында,  бастауыш  сыныптарда  дидактикалық  ойын  технологиясы  тиімді  қолданылады.

Ойын – ойды өсіреді.

Ойын  балалардың  негізгі  іс — әрекеті  ретінде  психологиялық ,  анатомиялық —  физиологиялық,  педагогикалық  маңызы  зор  қызметер  атқарады.  Ойын  баланың  даму  құралы,  таным көзі,  тәрбиелік  дамытушылық  мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Ойынның  тәрбиелік  маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.С.Макаренко  былай  деп  жазды: «Бала  өмірінде  ойынның  маңызы  зор,  ересек  адам  үшін   еңбектің,  жұмыстың,  қызметтің  қандай  маңызы   болса,  нақ  сондай  маңызы  бар.  Бала  ойында  қандай  болса,  өскен  соң  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай  болады».  Сондықтан  келешек  қайраткерді  тәрбиелеу  ең  алдымен  ойыннан  басталады. Ойын – баланың  қажетті  әрекетінің  бірі  ойынды  кіші  жастағы  балалардың  табиғаты  керек  етеді.  Балалардың  еңбегі,  оқуы  ойыннан  басталды.  Ойын  арқылы  оқушы  білім  алуға,  оқуға  қызықтыра  отырып,  тұлғалы   дамуын  қалыптастыруға  болады.  Жалпы,  математика  сабағында  қолданылатын  ойын  түрлері  оқушылардың  математикалық  ұғымдарын  кеңейтіп.  Ойлау  қабілеттерін  арттырып,  есептеу  дағдыларын  шыңдай  түсетіні  белгілі 

Дидактикалық  ойындардың  тәрбиелік  мәні.

Тәрбие – баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады. Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс — әрекет – ойын. Ойын  арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың  еңбегімен,  қарым- қатынастарымен  танысады. Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  көңілін  көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың  көзқарастарын,  мінез – құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  негізінен  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді. Ойынның  түрлері  көп, соның  ішінде  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы —  баланың  ой — өрісінің  қалыптасуын,  дамуын  мақсат  етіп  қояды. Сондай – ақ  балалардың  адамгершілік  сезімін  оятуға,  адамдармен  дұрыс  қарым – қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған  жеріне  сүйіспеншілік  сезіміне  тәрбиелеуге  көңіл  бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар – балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала  тәрбиесіне  енгізу  үшін  тәрбиешілер  көптеген  жұмыстарды  атқарады.

Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшецтеді.  Ойын  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі  балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды. Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл  бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық   ой — өрісін  кеңейтіп,  сабаққа  ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды   ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін  тәрбиеші  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын – ала  жұмыс  жүргізу  керек.

Дидактикалық  ойындар  үш  топқа  бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық  ойындар – дидактикалық  ойыншықтармен  және  түрлі  ойын  материалдарымен  ұйымдастырлады.

  2. Ұстел үстінде  ойналатын  дидактикалық  ойындар – «Лото», «Домино»  және  тағы  басқа.

  3. Сөздік дидактикалық  ойындар.

Дидактикалық   ойын  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсінігін  кеңейтеді,  баланы  ойнай  білуге  баулып,  ақыл – ой  қызметін  қалыптастырады,  әрі  адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  болып  табылады. Дидактикалық  ойынның  ережелері  балалардан  ұстамдылықты,  тәртіптілікті  қажет  етеді. Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі.  Балалардың  сабаққа   қызығушылықтарын  арттырады,  белсенділік  танытып,  бағдарламалық  материалдарды  меңгеруіне  ықпал  етеді.

Дидактикалық  ойындардың  тиімділігі —  сабақтың  әр  кезіндегі  орны  мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен  практикасын  тәрбиешінің  жетік  меңгеруіне,  шеберлік  танытуына,  ойынға  қажетті  материалдарды  алдын – ала  дайындап  алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға  байланысты. Ойындарды  өткен  сабақты  қайталау,  естеріне  түсіру  кезінде  қолданған  пайдалы.

Ойын  түрлерін  сабақ  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта  таңдап  алу  керек.  Мазмұнды  ойындарды  қайталй  бермеу  керек,  ол  үшін  өтілетін  сабақтың  тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  күні  бұрын  реттеп  оны  жүргізудің  тиімді тәсілдерін ойластыру  керек.  Барлық  сабақтарда  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. Мысалы сауат ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  тәрбиешінің  айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып,  ойды  сақтап,  сөз  құрастыруға,  олардың  ой — өрісін  дамытуға  үйретеді.

Қазір  «Балбөбек»  бағдарламасына  байланысты  кешенді  сабақтар  бірнеше  сабақты  қосып  байланыстырып  өткізу  әдіс- тәсілдерін  қолдануғңа  болады.  Айталық,  сауат  ашу  сабағында  сөзде  неше  дыбыс  бар,  неше  әріп,  неше  дауысты  дыбыс  бар  екенін  балалар  санайды,  текшемен  белгілейді,  немесе  суретін  салады.

Дидактикалық  ойын  сәбилер  тобынан  басталады.  Мұнда  жоғары  топтарға  қарағанда  жеңіл  түрлері  беріледі,  балалар  ойланады.  Мысалы,  бала  ойнап  отырған  машинаның  дөңгелегі  нешеу,  түсі  қандай,  кубиктерді   түсіне  қарай  топтастыр,  қане  «сен  көк  кубиктерді әкелші»,  «үстелге  апарып  қойшы»  т.б.  бұл  жерде  балалар  кеңістікті  бағдарлауды  үйренеді.

Баланың  тілін  дамытуда  ауызекі  сөйлеу,  тілдің  дыбысталу  мәдениетіне  тәрбиелеуде,  байланыстырып  сөйлеу,  сөздік  қорын  дамыту  үшін  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  ойналатын  дидактикалық  ойындардың  маңызы  зор.  Ойын  шарттары  мен  көрнекіліктерін  пайдалану  арқылы  баланың  жеке  басын,  ойын  әрекетін  дамытуға  болады.  Дидактикалық  ойындар  баланың  ақыл – ойын  дамытуға,.  Ойлауын,  қабылдауын,  есте  сақтауын,  зейінін,  салыстыру,  жіктеуге,  өзін — өзі  бақылауға  үйретеді. Дидактикалық  ойындарды  іріктеуде  баланың  ойынды  саналы  түсініп,  оның  шартын  дұрыс  орындауға  тырысып,  белгілі  бір  нәтижеге  жету  мақсаты  көзделеді.  Ойын  мақсатына  сай  ойын  ш артын  орындап,  ондағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауап  беруге  дағдыланады.  Ойын  шартын,  ережесін  қатаң  сақтау  арқылы  онда  жолдастарын    тыңдай  білу,  олардың  қатесін  түзетуге  көмектесуге,  ойын  шартын  түсіндіріп  ойынды  жалғастыруға,  жаңа  ойын  ережесін  ойлап  табуға,  оны    басқаларға  түсіндіре  білуге,   ойында  ұйымдастыруға   жаттықтырылады.

Дидактикалық  ойындарды  тіл  дамыту  сабақтарында  пайдаланудың  тиімділігін  тәжірибе  көрсетіп  отыр.  Сабақты  бекіту,  сабақта  меңгерген  материал  туралы  түсінігін  кеңейту,  баланың  шығармашылығын  дамыту,  тіл  байлығын  молайту  үшін  ол  ойындар  сабақтың  тақырыбына,  мақсатына  сай   таңдалып  отырады.  Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардағы  тапсырмалар:  сөйлеудің  екі  түрі —  монологтық  және  дидактикалық  сөйлеуге  арналған.

Мысалы: «Телефон»  ойынында  диалогтық  сөйлеудегі  әңгіменің  мақсаты – бір  нәрсе  жайында  сұралып,  баланы  оған  жауап  беруге,  белгілі  бір  әрекетке  түрткі  болуға  үйрету  болып  табылады.

Антоним  сөздермен   таныстырғанда  жануарларды  сабаққа  әкеліп,  оларды  жеке  орындарға  орналастыру  тапсырмасы  беріледі.  Бала  жануарлардың  денесіне  қарап, «үлкен»,  «кіші»  деп  бөліп,  оларды  соған  сәйкес  үлкен  торға  немесе  кіші  торға  орналастырады.  Антоним  сөздерді  салыстыру  жолымен  жұмыс  жүргізу  баланың  ой — өрісін  кеңейту  үшін  өте  пайдалы.  Сондықтан  антоним  сөздерді осы  сияқты  дидактикалық  ойындарды  ұйымдастыру  арқылы  меңгертуге  болады.

Жалпы  және  жеке  ұғым  туралы  түсініктерін  тереңдету  үшін  «Жалпы  қалай  аталады?», «Жалпы  атауын  бер»,  «Жеке – жеке  атын  ата»  сияқты  дидактикалық  ойындар  ұйымдастырылады.  Мысалы: кесе,  қасық,  тарелка,  шанышқы – «ыдыс- аяқтар»,  алма,  алмұрт,  шие- жемістер,  қияр,  картоп,  сәбіз,  қызылша- көкөністер  т.б.

Баланың  шығармашылығын  дамытуға  имитациялық  ойындар  «Біздің  көңіл  күйіміз»,  «Қоянның  көңіл – күйі»  т.б  ым,  мимиканы  әртүрлі  эмоцияны  білдіретін  сөздерді  және  оларды  салып,  көрсетуге  үйрету,  Ыммен,  мимикамен  көңіл – күйді  слаып,  оны  сәйкес  сөздермен  айту.  Мысалы: Қоян  қорқып тұр.  Қоян  адасып  кетті.  Оны  орманда  тиіндер  тауып  алды. Барлығы  қуанды. Оны  дауыс  ырғағымен,  қуану,  ренжу,  жылау  т.б  салуға,  сол  арқылы  адамның  көңіл – күйін  түсінуге  аяушыфлық  сезімге,  қамқоршы  болуға  тәрбиеленеді.

Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындардың  мақсатына  сәйкес  шарты  нақты  көрсетіледі. Бұл  ойындарды  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  пайдалану  арқылы  баланың  тілін  дамытумен  қатар  ойында  өз  шығармашылығымен  жалғастыруға,  ойын  шартын  дұрыс  орындауға,  белгілі  бір  нәтижеге  жетуге,  ұжымдық  мақсатқа  бағынуға,  үлкендер  мен  балалар  арсында  ынтымақтастық  қарым – қатынас  орнатуға  болады.

Сабақтың  қызықты,  тартымды  өтуі  үшін    дидактикалық  ойындарды  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Ойынға  керекті  құралдар  әр  балаға  жеткілікті  болу  керек,  сонда  ғана  балаларға  түсінікті  болады.  Дидактикалық  ойындардың  құралдары  ұзақ  уақыт  сақталуы  үшін  эстетикалық,  гигиеналық  талаптарға  сай,  әдемі  қораптарда,  қалталарда  тұру  керек. 

Тіл  дамыту  сабақтарында  қолданылатын  дидактикалық  ойындар.

 

Ойынның    тақырыбы: «Қажет  суретті  тап»

Ойынның  мақсаты: Логикалық  ойлауға  үйрету,  күн  режиміне  қажет  іс — әрекетті  есіне  түсіру. Қай  кезде  не  істелетіні  жөнінде  сөйлем  құрап  айтуға  үйрету. Түрлі  жаттығу  жұмыстарын  өздігінен  орындауға  жаттықтыру.

Ойынға  қажет  заттар: Үлкен  және  кішкене  суреттер  немесе  қуыршаққа  арналған  ыдыстар,  пластелиннен,  балшықтан  жасалған  тоқаш,  конфет,  нан,  бауырсақ,  ет,  колбаса  т.б

Ойын  ережесі: Егер   ойын  суреттермен  жүргізілсе  тәрбиеші – мұғалім  үлкен  суретті  балалардың  бәрі  көретіндей  орынға  іледі. Мысалы: үлкен  тарелка  немесе  орамал  ұстаған  қыздың  суреті. Балалар  қораптағы  суреттердің  ішінен  тақтаға  ілінген  сурет  мазмұнына  сәйкес  заттардың  суретін  алып  столға  қояды. Не  істегені  туралы  айтады.

Ойынынң  соңында    балалар  ойынға   қатысты  заттардың  суретін  салады (өз  қалаулары  бойынша   нан,  қант,  тоқаш  т.б)

Ойын:  Кімде   мына  түстес  зат  бар? (Тәрбиеші – мұғалім  жасыл  түсті  затты  көрсетеді) Кім  табады?  Деп  сұрақ  қояды.

Балалар  жасыл  түсті  затты  атайды. Мысалы: шөп,  жапырақ,  қияр  т.б.

Ойын  ережесі. Тәрбиеші – мұғалім  сабаққа  дайындалған  заттарды  және  карточкаларды  әкеледі. Заттарды  не  сол  заттардың  суреттерін  балаларға  үлестіріп  береді. Мысалы, Кімде  домалақ  зат  бар? – деп  сұрайды. Балалар  аталған  фирманы  өз  суреттерінен  не  ойыншықтарынан  тауып,  стол  үстіндегі  карточкалардағы  ұқсас  сызыққа  қояды  да  сөзбен  айтады. (бұл – алма,  формасы  домалақ,  түсі  қызыл  сары,  дәмі  тәтті,  ағашта  өседі,  күзде  піседі  т.б)  Жеміс –жидек,  көкөніс  туралы  тақпақ  не  жұмбақ  айтылады.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ойын технологияларын мектепалды даярлық топтары мен бастауыш сыныпта қолдану

Автор: Мұханова Жібек Жәнібекқызы

Дата: 12.11.2019

Номер свидетельства: 526672


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства