Мектепке дейінгі тәрбие беру үрдісінде ойын технологиясын қолдану арқылы,балалардың тілдерін дамыту.
Зерттеу мақсаты:
Ойын технологиясы арқылы 3-4 жастағы балалардың тілін дамыту
Зерттеудің міндеттері:
-ойын элементтерін үнемі оқу-іс әрекетте қолдану.
- Балалардың тілдерінің дамуын , сөздік қорларының жетілуі деңгейін зерттеу;
- дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.
Зерттеу пәні:«Коммуникация » білім беру саласы
Зерттеу болжамы:
- оқу-іс әрекет үрдісінде ойындарды кеңінен пайдалансақ балалардың тілдерін дамытып, оның тәрбиелік мүмкіндіктеріне жол ашылады.
-балалардың ақыл-ойы кеңейеді; -жекелей және топпен жұмыстар істей алады.
Зерттеу әдістері: - педагогикалық және психологиялық әдебиеттерді талдау; - бастауыш мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерімен танысып,байқау; - педагогикалық эксперимент жүргізу; - педагогикалық эсперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.
- қажетті педагогикалық-психологиялық диагностикаларды мектеп психологы арқылы анықтап, оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету.
- жекелей және топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру.
Кесте 1-Педагогикалық- психологиялық диагностиканың қорытындысы
№
Әдістеменің авторы
Әдістеменің аты
Анықталған қастиеттерім
1
Томас
Томас тесті «Қақтығыстық жағдайындағы педагогтың әрекетін анықтау».
«Қызметтестік»мінез-құлық түрі. Тәрбиеші адамдармен әрқашан тіл табысуға ұмтылады, бірлесіп жұмыс істеуді көздейді.
2
Л. Ребекка
Танымдық іс-әрекет стилін анықтауға бағытталған әдістеме.
1.Тәрбиешінің физикалық сезімдері көру, есту,кинестика арқылы туйсінелі.2. Экстравертті, басқа адамдармен бірлесіп жұмыс істеу, өз ойын ашық жеткізеді, қарым-қатынасқа тез тусе алады.
3. Зерттелушінің интуициясы мен бірге логикалық қабілеті жақсы дамыған.
4. Жуктелген жұмысты уақытында орындайды.
5.Тәрбиешінің ойлау әректі анализ және синтез. Жалпы идеяларды жеңіл меңгереді,логикалық тұрғыдан талдап қорытындылайды.
3
А.В.Лазукин,
И.Ф.Калинин
Тұлғаның өзін-өзі өзектендіруін диагностикалау.
Танымдылық қажеттілікті, шығармашылдығы,өмірге құштарлығы, аутосимпатияны, қарым-қатынасқа жеңіл түсу құндылықтар шкаласы бойынша жоғары ұпайды көрсетті.
4
В.Э. Мильман.
См.Е.П. Ильин
Тұлғаның мотивациялық құрылымын диагностикалау
Тәрбиешінің шығармашылығы, белсенділігі, әлеуметтік пайда болуы жоғары деңгейде.
5
Р.Кеттел
Интеллектуалды деңгейін анықтау.
Қиын абстрактілі тапсырмаларды шешу қиындық тудырмайды. Ақыл ойының дамуы жоғары деңгейде. Тәрбиеші өзінің білімін жетілдіруде жүйелі жұмыс атқарады.
Кесте2-Тұлғаның өзіндік дамуға деген талпынысын анықтауға арналған тест қорытындысының мониторингі
2013-2014жыл
2014-2015жыл
2015-2016жыл
Томас.қақтығыс жайындағы педагогтың әрекеті
доминатты
бейімделу
компромиссті
Л. Ребеко «Когнитивті әрекетін анықтау»
регламентсіз
регламентті
регламентті
А. В. Лазукин, И.Ф.Калинин Тұлғаның өзін-өзі өзектендіруін диагностикалау.
қалыптаспаған
жоғары
жоғары
В.Э Миль-ман, Е.И. Ильин Тұлғаның мотивациялық құрылымы
Тұрмысқа бейімделген
Жұмысқа бейімделген
Жұмысқа бейімделген
Кеттел тесті Интелектуалдық деңгейі
төмен
орта
жоғары
Қорыта келгенде, үш жыл бойында салыстырмалы талдау жасай отырып, соңғы жылдармен салыстырғанда өз нәтижемнің өсу динамикасын байқадым. Менің «психологиялық бейнем» қалыптасқанын, жұмысқа бейімділігім басым екенін, регламентпен уақытты тиімді пайдаланып жұмыс істейтінім және менің интеллектуалдық ойлау қабілетімнің жоғары деңгейге өскендігі анықталды.
Тақырыптың өзектілігі:
Мен білім беру үрдісінің менеджері ретінде өз жұмысымда тілдерін, cөздік қорларын дамыту жолында талмай ізденіспен жұмыс жасап келемін.
Менің ТЭЖ тақырыбым: «Мектепке дейінгі тәрбие беру үрдісінде ойын технологиясын қолдану арқылы, балалардың тілдерін дамыту». Менің ТЭЖ тақырыбымды таңдауыма арқау болған шағын орталықтың психологымен бірге жүргізілген топтағы балалардың психодиагностикалық картасы мен баланың даму динамикасы. Зерттеу нәтижесінде топтағы балалардың 4-уі орыс тілді, қолданыстағы сөздердің төркінін түсінбеулері, тобымдағы 26 баланың 19-і «ия,жоқ» деп шолақ жауап қайыратындығы тіл дамыту тақырыбына басты назарымды аударды.
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңында Қазақстан азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызу жөнінде қамқорлық жасады делінген. [1]
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатта көрсеткендей «Коммуникация» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуді дамытуды, мектепке дейінгі балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстары мен міндеттері қарастырылған.[2]
Мен шағын орталықта «Сәулетай» тобында биылғы 2017-2018 оқу жылында 27 баланы қабылдап жұмыс істеп отырмын. Өз жұмысымды балалардың тілдерін дамытуда ойын технологиясын пайдалануды үйретуге бағыттадым. Себебі, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекет үрдісінің өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. 3-4 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық,
мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.[6]
Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Ойын технологиясы мектепке дейінгі балаларда кең тараған технология болып табылады. Бұл ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады. Көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады. Қазіргі талап - әрбір балаға сапалы да терең білім беру. Сондықтан да мектептегі оқу процесінің барысы әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытып, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру. Мектепке дейінгі балаларына білім беру субъектісі ретінде, балаларды ойын технологиялары арқылы дамыту, білім беру, тәрбиелеу.
Адамның тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің сарқылмас қайнар көзі үнемі субъектілік ұстаным болып табылады.Тұлға педагогикалық субъект ретінде меңгерілетін, қалыптасатын, білім мазмұнына ендірілетін, қызметтік формаға ие болатын адам тәжірибесі. Білім беру саласында балалардың әр пәнді игеруге деген құлшынысын арттыру үшін жаңа педагогикалық технологияны тиімді пайдалану қажет, себебі жаңа технологияларды қолдану мұғалімдер мен балалардың мүмкіндіктерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Жұмыстың практикалық жаңашылдығы:
1.Қойылған сұрақтарға ойланып жауап берулері.
2. Өз қабілетін көрсете білулері
Балалардың басты іс-әрекеттерінің бірі-ойын. Сондықтан біз ойын технологияларын пайдаланамыз.
Сурет 1-«Ойын технологиясының тиімділігі».
Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту
болса,тәрбиешінің міндеті сол ойын түрлерін пайдалана отырып,балалардың ой белсенділігі мен зейінділігін арттыра түсуге қол жеткізу.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Мұндай ойындарды ұйымдастыру төмендегі екі мақсатты көздейді:
-танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
-тәрбиелік , яғни өз кұрдастарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік негізгі қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құруда мына негіздерге сүйендім:
Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу тәрбие мәселесіне көшу;
Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекілік пен материалдар күні ілгері дайындалып,оңтайлы жерге қойылуы керек.
Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларңа әбден түсіндірілгені жөн.
Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.
Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.
Ойын түрлерінің материалдары оқу-іс әрекеттің тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызыда арта түсетінін ұғындым. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді.[7]
Елбасы Қазақстанның жаңа саяси бағыты бойынша өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы жолдауында да білім саласына нақты тоқталды. «Қазақстан -2050» стратегиясы Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басты бағыттарын батыл ойлармен белгілеп берді. Елбасы білім саласына тоқтала отырып, болашақта бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін сауаттылығы жоғары елге айлануымыз керектігін айтып өтті. Онда ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр делінген. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. [5]Мектепке дейінгі балаларда өзін- өзі дамыту құзырлығы бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мәселе. Оқушыларды заман талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы – сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға бейімделетін,өзін -өзі ұстай алатын тұлға қалыптастыруда, құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды функцияларының атқаратын орны ерекше.
Сөйлеуді дамыту әрекеті барысында балалардың тілдерін дамытумен сөздік қорларын қалыптастырудың маңызы зор. Балалар қарым — қатынас моделдерін, мәдениеттік стереотиптерді, мәдениет образдары мен символдарын білулері керек. Бұл балалардың қазақ тілінде емін еркін сөйлесуін қамтамасыз ете алады.Өз іс-тәжірибемде балалардың тілдері мен сөздік қорларын дамыту жолдарын қарастырамын. Осы мақсаттарға жету үшін өз жұмысымда үлгілік бағдарламаға сай өткіземін, өйткені заманауи сабақ балалардың қандай да бір құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. Сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет бойынша балалардың тілдерін сөздік қорларын қалыптастырып, дамыту үшін тақырыпқа байланысты диалог, қойылымдар әзірлеу, рөлдік ойындар ойнау т.с.с. тапсырмаларды орындатуға болады. «Біз және театр» атты үйірме жұмыстары да қолға алынып онда балалардың еркін сөйлеуіне мол мүмкіндік жасалған.Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер.
Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелерді ролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Қорытындылағанда 2017-2018 оқу жылында тоқсанның басында Балалардың психологиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес, яғни мінез құлқы, темпераменті, қабілеті, қызығушылықтары да әр түрлі. Бұл балалардың даму процестері де әр түрлі. Ал дайындықпен келген балалар әрине,
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетті жеңіл қабылдайды, тапсырмаларды да жеңіл түрде орындайды. Осы ойын технологиясын қолдану арқылы балалардың сөйлеуді дамыту сабақтарында білім сапасының диаграммасы.
Сурет 2- І тоқсан бойынша бейімделу рейтингісі»
Сурет 3 – ІІ тоқсан бойынша бейімделу рейтингісі
Кесте 3- Бала деңгейінің анықтау нәтижелері.
№
1-тоқсан
2-тоқсан
1
Дыбыстарды дұрыс айтуы
32%
43%
2
Қол маторикасы
33%
40%
3
Белсенділік қабілеттері
37%
57%
4
Есте сақтау, зейіні, тілі
47%
57%
Жылдың басындағы және екінші тоқсандағы сөйлеуді дамыту сабағы бойынша балалардың білім сапасының өскенін көріп отырсыздар. Яғни, ойын технологиясын сабақтарда пайдалану тиімді деп айтуға болады.
Осы көрсеткіштерді пайдаланып 2017жылдың 8 желтоқсанында мектепке дейін білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілеріне арналған «Балапан» ашық зияткерлік сайысына 6 баланы қатыстырғалы отырмын. ТЭЖ тақырыбым бойынша жұмыс нәтижесінде балаларымның тілдерінің анық, нақты сөйлегендерің, сөздік қорларының едәуір молайғанын байқадым.Мерекелік шараларда өлең шумақтарын айтуда, ертегілерді сахналауда, тіл тазалығының жақсарып келе жатқанын,күнделікті оқу-іс әрекеттерінде толық жауап беріп, қолданыстағы сөздердің мағынасын ажырата бастады. Өздеріне деген сенімдері артты. Түйін:
Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруін
Танымдық үрдісінің дамығанын
Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестілігін.
Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіру ынталары қалыптаса бастады. Тәрбиеші-шебер.Ол бала тұлғасын жаныштайтын ұстанымдардан бас тартып, шәкіртін сыйлайды, оның ойын әрекетіне мүдделі болады, бағдарлама идеясы бойынша тәрбиешінің жаңа тұлғасы осылай көрсетіледі. Мен осы жолдармен келісемін, тәрбиеші бойындағы әсіресе мектепке дейінгі балаларға мейірімділік, шыдамдылық, әділеттілік сияқты абзал қасиеттерді, кәсіби шеберлігімен ұстапотырса, нұр үстіне нұр болады деген ойда болдым. Тәрбиешілерге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, келешекте жұмыстардың балаларға ұнайтын қолайлы әдістердің көптеп қолдануым керек. Осы бағдарламада көптеген мәліметтер жинақтап өзіме рухани азық алдым десем артық емес. Ендігі менің ойым болашақта да осындай тәжірибелер жинақтап балалардың бойына сіңіре білсем деп ойлаймын.
ӘДЕБИЕТ
Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы, 2004 жыл, 6- бап
Қазақстан Республикасының Білім беру заңы, 2007 жыл, 13 бап, 4-тарау, 16 бап, 4-тарау.
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі ұйымдарнда білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы
әдістемелік нұсқау хат
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы
желтоқсандағы «Қазақстан -2050» стратегиясы қалыптасқан жаңа саяси
бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.
К.С.Құдайбергенова Құзырлылық білім сапасының критерийі:әдіснамасы және ғылыми теориялық негізі. А,2008.
Оқытудағы ойынның рөлі Қазақстан мектебі 2010.- № 6 - 9 б