Просмотр содержимого документа
«Мені? шы?армашылы? ?станымым»
Менің шығармашылық ұстанымым
Ұстаз адамның жан-жақты түсінігі мол,
қандай істі болса да тез шешіп,
тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы,
көреген, батыл һәм шешен болуы керек.
Әбу Насыр әл-Фараби
Шындығында, ұстаз балаларды тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Ұстаз мамандығы барлық мамандықтың анасы»
деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Тәрбиеші берген тәрбие әрбір баланың болашақ өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Тәрбиеші... Бұл қандай сөз? Неліктен солай атаған?
Естігенде өте қарапайым сөз сияқты.Ал мағынасына түңілетін болсақ терең ой жатыр!
Тәрбиешңің бойында қарапайымдылық, сенімділік,мейірмдлік қасиеттері болу керек.
Неліктен осы мамандықты таңдадың? -деп сұрайсыздар.
Менң жауабым: Бұл мен үшін тек мамандық немесе табыс көзі емес, ол менің таңдаған жолым, ішкі жан дүнием, образ жизни.
Өз басым осы мамандықты таңдай отырып, алдыма биік мақсат пен үлкен жауапкершілікті алғанымды білдім. Себебі тәрбиеші алдында болашақ Қазақстанның азаматтары, ал олар өз алдына әрбіреуі білімді, саналы тұлға болып қалыптасуына тәрбиешінің ықпалының зор екені сөзсіз.
2010 оқу жылы мен өз еңбек жолымды Екібастұз қаласында жалғастыра бастадым.
Жұмыс барысында балалардың өз ойларын еркін жеткізе алмау, алғашқы дыбыстарды дұрыс айтпау, сауатты сөйлей алмау сияқты қиыншылықтарға кездестім. Ал егер бала ана тілін жетік меңгермесе, ол үшін бағдарламаны игеруде кедергілер туындайтыны анық. Баланың туғаннан жанына жақын, қоршаған ортаны алғаш танып білуі ойыншықтар арқылы болады. Сондықтан өзімнің білім жетілдіру тақырыбым ретінде «Ойыншықтар және оның баланың дамуындағы маңызы » деп алып, осы тақырып төңірегінде жұмыс істеуді 5 жылғы мақсат етіп қойдым. Жоспар құрылған соң, жоспарға сай жұмыстар жүргізіле басталды. Нормативті құжаттармен танысып, оларды өз жұмыс барысымда негізге ала отырып оқу үрдісінде пайдаландым. Теориялық матерлиялдар қорын жинақтаған соң өз тәжірибемде практикада күнделікті пайдаландым. Ойыншықтардың түрлері, олардың пайдасы, зияны және ұлттық ойыншықтар жайлы жұмыс тақырыптптары алынды.2011-2012 оқу жылында білім жетілдірудің практикалық кезеңі басталды. Балалармен және ата-аналардың басшылығымен ғылыми жұмыстар жүргізілді.
Төлеуова Аружан ата-анасымен «Қолдан жасалған ойыншықтар»,
Илияс анасымен «Мен ойыншықтарға екінші өмір сыйлаймын» атты жоба, Ерасыл атасымен «Ағаш ойыншықтар» атты жоба жұмыстарын даярлап балабақша ішінде, содан соң қалалық семинарға қатысып белсенділік танытты.
Жалпы біздің мамандығымыз өте қиын да қызықты және өте жауапты. Ата-аналар бізге өзінің ең асылын, баға жетпес байлығы-балаларын сеніп тапсырды.Әр баланың көңілінен шығу үшін тәрбиеші үнемі ізденісте боу біздің басты міндетіміз. Ең маңызды ол ата-аналардың рахметін алып, балалардың мейіріміне бөленуден артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Мен сол үшін де өз мамандығыммен мақтанамын!