Основная цель этого занятия – это расширения знаний детей о республике Казахстан, о его государственных символах, а так же, о тех документах, которые необходимы, для того, чтобы быть гражданином республики Казахстан, воспитание маленького патриота своей родины. Занятие было построено таким образом, чтобы дети поняли, гражданами какой страны они являются. Дети рассказывали стихи о государственных символах о том, что изображено не флаге и гербе республики Казахстан, пели гимн. Воспитатель познакомил детей с основными документами гражданина республики Казахстан – это свидетельство о рождении, в удостоверении личности. На занятии много говорилось о значении родного языка, дети узнали о конституции республики Казахстан. Герои, которых играли сами дети – это врач, учитель, солдат, пограничник рассказали, какую работу они выполняют для процветания своей страны. В конце занятия дети исполняли песню «Мені? ?аза?станым», рассматривали карту своей родины.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мен – ?аза?стан азаматымын »
Мен – Қазақстан азаматымын
Орыңдаған Жакупбекова Р.С.
«Балдырған» балабақшасы
Осакаровка 2014
Сабақтың мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтумен бірге Қазақстан азаматы болу үшін қасиетті құжаттардың болуы керектігін түсіндіру, әрі Қазақстан азаматын басқа республика азаматтарынан ажырата білуге үйрету, Ел азаматы атағына лайықты, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Көрнектіліктер: Жеке куәлік үлгісі, төл құжат, «Тіл туралы Заң» кітабы, Қазақстан қартасы, ұлттық киім үлгілері туралы альбом көрнекілік ретінде пайдаланылады.
Сабақ қонақтармен сәлемдесуден басталады.
Қуан щаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты күн бүгің,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Сәлематсыздар ма?
Қазақстан Республикасының ән-ұраны айтылады.
Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ән айттыңдар?
Қазақстан Республикасының ән-ұранын.
Дұрыс айтасыңдар, балалар, әрбір республиканың, өз ерекшелігін білдіретін ән-ұраны, туы, елтаңбасы болады.
Балалар, залда қандай суреттер ілулі тұрғанын байқадыңдар ма?
Қазақстан республикасының рәміздері.
Осы рәміздер туралы кім жеке-жеке түсінік бере алады?
1-бала: Мынау – Қазақсатан Республикасының мемлекеттік туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн шуағы, астында қыран бүркіт ұшып келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың күндей жарқырап, қыран бүркіттей самғай берсін дегені.
2-бала: Мынау Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Тәрбиеші: Балалар, үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп, ән-ұранымызы орындалады. Осы рәміздерді үлкен де, кіші де құрметтеп, жоғары ұстауы тиіс. Ал ән-ұранды балабақшадан бастап біз жатқа айтып жүрміз. Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіндер.
Балалар, осы Қазақстан Республиқасының рәміздері туралы кім тақпақ біледі?
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп тұр,
Күн жаяды шапағын
Астында оның қалқыған
Қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт бейнесі.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар
Шарықтаған таза күй.
Қара шанырақ ел күні
Асқақтатып тұр мұны.
Елтаңбасы елдігім
Елдің тыныш тірлігі.
Тәелдсіздік жолында,
Талай-талай тер төккен.
Билігім өз қолында,
Еркіндігім ел таңбам.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, еліміздің рәміздерін өте жақсы білетіндеріңді байқаттыңдар. Біз Қазақстанда тұрамыз, демек Отанымыз Қазақстан Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген мақал бар. Сендер Отанымыз Қазақстан жайында қандай тақпақтар білесіңдер?
Гүл жайнаған Астана,
Қазақстан отаны.
Бірін – бірі сыйлаған
Туысқандар отаны.
Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын
Азаматтың бірімін.
Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнің сүйем.
Отан, отан, отан
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Бақытты бол жүргенім,
Сенің арқан Қазақстан.
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл атам.
Сарқалмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің Қазақстан.
Толтырған гүлсе даланы,
Жайнатқан ауыл, қаланы.
Ардақты ата мекенім,
Отаным – Қазақстан.
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының ел басшысы кім?
Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы туралы кім тақпақ біледі?
Шықты тарап ой данадан,
Бер қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап, сайлап алған,
Елімнің бар президенті.
Ол да аямай жанын салды,
Жету үшін мұндай сыйға.
Нұрсұлтан ата ел басшысы,
Көгіңдегі тудай сыйла.
Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасы жерінің үлкендігі жағынан дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы мемлекет. Осындай үлкен мемлекеттің азаматысыңдар. Себебі сендер өмірге келген күннен бастап туу туралы куәлік берілді. Сол кезден бастап Қазақстан мемлекетінің азаматы болып есептелесіңдер. Ал, 16 жасқа толған кезде мынадай жеке куәлік аласыңдар.
(туу туралы куәлік пен төл құжат көрсетеледі).
Әркім өзін Қазақстан азаматы деп санаса, оған жеке куәліктің болуы ғана жеткіліксіз. Ол азаматтың Қазақстан Республикасы туралы білімі болуы керек. Халықтары туралы, қазақтың әдет-ғұрпың салт дәстүрін білу кере. Сонымен қатар туған Ана тілін қадірлеуге міндеті.
Балалар, Ана – жеке бір кісінің анасы болсы, тілі – тұтас бір халықтың анасы. Сондықтан ана тілін қадірлеу, көз қарашығымыздай сақтау, қастерлеу біздің азаматтық борышымыз
Қәне, кім өзінің ана тілі туралы тақпақ айтар екен.
Бақыт құсы қонды ғой;
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Тәрбиеші: Балалар, менің қолымда тұрған еліміздің конституциясы. Бұл Ата заңымызда Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың тең құқықтылығы, бас бостандығы, қадір-қасиетіне ар-намысына тиіспеу жан-жақты баяндалған.
Қазақстанның Ата заңы Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың басты құжаты болады.
Балалар, естеріңде болсын! Адамгершіліктің басы – адалдық.
Сондықтан егеменді еліміздің ертеңгі тұтқасын ұстайтың, адал да, әділ болып қызмет ететін азаматтарымыз бен азаматшаларымызды ант беруге ортаға шақырамыз.
(әр бала өз мамандығы бойынша киім киеді).
Ортада трибуна тұрады.
: Мен Қазақстан Республиқасының азаматшасы – дәрігермін. Халқыма адал қызмет етуге ан етемін! Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
: Мен Қазақстан Республикасының азаматы – заң қызметкерімін. Халқыма адал қызмет етуге ант етемін! Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
: Мен Қазақстан Республикасының азаматы – жауынгермін. Халқыма адал қызмет етуге және елім мен туған жерімді қорғауға ант етемін! Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті.
: Мен Қазақстан Республикасының азаматшасы – ұстазбын. Халқыма адал қызмет етуге ант етемін! Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндеті.
: Мен Қазақстан Республикасының азаматы – кеден қызметкерімін! Халқыма адал қызмет етуге ант етемін! Республика аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам, еркін жүріп тұруға және мекен жайды қалауынша таңдап алуға құқығы бар.
Ел сыйлайтын мұғалім,
Не дәрігер болармын.
Ер жеткенде ел сенер
Нағыз адам болармын.
Мен Қазақстан Республикасының азаматшасымын. Халқыма адал қызмет етуге ант етемін.
Міне, балалар достарың келешекте қалай қызмет атқаратындық- тарына ант (яғни уәде) беріп, азаматтықтарын білдіріп жатыр.
Ендеше осы елін, жерін сүйетін азаматтардың орындауындағы ән: «Ел менің».
Тәрбиеші: Сендер тағы азаматтық туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Ата жолын сақтаумен,
Өсті әке-шешеміз.
Ел сенімін ақтаумен
Азамат боп өсеміз.
Жақсы адам елге ісімен танылады,
Ал жаман адам сөзден әркез жаңылады.
Ертең-ақ азамат боп ер жетермін
Қолдаса ата-бабам әруағы.
Тәрбиеші: Әрине, ертең-ақ азамат болып ер жетерсіңдер.Сол мемлекеттің азаматтары Қазақстан қартасын қалай құрайды екең соны көрейік.
Құрастыру: «Қазақстан картасы».
Балалар, осы мемлекетіміздің құрметіне «Менің Қазақстаным» әнің орындайық. Ән: «Менің Қазақстаным».
Тәрбиеші: Міне, балалар өміріміздің жалғасы, қоғамыздың тірегі болыр сендер, еліміздің қорғаны адал азаматтары болыңдар!
Қортынды:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы болды? Азамат болу үшін не істеу керекпіз? – деген сұрақтарға балалардың жауабы тыңдалған соң.
Еңдеше қонақтар! Абай атамыз айтқандай: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» - деп бүгінгі бүлдіршін балаларымыз, қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деп, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.