kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ? БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕНІ? К?РІНІСІ

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Отанс?йгіштік сезімі туа біте пайда болатын ?асиет. С?биді? бойында е? алдымен анасына, ?з отбасына, ?з ?йіне, ту?ан жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, т?л?а есейген сайын біртіндеп ?лт, халы?, ?леумет, мемлекет де?гейіне к?теріле беретін б?л сезім адамны? б?кіл ??мырына жал?асып жатады. ?аза?стан Республикасы ?зіні? т?уелсіз мемлекет екендігін б?кіл ?лемге д?лелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекетті? ?ркендеп ?суі,халы?ты? ?леуметтік, экономикалы? жа?дайын к?теру. ?аза?станды – Отаным деп таны?ан ?рбір азаматты? осы?ан ?з м?мкіндігінше ?лес ?осуы тиіс. М?ны? басты шарттарыны? идеяларын Н.?.Назарбаев ?зіні? «?аза?стан- 2050» Жолдауында «бізді? балаларымыз бен немерелеріміз бабаларыны? игі д?ст?рін са?тай отырып ?азіргі заман?ы нары?ты? экономика ?ркендеу ?стіндегі к?ллі ?лемге ?йгілі ?рі сыйлы ?з еліні? патриоттары болады» деп на?ты к?рсеткен болатын[1].

   ?азіргі уа?ытта ?о?амны? дамуына байланысты мектеп жасына дейінігі білім беру, оларды т?рбиелеу ж?не дамыту міндеттері бар?ан сайын к?рделеніп бара жатыр. Басты міндетті? бірі: мектеп жасына дейінгі бала  ?мірге белсене араласа отырып, ?ылымны? шапша? дамуына ілесуі, ашыл?ан жа?алы?тарды ?здігінше ме?геруі, оларды ?зі ?ызмет ететін салаларына ?атыстыларын іс ж?зіне асыра білуі, ?мірде ?олдана алуы. Сонымен ?атар балалар балаба?ша ?абыр?асында ж?ріп –а? ?лемдік ??рылым ?алыптасуыны? негізгі ?ылыми ?станымдарын, ойлауды? ?діс-т?сілдерін, Отан деген с?йіспеншілік, патриотизм, танымны? за?дылы?тарын игеруі    тиіс. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ? БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕНІ? К?РІНІСІ»

Садикова Заида Ташболатовна,

арнайы пәндер оқытушысы

Ақтөбе қаласының көпсалалы «Болашақ» колледжі


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КӨРІНІСІ

 

   Отансүйгіштік сезімі туа біте пайда болатын қасиет. Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2050» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын[1].

   Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты мектеп жасына дейінігі білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: мектеп жасына дейінгі бала  өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше меңгеруі, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар балалар балабақша қабырғасында жүріп –ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отан деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі    тиіс. 
         Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

    Ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ етіп өсіргіміз келсе, бар назарды келешек ұрпақ тәрбиесіне аударуымыз қажет. Қазіргі білімнің болашағы мол факторларының бірі – патриоттық тәрбие.

     Қазір Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Мұнда көптеген ұлттар мен халықтардың бір – бірімен тату – тәтті, сыйластық, ынтымақта қатынас жасауы тиіс. Қазақстан олардың бәрінің отаны болғандықтан біздің елді мекендеген барлық халықтар отаншылдық рухында тәрбиеленуі қажет. 

   Мектеп жасына дейінгі балалар арасында жүргізілген жұмыстарымызда, сабақтарда оларды қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек. Ал қазақ жастарын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлкен міндеттер жүктеледі. Өйткені, Қазақстанның байырғы тұрақты халқы – қазақтар, жердің де, елдің де негізгі, түпкі иесі солар. Сондықтан да алдымен қазақ жастарын отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу ерекше маңызды [3].

     «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту,ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру, т.б. тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.Осыларды көздеп жүргізген зерттеу еңбегімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын –жазушылардың ой-пікірлеріне сүйене отырып «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беруге ұмтылдық. Сондай – ақ бұл ұғымның маңызын ашып көрсету жас буындарды тәрбиелеуде бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап   отыр. 
      Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрметтеу, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек.

   Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында қалыптасатын патриоттық тәрбиенің белгілері:

-         туып –өскен ортаға деген бауырмашылдық сезім;

-         өз халқыңның тіліне құрметпен қарау;

-         отанның мүддесіне қамқорлықпен қарау;

-         отан алдындағы парызды сезіну,оның абыройы мен құндылықтарын, еркіндігі мен бейбітшілігін бағалау;

-         отанға деген азаматтық парызды және адалдықты көрсету;

-         өз еліңнің әлеуметтік және мәдениеттегі жетістіктерімен мақтану;

-         отанға, мемлекеттік рәміздерге, өз халқыңа деген мақтаныш;

-         отаныңның бастан кешірген тарихына, өз халқыңа, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарау;

-         өз еліңнің және халқыңның тағдырына, болашағына жауапкершілік таныту,өз еліңнің нығаюы мен гүлденуіне өз үлесіңді қосу;

-         рақымшылық, адамгершілік құндылықтар.

Патриотизм – адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік іс-әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі деп есептеледі.  Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылықтарды бағалай білу біліктілігі, азаматтық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, табиғат аясына серуенге шығудың  мектепке дейінгі балаларға жан-жақты әсер ете алатын танымдық қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және іс-әрекетті қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу – оларды жаңа заманның талабына сай көпұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін өзін-өзі дамытуға дағдыландыру, белсенділікке, біліктілікке, шығармашылыққа бағдарлау, ұлттық құндылықтарға, сүйене отырып балалардың серуендеу іс-әрекеттері арқылы  ішкі жан дүниесін, елжандылық пен патриоттық сезімін, туған өлкесіне сүйіспеншілігін дамытып, қалыптастыру деген анықтама беруге болады [2].

Р.А.Жаңабаеваның пікірінше: «Патриотизм ұғымы азаматтардың қоғамдық өмірдің саяси құрылымына және басқа да компонеттеріне деген идеологиялық қарым-қатынасын білдіреді. Әрбір адам осы бір жоғары да ізгілікті сезімді әр түрлі түсінетіні белгілі: біреулер бұл ұғымды өз отбасы, істеп жүрген жұмысы, туып-өскен және мекен ететін жерімен астастырса, ал екінші біреулер үшін бұл мемлекет, ел, қоғам, қоршаған ортаны тұтасымен қамтитын аса кең мағыналы ұғым. Патриотизм, жалпы алғанда, ұлттық мәдениеттің, ал, жекелей алып қарағанда, саяси мәдениеттің элементі болып табылады», - деп тұжырымдаса.

Ал, С.Иманбаева: «көпұлтты Қазақстан үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыттары: бірінші – ұлттық экономиканың дамуы, қалыптасуы мен оның халыққа қызмет етуі, екінші – Қазақстанды мекендейтін халықтардың еркін дамуы, тілі, діні, мәдениеті, әдет-ғұрпы және мемлекетке атын берген ұлттың тілін, дінін құрметтеу мен сол елді Отаным деп тану, тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға бір адамдай ат салысу, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарау, үшіншіден - өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты дамыту және т.б,» - деген анықтаманы береді.

Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ Қазақстан азаматы. Олар өзіміз қоршаған  ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары білмі де білікті жаһандану заманына сай болуы қажет. Ұлттық тәрбиенің ең бір биігі – ата – анасын, үлкенді құрметтеу т.б. ұғымдар қабысып – отаншылдық, елжандылық ұғымдарына           алып келеді. Мұндай ұғымдар негізінде тәрбиеленген, ұрпақта патриоттық         сезімді       қалыптастыратыны     анық[4].
        

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт.- 2012.

2.     С. Иманбаева «Ұлттық потриотизм негіздері».- Алматы, 2004.

3.     Ә.Төгісов «Тәрбие арқауы – Қазақстандық патриотизм» // Қазақ батыры.– 2009.

4.     Қазақстандық патриотизмнің негізгі тірегі //Қазақстан мектебi. -2005.

 

 

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ? БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫ? Т?РБИЕНІ? К?РІНІСІ

Автор: Садикова Заида Ташболатовна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291509


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства