"Мектепке дейінгі ?йыммен бастауыш сынып арасында?ы саба?тасты?"
"Мектепке дейінгі ?йыммен бастауыш сынып арасында?ы саба?тасты?"
Саба?тасты? дегеніміз, біріншіден, екі буын арасында?ы орта? ма?сат міндеттер, орта? мазм?нды? ж?йе, баланы ж?йелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буын?а не??рлым с?тті ?туге ба?ыттау, екіншіден білім беруді? ?дістемелік ж?йесіні? ?рбір компонентіні? ?йлесімділігі. ?. Бидосов былай деген “Саба?тасты? дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі п?ндерді о?ытуды? ?р т?рлі сатысында балаларды? білімдеріні? арасында ?ажетті байланыстар мен ?атынастар орнату”. Балалар білім икемдігі мен машы?тарын пайдалану ж?не одан ?рі дамыту кезінде оларды? о?у ісінде ?р алуан байланыстар орнату, жа?а білім мен б?рын?ы білімді ?зара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді ке?ейту мен тере?дету, о?ы?андарды жа?а, жо?ары де?гейде байыптау”.
Балаба?ша мен мектеп арасында?ы байланыс формаларыны? саба?тасты?ын екі ?зара байланысты аспектіге б?луге болады: а?паратты? – а?артушылы? ж?не практикалы?.
Бірінші аспект, м??алімдер мен т?рбиешілерді? о?у - т?рбие ж?мысыны? міндеттерімен ?зара танысуын, балаба?шаны? жо?ар?ы топтары мен мектепті? бірінші сыныбы ба?дарламалар мазм?нын зерттеуді болжайды. Осы ма?сат?а байланысты мынадай формалары м??алімдер мен т?рбиешілерді? біріккен педагогикалы? ке?естерінде балаларды? мектепке дайынды?ы м?селесі бойынша ?атысуы, д?рістермен ?зара алмасуы ж?не т. б. ж?мыстарды ж?зеге асыру керек.Екінші, т?жірибелік аспект – бір жа?ынан м??алімдерді? балаба?шада ?здеріні? болаша? о?ушыларымен алдын ала танысу, екінші жа?ынан, т?рбиешілерді? б?рын?ы т?рбиеленушілерді ба?ылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазм?нды ж?зеге асыру формалары: м??алімдерді? болаша? о?ушылармен танысу ?шін балаба?шада?ы дайынды? топтар?а ж?йелі ?атысуы, оларды? іс - ?рекетін ба?ылау, балаларды? диагностикаларыны? н?тижелерімен ж?не мінездемелерімен танысу
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мектепке дейінгі ?йыммен бастауыш сынып арасында?ы саба?тасты?"»
№19 жалпы орта білім беретін мектеп жанындағы "Ақтілек "шағын орталығы
Баяндама
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастық»
Шағын орталық әдіскері: Ж.С.Құрманғалиева
Орал 2016ж
Мақсаты:
«Баланың сезімдік тәжірибесін байыту, ретке келтіру, қоршаған ортамен баланы қарым-қатынасқа даярлау, жеке тұлғалық-танымдық қасиеттерін дамыту. Балабақша мен мектептің байланысын орнату үшін, балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларын біреге дамыту жолымен жүргізу.»
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық
3. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы ерекшеліктер
4. Сабақтастық үрдісі
5.Мектепке дейінгі ұйымның міндеттері
6.Бастауыш мектептің міндеттері
7.Қорытынды
І. Кіріспе
Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”. Балалар білім икемдігі мен машықтарын пайдалану және одан әрі дамыту кезінде олардың оқу ісінде әр алуан байланыстар орнату, жаңа білім мен бұрынғы білімді өзара байланыстыру. Сонымен бірге, білімді кеңейту мен тереңдету, оқығандарды жаңа, жоғары деңгейде байыптау”. Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және практикалық. Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу - тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.Екінші, тәжірибелік аспект – бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс - әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу. Қазіргі оқу тәжірибесінде мектепке дейінгі және бастауыш мектеп оқуындағы сабақтастықты жүзеге асыруда негізгі екі бағыттарын белгілеуге болады. Олардың біріншісі, балалар дамуының темптерін көбейту және мектепке дейінгі мекемелердің мектептегі оқудың талаптары мен ерекшеліктеріне жету міндеттерінен тұратын тәжірибеге сүйенеді. Екінші, бастауыш мектепке дейінгі білімдер, іскерлік және дағдыларды дамыту тактикасына негізделеді. Мұнда В. В. Давыдовтың белгілеуі бойынша, бастауыш мектеп оларды жүйелейді және жалпылайды, оқуға, жазуға, санауға және т. б. үйретеді. Біздің көзқарасымызша, бұл бағыт жан - жақты емес, бірақ біріншісіне қарағанда көп қаланады.Сабақтастықтың жағымсыз жақтарын тереңдететін негізгі фактор болып біздің пікірімізше, бірінші сыныптың бағдарламаларының күрделену тенденциясы жалпы білім беретін мектептерде практикаға, оқытудың альтернативті формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, бірінші сынып оқушысына өте жоғары талаптар қою. Бұл тенденциялардың бірі - көптеген арнайы мектептерде балаларды қатал таңдау. Бірінші сыныпқа баратын балалардың оқи білу, санау операцияларын игеру, санның құрамын ұғыну және т. б. талап етеді. Бұл өзінің баласының “жақсы” мектепке түсуін қалайтын ата - аналар жағының балабақшаға сәйкес талап қоюын тудырады.
2.Мектеп және балабақша арасындағы сабақтастық
Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың дабыл қағуына толық негіз бар.Мақсат, мазмұн бірлігі неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Сондықтан балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы, білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Сонымен қатар аталған сабақтастық сақталу үшін мектепке дейінгі кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес баланың өзін-өзі бағалауының сақталуы, танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен байланыс жасауға дайындығы қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке дейінгі шақтағы жетістіктерінің барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды даму жағдайында жеке жұмыстарды, мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін жетілдіруге арнайы өзара қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
3. Мектепке дейінгі мекеме мен мектеп арасындағы ерекшеліктері
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:
баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.
іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын —ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар бар. Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
оқу, ойын, жатын бөлмелері;
жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
гигиеналық талапқа сай асхана;
сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
Мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен бастауыш мектеп сатысында мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш мектеп мектепалды дайындық тобында берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту моделінен оқытудың мектептік моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек. Бұл жерде білім, білік, дағдылардың сабақтастығынан да балалармен жұмыс істеудегі әдіс-тәсілдердің сабақтастығы жоғары рөл атқарады. Басты мақсат мектепалды дайындық тобынан бастауыш мектепке көшудегі балалармен жұмыс түрлерінің тығыз сабақтастығы.Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының әдіс-тәсілдерін, жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді, ал даярлық тобы тәрбиешілері көбіне бастауыш мектеп моделін пайдалануға мәжбүр болады. Балаларды оқытудағы бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп талаптарына сай білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы келеді. Мұндай сабақтастықтың нәтижесінде мектепке дейінгі балалықты бағалау түсіністігі жоғалады және баланың даярлық тобына баруы мектепке дайындық ретінде ғана қарастырылады. Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады,себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе. Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік- логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.Сөздік-логикалық ойлау — сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
4.Сабақтастық үрдісі
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады. Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың жетістігін қалыптастырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады. Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы). Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
5.Мектепке дейінгі ұйымның міндеттері
- Салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
- Эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
-Талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
-Айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
6. Бастауыш мектептің міндеттері
- Салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
- Қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
- Мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
- Әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
- Мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
7.Қорытынды
Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау. Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.