"Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу ?нері саба?ын о?ытуды? ма?ызы" атты баяндама
"Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу ?нері саба?ын о?ытуды? ма?ызы" атты баяндама
?азіргі заманда бейнелеу ?нерін балаба?шада о?ытуды? ма?ызы ?те зор. Балаларды? ой - ?рісін ке?ейтіп дамыту ?шін бейнелеу ?нері е? ?ажетті саба?ты? бірі болып саналады.
Б?л ж?мыс екі б?лімге б?ліп ?арастырыл?ан, бірінші б?лімде балаба?шада бейнелеу ?нерін о?ыту, зат?а ?арап затты? суретін салу ж?не та?ырып?а ертегіні иллюстрациялау?а байланысты сурет салу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу ?нері саба?ын о?ытуды? ма?ызы" атты баяндама»
Қазіргі заманда бейнелеу өнерін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады. Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада бейнелеу өнерін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Бейнелеу өнерін осы жастарда (ересек топтағы балаларға) оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың ең бастысы негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешелігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап салу үшін балабақшада қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан–жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғандағы балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады.
«Айгөлек» тобында барлығы 37 бала бар. Әр баланың бойында өзіне тән жеке қасиеттері, ерекше қабілеттері болады. Сол қабілеттерін одан әрі жетілдіру, пысықтау және жүзеге асыру біздің , яғни тәрбиешілердің қолында. «Айгөлек» тобында сурет салуға бейімді балалар бар. Атап айтатын болсам: Жанабаев Алидар, Момыш Карина, Сапаргалиева Жансая, Смагул Жансая, Сакенова Амина. Осы балалар қылқаламды қалай ұстауды, әдемілеп бояуды, тазалықты сақтай отырып, сурет салуды және сурет салуда қиналған балаларға көмектесуді біледі. Ал, осы биылғы оқу жылында жаңадан қабылданған балалар: Серік Сәтім, Сыздыков Рүстем, Тілеу Аружан, Батталов Адиль, Журкабаев Жаслан, Нашкенова Диана, Жарқынбек Диас қайшыны, қылқаламды, қарындашты ұстауды, желімді, сулы бояуды және гуашьты дұрыс қолдануды білмейтін еді. Біз осы балалармен күнделікті сабақ барысында, сабақтан тыс уақытта және екінші күннің жартысында жекеше жұмыс жүргізіп, әр баланың ұсақ қол маторикасын дамыту барысында көптеген жұмыстар жүргізілді. Оқу жылының басына қарағанда, қазіргі уақытта осы балалардың деңгейі біршама өсті. Бос уақытымызда балаларға ақ қағаз беріп, гуашь беріп сурет салдыруға тырысамыз. Әр түрлі боямақтар әкеліп, сызықтың сыртына шығармай боятуды үйретеміз. Алақанмен сурет салуды, саусақпен салуды жаттықтырамыз. ҰОІӘ өткізу барысында сурет салуға қиналған балаларға көмектесіп, өздеріне талпыныс беруге тырысамыз. Салған суреттерін бір-біріне бағалатуға үйретеміз. Мадақтау, мақтау сөздерін қайталатып, қорытындылаймыз. Ал, жапсыру сабағында қайшыны дұрыс ұстай алмайтын балаларға бос уақытта немесе екінші күннің жартысында қағазға пішіндерді салып, қидырамыз. Әр түрлі суреттерді сызықтармен қидырамыз. Қауіпсіздік ережелерін міндетті түрде еске түсіреміз. Мүсіндеу сабағында ермексазды жұмсартуға күші жетпейтін, әлсіз балалар бар. Атап айтсақ: Омарова Алия, Жұмабек Гүлім, Мурзабаев Ерасыл, т.б. Осы балаларға ермексазды қолдарына беріп, әр түрлі заттарды мүсіндеп, қолдарын жаттықтырамыз. Әр түрлі саусақ жаттығуларын жасаймыз. Өздерінің қиял-еріктеріне қарай, бір затты мүсіндеп беріңдер деген тапсырма береміз. Жалпы айтқанда, әр салада жұмыс істеуге қиналған балалармен жекелей жұмыстар жүргіземіз. Түсіндіру, көрнекі құрал пайдалану, үлгі көрсету, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырамыз. Қабілеті бар балаларды тереңдетіп оқытып, жұмыс жүргізуге тырысамыз. Үйге тапсырмалар береміз. Ата-аналарға арнап тапсырмалар да береміз. Қыс мезгіліне, көктем мезгіліне орай суреттер салып келуге тапсырмалар береміз. Күз мезгіліне байланысты табиғи материалдардан әр түрлі бұйымдар жасап келуді ұсындық. Музыкаға қабілеті бар Смагул Жансаяны ән айту дарынын одан әрі дамыту үстіндеміз. Балалармен бірге өзіміздің де шығармашылық қабілеттеріміз дамиды.
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтары айналамен танысуларына көп көмек береді, сонымен қатар өзінің көзқарасының дамуына, көз алдына елестетулеріне, есте сақтауларына, сезімдеріне және тағы басқа психикалық үрдестерінің дамуына көмектеседі. Педагог баланың психологиясын жақсы білсе, онда баланың бейімділігін, ықыласын түсінуге көмектеседі.
Бейнелеу өнері сабағы баланың тілін дамытуға, тіл байлығын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Педагог негізгі оқу тәсілдерінде ең бірінші сөзді пайдаланады, сабақтың тақырыбын анықтайды, тапсырманың орындау реттілігі туралы айтады. Тәрбиешінің эмоциалды, ашық түрде айтқан сөзі баланың бейнелеу үрдісін тереңірек түсінуге көмектеседі.
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №5 бөбекжай-бақшасы» МКҚК
Баяндама
Тақырыбы:
«Мектепке дейінгі мекемелерде бейнелеу өнері сабағын оқытудың маңызы»