kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі білім беру ж?не т?рбиелеу ?дерісін Сын Т?р?ысынан Ойлау технологиясы бойынша ?йымдастыруды? тиімділігі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

?здіксіз білім беру ж?йесіні? ал?аш?ы сатысы болып мектепке дейінгі т?рбие ж?не о?ыту саласы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды? осы кезе?де игерген да?дылары мен білімі - болаша? ?міріне ??нды азы? болары с?зсіз. Б?лдіршіндерді? дер кезінде ?мірге бейімділігін ?алыптастыра отырып ел болаша?ыны? т?т?асын берік ?стар ?рпа? т?рбиелеу - мектеп жасына дейінгі т?рбие мен о?ыту ?дерісіні? басты ма?саты болып табылма?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі білім беру ж?не т?рбиелеу ?дерісін Сын Т?р?ысынан Ойлау технологиясы бойынша ?йымдастыруды? тиімділігі.»

Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу үдерісін Сын Тұрғысынан Ойлау технологиясы бойынша ұйымдастырудың тиімділігі.

Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болып мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың осы кезеңде игерген дағдылары мен білімі - болашақ өміріне құнды азық болары сөзсіз. Бүлдіршіннің дер кезінде өмірге бейімділігін қалыптастыра отырып ел болашағының тұтқасын берік ұстар ұрпақ тәрбиелеу – мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінің басты мақсаты болып табылмақ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» стратегиясында : « ..... Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстанда 3-6 жас аралығында балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан да оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды.....» деп айтып өткен болатын.

Осы мақсатта мектепке дейінгі ұйым педагогтарының тәрбиелеу және оқыту үрдісіне жаңаша қырдан қарауына «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы бойынша ұйымдастырылған семинарлар жиынтығы септігін тигізді. ?

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу үдерісін Сын Тұрғысынан Ойлау технологиясы бойынша ұйымдастырудың тиімділігі» тақырыбында ұйымдастырылған семинар мектепке дейінгі ұйым педагогтарының баланың бойына сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің алғашқы іргетасын қалау әдістері мен тәсілдерін үйрету мақсатында жүзеге асқан болатын. Семинардың пратикалық бөлімінде «Қатынас» білім саласы бойынша, ағылшын тілі бөлімінен «Менің сүйкімді ойыншықтарым» ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті өтті. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде педагог «Тірек суреттер», «Бес жолдық өлең» әдістерін іздену – ұйымдастырушы кезеңінде падалана отырып, балалардың ағылшын тілінде сөздік қорын молайтып, жаңа тақпақтарды мәнерлеп айту дағдыларының нышандарын қалыптастыра білді. Рефлексивті – коррекциялаушы кезеңінде «Кубизм» әдісі ортаңғы топ балаларының жаңа тақырыпты игеру деңгейін көрсетуде ұтымды іске асты.

«Қатынас» білім саласы бойынша, ағылшын тілі бөлімінен «Менің сүйкімді ойыншықтарым» ұйымдастырылған ашық оқу іс – әрекеті,

ағылшын тілі пәні жетекшісі Қалиева С.Ш.


Мектеп жасына дейінгі І кіші тобында «Таным» және «Шығармашылық» білім саласы бойынша , «Қоршаған ортамен таныстыру» бөлімінен балаларға балықтар туралы кеңінен түсінік беріп, құрылысымен таныстыру, оларға қамқорлық танытуды мақсат ететін «Балықтар әлемі» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті саяхаттан басталып балалардың іс-әрекетке деген қызығушылығын тез оятты. «Топтастыру» әдісі бойынша балалар тірек сызбамен жұмыстана отырып, балықтардың ерекшеліктері туралы кеңінен түсінік алды.



Суда жүзеді Сопақша пішінді







Тағам ретінде пайдаланады Балдырмен қоректенеді


«Галерея» , «Кубизм» , «Бес жолды өлең» әдістері арқылы балалар шығармашылық орталығында жұмыстанып, игерген дағдыларын бекіте түсті.



«Таным» және «Шығармашылық» білім саласы бойынша,

«Қоршаған ортамен таныстыру» бөлімінен «Балықтар әлемі» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті


Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерінің жүзеге асуы тек ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерімен шектелмей, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, ата-аналарымен де жүйелі жұмыс үдерісін қалыптастыруда да өз көрінісін тапты.

«Балаға жүрек жылуы» тақырыбындағы тренинг арқылы түзету инклюзивті білім беру кабинетінің мамандары «Салыстыру», «Ұйымшылдықты бағалау», «Галереяна шарлау» әдістері арқылы бала тәрбиесіне уақытылы көңіл бөлу, тәрбиенің отбасындағы ықпалын ата-ана назарына жеткізе білді.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыру жолдары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің әдістемелік кеңесі «Галереяны шарлау», «Топтастыру», «Квиз- тест» әдістері арқылы өз мақсатына жетіп, жас мамандардың өз қызметіне деген құлшынысын жаңа қырынан оята білді.

«Мектепке дейінгі ұйымдарда вариатив компонентін жүргізу ерекшеліктері» тақырыпқа және мәтінге байланысты педагог мүмкндіктерін сын тұрғысынан ойлауды дамытуда «Білемін.Білгім келеді.Үйрендім», «Құрылымдалған шолу» әдістері бойынша мектепке дейінгі ұйым педагогтары вариатив компонентін жүргізу ерекшеліктері туралы түсініктері кеңейді.

Осылайша, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үдерісін ұйымдастыруда жаңа мүмкіндіктер, жаңа ойлар, жаңа жетістіктерге зор мүмкіндігін ашатынына көз жеткіздім.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жекенова Гаухар Жакияовна

Дата: 29.02.2016

Номер свидетельства: 300372


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства