Мектепке дейінгі балаларды а?ылшын тілін о?ытуда ойын элементтерін ?олдану
Мектепке дейінгі балаларды а?ылшын тілін о?ытуда ойын элементтерін ?олдану
Мектепке дейінгі жас – а?ылшын тілін о?ыту?а ?те ?олайлы кезе?, себебі б?л жаста?ы балалар тілдік ??былысты ?абылдау ?абілеттілігімен ерекшеленеді: оларда ?зіні? с?йлеу т?жірибесін, тіл ??пияларын бай?ау ?ызы?ушылы?ы пайда болады. Олар лезде берілген ша?ын материалды ме?геріп алып, оны ?те жа?сы айтып бере алады. Шетел тілі ана тілімен ?оса баланы? с?йлеу ?абілетін ж?не жалпы дамуын ?ана жетілдіріп ?оймайды, оны ?зін ?орша?ан айналасында?ы адамдармен ?арым – ?атынас м?дениетіне де ?йретеді. ?з т?жірибемде жа?а та?ырыпты ?ту барысында жа?а с?здерге к?п к??іл б?ліп отырамын. С?зден с?з тіркестер ??ралады, одан с?йлемдер ??рылады, сонды?тан баланы? жа?а с?зді д?рыс ?абылдап, ойына са?тау барысында ?р т?рлі ойындар ж?ргіземін. Ойын баланы? тілге деген ?ызы?ушылы?ын арттырады ж?не баланы? тілді ?йренуде жа?сы жетістіктерге жеткізеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мектепке дейінгі жас – ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы айтып бере алады. Шетел тілі ана тілімен қоса баланың сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді. Өз тәжірибемде жаңа тақырыпты өту барысында жаңа сөздерге көп көңіл бөліп отырамын. Сөзден сөз тіркестер құралады, одан сөйлемдер құрылады, сондықтан баланың жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын баланың тілге деген қызығушылығын арттырады және баланың тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында ойын арқылы олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырылады. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіге үйретеді.
Сонымен қатар балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызығырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.
Әндер, тақпақтар, санамақтар балалардың сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар негізгі оқу іс-әрекеті болып табылатын ол-ойын. Ағылшын тілі пәнін ойын арқылы үйретуде де үлкен роль атқарады және кеңінен қолданылады. Жан–жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді,есте сақтау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.
Балалар білімді ойын арқылы қабылдап үйренеді. Сондықтан
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын баланың ой-өрісін кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде әрбір баланың белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады.
Ойын түрлері көп. Олар: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойындар т.б. Бұл ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, epiк сезім түрлерін де дамытады. Осылардың ішінде дидактикалық мақсаттағы ойындардың оқыту үрдісінде балалардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда үлесі зор болып табылады.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді: 1) үстел үсті ойындары 2) дидактикалық ойындар 3) қозғалыс ойындары 4) іскерлік ойындар 5) интеллектуалдық ойындар
Үстел үсті ойындары Балалардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Топта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Лото, бинго, құрастырмалы ойындар, «Не артық?», «Пейзаж құрастыр», т.б. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде қолданған тиімді. Дидактикалық ойындар Балалардың таным белсенділігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
Қозғалыс ойындары Бұл ойындар балалардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұл ойындарды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізуге болады.
Іскерлік ойындар Балалардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Іскерлік ойындар балалардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді. Интеллектуалдық ойындар Бұл ойындар балалардың зор белсенділігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар жатады. Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек: -мектепке дейінгі ұйымдарда әр-түрлі ойындарды ойнаған бала
шығармашылыққа дайын болуы; -ойын, оның түрі, мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне сай болуы; -жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді; -ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы; Ойынның ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысындағы басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды.
Ағылшын тілінде ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту үшін ойынды үйлесімді таңдау –– ағылшын тілі оқытушысының шеберлігіне байланысты. Ағылшын тілін меңгертуде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде балалардың ақыл-ойын дамытудың көп тараған формалары дидактикалық ойындар олар: әртүрлі лото, доппен ойналатын ойындар, кеспе қағаздарын пайдаланатын ойындар,шаршы ойындары, сенсорлық ойындар т.б. Әсіресе допты пайдаланып ойналатын ойындарда бала өзінің назарын доптың бірқалыпты соғылуына аударады, санау дағдылары қалыптасады, ойында жеңіп шығу үшін сандардың мөлшерін жаттап алуға ынтасы оянады. Доптың ритмикалық соғылуымен бірге санау бір-бірімен тығыз байланысты көру, ұстау және қозғалу анализаторларының дамуына көмектеседі. Ойынның осы түрлері ойын материалын түрлендіруге зор мүмкіншілік береді және лексикалық материалдарды жақсы меңгеруге көмектеседі.
Ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде ғана емес, тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты – сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.
Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы.
Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Ағылшын тілін үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда.
Іс-тәжірибемде балаларға ағылшын тілін үйретуде мазмұны күрделі емес, шағын драмалық ойындарды пайдаланамын. Драмалық ойындарда балалар ертегілердегі рольдерді жаттайды және ерекше күндерге арналған ертеңгіліктерде осы рольдерді орындайды. Драмалық ойындар балалардың бейнелік сөйлеуін, мәнерлеп сөйлей білуін дамытады. Сонымен қатар көрнекілік принципіне үлкен мән беремін. Алғашқы әсер өте айрықша болу үшін ойыншықтар, суреттер, фотосуреттер, схемалар мен басқа да көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.
Мектепке дейінгі балаларды шетел тілінде сөйлеуге үйрету процесінде көрнекіліктерді пайдалану - өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде нақты жағдайларына байланысты болуы тиіс. Мысалы, «Жануарлар» тақырыбын оқытқанда суреттерге қарағанда, ойыншықтарды қолданған нәтижелі болады. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде техникалық құралдарды (магнитофон, DVD, CD, әртүрлі аудиотаспалар) пайдаланамын, баланың жан-жақты дамуына септігін тигізеді. Жарықтық суреттердің динамикалығын, көркемділігін және айқындылығын көрсететін дыбыстық техникалық құралдар мәнерлеп айту кезінде балалардың эмоциясын тудырады, ол оқу процесіне оң әсер етеді.
Ойын арқылы баланың: -ой-қабілеті дамиды; -өздігінен жұмыс істеуге үйренеді; -сөздік қоры баийды, тілі дамиды; -зейіні қалыптасады; -байқампаздығы артады; -өзара сыйластыққа үйретеді; -ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды; -ҰОІӘ-не қызығушылығы артады.
Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын баланың есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде оқытудың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін жеңілдететінін ескеру қажет. Ағылшын тілі мұғалімінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет. Ойын арқылы кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл-күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарын қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана мұғалімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мақсатына жеткізуіне мүмкіндік береді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Филатов В.М. Методическая типология ролевой игры//Иностранные языки в школе – 1989 г. 2. Шетел тілін оқыту әдістемесі/Методика обучения иностранных языков. Наурыз – Сәуір. №2(10)/2006 ж. 45-47 бет. 3. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №3(17)/2007 ж.
4.Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж 5.Бородулина М.К. “Шетел тілін үйрену” – М, “Просвещение”, 1975 ж. 6. Шетел тілін оқыту әдістемесі. №3(17)/2007 ж. 21-25, 41-44 беттер. мектепке дейінгі мекемелерде ағылшын тілін оқыту
7. Футерман З.Я. Иностранный язык в детском саду. – Киев: Ряданьска школа, 1984.
Тақырыбы: Дидактикалық ойын арқылы баланың тілін джамыту
Педагогикалық стажы 11 жыл
Категория – II
Білімі- жоғары
Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше.Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психалогиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрілі құбылыстары мен үлкендердіңтүрілі іс әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезінеу, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрілі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады. Былайша айтқанда болашақ қайракердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойыцн мен еңбектің бір – біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагогтар, ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын – жаман жұмыс сияқты» деп қарап бұлардың арасында айырмашылық көп емес деген түйін жасауға болады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын байқалады. Ойын кезіндегі баланың психалогиялық ерекшеліктері мыналар; олар ойланады, эмоциялық әсерге ұшырайды, белсенділігі артады ерік қасиеті,қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтейік» деуі, олардың әойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады;
Мақсаты; Оқушыларға дидактикалық ойын арқылы ойлау, сөйлеу,қиялдау , тілін дамыту,сонымен өатар өз ойларын толық жеткізе білу, сауаттылығын ашу.
Міндеті; ойын арқылы балалардың сөз, сөйлемдерді айыру сөзден сөйлем өұрай білу, сурет бойынша әңгіме құрап айта алу содай –ақ ойын арқылы әр баланы сөйлетіп, әр баланының ортамен қарым – қатынасқа түсуін, ашылуын,тіптен балаларды ойнай білуге түстерді айыра білуге үйретеді.
Күтілетін тәтиже;
Ойын- тәрбие құралы, ақыл- ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды молайтады, өмірді танып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түсеті.
Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Демек, ойын баланы жан – жақты жарасымды тәрбиелеудің психалогиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай,оның өмір құбылыстары жайлы таным түсінігне де әсер етеді.Балалар ойын арқылы тез тіл табысып, жақсы қғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимыл арқылы өзінің денсаулығын нығайтады.Жалпы ойынның қандай түрі болмасын, атадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отырады. Халық ойындары өмір қажеттіліктерінен туады, психалогиялық жағынан денсаулық сақтауға негізделген. Тапқыр да алғыр, шымыр да епті, қайраттыда қажырлы бала өсіруді армандамайтын отбасы жоқ. Демек ойынның өзі бала үшін біліктіліктің, тәлімнің қайнар көзі. Сондықтан жас өрендер ойлай да ойнай да білсін.
Тапсырма: әріптердің қатарындағы сөздерді жылдам тап.
Әатсабақючждлрпмектепывфртсанлзжнк
Тапсырма: жақша алдындағы сөзге қатысты екі маңызды сөзді белгіле.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер мен түстер жайлы білімдерін бекіту, түсті таңдай білуге үйрету (жақын, сәйкес).
Санай білуге санды жаза білуге үйрету.
Сана қайсысы көп, әр алманың тұсына санын жаз.
3. Әр қатардағы жемістерді сана жәнеқажетінше боя.
5
4
6
Айтылым тапсырма бойынша айтылым әрекетін іске асыру. Дұрыс оқу, түсініп айту дағдыларын қалыптастыру. Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.
Алма бағы.
Мектептің үлкен алма бағы бар. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Жазда ағаштарды күттік, суардық. Алма - дәмді жеміс.
+ тің үлкенбағы бар. Онда әр түрлі жеміс
+тары өседі. Жазда тарды күттік, суардық. - дәмді жеміс.
• Мектептің қасында не бар?
• Онда не өседі?
• Жазда нені күттік, суардық?
• Алма –қандай жеміс?
Баланың саусағын ойната отырып, тілін дамыту.
Әдемі әтеш,
Таң атпай тұрыпты.
Ойқастап жүріпті.
Жан-жаққа қарапты.
Айдарын тарапты.
Көкеністерді себетке сал,жемістердітабаққа сал сызық арқылы
Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның тағы бір түрі- ол дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі төмендегіше қасиет-қабілеттері дамиды.
Я.А.Каменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6 және 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Ойын түрлерін мұғалім сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген қағидатты негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мысалы тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар: «Шашылған дыбыстар», «Кім көп біледі», «Суретке құрап әңгіме құра», «Гүл терейік», «Сөз ойла, тез ойла» т.б ойындар дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда ұстап, сөзді дұрыс айту.
Оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік, ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін, сыннын өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет. Қазақ тілі сабақтарында діни нақылдар мен өнегелік өсиеттерді үйрету арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарды түсініп, оны келешек өмірінде дұрыс қолдана білуге дағдыландырады.
Жоғарыда аталған мақсаттарды орындау үшін қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт бағытта жүргізу орынды:
Бірінші бағыт – дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу;
Екінші бағыт – оқушыларға ізгілікті тәрбие беру оқушылар бойына ізгілік, адамгершілік қасиеттерін сіңіру;
Үшінші бағыт – түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ тәрбиелеу;
Төртінші бағыт – оқушылардың сөздері орынды қолдану дағдыларың жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Осы ойын түрлерін жас мамандарға көмегі тиеді деген оймен жолдап отырмын. Сабақтың тақырыптарына қарай ойындарды түрлендіруге болады.сәттілік тілеймін!
Қолданылған әдебиеттер ;
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру А.Б. Акпаева . .Л.А.Лебедева
2.Отбасы және балабақша журналы
3.Математика өзіндік және бақылау жұмыстары. Өлке баспасы-2010ж.
4. Әдістемелік нұсқау даярлық топ, Алматыкітап 2010 ж.