kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке т?рбиелеудегі отбасыны? ы?палы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адамгершілік т?рбиесіні? басты ма?саты

Жеке т?л?аны ?алыптастыруда,

оларды? жан д?ниесіне сезіммен ?арап, ?рбір іс – ?рекетіне ма?сат ?ою?а, жоспарлау?а, оны орындау?а, ?зіне – ?зі талап ?оя білуге т?рбиелеу

М і н д е т і

Балаларды? бойына ?лем ж?не адамзат туралы     д?рыс т?сінік ?алыптастыру;

Балаларды? ?орша?ан ортасына деген  ?ызы?ушылы?ын ояту;

Балаларды? адамгершілік мінез ??лы?тарына  ба?а беру м?мкіндіктерімен таныстыру;

Жеткіншіктерді? танымды? белсенділігін        арттыру;

Жас ?рпа?ты? рухани-адамгершілік  ??ндылы?тарына к??іл аудару;

   Жеке т?л?аны? «менін» ояту. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке т?рбиелеудегі отбасыны? ы?палы»



Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке

тәрбиелеудегі отбасының ықпалы


“Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғарғы моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек”

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев

Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты

Жеке тұлғаны қалыптастыруда,

олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне – өзі талап қоя білуге тәрбиелеу


М і н д е т і

Балалардың бойына әлем және адамзат туралы дұрыс түсінік қалыптастыру;

Балалардың қоршаған ортасына деген қызығушылығын ояту;

Балалардың адамгершілік мінез құлықтарына баға беру мүмкіндіктерімен таныстыру;

Жеткіншіктердің танымдық белсенділігін арттыру;

Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарына көңіл аудару;

Жеке тұлғаның «менін» ояту.

Қазақ мектептерінің ең басты міндеті-өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін, дінін қастерлейтін және оны жалпы адамзаттық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін елжанды тұлға тәрбиелеу.

Бәрімізге белгілі біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығармайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс екендігі біздің кейбір қазақ жастарының санасына кішкентайынан енгізілмеген түрі бар. Оқушы жастарының арасында ішімдік пен шылым шегуге әуес, есірткі қолданушылар қатары да өсуде. Қылмыстың ең ауыр түрлеріне баратын жастар көбейіп отыр.

Ж. Аймауытов өзінің «Тәрбие» атты мақаласында:

«Тәрбиеге әсер беретін нәрсе-өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып не түрлі жаман мінезді жұқтыртатыны белгілі»,- дейді

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты-тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол-бала тәрбиесі. Тәртіп бұзушылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақтан жие қалдыруға әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін. Жас шыбықты қалай ексең, солай өседі ғой. Иә, «ұяда не көрсең соны ілерсің»,


демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дамыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау ата-ана мен ұстаздың басты тәрбиесі.

Әл – Фараби адамгершілік туралы өз сөзінде:

«Адам - өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез-келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат-мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар - ожданы таза болады» Жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бұдан кейін әке-шеше «жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің» деп ұрысып жіберуі мүмкін. Бұл - қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуына төзімділікпен бақылау керектігінде ұмытпаған жөн. Баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашасыз. Әр істеген ісінің ұқыпты да тынымды орындалуына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата-аналар «Екеумізде жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ» дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздарын үй шаруасында жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуға, баланың көзінше арақ ішіп, үсті-үстіне темекі тартатындар да бар. «Көрінген таудың алыстығы жоқ» дейді, ертең-ақ ұл өсіп ер жетеді, қыз өсіп бой жетеді.

Бала тәрбиесіндегі қайшылықтарға тоқталатын болсақ . Олар:
- шектен тыс босаңсыту;
- өз бетімен жіберу немесе қорқыту;
- асa қатаңдық;
- орынсыз жазалау.
Шектен тыс қатаңдық:
- ата-ананың дөрекі билігі;
- ұрып, соғып жазалауды қолдануы;
- өктемдік қалдықтары.

Отбасы жылуын көрмеген, ата-ананың қамқор махаббатына бөленбеген бала жаны қатыгезденіп, қылмысты жолға қарай бейімделетінін түрлі жамандықтан қорғансыз болатыны белгілі. Жасыратыны жоқ баласының білім алатын мектебіне жыл бойына бір рет те бармайтын, тіпті ат ізін салмайтын ата-аналар жиі кездеседі. Баланың тәрбиесіне отбасы мен мұғалімдер жауапты екенін білсе де жауапсыз қалдырады. Мектеп оқушыларының уақытының көбі отбасында өтеді, рухани адамгершілік тәрбиесі өте күрделі жан-жақты процесс. Отбасында оқушы әр нәрсені естиді, көреді, қалай өмір сүру керектігін, өзін-өзі қалай ұстайтыны іс жүзінде жағымды, жағымсыз мінез - құлықтың өнегелі формаларын ата-аналардың және басқа отбасы мүшелерінің еңбекке, адамға қатынасын, ауылдың жағдайын білуге тырысады. Міне, сондықтан ата-ана балаға үңіле қарап үнемі бақылап, зерттеу жағдайында оның мұқтажын, тілегін, талабын еске алуы қажет. Отбасы-оқушы үшін өмір мектебі. Онда оның мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік тағы басқа адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Демек отбасы: жеке адамның рухани адамгершілік құндылығын қалыптастыратын микроұжым.

Адамгершілік туралы Абайдың үш талабы.

1) Мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл,шыншыл болу.

2) Тұрақтылық. «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық. Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын»

3) Әділетшіл. Әлеуметтік міндеті – дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқын, Отаны үшін қызмет істеуі.


Жетілген мінез – құлық үш нәрсенің – жүректің, ақылдың және қолдың бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады. Еліміздің күші патшада, сәбидің күші жылауында демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болу керек.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке т?рбиелеудегі отбасыны? ы?палы

Автор: Аменова Айгерим Рахимовна

Дата: 24.02.2016

Номер свидетельства: 298079


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства