kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Типтік бағдарламаны іске асырудың кезеңдері, маңыздылығы мен ерекшелігі»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Типтік бағдарламаны іске асырудың кезеңдері, маңыздылығы мен ерекшелігі»

Типтік бағдарламаны жүзеге асыру жолдары мен жеткен жетікстіктері, нәтижелері туралы мағлұмат

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Типтік бағдарламаны іске асырудың кезеңдері, маңыздылығы мен ерекшелігі»»

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Типтік бағдарламаны іске асырудың кезеңдері, маңыздылығы мен ерекшелігі»

Мазмұны

Кіріспе 2

  1. Апробация туралы түсінік 4

  1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу, оның мақсаты мен міндеттері. 5

  2. Типтік бағдарламаның маңыздылығы мен ерекшелігі. 9

  1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізудің кезеңдері. 10

  1. Күтілетін нәтиже. 11

  2. Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын нақтылау. 12

  1. Мария Монтессори технологиясы арқылы типтік бағдарламаны жүзеге асыру. 13

  1. Компьютерлік ойындар. 14

  2. Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында алынған нәтижелерді жинақтау және талдау. 15

  1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында жеткен жетістіктер.Тәжірибемен алмасу. 17



Қорытынды 18

Қолданылған әдебиеттер тізімі 19



























Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Сол себепті мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Заман талабына сай «Балдәурен» балабақшасы «М.Монтессори технологиясын» эксперименттен өткізіп, осы технолгия арқылы «Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу» жұмыстарын атқарды.

2014 – 2017 жыларалығында «М.Монтессоритехнологиясы» экперименттіөткізілді.М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. 

Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді мұндағы бала.

Ал, 2015 – 2016 жыл аралығында «Типтік бағдарламаны апробациялау, мақұлдау» сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілді. Апробация, мақұлдау – жорамалды дәлелдеу үшін тәжірибе жүзінде жүргізілетін зерттеулер.

Эксперимент енгізу үшін баланы жан –жақты дамытуға арналған дамытушылық ойыншықтар, дидиктикалық ойынға арналған ойыншықтар, үлестірмелі ойыншықтар, бисерлер, ағаш, жіп өткізуге арналған ойыншықтар, дыбыстық, музыкалық ойыншықтар, сипап сезуге арналған ойыншықтар, құрылыстық материалдар, жан –жануарлардың түрлері, үтіктер, үй жабдықтары, ыдыс –аяқтар,қызғылт мұнара, қоңыр баспалдақ, қызыл таяқшалар, ертегі кейіпкерлері, дамыту кубиктері,т.б. көптеген ойыншықтар алынды. Жалпы Мария Монтессори технологиясында 5 аймақ арқылы баланың дамытуы көзделген.

  1. Тіл дамыту аймағы;

  2. Сенсорлық аймақ;

  3. Математикалық аймақ;

  4. Күнделікті өмір жаттығулар аймағы;

  5. Ғарыштық (Астрологиялық) аймақ.

«Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу» жұмыстары «М.Монтессори технологиясымен» тығыз байланыста болды. М.Монтессори әдісін қолдану арқылы типтік бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстары атқарылды. Типтік бағдарламаны түбегейлі зеттеп, М.Монтессори технолгиясымен байланыстырдық. Әр технология өзінің тиімдігімен және маңыздығымен ерекшеленеді. Сол сияқты, «Типтік бағдарламаның да» өз ерекшелігі бар. Мұнда, бала өзін еркін ұстауға, өз –өзене есеп беруге, жасаған қателігін жөндеуге мүмкіндік алады, бір –біріне көмектесіп, көрсетілген бағыт –бағдарды қабылдай алады.





































  1. Апробация туралы түсінік.

«Апробация» сөзі латын тілінен аударғанда approbation – «анықтау, қабылдау, мақұлдау, келісу» деген мағынаны білдіреді. Жорамалды дәлелдеу үшін тәжірибе жүзінде жүргізілетін зерттеулер.

Апробация –бұл әртүрлі мағынада білдірілетін термин болып табылады.

  • Жүргізілген сараптама негізінде бірденені мақұлдау;

  • Нақты жағдайда теория арқылы жүргізілген схема, әдітеме бойынша жұмысқабілеттілігін сынақтан өткізіп тексеру;

  • Өнімдердің сапасын анықтау мақсатында өткізілетін сынақ жұмыстары;

  • Шынайы жағдайда теориялық құрылған әдістерді тәжірибе арқылы тексеру;

  • Бірденені сынақтан өткізілгеннен кейін ресми түрде келісу, мақұлдау;



Апробацияны не үшін өкізеді? Апробацияны қандай да бір өнімнің сапалығын зерттеп, оның жарамдылығын анықтайтын арнайы жоспар құрылу арқылы нәтижеге жету, мақсатты түрде жарамдылығын анықтау үшін жүргізеді. Мысалы, бидай өнімдерін саратамадан өткізу арқылы сапасын анықтап, нәтижеге қол жеткізіп, қандай бидай өнімі жақсы екенін мақұлдайды. Сол сияқты білім беру ұйымдарында да сынақ жұмыстары жүргізіледі. Сынақ жұмыстарды жүргізу арқылы сол әдіс –тәсілдердің тиімділігі анықталып, мақұлдау жұмыстары жүргізіледі. Мақұлдау жұмыстарын жүргізер кезде міндетті түрде бақылаулар, мониорингтер мен диагностикалар өткізеді. Сол мониторингтер арқылы сапасы анықталады. Сапа жоғары болса, онда ол ресми түрде жоғары өкілдермен мақұлданады. Мақұлданғаннан кейін ол басқаларға таратылады.















  1. 1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу, оның мақсаты мен міндеттері.



Елімізде болып жатқан әлеуметтік –экономикалық және саяси өзгерістер білім саласын жетілдіруді талап етеді. Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқытумен қамтылуын, оларды мектепке дейінгі даярлауға арналған әрқилы бағдарламалар мен заманауи жаңа технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету» көзделген.

Казіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде де мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласына да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалар мен технологияларды енгізу соншалықты тиімді орын алады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР)

  • «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының Ғылыми –әдістемелік кеңесімен (2014 жыл 20 қазандағы №4 хаттама) мектепке дейінгі ұйымдарда типтік бағдарламаны сынақтан өткізуге усынылған.

  • «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының сараптамалық қорытындысы негізінде бұл типтік бағдарлама сынақтан өткізуге ұсынылған (кіріс 23.12.14ж. №02-02/2671).

  • Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия сынақтан өткізуге ұсынған (08.01.15ж).

  • «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДБҰ жалпы білім беретін типтік бағдарламасын сынақтан өткізуге ұсынған (09.01.15ж.).

Осыған орай «Балдәурен» балабақшасы 2015 жылдың 12 қаңтарында Министрдің жырлығымен №403 үкімі бойынша «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін типтік бағдарламасын» жүзеге асыру боцынша бұйрық шығарылып, 2015 жылы 20 қаңтарда №14 үкімін Депортамент бастығы Б.Ізбасарованың бұйрығымен бекітіліп, 2015 жылдың 22 қаңтарында «Балдәурен» балабақшасы МКҚК меңгерушісі А.Е.Темірғалиеваның басқаруымен №5а үкімін «Балабақшада жаңа технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын апробациядан өткізу» бойынша бұйрық шығарылды.

Осы бұйрыққа сүйене отырып, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап дайындық жұмыстары жүргізілді. Балабақша меңгерушісі А.Е.Темірғаливаның басшылығымен жауапты тәрбиешілер ретінде әдіскер Дана Зоя, тәрбиеші Махшанай Замзагуль және Молдахметова Тәттігүл Серікқызы тағайындалды. Жауапты тәрбиешілердің жеке жосптары құрылып, ұйымдастырылған оқу қызметі –сынағын өткізу алгоритімі құрылды.

Педагогтардың аты–жөні

Білімі

Қызметі

Еңбек өтілі

Санаты

1.

Дана Зоя

Жоғары

Әдіскер

8жыл

2санат

2.

Махшанай Замзагуль

Арнаулы орта

Тәрбиеші

6жыл

1санат

3.

Молдахметова Тәттігү

Арнаулы орта

Тәрбиеші

4жыл

2санат

4.

Хуандых Арайгүл

Арнаулы орта

Тәрбиеші

2жыл

2санат



ТӘРБИЕШІНІҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

1.

ТАӘ


2.

ЛАУАЗЫМЫ


3.

БІЛІМІ МЕН МАМАНДЫҒЫ


4.

БІЛІКТІЛІК САНАТЫ


5.

СЫНАҚ МАҚСАТЫ


6.

СЫНАҚ МІНДЕТТЕРІ


7.

ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ


8.

СЫНАҚ КҮНДЕЛІГІ

( СЫНАҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОҢ ЖӘНЕ ЖАҒЫМСЫЗ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАР)





Типтік Бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын жүзеге асыру мақсатында әзірленген.

Типтік бағдарламаны сынақтан өткізудің мақсаты мен міндеттерін анықтап, бағдарламаның мазмұны баланың жан –жақты дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі педагогика мен жас ерекшеліктері психологиясының негізгі ережелеріне сәйкес және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім беру салаларын кіріктіру ұстанымдары ескеріле отырып әзірленген.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдарда жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу және жаңа технологияларды қолдану.

Міндеті: Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі балаларды тәрбиелеу мен оқытусапасын арттыру үшін мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: балаларға әрі қарай үйрету үшін олардың жас ерекшелігіне сай рухани –адамгершілік қасиеттерін, әлеуметтік, коммуникативтік, шығармашылық,танымдық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.

Міндеттері:

- баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық –кеңістіктік дамытушы ортаны құру;

- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіздік ұстанымдарымен қамтамасыз ету;

- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммутикативтік дамуына бағытталған юілім беру салаларын кіріктіру;

- баланың тіршілік әрекетіне қажетті білім игеру, білік және дағдыларды қалыптастыру;

- тілін, қарым –қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашу негіздерін меңгеруге даярлау;

- мектепке дейінгі жастағы балалардың халықтың салты мен дәстүрлеріне деген құндылықтарын, адамгершілік бағдарын қалыптастыру;

- Отанға, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қоршаған ортаға, отбасына, түрлі ұлттың адамдарына ізгі қарым –қатынас жасауға тәрбиелеу;

- Мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара қарым –қатынасы.











































  1. 2. Типтік бағдарламаның маңыздылығы мен ерекшелігі.

Ерекшілігі: Бағдарлама жаңа инновациялық технологияларды қолдануға итермелейді және жаңа технологияларды қолдануға жағдай туғызады.

Маңыздылығы: Заманауи талаптарына сай, алға жетелеп, шығармашылыққа, іздемпаздыққа жол ашады.

Осы типтік бағдарламаның ерекшелігі – ерте жастағы, туғаннан бастап мектепке дейінгі жастағы балалардың кешенді дамуын ықпал ететін қолайлы әлеуметтендіру және балалардың негізгі құзыреттіліктерін игеруге негізделген, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қамтамасыз етеді.Баланың толыққанды шығармашылық тұлғасының дамуына қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі. Балаларда мәдени мінез –құлықты, логиканы, тілге қызығушылықты дамытуға бейімдейді.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке дамуы ерекеше болады. Себебі, бала жан –жақты білім алып қана қоймай, сонымен қатар адамгершілік –рухани байлыққа ие болады. Типтік бағдарламаны жүзеге асыру барысында бала өз бойына тек жақсы қасиеттерді, білімді, парасатты, шығармашыл, сөздік қоры мол, ойлау, қиялдау қабілеті зор, жан –жақты дамиды, зейіні тұрақтанады. Бұл бағдарлама бойынша оқытылған бала, мектепке барғаннан кейін мектеп бағдарламсн жақсы, әрі тез меңгеретін болады.

Бұл типтік бағдарламаның маңыздылығы зор. Ол тек тәрбиеленушіге ғана емес, сонымен қатар педагогқа үлкен әсер етеді. Педагог өзіңе көп мәлімет жинақтайды. Білім жинағы толықтырылып, іздемпаздыққа құмарлығы артады. Өз алған білімін тәжірибе жүзінде іске асыруға асығады. Типтік бағдарламаны жүзеге асыру барысында жаңа үлгідегі диагностика түрімен таныс болады. Өзің әрі қарай шыңдай түседі. Бұл бағдарламаны жетік меңгерген педагог балаға қажетінше біліммен сусындатып, әріптестерімен өз тәжірибесімен алмаса алады.











  1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізудің кезеңдері.

Сынақжұмыстарынұйымдастырукезеңдері:

  1. Дайындық кезеңі.

  2. Енгізу кезеңі.

  3. Жинақтау кезеңі.

  4. Тәжірибе алмасу кезеңі.

Дайындық кезеңі:

  • Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу туралы педагогикалық кеңесте талқыланды.

  • Сынақ мәселелерін оқып үйрену шаралары жүргізілді.

  • Сынақ жұмыстарының жоспары әзірленді.

  • Сынақ өткізуші-педагогтардың әдебиеттермен, мақалалармен, зерттеу тақырыбы бойынша құжаттарымен танысу жүргізілді

  • Алғашқы мониторинг өткізілді.


Ендіру кезеңі:

  • Жоспарға сай сынақ жұмыстарын өткізілді.

  • Кезеңдер бойынша мониторинг жүргізілді.

  • Педагогтардың сынақ жұмыстары бойынша күнделік жүргізілді.


Жинақтау кезеңі:Сынақ жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Сынақ мақсаты мен міндеттеріне сәйкес мәліметтер өнделді, нәтижелер жазылды.

  • Жауапты педагогтар баяндамалар оқып, педкеңеске, семинарға, конференцияға қатысты.

  • Жазбаша есеп құрылды

  • Тәжірибе жинақталды.


Сынақжұмыстарындатәжірибеалмасу:

  • Республикалық деңгейде.

  • Облыстық деңгейде.

  • Аудандық деңгейде.











  1. 1. Күтілетін нәтиже.


Балаға:

1.Жеке тұлғалық жетістіктер саны көбеюде.

2.Баланың оқуға деген қызығушылығын арттырады;

3.Жан-жақты өзін дұрыс бағытқа қоюға жағдайлар туындап,көбеюде.

4.Мектепке барғанда бұл балалар мектеп бағдарламасын тез игереді.

Ата –ана үшін:

1.Баласының білім сапасы жоғарлайды.

2.Мектепке барғанда бұл балалар

мектеп бағдарламасын тез игереді.

Педагог үшін:

1.Жаңа технологиялармен танысып, қолданады.

2.Педагогтың жеке тұлғалық жетістіктер саны көбеюде.

3.Аудан, облыс, республика көлемінде әріптестермен танысу және

өзара пікір алмасу, тәжірибе алмасу.





















II. 2. Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарын нақтылау.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті бағдарламаға сай жоспарланады. Оқу іс –әрекетіне бақылау жүргізілу мақсатында күнделік басталып, толтырылды. Күнделікті жауапты педагогтар жүргізді. «Жұлдызша» ортаңғы тобында Молдахметова Тәттігүл Серікқызы, «Аққу» ересек тобында Махшанай Замзагүл күнделік айына 2 рет толытып отырды. Күнделікті жүргізудің мақсаты –балалардың білім сапасын, үлгерімін, шығармашылығын, дамуын қадағалау үшін толытырылып отырып, қорытынды ретінде ай сайын мониторинг толтырылды. Балаларға бақылау жүргізілгенде балалардың мүмкіндіктері, қабілеттері ескеріліп, тапсырмалар беріліп отырылды. Мысалы:

СЫНАҚ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІК ҮЛГІСІ
(ТӘРБИЕШІГЕ ЖҮЙЕЛІ ТОЛТЫРУ ҰСЫНЫЛАДЫ)

Топ атауы __________________________________

Өткізу мерзімі

р/с

ҰОҚ тақырыбы

уақыты


Сынақүдерісіндетуындағанмәселелер

Мәселенішешужолдары


Алынғаннәтижелер


Сынақжұмыстарыныңжағымдысәттері

Бала тұлғасындамытуғаәсерету


Қызметтүрлері мен әдістері
























Тәрбиешінің аты-жөні_______________________ қолы_____________

  • Күнделікті міндетті түрде жауапты педагог өз қолымен толтыруы тиіс.





  1. Мария Монтессори технологиясы арқылы типтік бағдарламаны жүзеге асыру.

Ел ертеңі болашақ тұлға жас ұрпақты саналы білім, сапалы тәрбиемен сусындату білім қызметкерлерінің басты міндеті, әрі борышы.

Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр жолдауында болашақ ұрпақтың дамуын мектепке дейінгі мекемелерден бастап қолға алуды ерекше тапсырады. Сонын ішінде соңғы жолдауы «Нұрлы жол» жолдауында айтылған.

Осы жолдауға қолдау ретінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының бас деректоры Исимбаев Е.Т. ұйымдастыруымен: «М.Монтессоридің педагогикалық жүйесін енгізу негізінде мектепке дейінгі білім беретін ұйымдардың педагогтерінің кәсіби құзырлылығын арттыру» атты тақырыпта курс өткізді. Сол курстан «Балдәурен» балабақшамыздан 10 тәрбиеші өтіп, сертификаттарға ие болды.

2014 жылдың қаңтар айының 16-ы күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен ыңтымақтастық туралы шартқа отырып, ҚР білім және ғылым Министрлігінің Ақмола облысының білі Депортамен және Бұланды аудан білім беру бөлімінің бұйрық негізінде М.Монтессори технологиясын енгізу және апробация өткізуге байланысты «Балдәурен» балабақшасы МКҚК-да 2015 жылдың қыркүйек айының 1-нен бастап шығармашылық топ құрылды. Шығармашылық топ жеткешісі Махшанай Замзагүл тағайындалды. Эксперимент топ болып «Жұлдызша» тобы, жауапты тәрбиеші Молдахметова Тәттігүл және «Аққу» тобы, жауапты тәрбиеші Махшанай Замзагүл бекітілді.

«Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу» М.Монтесоори технологиясы арқылы жүзеге асырылды. Осы технологияны қолдану арқылы тәжірибе алмасу семинарлары өткізіліп, Атбасар қаласында өткізілген семинарларға балабақша меңгерушісі А.Е.Темиргалиева қатысып, есеп берді. Балабақша ішінде дөңгелек үстелдер, ашық есіктер күні, семинарлар өткізіліп отырылды. М.Монтоссори технолгиясы арқылы жүргізілген сынақ жұмыстары жоғары нәтижелер берді. Сонымен қатар, «Типтік бағдарламаның» тиімділігін хас шеберлер, ашық оқу іс-әрекеттер өткізу арқылы тәжірибемен алмасу процессі өткізілді. М.Монттесори технологиясы мен «Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу» бір –біріне жағымды нәтиже беріп, тиімділігімен, ерекшеліктерімен айқындалды.

  1. 1. Компьютерлік ойындар.

2016 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, айларында Хуандых Арайгүл «Аққу», және «Айгөлек» топтарында «Компьютерлік ойындарды мақұлдау» жұмыстарын жүргізді. Балабақшаға әртүрлі тапсырмалары бар 20 диск, оның ішінде 10қазақша, 10орысша диск берілді. Бұл ойындардың ерекшелігі, барлық тапсырмалар арқылы мектеп жасына дейінгі 5-6жастағы балаларға арналған. Оның ішінде, «Піл мен маймыл», «Өрмекші, құмырсқа, қарылғаш», «Кіш күшті?», «Аққайыңның шырыны неге тәтті?», «Наурыз мерекесі»т.б қазақша ойындар болса, сол сияқты орыс тілінде «Кто сильнее?», «Быть воспитанным», «Домашняя и уличная безопасность», «Праздник наурыз»,т.б тапсырмалар орындалды.

Осы ойындарды өткізу нәтижесінде, барлығы -30бала ойнады. Ойын ойнау барысында, балалар ойын соңында өзіңе-өзі баға беріп, аудиозапись жазып, оны ойын соңына қоса білді. Дисктегі әрбір ойын5кезеңнен тұрады. Әр кезеңге жету үшін, бала тапсырманы дұрыс орындауы керек, дұрыс нұсқаулық орындалмаса, компьютер көк түс жанып, балаға белгі береді.Барлық ойындарда жетістікке жету үшін, сандарды, әріптер мен түстерді, буындарды дұрыс бөлуге, түстерді ажырата білуі шарт. Оның ішінде, ерекше көзге түскен, Хасенова Айнур, Нағашбаева Мадина, Корж Владислав, Азизова Рада, Анарбек Шүкір, Сәрсенбайев Жарас, Грицак Алина, т.б балалар жақсы нәтижеге жетті. Осындай балалардың қызығушылығын тудыратын компьютерлік ойындар мол болса, бала қызыға орындап, сонымен қатар білімге деген құштарлығы да арта беретіні сөзсіз.

Қазіргі таңда бұл Компьютерлік ойындар мақұлдаудан өтіп , ҚР-ның білі және ғылым Министрлігімен бекітіліп, сатылымда бар.

















  1. 2. Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында алынған нәтижелерді жинақтау және талдау.

Жалпы білім беретін типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында күнделіктер толтырылып, мониторинг жүргізілді. Сонын арқасында қорытынды нәтижелер анықталып, талдау жұмыстары жүргізілді.

«Типтік бағдарламаны сынақтан өткізі» жұмыстары аяқталуына байланысты, 2016 жылы 7 желтоқсанда «Эксперимен жұмыстарының қорытындысы, нәтижелері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарда «Аққу» ересек эксперимен тобының тәрбиешісі З.Махшанай «Ұсақ моториканы М.Монтессори технологиясы арқылы дамыту» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу іс –әрекетін өткізді. Педагог М.Монтессори технолоогиясының үш деңгейлік оқыту әдісін қолданды, балаларға бағыт–бағдар берді. Монтессори технологиясының элементтерін қолдану арқылы ойын түрінде өткізілді. Тапсырмалар әртүрлі бағыттарда берілді, балалар тапсырмаларды ретімен, кезектесіп орындады. Әр тапсырманы балалар аса жауапкершілікпен орындап шықты.

Сынақ жұмыстарының күнделігі

Топ атауы «Аққу» ересек топ

Өткі

зу мерзі

мі


ҰОҚ тақыры

бы


Сынақүдерісіндетуындағанмәселелер

Мәселенішешужолдары


Алынғаннәтижелер


Сынақжұмыстарыныңжағымдысәттері

Бала тұлғасындамытуғаәсерету


Қызметтүрлері мен әдістері


7 желтоқсан 2016 жыл





«Ұсақ мотори

каны М.Монтессори техноло

гиясы арқылы дамыту»

Ойындарды алмасу барысын

да кей балалар тапсырманы баяу орындап, басқа баланы күткізіп қоюы.

Екінші баладан көмек сұрап, тапсыр

маны бірлесе орын

дауы.

Ойын арқылы берілген тапсырмаларды балалар толығы

мен орындап шығуы.

Балалар белсенді қатысып, қызығушылық таңытты.

Баланың қол бұлшық еттері

нің дамуынасебеп

кер болды.

Ойын, дайын материалдар, сұрақ –жауап, көрнекілік, топтас

тыру, салыс

тыру.

«Жұлдызша» отаңғы экперимент тобының тәрбиешісі Т.С.Молдахметова «3 және 4 сандарын салыстыру» тақырыбында ашық оқу іс –әрекетін өткізді. Т.С.Молдахметова өз оқу іс –әрекетінде М.монтессори технологиясының элементтерін қолдану арқылы, балаларға Монтессори материалдарымен шығармашылық бұрышында тапсырмалар орындатты. Балалар тапсырмаларды орындап шықты, ешқандай қиындыққа тап болмады. Қорытындыда топтық жұмыс ұйымдастырылды. Балалар сынақ жұмыстарының арқасында сабырлы, ауызбіршілігі мол, бір –біріне қамқор, зейінді болып, таяқшалардан 4 цыфры мен санын құрастырып берді.

Сынақ жұмыстарының күнделігі

Топ атауы «Жұлдызша» ортаңғы топ

Өткі

зу мерзі

мі


ҰОҚ тақыры

бы


Сынақүдерісіндетуындағанмәселелер

Мәселенішешужолдары


Алынғаннәтижелер


Сынақжұмыстарыныңжағымдысәттері

Бала тұлғасындамытуғаәсерету


Қызметтүрлері мен әдістері


7 желтоқсан 2016 жыл





«3 және 4 сандарын салысты

ру»

Кейбір балалар берілген тапсырманы уақыты

нан тез орындап қойды.

Тапсырманы ерте орындап қойған балаға қосым

ша тапсыр

ма берілді.

Әр бала өз тапсырмасын дұрыс, сйкесін

ше орындап шықты.

Балалар

дың белсенділігі,қызығушылығы байқалды.

Әр баланың ұсақ саусақ моторикасының дамуына әсер ететін тапсыр

маларды орын

дауына байла

нысты бұлшық еттері дамыды.

Ойын, Монттесори элеметтері, сұрақ –жауап, көрнекілік, топтас

тыру, салыс

тыру.



Семинар қорытындысында қатысушыларөз пікірлерімен алмасты. Талдау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жақсы көрсеткіш көрсетті.







  1. Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу барысында жеткен жетістіктер. Тәжірибемен алмасу.

  • Республика, облыс, аудан, көлемінде алған алғыс хаттар, марапаттау қағаздары.

  • Балалардың «Үздік тәрбиеленуші» сайысынан алған мақтау қағаздары. «Пони» зияткерлік ойындарынан алған орындар, призер иегерлеріне табысталған мақтау қағаздары.

  • Аудандық семинарларда тәрбиешілер М.Монтессори техноллогиясын қолдана отырып хас –шеберлікті көрсеттік.

  • Облыс бойынша апробация жүргізіліп жатқан балабақшалармен тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырып өткіздік.

  • Ақпан айында Целиноград ауданыңда өткізілген облыстық семинарында апробация бойынша атқарылған жұмыстар бойынша есеп бердік.

  • Балабақшада декадалар ұйымдастырылып өткізілді.

  • Жылына екі рет экспереметтік екі топтарда ата –аналарға арналған ашық есік апталықтарын өткіздік.

  • Ата –аналарға арнап, жаңа технология бойынша хас –шебер өткіздік.

  • Педагогикалық ұжыммен балабақшалық дөңгелек үстел өткіздік.

  • Педагогтар ұжымына хас –шебер өткіздік.

  • «Үздік педагог -2016» байқауына Махшанай З қатысты.

  • Аудандық тамыз конферециясында «Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу бойынша» Молдахметова Т.С, «Компьютерлік ойындар бойынша» Хуандых А, «М.Монтессори технологиясының нәтижелері бойынша» А.Е.Темірғалиева баяндама оқыды.

  • Аудандық «Тіл туралы заңды жүзеге асыру мақсатында» өткізілген дөңгелек үстелде жаңа технология бойынша Махшанай З, Молдахметова Т.С, Амангелды М, Қожахметова Д.К, Садуова А.С «Хас -шеберлер» өткізді.

  • Қарағанды қаласында өткен ғылыми практикалық өңірлік семинарға балабақша меңгерушісі А.Е.Темірғалиева, тәрбиеші Махшанай З қатысты.









Қорытынды

Апрбацияны, яғни «Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу, мақұлдау» жұмыстарының маңызы өте зор. Себебі, ҚР-ның Білім және ғылым Министрлігі «Типтік бағдарламаны» сынақтан өткізгеннен кейін мақұлдап, бекітіп, басқа балабақшаларға таратылады.

Қорытындылай келсек, «Типтік бағдарламаны сынақтан өткізу» жұмыстарын жүргізгеннен кейін, оның тиімділігі, маңыздылы, мақсат-міндеттері анықталды, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына сай ма, жоқ па, бәрі қарастырыла келе, тиімді, қолайлы бағдарлама екенін айтқым келеді. Болашақта барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына таратылып, әр педагог сол бағдарламаның құндылығын жетік меңгеретініне сенімім мол.



































Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. www.testcentr.kz

  2. http://ru.m.wikipedia.org

  3. «Бала мен балабақша» Республикалық педагогикалық журнал

  4. Методика раннего развития Марии Монтессори

  5. www.ustazbol.kz












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Молдахметова Таттыгуль Сериковна

Дата: 19.09.2017

Номер свидетельства: 428781


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства