kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан дидактикалы? материалдар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ойын-т?рбие ??ралы,а?ыл-ойды,
С?здік ?орды байытады.
Ойнап ?скен бала-ойлап ?седі.

?лем бала ?міріне біртіндеп кіреді. Бала е? алдымен оны ?йде, балаба?шада не ?оршап т?р?анын ??ынады. Біртіндеп ?мірден ал?ан т?жірибесі к?бейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар ?зіні? айналасында?ы ?орша?ан ортамен танысу?а ?те ??штар. Б?л баланы? бірнеше с?ра?тар ?оюына ?келіп со?ады. Я?ни, бала?а ?лем аздап ?ана сырын ашса, онда баланы? білуге деген ??штарлы?ы арта т?седі.

         Ойын–баланы? бірінші ?рекеті, сонды?тан да оны? м?н–ма?ынасы ерекше. ?аза? хал?ыны? ?лы ойшылы Абай ??нанбаев: «Ойын ойнап, ?н салмай, ?сер бала бола ма?», - деп айт?андай, баланы? ?мірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларды? зейіні т?ра?сыз болады. Оларды біркелкі ж?мыс тез жалы?тырады. Сонды?тан оларды? зейінін ?немі ?ажетті ба?ыт?а аудару ?шін ойын т?рінде ж?ргізу ?ажет.           

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан дидактикалы? материалдар»









ДИДАКТИКАЛЫҚ



МАТЕРИАЛ








АЛҒЫСӨЗ


Ойын-тәрбие құралы,ақыл-ойды,
Сөздік қорды байытады.
Ойнап өскен бала-ойлап өседі.


Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі.

Ойын–баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.

Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балаларды психофизио- логиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады.








ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР


Мақсаттары:


- мектепкедейінгілердің көркем әдебиетке деген белсенді

қызығушылықты қолдау;


- балалардың ойлау әрекетін дамыту;


- белсенді жұмысқа кірісуге үйрету;


- оқылған мәтінді еске түсіруге көмектесу;


- әртүрлі ертегілердің кейіпкерлердің мінездері жайлы ойлануға

мүмкіндік беру;


- балаларға тілдің сұлулығын және мәнерлілігін түсінуге қарасу;


- сюжетті еске түсіру дағдысын бекіту;


- балалардың тілінің образдық жағын байыту.
















КАРТОЧКАЛАР



Бауырсақтың аңдармен кездескен ретін көрсет.




Сурет қарап ертегіні айтып бер. Ертегіні ата.








Суретші нені қате салды? Артық суреттін астын сыз.





- Ертегі қалай аталады?

- Қоянға не көмектесті?







Үзінді қай ертегіден? Ертегіні ата.



« ... Қыз ең үлкен қасықты алып, ең үлкен тәрелкеден тамақ жеді ... »











Үзінді қай ертегіден? Ертегіні ата.



« ... отырамын, бәлішті алып жеймін ... »













Үзінді қай ертегіден? Ертегіні ата.



« ... Мен, жертесер тышқанмын. Ал, сен, кімсің?.. »













Үзінді қай ертегіден? Ертегіні ата.



« ... Мен атамнан қаштым,

Әжемнен да қаштым.

Ал сенен, қашу, қоян,

Қиын емес маған!.. »













Бауырсақ жолда қандай аңдармен кездеседі?







Шалқанды Атаға тартып алуға кімдер комектеседі?









Мынау қандай ертегі? Кейіпкерлерін ата.










1. Ертегі қалай аталады?

2. Қасқырды тап. Қасқыр қандай?

3. Лақтар нешеу?








1.Үйшікті кім бірінші көрді? нелер тұрды?

2. Қандай жануарлар тұрды?

3.Үйшік неге шашылып қалды?


АУЫЗША ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР





Дидактикалық ойын «Лақтар мен қоян»



Дидактикалық міндеті: Балаларды естіген таныс ертегілерді аяқтауға үйрету.



Ойыншылар саны: 3-4 бала.



Ойын ережесі: мұқият тыңдап отыру.



Ойын барысы: Алдымен балалар «Жеті лақтар мен қасқыр» ертегісін еске түсіреді (ертегіні үстел үсті театры немесе фланелеграф арқылы). Ертегі аяқаталады, бірақ тәрбиеші әрі қарай тыңдауды ұсынады: «Ешкі тағы орманға кетті. Лақтар үйде жалғыз қалды. Бір кезде есік қағылды. Тағы есік қағылды. Лақтар қорқып, тығылып қалды. Ол кішкентай … (ойыншық көрсетіледі) - ҚОЯН. Қоян: … («Қорықпандар менен, бұл мен –кішкентай қоянмын»). Лақтар ... (қоянды кіргізеді). Оған тамақ береді … (қырыққабат, сәбіз). Балалар ас ішіп болды, ойынға кірісті. Қоян ойнайды … (барабанда), ал лақтар … (көңілденіп секіреді ).

















Дидактикалық ойын «Әртүрлі жануарларды салыстыр»



Дидактикалық міндеті: Балаларды әртүрлі ертегілерден жануарларды салыстыруға үйрету, қарам-қарсы белгілерін анықтап айтады.



Ойыншылар саны: 3-4 бала.



Ойын ережесі: жүргізуші қайсы балаға көрсетеді, сол бала жауап береді.



Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға Аю мен Тышқанның суретін ұсынады.

- Аю үлкен, ал тышқан … (кішкентай).

- Аю тағы қандай? (Толық, маймақ ).

- Тышқан қандай? (Сұр, шапшаң).

- Аю нені ұнатады? (Бал, таңқұрай ).

- Тышқан нені ұнатады? (Ірімшік, кепкен нан).

- Аюдың аяқтары жалпақ, ал тышқанның … (жіңішке).

- Құйрықтары қандай? Тышқаннның құйрығы ұзын, ал Аюдың … (қысқа).

Осылай басқада ертегілерден жануарларды салыстыруға болады.













Дидактикалық ойын «Шұбар тауық»

Дидактикалық міндеті: Балалардың тіл белсенділігін дамыту, олармен сұраулы дауыс ырғақты, дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.



Ойыншылар саны: 3-4 бала.



Ойын ережесі: тауық балалардың сұрақтарына жауапты шапшаң, дауысты қатты шығарып айтады.



Ойын барысы: Тәрбиеші шұбар тауықтың суретін көрсетіп, «Шұбар тауық» ертегісін еске түсіруді ұсынады. Әңгімелей отырып, балаларға тауықты неге «Шұбар» деп атайтынын түсіндіреді. Содан кейін балаларға ойын үсынады. Санамақ арқылы тауықты таңдап алады. Тәрбиеші тауық болатын баланың басына тақия кигізеді, балалардың алдына қояды, сұрақтар қояды. Тауық тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді:

- Шұбар Тауық, қайда барасың?

- Өзенге.

- Шұбар Тауық, неге барасың?

- Суға.

- Шұбар Тауық, суды не істейсің?

- Балапандарға беремін.

- Шұбар Тауық, сенің балапандарың суды қалай сұрайды?

- Пи-пи-пи-пи! (барлық балалар қосылып айтады )

Ойынды қайталап өткізгенде, тәрбиеші балаларға ұсынады: «Балалар, тауықтан бәріміз қосылып сұрайық, қайда ол барады?» Балалар тәрбиешімен қосылып сұрайды: «Шұбар Тауық, сен қайда барасың?» Тауықтың роліне ұялшақ, үндемейтін балаларды таңдап алған жөн болады.













Дидактикалық ойын «Кім айтты?»

Дидактикалық міндеті: Ертегі кейіпкерлерін атауға үйрету. Зейінді, ойлауды, байланыстырып сөйлеуді дамыту.

Ойын барысы: Тәрбиеші таныс ертегілерден сөздерді, фразаларды оқиды, ал балалар қандай кейіпкердің сөздері және қандай ертегіден екенін анықтайды.


- «Мен атадан кеттім, мен әжеден кеттім ...» (Бауырсақ - «Бауырсақ»

ертегісінен)


- «Шықпаймын! Шықсам саған жаман болады! Быт-шытыңды

шығарамын!» (Түлкі-«Қоянның үйшігі»)


- «Жылама Ата. Жылама Әже. Мен сендерге тағы жұмыртқа тауып

берем, алтын емес, жай жұмыртқа»

(Тауық - «Шұбар тауық» ертегісінен)


- «Кім менің орындығыма отырып, оны сындырды?» (Қонжық-«Үш аю»

ертегісінен)


- «Лақтарым, балаларым. Есікті ашыңдаршы. Бұл аналарың келді,

сендерге сүт әкелді Козлятушки» (Ешкі - «Қасқыр мен жеті лақ»).











ҮСТЕЛ ҮСТІ - БАСПА ОЙЫНДАРЫ



«Жұпты суреттер» ойыны (3-4 жас)



Дидактикалық міндеті: Балаларды суретте көрсетілген заттарды салыстыруға, бірдей суреттерді іріктеуге және ұқсастығын табуға жаттықтыру; зейінді, жинақталғандықты тәрбиелеу; сөйлеу қалыптастыру; ойын ережесін орындауға дағдыландыру.



Ойыншылар саны: тәрбиешінің қалауынша.



Көрнекілік: Ертегілерден жұпты суретттемелер және фишкалар.



Ойын ережесі: Бірдей ғана суреттерді көрсету және атау; кім дұрыс тауып атайды, сол бала фишка алады.



Ойын барысы: Қажеттті карточкаларды іздестіру. 







«Суретті құрастыру» ойыны (3-4 жас)



Дидактикалық міндеті: Бөлшектерден тұтас затты құрастыруға жаттықтыру; еркіндікті, шыдамдылықты тәрбиелеу.



Ойыншылар саны: тәрбиешінің қалауынша.



Ойын ережесі: Бөлшектерді таңдағанда қателеспеу. Қайсы ойыншы өзінің суретін бірінші құрастырып, атайды, сол жеңімпаз болады.



Ойын барысы: Бөлшектерді іздеп табады, тұтас суретті құрастырады.





«Лото» ойыны (3-4 жас)



Дидактикалық міндеті: Не қайда өседі? – балаларды заттарды топтастыруға жаттықтыру; балалардың ертегілер туралы білімдерін бекіту.



Ойыншылар саны: 4-5 бала.

Ойын ережесі: Ертегіге ұқсас кішкентай суреттерді тауып, олармен торларды жабу.



Ойын барысы: Ертегі үзіндісі бейнеленген кішкентай карточкаларды тауып, олармен үлкен картадағы толарды жауып отыру. Сайыс – кім бірінші торларды жабады.




Дидактикалық ойын «Ғажайып куб»


Мақсаты: Халық ертегілері жөнінде балалардың білімдерін бекіту. Ертегіге байланысты суреттемені оның атауымен байланыстыруға үйрету. Ертегілерге деген белсенді қызығушылықты қалыптастыру.


Құралдар: Куб, оның әр қабырғасында таныс ертегілер.

Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып, кілемнің үстінде отырады. Тәрбиеші балалардың біреуіне кубты лақтырады. Бала кубтың жоғарғы қабырғасында қандай ертегі екенің айтады. Ойын жалғасады, балалардың барлығы атап шығады.



































«Домино» ойыны (3-4 жас)



Дидактикалық міндеті: Ертегіні дұрыс атау, орыс халық ертегілері туралы балалардың білімдерін бекіту.



Ойыншылар саны: 3-4 бала.



Ойын ережесі: Карточкаларды кезекпен қою, ұқсас суреттін қасына. Кім бірінші барлық карточкаларды қояды, сол жеңімпаз болады.



Ойын барысы: Егер ұқсас жұпты карточка ойыншыда болмаса, ол ойынды өткізіп, жұпты карточка болған кезде, ойынға қатысады. Ойын қайталанған кезде, каточкалар қайтып таратылады.







Дидактикалық ойын «Пазлдар»


«Алтын айдарлы әтеш» орыс халық ертегісіне байланысты сюжеттер – 15 дана

Дидактикалық міндеті: Балаларды 15 бөлшектен суретті құрастыруға үйретуді жалғастыру, қолдың ұсақ моторикасын, зейінді дамыту.




Дидактикалық ойын «Не өзгерді? Не жоқ?»


Дидактикалық міндеті: Зейінді, есті, кеңістік ұғымдарды, байланыстырып сөйлеуді дамыту.


Құралдар: 5-6 сюжетті суреттер таныс ертегілерден.


Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға барлық суреттерді қарастырып, сюжет қандай ертегі екенін естеріне түсіруді ұсынады. Содан кейін тәрбиеші суреттерді магнитті тақтаға іліп қойып, балаларға көздерін жұмуды ұсынады.Тақтадан бір сурет алып қояды, содан кейін балалар көздерін ашады да не өзгергенін, не болғанын айтады.






Дидактикалық ойын «Ертегіні айтып бер»

Дидактикалық міндеті: Ертегілерден сюжетті суреттерді ретімен орналастыруға үйретуді жалғастыру. Оқылған мәтінді еске түсіру.

Ойын барысы: Балалар ұсынылған суреттемелерден таңдалған ертегіге сюжетті суреттерді іріктейді. Содан кейін оларды ретімен орналастырады. Суреттер арқылы ертегіні әңгімелеп береді.



Дидактикалық ойын «Қатені тап»

Дидактикалық міндеті: Әдебиет жанры – ертегіге – қызығушылықты тәрбиелеуді жалғастыру. Байқағыштықты, байланыстырып сөйлеуді, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Құралдар: Таныс ертегілерге сюжетті суреттер жинағы.

Ойын барысы: Тәрбиеші магнитті тақтаға реті бұзылған сюжетті суреттерді орналастырады. Балалар қатені тауып, оны өзгертулері керек.





























Дидактикалық ойын «Пазлдар»

Дидактикалық міндеті: Балаларды бөлшектерден тұтас суретті құрастыруға үйретуді жалғастыру, қолдың ұсақ моторикасын, кеңістік ұғымдарды, зейінді дамыту, халық ертегілеріне белсенді қызығушылықты қолдау.
































Дидактикалық құрал "ҮЙШІК"

Дидактикалық міндеті: Балалардың сенсорлық-моторлық дамытуын; тілдің және танымдылық белсенділіктің дамытуын бекіту.

Описание: Құрал балаларға қауіпсіз заттардан жасалған, балалар негізгі түстерді атап қоймай, геометриялық пішіндермен танысады; қол моторикасы дамиды және өзін-өзі күті дағдылары қалыптасады; «терезелерді ашып», балалар «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлерімен кездеседі.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепке дейінгі балалар?а арнал?ан дидактикалы? материалдар

Автор: Бижанова Перизат Галимжанкызы

Дата: 11.02.2016

Номер свидетельства: 291704


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства