Мектепке дейінгі 5-6 жас балаларына арналған
викторина «Не білдік не үйрендік»
Тақырып: Викторина «Не білдік не үйрендік»
Мақсат: халық ауыз әдебиет туралы білімдерін бекіту
Сабақтың мақсаты: ауыз әдебиті үлгілері арқылы баланың тілін дамыту, дұрыс сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ұлтық тәрбие беру.
Құралдар: Схема карточкалар, кроссворд.
Сабақтын барысы: 1.Психологиялық сәті:
Қайрлы күн! Әр қашан күн сөнбесін.
Күн нұрындай жылуын төге берсін.
Күндей жарық, көнілді күй кешейік
Бәріміз тату дос боп бөлісейік
Осы көніл күйміз бен викторинамызды бастаеқ
2. Конкурс: «Ертектер» Қандай ертегілер білесіндер?
а) Схема бойынша ертегті әңгімелеп бер / Торғай мен түлкі/
(қосымша бет 85)
б) Сурет арқылы ертекті дұрыс жинастыр. (қосымша бет )
3. Кроссворд: «Жұмбақтар»
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады.
( жел )
Үй үстінде ұсақ тас.
( жұлдыз )
Отқа жанбайды,
Суға батпайды.
( мұз )
Сұрткен киімі тазарып,
Өзі қалды тым арып.
( сабын )
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
( аяз )
Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді.
( қырыққабат )
4.Конкурс: «Пантонима»
Қай ертектегі кейпкер: а) Түлкі шонқиып отырғаның көрсетеді «Түлкі мен торғай»
б) Алдар көсе өзінің тесік тонің көрсетеді «Ғажайып тон»
в) Қасқыр құйрығын су атқа тұсіріп отырғанің көрсетеді. «Қасқыр мен түлкі»
г) Қоянің жылағанің көрсету. «Қоян мен түлкі»
д) Тышқанің нан іскегенің көрсету. «Нан қайдан шығады»
5. Конкурс : «Біз бір ертектен ба?» (бір минутің ішінде айту)
а) Мақта қыз бен мысық ? (ия)
ә) Қасқыр мен торғай? (жоқ)
б) Шұбар тауық пен қоян? (жоқ)
в) Арыстан мен түлкі? ( ия)
г) Түлкі мен аю? (жоқ)
д) Бай мен Алдар көсе? (ия)
6. Конкурс: «Кімнің заты?» (60 секудің ішінде айтып шығу)
а) Құйрық ? (Мақта қыз бен мысық)
ә) Жаурын ? (Алдар көсе, ку жаурын)
б) Тесік тон ? (Ғажайып тон)
в) Екі шелек ? (Торғай мен түлкі)
г) Балық ? (Қасқыр мен түлкі)
д) Алтын жұмыртқа ? (Шұбар тауық)
7.Конкурс: «Сөйлемді аяқта»
а).Ойна да күл
Оқы да (біл)
ә) Өнер алды – қызыл (тіл.)
б) Аз сөз - (алтын)
в) Сөздің көркі – (мақал)
г) Денсаулық - зор ( байлық)
д) Жұмыстың жаманы (жоқ)
8. Ойын: «Жаныл май айт»
Тұз мұздай
Мұз тұздай
Тірек бойынша айт (жылдам, баяндап)
Қортынды: Викторина ұнадыма? Қандай конкурс қиен болды? Неге? Сабақта не қызықты болды?
Тәрбиеші: Бигельдинова Айжан Толеубековна