kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын ойын тәсілі арқылы қолдана отырып қалыптастыру.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын ойын тәсілі арқылы қолдана отырып қалыптастыру.»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын ойын тәсілі арқылы қолдана отырып қалыптастыру.»»

Алматы облысы

Балқаш ауданы

Ақдала ауылы

«Балауса» балалар бақшасы

Тәрбиеші: Қонысбаева Гүлбахыт

Абдигалыковна

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын ойын тәсілі арқылы қолдана отырып қалыптастыру.»

Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақ арасынан тұңғыш еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды.Ойын жағдайында балалардың шынайы қарым-қатынастары дамиды.Ойын кезінде бала өмірінде сол қалпында көрсетуге тырысады.Олар өздері бейнелембек мәселеге қарай адамның шындықты қандай жағдайда болатындығын сезім күйінде дәл береді.Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған.Ал айнала дүниені танып білудің, белсенді іс-әрекетінің бірте-бірте ойын әрекетіне түседі.Бала ойын үстінде қоршаған орта жайлы алғаш түсініктерін алады,өз бақылауын жасап, тәжірибе жинақтайды.В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес» деген екен.Ойын дүниеге қарай ашылған жарық терезе іспетті,ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып өзінің қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- тынысы кең алысқа меңзейтін,ойдан ойға жетелейтін бала шығармашылығын одан әрі жанданандырып түсетін әрекетінің бірі , адамның қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой, жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы болмақ.Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып,терендей түседі.Демек ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды,сонымен бірге белсенді таным іс-әрекетінің өзінше бір формасы болып табылады.Жалпы мектепке дейінгі балалардың ойнайтын ойын түрлеріне тоқталатын болсақ:

Дидактикалық ойын-балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет. Дидактикалық ойын-айналадағы дүниені танудың бір тәсілі.

Қимыл ойындары- бала ағзасын жетілдіріп, ақыл-ойын дамуына үлкен әсер етеді.Көңіл-күйі артып,жүйелері жақсарады.

Сюжеттік-рөлдік ойындар-м.д.б өмірінде елеулі орын алады.Өзінің сипаты жағынан көбінесе еліктеу,шындықты көрсетумен сипатталады.

Қазақтың ұлттық ойындары-дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы болып саналады.Қазақ халқы-ұлт ойындары ерлікті өжеттілікті,батылдықты,шапшандықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Құрылыс ойындары- балалар әрекетінің бір түрі.Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстары және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады.

Қойылымдық ойындар-Сюжеті мен мазмұны шарттас болады. Ол сөжетті –рөлді ойынға ұқсас.Бала алған рөлдеріне сай,логикалық ойлауға,жеткізуге тырысады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда қолданатын ойындар жүйесі.

«Алғашқы қадам» бағдарламасы 1-2 жастағы балалар-Көңілді ойындар,түрлі түсті сақиналар,үлкен-кіші, жоғары-төмен,құмсалғыш.т.б ойын түрлері

«Зерек бала» бағдарламасы 3-5 жастағы балалар-Не қайда орналасқан?,10 көлеміндегі сандарды нөмірлеу. т.б

«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы 5-6 жастағы балалар-Жыл он екі ай, жеті күн, қай уақыт сағат нешеу? т.б ойын түрлері.

Мектеп жасына дейінгі баланың қарапайым математикалық түсініктерді ойын әрекетінде қалыптастыруда қолданылатын әдістердің ең тиімдісі болып саналатын проблемалық әдісі.Қандай да бір тапсырманы орындау барысында баланың теориялық ұғымын қалыптастыруға көңіл қоя отырып,проблемалық сұрақтар қою сол проблеманы шешуге көмектеседі.Мысалы: д/қ ойындарды қолдану барысында:Бір аптада жеті күн бар ма әлде сегіз күн бе?

Мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы таным құзреттілігін қалыптастыруда тиімді нәтижеге жетуге көмектескен әдістерінің бір түрі- интерактивті оқытудың ойын түріндегі әдісі.Интерактивтік оқыту бір уақытта бірнеше міндетті шешуге мүмкіндік береді.Ол ең алдымен комуникативтік іскерлік пен дағдыны дамытады.Тәрбиелік міндеттерді шешуге көмектеседі,себебі балалар топта жұмыс жасауға, бір-бірінің ойын тындауға үйренеді,әрі оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы арттады, танымдық әрекеттерін дамытады.Балабақша жасындағы балалардың ақыл ойын дамытудағы тиімдісі-түсіндіру әдісі сұрақ-жауап және көрнекілік әдістері.Мәселен,балаға суреттегі заттардың саны Қанша?Неше? деген сұрақтарға жауап беретін қандай сөздер айтылғанын сұрау олардың зейінділігін дамытуда өзіндік рөл атқарады.Көрнекілік әдісі жөнінде, Ы Алтынсарин «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі,қолымен ұстап,көзімен көріп,мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды »-деген екен.

Қорыта келгенде, бүгінгі күннің талабы,әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу әрбір педогогтан мектеп жасына дейінгі баланың карапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ойындарды пайдалану әдістемесімен тәжірибеге кеңіне енгізуді қажет етеді.Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыріда ойын технологиясын пайдалану логикалық ойлаудың алуан түрлі құралдарын ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатынас пен өзара іс-әрекет құруда,сан және санау және уақытты бағдарлау,талдау және оларды ойындарда,сөздік шығармашылықта және іс-әрекеттің басқа түрлерінде пайдалануға үйретіп,өздігінен білім алуға ұмтылуға,өзіндік шешімдер жасауға,ойын үстінде жаңа білімді меңгеруге,ұжымдық,топтық жеке жұмыстар жасауғакөп көмегін тигізеді.










































«Балауса» балалар бақшасы













Баяндама

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын ойын тәсілі арқылы қолдана отырып қалыптастыру.»













Орындаған: Конысбаева Г.А














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Конусбаева Гульбахыт Абдигалыковна

Дата: 12.04.2017

Номер свидетельства: 408584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства