kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі ұйымдарда фребель технологиясының маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

мектепке дейінгі ұйымдарда фребкль технологиясының маңызы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі ұйымдарда фребель технологиясының маңызы»

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ФРЕБЕЛЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Фридрих Фребель (1782- 1852) — неміс педагогі, мектепке дейінгі тәрбиенің теоретигі. Фридрих бала бақшасының құрылуын насихаттаған, балалар үшін тәрбиешілерді дайындаған және олардың жұмысының өзіндік әдісін әзірлеген. Фридрих балалардың даму процесінде ойынның үлкен тәрбиелік және білімдік мағынасын айтқан.

Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру – жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытуға жағдай жасайтын, қоғамға табысты бейімделуге ықпал ететін үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі. Алдыңғы қатарлы ғалымдардың зерттеулері адам зердесінің, тұлғалық, әлеуметтік және эмоциялық дамуында мектепке дейінгі жастың маңызды кезең болып табылатынын дәлелдеді. Осы кезеңде білім беру әдістемесіне жүйелі жағынан қарау үдерісіне, педагогтардың кәсіби шеберлігін қазіргі заман талабына сай тұрақты түрде жетілдіруге баса назар аударылады. Білім мазмұны оқу материалдарын берудің әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартуды талап етеді, білім берудің әдіс-тәсілдері мен түрлерінің тиімділігіне, баланың ақыл-ойы мен зердесінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл білім беру саласындағы бірінші кезектегі проблемалардың бірі, оны шешуді кейінге қалдыруға болмайды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың келесі қызмет түрлерін қамтитын мынадай әдістері: қимыл-қозғалыс дағдылары, коммуникативтiк дағдылар мен әлеуметтiк дағдылар – ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында Европада неміс педагогы Ф.Фребельдің мектепке дейінгі тәрбие теориясында кеңінен таралды. Бұл ретте «әрбір бала – өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» – деп санаған тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақшада тәрбие беруге арнаған және осы мақсат үшін  түрлі материалдардан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті ойыншықтар жасаған. Ф. Фребель бала іс-әрекетінің көптеген түрлерін: қимылды ойындар, сурет салу, мүсіндеу, қағаздан өру, қағаздан ою, кесте тігу, металл сақиналардан, таяқшалардан, бұршақтардан, моншақтардан ретімен салу, қағаз және таяқшалардан құрастыру және т.б. ұсынды. Шұғылданудың осындай түрлерінің көбісі заманауи балабақшаларда өз қолданысын тапқан. Біз оларды ІІ-ші сәбилер тобынан бастап ересек топтардағы балаларға ұсынамыз. Геометриялық фигуралардан жұлдызшалар, жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыру математикалық қабілетті жылдам дамытуда ықпалы зор, логикалық ойлауды жүйелендіреді. Неміс педагогы Ф.Фребель 1837 жылы «Бала бақша» құрды. Ол балаларды еркін іс-әрекетке жан-жақты дамыту мақсатында оқытушыларды мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуға шақырған алғашқы адам болды. Фребель әдістемесін пайдалану үдерісінде осы дағдыларды игерудің туылғаннан 6 жасқа дейiнгi балаларға тән екендігін және олардың дене, ақыл-ой, адамгершiлiк, еңбек, эстетикалық жағынан қалыптасуына әсер ететінін  көруге болады.  Ф.Фребель ойын материалдарын балалардың ішкі қажеттілігінің дамуына мүмкіндік беретін білім берудегі негізгі құрал деп есептеген. Педагог білім беру тарихында білім және тәрбие беру үдерісіндегі балалар ойынының маңызын алғашқылардың бірі болып дәлелдеді. Ойын арқылы балалар өздігінен дербес әрекет етуге, салыстыруға, талдауға, қортынды жасауға үйренеді. Геометриялық пішіндермен жұмыс істеу балалардың басқа да маңызды ерекшеліктері мен қасиеттерін дамытады.

Ф.Фребельдің әдістемесін зерттей келе, біз оның баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әрі қарай дамуына ықпал ететін қажетті әдістер жиынтығы екендігін айқындадық.  Бүгінгі күні біздің МДҰ-да білім мазмұнының негізгі бағыттары жаңартылған – Ф. Фребель әдістемесі мен Step by Step технологиясы қолданылады.

«Нұр-Дәулет» балабақшасында «Почемучки» мектепалды даярлық тобында іс-тәжірибеден өткен кезде Фрэбель ұсынған түрлі материалдардан жасалған он төрт түрлі ойыншық түрлерін оқу жұмыстарында және балалармен жеке жұмыс жүргізу кезінде қолданады.

Ойындар арқылы балаларды түрлі пішіндегі заттармен таныстырады. Құрастыру олардың кеңістіктегі әсерін, өй-өрісін кеңейтеді, сондай-ақ қол моторикасын дамытады, бұның өзі кейіннен жазу және сурет салу үдерісінде саусақ қимылдарының ептілігіне әсерін тигізеді.

Фребельдің алты сыйы

Баланы ерте жастан дамыту үшін Фребель алты «сый» ұсынды.

Бірінші «сыйы» ол – доп. Доптар онша үлкен емес, жұмсақ, әр түрлі түстермен боялған – қызыл, алқызыл, сары, жасыл, көк, күлгін түсті, яғни кемпірқосақтың түстері және ақ түсті жүннен жасалған болуы керек. Әрбір доп-шар жіпте болуы шарт. Анасы балаға әр түрлі түсті көрсете отырып, оның түстерді ажырата алуын үйретеді. Сонымен қатар, шарды айналдыра отырып, баласына кеңістіктегі көріністер -«жоғары-төмен», «оңға-солға», «алдыға-артқа» деген сөздерді де таныстырады. Шарды алақанына қойып және тығып қою арқылы «доп бар- доп жоқ» деген сөздермен болымды және болымсыз сөздерді үйретеді.

Екінші «сыйы» кішкентай ғана ағаштан жасалған шарлар, кубик және цилиндир. Бұлардың көмегімен бала заттардың әртүрлі формаларымен танысады. Кубик өзінің формасымен және тұрақтылығымен шарға қарама-қарсы болып келеді. Фребельдің қарастыруынша, шар- қозғалыс символы, ал кубик – тыныштық пен «көп бейнеліліктің бірлігі». Цилиндр шардың да, кубиктің де қасиеттерін біріктіреді: ол – тұрақты, егер оны бір нәрсеге қадап қойса, сондай-ақ ол – қозғалмалы, егер оны жатқызып қойса.

Үшінші «сыйы» — куб, яғни, сегіз кубикке бөлінген, егер жартыға бөлсе, онда оның әр жартысы –төрт бөліктен тұрады. Фребельдің айтуынша, осы «сыйлардың» арқасында бала ойнай отырып, оны құрастыра отырып миын дамытады.

Төртінші «сыйы» — сегіз тақтайшаларға бөлінген кубиктер, әр тақтайшаның көлемі кубиктің бетіне дәл келеді, ал қалыңдығы – осы беттің төрттен біріне тең болады.

Бесінші «сыйы» — жиырма жеті кішкентай кубиктерге бөлінген кубиктер, олардың тоғызы одан да кішкене бөліктерге бөлінген.

Алтыншы «сыйы» — ол да жиырма жетіге бөлінген кубиктер, олардың көпшілігі тақтайшаларға, диагоналы бойынша бөлінеді. Фребель балаларға әртүрлі іс- әрекеттер мен оқып-үйрену түрлерін ұсынады – құрылыс материалдары, қозғалмалы ойындар, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, қағаздардан тоқу, қағаздардан қималар жасау, тігу, металл дөңгелектерді, таяқшаларды орнымен қою, моншақтар, қағаздар мен таяқтарды құру және т.б. Қазіргі кезде осы аталған әдістемелер балабақшаларда кеңінен қолданылуда.

Дәл осы кезеңде мен, Семей қаласы «Нұр-Дәулет» балабақшасынан іс-тәжірибеден өту барысында осы технологияны пайдалана отырып, балалармен жұмыс жасадым. Бұл мектепалды даярлық тобы – «Почемучки». Ең алдымен топтағы төрт лидерді ортаға шығарып, оларды  төрт топқа бөлдім. 4 лидер әркім өзі қалаған балаларды таңдап алды да, топқа бөлініп отырды. Әр топқа әр түрлі тапсырмалар берілді. Балалар тапсырмаларды қызыға орындады. Тапсырманы аяқтағаннан кейін топтарды орындарымен ауыстырып отырдым. 4 топта 4 тапсырманы орындап шықты.


































Жоспары:


1. Сенсорлық тәрбиенің бала дамуындағы маңызы.

2. Мектеп жасына дейінгі балардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілер. Сенсорлық тәрбие туралы түсінік.

3. М.Монтессори әдістемесі

4. Ф.Фребель әдістемесі





















«Тәрбиелеудің мақсаты балаларды

ерте жастан қоғамдық орында ғана

немесе бір мамандыққа үйрету ғана емес,

оларды жеке тұлға ретінде дамуына

мүмкіндік беру керек».

Ф. Фребель


Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау – кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек. Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл – есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет. Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады. Таным процестерінің басқа да түрлері – есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл – естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Адамға тән әрекетінің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Зейін – айналадағы объектілердің ішінен  керектісін бөліп алып, соған психикалық
әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың зейінін тәрбиелеудің және сенсорлық  қабілетін дамытудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады.

Психолог Қ. Жарықбаев

 Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау – дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ. Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз – айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады

Мектеп жасына дейінгі балардың сенсорлық тәрбиесінің теориялық аспектілер. Сенсорлық тәрбие туралы түсінік.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына мыналар жатады: түсті ажырату, атауға үйрету, екі түсті бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа реңк пайда болатыны туралы түсініктерді қалыптастыру, заттарды түсіне қарай салыстыруға үйрету, суреттегі бейненің түс арқылы көркемдік сипат алатынын көре білу қабілетін дамыту.

Балалар «алға-артқа», «жоғары-төмен», «алыс-жақын», «оңнан-солға», «ұзын-қысқа», «үлкен-кіші», «кең-тар», «биік-аласа» т.б. кеңістікке қатысты түсініктерді игереді, заттардың формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына уақыт ұғымдары да кіреді: уақытты бағдарлау, уақытты игеру, уақыттың реттілігі, уақыт ұзақтығы, т.б. Балаға «кеше», «бүгін», «ертең» ұғымдарын, уақыттың ұзақтығын түсіндіру оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Есту сезімін дамыту, дыбыстарды тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту және музыкалық есіту қабілетін дамыту да сенсорлық тәрбие мазмұнына енеді.

Сенсорлық тәрбие мазмұнына заттың сапасын сипап сезу арқылы ажырата білу, олардың тегісі, мамық, кедір-бұдыр, жұмсақ, қатты, ауыр, жеңіл, суық, жылы т.б. анықтайтын тактильді сезім кіреді. Иіс пен дәм түйсігін дамыту да сенсорлық тәрбиенің мазмұнына енеді.

Ойындарда және сабақтарда сенсорлық тәрбие тәрбиешінің басшылығымен жүзеге асырылады.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл –ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл –ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым Н.М.Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я.А.Коменский, Ф.Фребель, М.Монтессори, О.Декроли, Е.И.Тихеева және т.б.) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.

Ғалымдар А.В.Запорожец, А.П.Усова, Н.П.Сакулина, Л.А.Венгер, Н.Н.Поддъяков және т.б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл – тозбас киім, білім – сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Белгілі ғалым А.Меңжанова мектепке дейінгі жастағы балалардың «ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балаларды табиғат пен қоғамдық өмірдің сан қилы қарапайым құбылыстары жайлы біліммен қаруландыру, сезім мен қабылдау ерекшеліктерін жетілдіру арқылы ақыл-ой қабілетін (зейін, ой, ес, қиял, тез және дұрыс шешім қабылдау, тұжырымдау, игерген әдет пен дағдыны, білімді іс-әрекет үдерісінде туған міндеттерді шешуге пайдалана білу, өз еңбегінің сапасын, оның қорытындысын, ынта-ықыласын болжай алу) дамытуды қамтамасыз ету», - деп анықтаған.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мектепке дейінгі ұйымдарда фребель технологиясының маңызы

Автор: Жакупбекова Гульмира Кариевна

Дата: 02.05.2022

Номер свидетельства: 606082


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства