kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде құм терапиясын қолдану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын әдіс-тәсілдердің бірі құм терапиясы.Балалардың эмоционалды, ерік-жігерлік аясын дамытуға септігін тигізеді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде құм терапиясын қолдану»

Туганбаева Гульзат Абилдаевна

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

8 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі


Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде құм терапиясының элементтерін қолдану.


Қазіргі таңда білім беру саласында едәуір өзгерістер болып жатқаны белгілі. Қоғамның сұраныстары бойынша жаңа ғасырдың адамы жан-жақты, креативті, өз-өзіне сенімді, терең ойлайтын, «Мен-концепциясы» бар тұлға болуы керек. Мұндай бейнені қалыптастыру үшін оқыту мен тәриелеу жүйесінде әсіресе, мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын дәстүрлі әдіс-тәсілдерді енгізілуде.

Алғаш рет құм терапиясын К.Г. Юнгтің шәкірті Дора Кальфф 1950 жылдары Sandplay деп атап, әлемге жариялаған еді. Қазақстанда бұл әдіс, салыстырмалы түрде қарасақ,жаңа әдіс болып табылады. Балалардың эмоционалды, ерік-жігерлік аясын дамытуға септігін тигізеді. Көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы өмірді көреді.

Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Бала құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыта отыра үрдіс барысында бала өзінің ішкі қобалжуларын ішкі сезімдерін сыртқа ойын барысында фигураларды таңдау барысында толығымен өз назарын салады. Бала ойын барысында өзінің терең эмоционалдық қобалжуларын айта алады.

Құм терапиясының маңыздылығы:

Сөзбен айтып жеткізе алмайтын ойлаумен қобалжуларды сыртқа шығаруға көмектеседі.

Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық потенциалдарын босатады.

Қоғамда балалардың байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының кемшіліктері басым болуда. Осымен қатар оларда сөйлеу тілі өте төмен дамыған олар агрессивті, бір-біріне қайрымды болмауы және бір-біріне мейірімділік шыдамдылық танытпауы басым. Балалардың тез және жиі шаршайтындықтары, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылақтарының төмендеуі, байланыстырып сөйлеуін және сөздік қорларының аздығын болдырады, комуникативтік дағдыларының дамуын тоқтады. Осындай ауытқулардың бірнеше себептері бар. Бұл экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы және қоғамда тудырылатын мәселелер: өмірдегі және теледидардағы қатыгездіктің өсуі, дұрыс тамақтанбау және ата-аналардық денсаулыққа қайшы келетін қылықтары.

Құм терапиясының әдістерінің маңыздылығы:

«Қиялдау» - ол барлық мүмкіндіктердің анасы, онда қарама- қарсы сыртқы және ішкі дүние бірге қосылады» (К.Г.Юнг.) К.Г.Юнгпен ұсынылған белсенді қиялдау техникасы құм терапиясының теориялық негізі ретінде қарастырыла алады.Бұл әдістің авторы швейцар аналитигі Дора Калф – «дербес және қорғалған кеністікті болдыруды» деген негізгі жұмысына салынған басты принципі деп санайды, онда бала немесе ересек адам өз дүниесіндеге тәжірибесі мен қобалжуларын, жиі мазалайтын және елестейтін түсініксіз бейнелерді көрсетеді.

Құм терапиясы — ол адамның ойлау қабілетін дамытады, зейінін арттырады. Сонымен қатар, адамның жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдасы зор. Жалпы әйнек бетіне сурет салуда құмнан өзге жарма, кофе, тұз сияқты басқа да ұсақ заттарды қолдануға болады. Саусақпен өріліп, құмның көмегімен бейнеленген бұл туындылар қазіргі кезде мол сұранысқа ие.

Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.

Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Құм терапиясын қолданудың әдіс - тәсілдері:

Әңгімелесу

Түрлі – түсті құммен сурет салу

Танымдық ойындар

Коммуникативтік ойындар

Пікірталастар

Құм терапиясы негізгі принциптері:

Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау.

Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру.

Бала үшін құм терапиясы – өзін танытуға мүмкіндік. Су, құм, жануарлардың мүсіндері, заттар балалардың кейде сөзбен айтып жеткізе алмай ашылуына көмектеседі және сезімдерін білдіруге ықпал етеді. Құм терапиясы баланың ішкі күйзелісінен арылуға, өзін ретке келтіруге көмектеседі. Құм терапиясының сеанстары толық еркіндікті және қорғаншылықты береді.

Құм терапиясы бұл шын мәнінде ойын. Себебі бұл ойын балаларға қатарластарымен және сыртқы әлеммен қарым-қатынасты орнатуды, өз сезімдерін білдіруге көмектеседі.

Құмдағы ойындар - баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі. Сондықтан да біз, ересектер, құммен ойнайтын ойындарды оқыту және дамыту оқу іс-әрекеттерінде қолдана аламыз. Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе аламыз.

Құмның тағы бір әмбебаптылығы-құмға басқа да кинетикалық әдістерді бейімдеуге болады. Мысалы, «Отбасының кинетикалық суреті», «Әлемдегі жоқ жануардың суреті» және т.б. проективті әдістерді бейімдеп көруге болады.

Құм терапиясының басқа әдістерге қарағанда бірқатар ерекшеліктері бар:

1.Педагог жұмыс істеу барысында балаға еш нәрсені үйретпейді, тәрбиелемейді, оның бойында белгілі жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастырмайды, ол тек бақылап отырып, арнайы сұрақ қойып, балаға өзімен-өзі болуға, оның өзіндік Мен-концепциясын қалыптастыруға көмектеседі.

2. Көптеген балалар суретті қағазға салған кезде «Мен сурет сала алмаймын» деп қарсылық білдіреді, ал құмда сурет салу үшін арнайы икемділік керек емес, себебі сәтсіз бейнелерді жеңіл өшіріп тастауға болады, ол үшін құмның үстін алақанмен жүргізсе болғаны. Бұл суреттер қозғалмалы функцияға ие, әсіресе, қобалжу деңгейі жоғары балалар үшін ыңғайлы.

3. Баланың эмоционалды ерік-жігерін дамытуда ең қолайлы әдіс болып табылады. Ересектер көп жағдайда баланың танымдық, интеллектуалды бастамаларына назар аударады да, эмоциялық жағдайына көңіл бөлмейді. Ал шын мәнінде, баланың эмоционалды интеллектісінің, ойлауының дамуына алып келеді.

Оқу-тәрбие үрдісінде стандартты әдіс-тәсілдерді қолданудан гөрі құм терапиясының элементтерін пайдаланудың артықшылықтарына назар аударып көрейік:

1.Оқу-тәрбие үрдісін қызықты етеді, бала өз бетімен жұмыс істеп, зерттеудің жаңа аймақтарына қуана ауысады;

2. Әр баланың оқу қызметіне қатысу мүмкіншілігі бар, яғни оқу қызметіне өз үлесін қосады. Мысалы, құмсалғышқа арнайы кішігірім ойыншықтарды салып, оларды түрлі қимыл-қозғалысқа келтіріп ойнайды;

3. Оқу іс-әрекет барысында топта жағымды психологиялық ахуал туғызады, сабаққа сиқырлы сипат береді;

4. Танымдық процестері (түйсіну, қабылдау, елестету, зейін, есте сақтау қабілеті, ойлау, қиял) қарқынды дамиды, шығармашылық қабілеті артады;

5. Оқыту үрдісінде түзету жұмыстарын жүргізуге болады;

6. Қолдың ұсақ моторикасының дамуымен қатар баланың сөйлеу тілі дамиды. Белгілі педагог В.А. Сухомлинский «Баланың ақыл-ойы оның саусақтарының ұшында» деген болатын.Құммен жұмыс істеу барысында бала құмды ұстап көреді, оның әр түйірін, температурасын, дымқылдығын сезе отырып сенсорлық тәжірибе алады. Мұндай тәжірибе баланың дамуына өз үлесін тигізеді. Мысалы, бала қағаз, целлофанды алып, оның әрқайсысының үстіне қолмен ақырын құм төккенде, түрлі дыбыстарды естиді, бұл баланың фонематикалық есту қабілетін дамытады.

7. Бала көзін жұмып құмның арасынан белгілі ойыншықты сипап сезу арқылы анықтағанда оның тактилді сезгіштігі дамиды.

8. Заттық-ойын әрекетінің дамуының арқасында болашақта сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнау және қарым-қатынас жасау дағдылары арта түседі.

Құм терапиясы әр баланың бойындағы жасырын қабілеттерін оятуға, оның бойындағы психологиялық мәселелерді (қорқыныш сезімі,өз-өзіне сенімсіздік, басқа балалармен тіл табыса алмауы,агрессивті мінез-құлық, өзіндік бағалауы төмен) шешуге, өз қалауларын түсініп, жүзеге асыруына септігін тигізеді. Тек дұрыс мақсат-міндет қойып, үрдісті дұрыс ұйымдастырса, құммен ойнатылатын ойындар терапиялық, оқыту және тәрбиелік маңызға ие болады.

Мектеп жасына дейінгі балалар өз сезімдерін, эмоцияларын вербалды тұрғыда жеткізе алмайды, сол себептен оларға бойындағы эмоцияларын білдіру үшін арнайы кеңістік қажет. Осыдан құм терапиясының тағы да бір ерекшелігін көре аламыз.

Басқа оқу қызметінде құмда балаға белгілі тақырып бойынша («Менің арманым», «Балабақша», «Достарым», «Демалысты қалай өткіздім» және т.б) құм композициясын жасауды ұсынуға болады.

Ары қарай композициялар келесі 6 қадам бойынша интерпретация жасалынады:

1.Баланың эмоционалды қатынас (құм композициясы ұнайды ма, ұнамайды ма? Композицияда не болып жатыр? Қалай аталады?);

2.Баланың бейнелерге деген эмоционалды қатынасы(Басты кейіпкер кім? қай ойыншықты бірінші қойды?);

3.Композициядағы бейнелердің, фигуралардың сапалық қасиеттері (мына үй немесе адам, ағаш, жануар) қандай? Оларды сын есім арқылы сипаттау);

4.Ол қасиеттерді сюжетті және жағдайды өмірмен немесе адамдармен байланыстыру. (Осы сезім кімге бағытталған еді? Кейіпкерлердің сезімдерін сезініп көрдің бе?)

5.Құмдағы композицияны баланың өз бетімен түсіндіруі (әңгімелеп беру, ертегі құрастыру, кейіпкерлерге кеңес беру);

6.Егер де бала ешқандай түсініктеме бере алмаса, әңгімені келесі түрде жалғастыруға болады «Қалай ойлайсың...)

Осылайша құм терапиясының элементтерін тәрбиелеу-оқыту үрдісінде қолдану арқылы баланың жан-дүниесін түсінуге, жасырын әлеуетін дамытуға, оның әлемге, басқа адамдарға және сенімін жоғалтпауға жағдай жасауға, баланы тұтас тұлға ретінде қабылдап, үйлесімді дамуына әсер етуге болады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мектепке дейінгі тәрбиелеу-оқыту үрдісінде құм терапиясын қолдану

Автор: Туганбаева Гульзат Абилдаевна

Дата: 06.11.2021

Номер свидетельства: 590581


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства