Просмотр содержимого документа
««мектепалды сыныбындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары»»
«МЕКТЕПАЛДЫ СЫНЫБЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ»
Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады Абай Құнанбайұлы
Мектепалды даярлық – бұл ең алдымен бүлдіршіндердің үлкен өмірге басатын алғашқы қадамы, бірінші баспалдағы десе болады. Өйткені бала балабақшадағы алаңсыз сәби шағымен қоштасып, жауапкершілік сезімін қалыптастыра бастайды.Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты бағыттардың бірі ретінде танылып отыр. Әсіресе мектепалды сыныбындағы балаларды оқу іс-әрекетін меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу іс-әрекетін меңгеруге қажетті жеке қасиеттерді тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы құжатта көрсетілгендей, мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты 5-6 жасар балалардың дене дамуы мен психикалық саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, олардың бойында қарапайым білім негіздері, іскерлік пен дағдылардың алғышарттарын қалай отырып, бастауыш мектепте білім алуға бірдей бастапқы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.
Қазақстандық педагогтар мен психологтар еңбектеріне талдау жасай отырып, мектепалды даярлықта балалардың ақыл-ой белсенділіктері, баланың оқуға құштарлығы, әртүрлі нәрселерді тез түсінуі, кез-келген нәрсені әп-сәтте қабылдап алатыны, олардың мінезін қалыптастыруда педагогтардың үнемі бақылау, мадақтау, әдістерін дұрыс қолданып отыруын, төзімділік, табандылық, шешімділік, т.б. қасиеттердің ойын іс-әрекеті үстінде белсенді дамитыны, әрі жетіле түсетіндігі ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда дәлелденгендігіне көз жеткіздік.
Әр дағдының мазмұны төмендегідей құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған: денсаулық сақтау; коммуникативтік-тілдік; танымдық; шығармашылық; әлеуметтік.
Бағдарламаның мазмұнын іске асыру – белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты бес дағдыны қалыптыстыру болып табылады.
«Физикалық дамыту» балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
«Коммуникативтік дағдыларды дамыту» балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сауат ашу негіздері, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту» балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және математика негіздері ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады. «Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту » балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы іске асырылады. «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.
Мен өз тәжірибемде стандартқа сәйкес балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасау, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға бейімделушілік, ашықтық, икемділік сияқты мінез-құлық негіздерінің қалыптасуына ерекше көңіл бөліп және оны диагностикалау әдістемелерін жүзеге асырдым.
«Сөйлеуді дамыту», «Балалар көркем әдебиетімен танысу» ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері бойынша балаларға ұсынылатын аталған мазмұнды мәтіндерде жас ерекшелігіне сәйкес таным мүмкіндігі ескеріледі және оқыту мақсаты бала тұлғасын тәрбиелеуге бағытталады. Сонымен бірге, баланың санасына, сезіміне, мінез-құлқына әсер етудің бірлігі қарастырылады. Мәтіндердің мазмұнында қабылданған, мойындалатын құндылықтарға тікелей баға беріледі, эмоциялық қабылдауды белсендіретін, құндылыққа сендіруді көздейтін және қарама-қайшылық арқылы құндылықтарды көрсететін тұстары мол болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда балалардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар.
«Сауат ашу» пәні – мектепалды даярлық балаларына ана тілінің байлығын меңгертудің алғашқы сатысы. Сауат ашу, қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үрдісі.
«Сауат ашу» пәнінің басты міндеті – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау. Сауат ашу және жазу негіздері: мектепалды сынып балаларын оқу іс-әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындауға; балалардың тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыруға; сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту; оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыруға; оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіруге; оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамытуға; қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Қорытынды
Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды сыныптарындағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекеттерінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.