kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мария Монтессори технологиясының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы практикалық мәні

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі балалық-бала дамуының ерекше кезеңі. А. Н. Леонтьев мектепке дейінгі балалықтың жалпы сиппаттамасын былайша береді: «Бұл жеке тұлғаның алғашқы нақты пайда болу кезеңі. Бала дамуының мектепке дейінгі жылдарында бірінші түйіндер байланады, алғашқы қарым-қатынастар бекітіліп, олар іс-әрекеттің жаңа, жоғарғы бірлігін түзетеді, осымен бірге жаңа, жоғарғы субьект-жеке тұлғаның бірлігі пайда болады» (Леонтьев А. Н. 1959 ж.)

Мария Монтессори Империялизм дәуірінде қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатр және педагогы бала тәрбиесін, бала өмірінің шарттарын зерттеу қызықтырған. Мария Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік ғылымның инновациялық тәжірбиесін қолдануды ұсынады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мария Монтессори технологиясының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы практикалық мәні»

Мария Монтессори технологиясының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы практикалық мәні






Мектепке дейінгі балалық-бала дамуының ерекше кезеңі. А. Н. Леонтьев мектепке дейінгі балалықтың жалпы сиппаттамасын былайша береді: «Бұл жеке тұлғаның алғашқы нақты пайда болу кезеңі. Бала дамуының мектепке дейінгі жылдарында бірінші түйіндер байланады, алғашқы қарым-қатынастар бекітіліп, олар іс-әрекеттің жаңа, жоғарғы бірлігін түзетеді, осымен бірге жаңа, жоғарғы субьект-жеке тұлғаның бірлігі пайда болады» (Леонтьев А. Н. 1959 ж.)

Мария Монтессори Империялизм дәуірінде қоғамдық тәрбие саласында көрнекті итальян психиатр және педагогы бала тәрбиесін, бала өмірінің шарттарын зерттеу қызықтырған. Мария Монтессори жүйесі дәстүрлі педагогикадан мүлдем ерекшеленеді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының мақсаты «негізгі құзіреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту» болып табылады және мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеуде отандық және шетелдік ғылымның инновациялық тәжірбиесін қолдануды ұсынады. Сонымен қатар, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік» деп аталатын бес білім беру салалары бойынша ортаны ұйымдастыру қарастырылған. Бұл білім беру салалары М. Монтессоридің әдістемесі бойынша ортаны ұйымдастыруымен үндес болып келеді. Стандартында бір жас пен алты жас арасындағы балалардың дамуындағы сенситивті кезеңдерінің өзара байланысын қамтамасыз ету қарастырылады. Бұл кезеңдер М. Монтессоридың педагогикалық жүйесінде де егжей-тегжейлі жазылған.

Осыған байланысты М. Монтессори педагогикасын жан-жақты талдау қазақстандық мектепке дейінгі білім беруде ерекше өзектілікке ие болып отыр. М. Монтессори адам ерекше өмірдің қозғалғыш күштерінің көмегімен және де баланы қоршаған ортаның ықпалымен ақылды сіңіре алатын ұйымдастырылған құрылыммен туылады деген ой тастады. Бала өзінің даму барысында «сезімтал» және «сензитивті» деп аталатын кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдерде бала қоршаған орта тарапынан болатын белгілі бір қозуларға айрықша сезімтал болады, мысалы, қимылдың дамуына, сөйлеуге және әлеуметтік аспектілерге қатысты. Егер сезімтал кезеңнің барысында ол өзінің қажеттілігіне қарай белгілі бір айналысатын іс тауып алса, ол терең шоғырлануға қабілетті болады. Сензитивті кезең кезінде бала өзін басқа тітіркендіргіштерден аулай алмаса, Монтессоридің пікірінше баланың интеллектуалды, тіпті, барлық тұлғалық жақтарын жаулап алатын ұяңдық пайда болады. Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады. Кеңтүбек ауылының «Қарлығаш» бөбектер бақшасында біз күнделікті оқу іс-әрекеттерін Тәй-тәй технологиясының элементтерін пайдалана отырып, орталықтарға бөліп ұйымдастырамыз, бұл технологияның тиімділігі балалардың қай салаға жақын екендігі айқындалып, ата-анамен байланыс нығаяды. Сонымен қатар, түрлендіріп,  қойылым ойындарын көптеп қолданамыз, бұл ойынның мақсаты бала белгілі –бір бейнені орындай отырып, өзіне деген сенімділік пайда болады. Баланың жан-жақты дамуында дамытушы ортаның  маңызы зор. Қазіргі таңда балабақшалардың көбінде, Монтессори технологиясына көптеп көңіл бөлініп, арнайы бөлме дайындалып жасақталуда. Монтессори технологиясын қолдану арқылы балалардың қол маторикасын дамытып, өз беттерінше жұмыстар атқарып, қиыншылықтарды жеңе білуге, еркін ойлауға тәрбиелейміз. Кез-келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық психологиялық, педагогикалық шеберлікті, бала дүниетанымын терең танып, ұғына білуді мақсат етеді. Жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану және оны ұйымдастыруға ақпарат құралдары да, талапқа сай болу қажет. Қазіргі таңда ешбір жас ұрпақ білімсіз болып қалмауы тиіс. Міне, сол себепті М. Монтессори технологиясының тиімділігі баланың жан-жақты құзіреттілігін дамытып, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ерекше орын алады. Әрбір технологияның өзіндік ерекшелігі бар. Бала толыққанды жетіліп, ата-анамен байланыс күшейеді. Жаңа технологиялар бала бойына білімге әуестік, білімқұмарлыққа баулуы тиіс. Білім беру үрдсіндегі алға қойылған басты мақсат баланың білім беру мазмұнын толықтырып, жаңаша көзқараста, жаңа технология бағытында жұмыс жүргізіп, баланың өмірін жаңаша ортада, жаңа бағытпен ұйымдастыру.
Бала құзіреттілігінің белсенді дамуы балабақшадан бастау алады. Бұл бастаманың негізгі міндеті балаларды заман талабына сай, әлемді шынайы қабылдауға дайындау. Болашақта балалар өз жолында кездескен қиыншылықтарды жеңуге, шешім қабылдауы тиіс. Ендеше баланың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен шығармашылық ізденіс дағдыларын үйретейік. Өйткені оқыту технологиясы педагогикалық үрдістің сапасын жетілдіруді талап етеді.

М. Монтессоридің ойын түрлері:  Үстел үсті. Дидактикалық ойындар. Құрылыс ойындары.  Сюжетті ойындар. Логикалық ойындар.

Мақсаты: Монтессори  педагогикасының негізігі  принципі – балаға  өзін-өзі  тәрбиелеуге  өз бетінше  оқуға, өз  бетінше  дамуға  жағдай  жасау.
Балалардың  логикалық  ойлау қабілеттерін, әртүрлі   жаттығулар арқылы  дамыта  отырып,  ұйымшылдық, тапқырлық,  ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері: Монтессори  топтарында  бала  негізінен арнайы   дайындалған  қоршаған  орта.  Монтессори  көрнекіліктердің  көмегімен  өз  бетінше  жұмыс  жасауға  үйренеді.  Монтессори  педагогикасының  тағы  бір  ерекшелігі  - әртүрлі  жастағы  балалар  бір-біріне  кедергі  келтірмейді қайта   бір-біріне  көмектеседі.

Белсенділік орталықтары: Өнер орталығы. Көркем әдебиет орталығы. Желілі ойындар орталығы. Құм мен су орталығы. Құрылыс ойындары орталығы

Құм мен су орталығы.

Мақсаты: Балалардың ортақ іс-қимылын ояту,қол саусақтарының қимылын дамыту, шығармашылығын арттыру,жан-жақты қызығушылығын ояту.

Өнер орталығы:

Мақсаты:Әр бағыттағы өнерді қабылдауын дамыту,сезіммен өнерді түсінуге тәрбиелеу. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту.Ұсақ қимыл-қозғалысын,өзіндік шығармашылығын арттыру.

Құрылыс орталығы:

Мақсаты: Балаларға заттарды дұрыс құрастыра білуге үйрету.Балалардың дұрыс ойлауын дамыту, Шеберлігін арттыру.Ұжым болып жұмыс жасай білуге тәрбиелеу

Желілі ойындар орталығы:

Мақсаты: Балалардың рөлдерде ойнау шеберлігін арттыру, ертегілерді кейіпкерлендіру арқылы сөздік қорын молайту, белсенділігін арттыру.

Көркем әдебиет орталығы:

Мақсаты:

Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру,ертегілерді таныстыра отырып,сөздік қорын молайту,тілдерін дамыту.Дұрыс сөйлей білу мәдениетіне тәрбиелеу

Балалар игеретін білім білік дағдылары:

- Өзара сыйластыққа түсіне білуге қабілетті

- Айналасындағыларды ұнатып, жақсы көре біледі

- Шындықты айтуға, жағымды ойлауға үйренеді

- Сабырлы болуға,тәрбиелі болуға, ойланып сөйлеуге үйренеді.

Жалпы ата-аналарды топқа тартудың қажеттілігі.

1.Балаларға іс-әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіншілік болады

2.Ата-аналар өздерінің  баланың оқытуға қатысы бар екенін сезеді.

3.Балаға жан-жақты тәрбие беруде жеңілдік туады.

4.Балалар маңызды жетістіктерге жете алады.

Күтілетін нәтижесі:

1. Ата-ананың өз идеясын жүзеге асыру мүмкіндігі болады.

2. Тәрбиеші мен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнайды.

Монтессори-ақыл-ойдың басшылығымен ұсақ қол маторикасын дамытады. Баланы шынайы өмірге дайындайды. Өздігінен киінеуге, бір нәрсені құюға, төгуге, , жууға, араластыруға, сурет салып тағы басқаға үйретеді. Материалдар сезімінің сипап сезу, дәм сезу, иіс сезу арқылы бала тыныштық пен дыбыстарды тыңдауға, заттардың салмағын, түр-түсін, пішінін ажыратуға үйренеді. Дамып келе жатқан бала еркіндік пен өз қалағанын істеуге деген туа біткен қажеттілікке ие болып келеді. Монтессори –балаға өз таңдағанын істеуге мүмкіндік беру, оның таңдауына және өз бетімен жұмыс істеуіне бөгет болмау. Сондықтан Монтессоридің ұраны: «Мұны маған өзіме істеуіме көмектес». «Маған жағдай жаса, мен өзім істеп-үйренемін». Дәл осы себепті сабақтың негізгі уақыты (75%) емін еркін жұмыс істеуге бөлінеді. Әрбір бала өз таңдауға құқылы.

М.Монтессори әдісі ұлттық, діни, мәдениеттік дәстүрлерін жалпы философиялық тұжырымдамалық «космостық тәрбиемен» жарастыра біріктіретін, сондай-ақ, баланың субьективті позициясын мойындауға және бала табиғатының ересек адам табиғатынан ерекше екенін жариялауға негізделген әдістемелік базасы бар, мәні бойынша тұтас, ұтқыр эволюцияландырушы авторлық жүйе болып табылады. Монтессори педагогикасының негізгі ерекшеліктерінің бірі - оқу үдерісінде белсенділік орталықтарының педагогтан балаға қарай ауысуы. Бала мұғалімінің түсіндіргенін енжар қабылдап отыратын тыңдаушы болмайды, керісінше, өз бетімен «эксперименталды» іс-әрекеті барысында жекеқызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес оқып үйренеді. Бірінші қарағанда, оқу үдерісінде мұғалімнің рөлі төмендеген секілді көрінеді. Бірақ іс жүзінде отандық педагогика ұғымдарына қайшы, «мұғалім көрсететін көмек-балаға материалмен қалай жұмыс істеуге болатыны, қалай қолданатынын көрсету болып табылады». Педагог әрқашан балаға материалдармен жұмыс істеудің рационалды әдісін көрсетеді, іс-әрекеттің үлгісін береді, осылайша материалда «жасырынған» қасиеттер мен қатынастарды ашыпбереді.

Монтессори тәрбие мен оқыту үдерісін балаға өмірге келгеннен бастап психикалық дамуына берілетін көмек деп түсінді, ал кейін бұл көмек өміріне беріледі. «Көмек» деген ұғым бұл жерде негізгі болып саналады. Дәл осы нәрсе көбіне балаға деген педагог ұстанымының рөлін анықтап береді.

«Монтессори-педагогиканың» әлемдегі көптеген елдердің білім беру саласында бейімделуінің жалпы және жеке заңдылықтары М. Монтессоридің өзінің жүйесінің негізін сақталуды анықтауға мүмкіндік береді, бұл заманауи қазақстандық педагогиканың дамуы мен байытылуының перспективаларын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда елімізде Монтессори технологиясының элементтері бала дамуына, сабақ беру барысына қысқаша түрде енгізілген, айтып кететін жағдай М. Монтессори жүйесінің толық, дайын нұсқасы дайындалып сатылуда, шамамен алғанда алты жүз мың аралығында тұратыны белгілі болып отыр. Көптеген балабақшалар қаражатқа байланысты толық жүйені сатып ала алмайды, сондықтан балабақшамыздың тәрбиешілері өз қолдарынан, ұсақ қол моторикасын дамытуға, ойлауға арналған бұйымдар жасап, Монтессори технологиясын өз жұмыстарымызға енгізіп отырмыз. Ол құралдарды дайындау үдерісіне ата-аналарымызды, ортаңғы топтың балаларын да белсенді қатыстырамыз.

Монтессори әдісіне, әртүрлі елдердің білім беру саласында таралуының ерекшеліктеріне, сондай-ақ педагогикалық жаңалықтардың енгізілуіне жалпы көзқарастар М. Монтессоридің авторлық теориясының Қазақстан Республикасында да бейімделуінің тұжырымды негіздерін анықтауға енгізіп отыр.

Ойымды түйіндей келе, талапты да, өз ойын еркін жеткізе алатын, жан-жақты дамыған, болашаққа деген сенімділігі мол, белсенді ұрпақ тәрбиелеу М. Монтессоридын педагогикалық жүйесінің алатын орны ерекше және жақсы бастама деп білеміз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Канатбаева Айткул Эсеновна

Дата: 02.05.2018

Номер свидетельства: 468192

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(165) "Мария Монтессори технологиясының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы практикалық мәні"
    ["seo_title"] => string(80) "mariia_montiessori_tiekhnologhiiasynyn_miektiepkie_dieiinghi_t_rbiie_mien_ok_ytu"
    ["file_id"] => string(6) "417591"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1495441506"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства