Просмотр содержимого документа
«"Мамандығым-мақтанышым" мақала»
Мамандығым –мақтанышым
Мен Тубекбаева Асия Құрманғалиқызы Алматы облысы Панфилов ауданы Үлкеншыған ауылында Бақытжан Ермешұлы басқарып отырған Үлкеншыған орта мектептің бірлігі жарасқан ұжыммен тәрбиешілік жұмысымды атқарып келемін . Менің күнделікті қызметім балғын бүлдіршіндер ортасында. Жүректері кіршіксіз пәк, ниеттері ақ қағаздай таза, тілдері тәтті, жүздері жарқын, ең бастысы, уайымсыз, қайғысыз балдырғандар ортасы – менің мекенім. Иә, мен тәрбиешімін, менің алдымда кемел келешек иелері бүгінгі бүлдіршіндер тәрбиеленуде.
«Арман деген көп белес. Біріне шықсаң, бірі бар»,- деп Ғабиден Мұстафин айтпақшы, мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ тәрбиешілікті таңдадым. Осы арман жетегімен педагогикалық оқу орнын тәмамдадым.
Әр адамның бала күнінен өз арманы, мақсат, мұраты болады. Өсе келе ол армандар айқындалып, нақты бағыт-бағдар көрініс табады. Мен өзімді мамандық таңдаудан қателеспеген бақытты жандардың бірімін деп санаймын. Өйткені, менің қызметім өзіме ұнайды, жүрегіме жақын, балдырғандар ортасы - балдай тәтті балалықтың куәсі. Сырт қараған адамға тәрбиеші деген ең оңай, ең жеңіл болып көрінуі мүмкін. Алайда, астарына үңіліп, өз жауапкершілігіңізбен қарайтын болсаңыз –мүлдем олай емес!
Мен мектепте тәрбиешілік қызметімді істей жүріп, алдымнан өткен бүлдіршіндермен бірге есейдім, қызметіме деген сүйіспеншілігім жыл сайын артты. Көз алдымда тәрбиеленіп жатқан сәбилердің риясыз күлкісі мені бақытқа бөлесе, олардың бәрін білсем деп қойған сұрақтары ізденуімнің бастауы болды
Мектепке дейінгі тәрбие мамандығын игергенгендіктен осы 10 жыл еңбек өтілімде
Балаларымды озық та білімді етіп тәрбиелеуде,отансүйгіштікке баулуға тырысып келемін .Спорт,ғылым,жан-жақты меңгерген қалыптасқан азамат болғандарын қалаймын
Бүгінде балаларым түрлі байқауларға қатысып түрлі дипломдармен мақтауларға ие болып келеді.
Балаларымның арқасында менің де мәртебем өсуде
Бұл мен сүйген мамандық.
Бала жанының бағбаны болу
Өзім туралы ойларымды қорыта келгенде айтарым - қазіргі заман тәрбиешісі - заман талабына сай, жан-жақты, білім мен тәрбиені ұштастыра білген, жаңа технологиялармен қаруланған бала жанының бағбаны.
Иә, жүрек түкпірінен лықсып шыққан осы бір мамандық туралы ойларымды айтар болсам, әлі де айтарым көп... Бірақ бір ауыз сөзбен түйіндесем: