Просмотр содержимого документа
«М.Монтессори технологиясының теориялық негіздемесі»
М.Монтессори технологиясының теориялық негіздемесі
Мария Монтессори технологиясының тарихынан
Мария Монтессори 31 тамыз 1870 жылы Италия мемлекеті Чиаpавалле қаласында дүниеге келді. Бұл педагог туралы мәліметтер аз, бірақ ата-анасының қызының өзінің жоғары адамгершілік қасиеттерін өмірінде пайлалана білуге бағыттағанына мәлім. Бастауыш сыныптарында математика сабағына өте құштар болған. Театрға барғанда қаранғыда күрделі есептер шығарып отыратын. М. Монтессоpи Италия мемлекетіндегі бірінші әйел-дәрігері болып саналады.1896 жыл - Университетік клиникада практика жұмыс барысында, ол бірінші рет мүгедек балалармен кездеседі. Осы балаларды қамқорлыққа ешкім алмағанын көріп жүрді. Тамақтанудан кейін балалар өз бетімен еденде жорғалап нан қиқымын жинап, дөңгелекшелер жасайтын. Олардың дамуына ешкім көңіл аудармайтын. Қоршаған ортада балалардың өсуіне ешбір мәлімет бермейтін. Осындай мүгедектерді бақылай отырып М.Монтессори алдына мақсаттар қояды:
дені сау және мүгедек балаларға бірдей арнайы дамытушылық орта қажет;
сол ортада қоршаған әлем туралы барлық жетістіктерді эталон арқылы жеткізу;
Бала адам цивилизациясына мектеп жасына дейінгі кезеңде өту қажет.Бірақ Марияны көбірек қызықтыратын антропология саласы, әсіресе адамның эволюциялық даму мәселелері, баланың ақыл-ойына әсер ететін табиғи жағдайлар. 1904 жылы Рим университетінде Мария антропология кафедрасына ие болып педагогикалық саласында әр түрлі зерттеу жұмыстарын өткізе бастайды. Сонымен қатар медико-педагогикалық институтында ақыл-ойлары кем балаларына арналған педагогикасымен тереңінен таныса. Зерттеген дидактикалық құжаттарымен көп жұмыс істеп оларды толықырып, жаңартады, сауат ашуға және оқуға арналған өзінің арнайы әдістемесін дамытуға тырысады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең бірінші жазу, содан кейін оқу деген ойы барлық педагогтарды таң қалдырды. Монтессоpи дене сау балармен жұмыс атқаратын әдістемесін зерттейді.Монтессоpи мүгедек балаларды емдеу және оқыту әдістемесін зерттеу кезінде француз психиатрлардың - Эдуард Сегена және Гаспаpа Итаpа еңбектерімен танысады. Монтессоpи бір шешімге келеді: ойдың әлсіздігі – бұл медициналық емес, бұл педагогикалық проблема. Бұл мәселені балабақшаларда және мектептерде шешу қажет.
Балаларды өздігімен жұмыс істеуіне арнап жасалған және қатені дұрыс қабылдауға мүмкүндік беретін оқу құралдары. Монтессори – материалдары арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады. Монтессоpи педагогика және психология саласын терең оқи бастайды.Адамның өміріндегі ең маңызды кезең – университетте оқу кезі емес, туылғанынан 6 жасына дейінгі ерте кезеңі. Өйткені бұл адамның өмірдегі ең басты қаруы болып табылатын зердесі қалыптасатын кезең. Және де зердесі ғана емес, оның психикасының бүкіл мүмкіндіктері осы кезеңде қалыптасады. Бұдан басқа кезеңдердің ешқайсысында бала зиялы, білікті көмекке осынша зәру болмайды. Сондықтан біз Монтессори әдісі арқылы бала дамуының негізгі іргетасын қалаймыз.
М.Монтессори педагогикасының ұраны
«Өзім жасауға қөмектес»
Технология мақсаты:
Мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке тұлға ретінде дамуына және білім сапасын көтеруіне жағдай туғызу,
Табиғи қабілеттерін дамыту
Өзіне деген көзқарасын, сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттыру
Технология міндеті:
Баланың ішкі дүниесін ашу
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту арқылы миды дамытады
Еркін таңдауға жағдай туғызу
Әр баланың өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып, шығармашылықтарын дамытады
Жауапкершілк пен сыйластыққа тәрбиелеу
Балаға осы технология қолдану арқылы өзін-өзі бағалауды, шыдамдылыққа үйретеді
Технология ерекшелігі:
Балаға деген көзқарас пен қарым-қатынасында, баланы қайталанбайтын өзіндік көзқарасы, алға қойған мақсаты-мұраты бар тұлға ретінде қалыптастырады.
Гипотеза:
Мектепке дейінгі мекемелерді тәрбиеленіп шыққан балалар жан-жақты дамыған, өздік көзқарасы ерекше, тәуелсіз, өзіне-өзі сенімді тұлға
М.Монтессоридің әдістемесі:
жекеше оқытуға негізделген;
бала қажетті құралдарды және ойының ұзақтығын өзі таңдайды;
бала табиғи жағдайында өзінің бағытымен дамиды
Монтессоридің педагогикасы жалпылай оқытудан ашық оқытуға негізделген. Бұл педагогиканы экспериментті деп атауға болады, өйткені баланың бақылауы дидактикалық құжаттарды таңдауға мүмкіндік береді. Табиғи жағдайға қарап бала тағлиматтық әдіс тәсілдерді таңдайды.
М.Монтессори педагогикасының негізгі принциптері:
Тәрбие және оқыту ортасын қамтамасыз ету (көрнекі-құралдар, ұлттық- мәдени дәстүрлері, эстетикалық талаптар, аралас жастағы балалар (3-6 жас), дайындалған педагог.
Құралдардың бар болуы.
Кез келген сабақтарда балаларға бостандық беру:
- құралдарды таңдауға;
-жұмыс атқаруға орын табуға;
- педагогтармен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға;
Ережені сақтау: «Бүкіл мүмкіндікпен пайдалан, бірақ басқаға кедергі жасама»
Педагогтардың сенімділік, мейірімділік, ынтымақтастық, әр бір баланы қабылдауға мүмкіндік жасауына.
Балаларды бақылау, қажет болса көмектесу.
Педагогтардың әр түрлі салалары бойынша тақырыптық сабақтар өткізу (нақты бағдарламаның бөлімдерін , жүйелігін анықтау)
Мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға міндетті біліммен және тәрбиемен қамтамассыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті:заманауи қоғамның талаптарына сай, жан –жақты дамыған ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеу.
Жаңа білім беру мазмұны әлемдік кеңістіктегі оқытудың алдыңғы қатарлы технологияларын қамтиды. Сондықтан біз Монтессори әдісі арқылы бала дамуының негізгі ірге тасын өз балабақшамызда қалауға алдымызға міндет қойып отырмыз.
Бұл технологияның мақсатты бағыттары:
жан-жақты даму;
дербестік тәрбиелеу;
бала санасында заттық әлем және ойшыл қызметті біріктіру
Тұжырымдамалық жағдайы:
Өзін-өзі тәрбиелеу
Өзін-өзі оқыту
Өзін-өзі дамыту
Әдістеменің ұраны:
«Мұны өзіме жасауға көмектес!»
Тәрбиеші-мұғалім емес, жетекші мәжбүрлемеу керек , тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.
Пайдаланудың тиімділігі
бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды.
Әдістің маңыздылығы:
өзін –өзі тәрбиелеуге, өзін –өзі оқытуға және өзін –өзі дамытуға ынталандырады
Әдістің мәні:
балалардың педагогпен өзара әрекеттестік жасай отырып, дайындалған ортада еркін жұмыс істеуі
Монтессори – материалдар маңыздылығы:
Балаларды өздігімен жұмыс істеуіне арнап жасалған және қатені дұрыс қабылдауға мүмкүндік беретін оқу құралдары. Монтессори – материалдары арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады.