Лэпбук – салыстырмалы түрдегі жаңа оқыту құралы. Алғаш рет лэпбукты америкалықтар құра бастады. Лэпбук (lapbook) – ағылшын тілінен тура аударғанда (lap-тізе, book-кітап) деген мағынаны білдіреді. Лэпбук – бұл қалташалары, есігі, терезелері бар жинамалы кітапша, жылжымалы бөлшектерден құралған, оған бір тақырыптың материалдары орналастырылады. Бұл бүлдіршіндермен белгілі біртақырыпты бекітуге арналған тамаша тәсіл және кітаптың мазмұнын ұғыну арқылы, зерттеу жұмысын жүргізу, оның барысында бала ізденіс жасайды, ақпаратты сұрыптап және талдайды.
Лэпбук неден тұрады?
Лэпбук А3 папкасынан тұрады, оған қалташа желімденеді, жинамалы кітапша, терезелері және Лэпбуктың тақырыбы бойынша басқа да бөлшектері көрнекіленеді: қызықты ойындардан лексикаға дейін және әртүрлі керемет берілген ақпараттар негізінде.
Сізге не қажет?
- Лэпбукка басып шығарылған үлгілер;
- А3 пішіндегі қатты парақ қағазы немесе 2 А4 парағы;
1. Лэпбук балаға өткен тақырыпты өз қалауы бойынша ұйымдастырға, тақырыпты жақсы түсінуге және материалды есте сақтауға көмектеседі (әсіресе, егер сіздің балаңыз визуал болса). Визуал ересектерге де оқытудың мұндай түрі ұнайды.
2. Бұл өткен тақырыпты қайталау үшін тамаша тәсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала жай ғана лэпбукты ашады және қуана-қуана өткен қайталайды, өз қолымен жасаған еңбекті қарастырады.
3. Бала өз бетімен жинауға және ақпаратты ұйымдастыруға үйренеді
4. Лэпбук топта сабақ жүргізгенде қолайлы, онда бір мезгілде әр түрлі жастағы балалар оқиды. Тапсырманы деңгейге қарай таңдауға болады (кіші топтағы балалар үшін –карточкалармен қалташа немесе жануарлар пішінің, ал ересек немесе даярлық топтардағы балаларға жаза білуге және т.б. тапсырмалар) және осындай ұжымдық еңбек кітапшасын жасау.
5. Лэпбука құру ересектер мен балалардың бірлескен қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Ал мүмкін тақырыптық аптаның немесе жобаның нәтижелерін ұсыну нысаны болып табылады.
Лэпбукты құруды неден бастауға болады?
1.Лэпбуктың тақырыбын алдын-ала анықтау қажет. Тақырып кез келген болуы мүмкін - жәндіктер, планета, композиторлар, суретшілер, фильмдер, елдің тарихи оқиғалары. Негізге қандай да бір бірнеше әдеби шығарманы кешенді түрде зерттеп алуға болады. Мысалы, Золушка ертегісі негізінде асқабақты, тышқандарды үйренуге болады, Франция және француз тілің, Еуропа хан отбасының салтын, талқылап, осындай сипаттағы қызғаныш, шыдамдылық немесе еңбексүйгіштікті сипаттау, өзінің қиялы бойынша ертегі құрастыру және т. б.
2. Сіз тақырыпты анықтағаннан кейін, лэпбукқа болашақ жоспар құрыңыз, сонымен қатар қандай тақырыпшаларды қамтиды, осы міне біздің кітапшамыздың мазмұны. 5-7-тармақтан құрауға (кітапшаларды) кеңес беремін, бірақ бұл жерде жалпы шектеу жоқ.