1. 2. 3. | Таңғы шеңбер. Амандасу. -Балалар бізде бүгін жай күн емес- ерекше күн. Өйткені бүгін бізге қонақтар келіп тұр. Қане алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық. -Балалар кімнің көңілі қандай қане көрсетіңдерші. Егер жақсы болса- қолдарынды алға созыңдар, менің алақаныма. Ал кімнің көңіл- күйі жоқ- жай ғана қолдарыңды түсіріңдер. Балалар .... көңіл- күйі жоқ екен. Оның көңілін қалай көтерсек екен? -Мүмкін біз ойындар ойнасақ көңілдері көтерілер қалай ойлайсыңдар? -Балалар әйнекке қараңдаршы, Қазір жылдың қай мезгілі? Оны қайдан білдіңдер? -Қыс бізге көптеген ғажайыптар дайындап қойды, соның біреуі мынау шелектің ішінде. Шелектің ішінде не бар деп ойлайсыңдар? -Қане бір- бірден қолдарына алып көріңдер.Рас қар ма балалар? Олар еріп жатыр ма? Неліктен? -Қане үрлеп көрейікші қарды. Дем алу жаттығуы «Қарды үрле» -Қане енді қайтып шелекке салайық. Зерттеу жұмысы «Қар неге айналады?» Топқа шелекпен қар кіргізеді. -Қане орындарымызға отырамыз. Алақандарымызды созамыз. Тәрбиеші балалардың алақандарына қар салады. -Балалар қар қандай? Қане оны жылытайықшы. -Қане алақандарымызды ашайық. Балалар қараңдаршы қарымыз неге айналып кетті? Неліктен? -Сонда қандай қортындыға келуге болады? Зерттеу жұмысы «Қандай тамшы?» -Қарымыз суға айналып кетті. Ал су тамшылардан тұрадыал қандай тамшылардан тұратындарын мен қазір сендерге көрсетемін. Менде сиқырлы пипетка бар. Мен қазір сендердің алақандарына бір тамшы судан себемін. -Енді сендердің әрқайсыларыңда өз тамшыларын бар. Тамшыларыңа мұқият қарап айтыңдаршы ол қандай? -Қане тамшымызбен ойнайықшы. Алақан үстінде домалатайық. Қараңдаршы менің тамшым қалай домалайды. Қане оны үрлеп көрейікші. Егер қатты үрсек не болады? -Балалар айтыңдаршы, алақанымыз тамшыдан кейін қандай болды? -Міне балалар біз сендермен тамшымен таныстық. Енді қолдарымызды орамалмен сүртейік. Осындай көп кішкентай тамшылардан су пайда болады. -Балалар ал су бізге не үшін керек? -Жарайсыңдар балалар шаршап қалған шығарсыңдар, қане бір сергіп алайық Сергіту сәті: «Аяқпенен топ- топ» -Жарайсыңдар балалар! Қане енд стақандар тұрған үстелге жақындайық. Балалар қараңдаршы мында бос стақандар тұр. Мен қазір бір стақанға мына ыдыстан су құямын.(Таза су құяды) Қараңдаршы стақандағы су қандай? -Ал біз ондай суды қайдан аламыз? -Бұл сумен не істеуге болады? -Ал енді мен екінші ыдыстың суын құяйын. Бұл ыдыстың суы қандай екен? -Кір су қайда болады? -Су ішкім келіп кетті ғой. Қайсы суды ішуге болады? Неліктен? -Балалар қазір біз сендермен сиқыршы боламыз. Қазір біз сендермен мына заттар арқылы кір, лас суды тазартамыз.Ол нелер? -Балалар бұлардың барлығы фильторлар. Сендердің алдарында стақандар тұр соның үстіне не сүлгіні, не мақтаны қойып, үстінен суды құямыз. Қане маған мұқият қараңдар мен сендерге көрсетемін. Содан кейін өздерің істеп көресіңдер. Тәжірибе жасаймыз, Таза суды табамыз. Фильтордан кір өткізбейміз. Суды бірге тазартамыз. -Қараңдаршы не болды? Су тазарды ма? -Жарайсыңдар! Қазір мен сендерге сиқырлы суреттер тартамын. Сендер сол суреттерді осы сумен бояп көресіңдер. -Жарайсыңдар балалар! Қане қонақтарымызға көрсетіңдерші қандай тамаша суреттер. Ал кешке кепкесін ата- аналарыңа көрсетесіңдер. -Балалар ал сендерге сумен ойнаған ұнады ма? Көңіл- күйлерін көтерілді ме? Көрдіңдер ме су қандай сиқырлы бізідң көңілдерімізді көтерді. | Шеңберге тұрады. Қонақтармен амандасады. Қолдарын алға созу арқылы немесе түсіру арқылы өз көңілдерін білдіреді. Өз жауаптарын айтады. Балалар тәрбиешінің ұсынысымен келіседі. -Қазір қыс мезгілі. Өз жауаптарын айтады. Қызыға қарап отырып, өз жауаптарын айтады. Қарды қолдарына алады. Бұл расымен қар, ол еріп жатыр, өйткені алақан жылы. Барлығы қарды үрлеп, жаттығуды орындайды. -Алақандарындағы қарларды шелекке салады. Алақандарын созады. Қызыға қарап отырады. -Қар суық. Алақандарын жауып, қарды жылытады. -Қар суға айналып кетті. Жылы болғасын. Жылы болса, қар ериді. Мұқият тыңдап отырады. Тәрбиешіге алақандарын созады. -Таза, кішкентай, сулы, әдемі. Тамшыларын алақанда домалатады. Тамшыларын үреді. -Қатты үрсек, тамшы жоғалып кетеді. -Алақанымыз сулы болды. Қолдарын орамалмен сүртеді. Өз жауаптарын айтады. Сөздерін қайталап, қимылдарын жасайды. Үстелге жақындайды. Мұқият қарап отырады. -Стақандағы су- таза, мөлдір. -Ондай суды краннан, бөтелкеден аламыз. -Тамақ пісіреге, компот қайнатуға, шай ішуге болады. -Бұл су кір, лай. -Шалшық суда, далада кір су болады. Өз жауаптарын айтады. -Сүлгі мен мақта Тәрбиешінің қимылдарын мұқият қарап, өздері тәжірибе жасап көреді. -Иә, су тазарды. Тәрбиеші берген суреттерді қылқаламмен бояйды. Қонақтарға суреттерін көрсетеді. Барлығы қуанып шаплақтайды. |